Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы

НазваниеҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
страница4/8
Дата конвертации21.05.2013
Размер1.69 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      АӨК-ні дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы екі кезеңде іске асырылатын болады.
      5.1. Бірінші кезең: 2013 – 2015 жылдар
      Бірінші кезеңде АӨК-ні дамытудың берік іргетасын қалау қажет:
      1) Бағдарламада көзделген мақсаттарға қол жеткізу, міндеттер мен іс-шараларды шешу үшін заңнамалық базаны қалыптастыру;
      2) төлеу мерзімдерін ұлғайта және сыйақы ставкасын төмендете отырып, АӨК субъектілерін қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру,
сондай-ақ қаржыландыру арқылы АӨК-ні қаржылық сауықтыру бойынша шаралар қабылдау;
      3) өсімдік шаруашылығындағы және мал шаруашылығындағы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      4) ауыл шаруашылығы жалпы өнімін арттырудың экстенсивті әдістерінен қарқынды әдістеріне көшу;
      5) өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін жетілдіру;
      6) қолдау құралдарының кең спектрін қолдану есебінен қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету және қолайлы инвестициялық климат жасау;
      7) инвестициялық және пилоттық жобалар пулын, өсімдік шаруашылығына, мал шаруашылығына және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге енгізу үшін прогрессивті агротехнологиялар пулын қалыптастыру;
      8) аграрлық ғылымда технологияларды трансферттеу, бейімдеу және коммерцияландыру пысықтау, білім тарату орталықтарының желісін кеңейту;
      9) ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
      10) ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;
      11) маркетингтік және сауда-саттық инфрақұрылымы мен логистиканы дамыту арқылы нарықтық тәуекелдерді төмендету;
      12) көліктік-логистикалық қуаттарды, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау жүйесін қажетті деңгейге дейін дамыту;
      13) ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;
      14) АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
      15) мемлекеттік қызмет көрсету және техникалық реттеу жүйесін дамыту;
      16) АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру;
      17) органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен айналымын дамыту үшін жағдай жасау.
      Нәтижесінде саланы одан әрі дамыту үшін жағдайлар қалыптастырылады.

      ^ 5.2. Екінші кезең: 2016 – 2020 жылдар
      Екінші кезеңде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, барлық негізгі тамақ өнімдері бойынша Қазақстанның импортқа тәуелділігін қысқарту, экспорттық әлеуетті іске асыру, Бағдарламада қойылған мақсаттарға қол жеткізу қажет.
      Екінші кезеңде қойылған міндеттерді шешу нәтижелері:
      1) өсімдік дақылдары түсімділігінің және малдар өнімділігінің нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи агротехнологияларды қолдану есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін ұлғайту;
      2) ҚР АӨК өндірістік және қайта өңдеу салаларының әлеуетін игеру.

      ^ 5.3. Күтілетін нәтижелер
      Мемлекеттік реттеудің тиімді шараларын пайдалану, ҚР АӨК бизнесін дамыту үшін қолайлы жүйелі жағдайлар жасау, қамтамасыз етуші инфрақұрылымды дамыту, секторға тартылатын орташа жылдық инвестицияларды екі есе арттыру, өнімділікті өсіру нәтижесінде Бағдарламаның мынадай негізгі нысаналы индикаторларына қол жеткізу күтіледі:
      1) АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылға қарай 4,5 есе арттыру;
      2) АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қаржылық сауықтыру шаралары есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;
      3) кредиттер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес кредиттік қаражат көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;
      4) карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылға қарай 0,88;
      5) мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесін 2020 жылға қарай 0,4 %;
      6) электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызмет көрсету үлесі 2015 жылға қарай 62 % болады.

       ^ 6. Қажетті ресурстар
      АӨК-ні дамытудың 2013 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға қажетті жалпы шығыстар мынаны құрайды:

      34-кесте. АӨК-ні дамыту бағдарламасын іске асыруға қажетті ресурстар, 2013 – 2020 жылдар, мың теңге

Жылдар

Барлығы бюджеттік қаржыландыру

Облигациялық қарыздар есебінен

«АКК» АҚ меншікті қаража
ты есебінен

«ҚазАгро» ҰБХ» АҚ меншікті қаража
ты есебінен

ЖИЫНЫ

РБ есебінен

ЖБ есебінен

Барлығы

(РБ және ЖБ)

2013

156
295487

28 266
609

184 562
096

150 000 000

2 155
000

3 000
000

339 717
096

2014

282
765 241

28 205
879

310 971
120

150 000 000

5 000
000

465 971
120

2015

286
782 518

27 878
622

314 661
140

8 000
000

322 661
140

2016

301
342 632

27 389
139

328 731
771

12 000 000

340 731
771

2017

342
099 458

27 393
139

369 492
597

14 000 000

383 492
597

2018

363
503 877

27 395
139

390 899
016

16 000 000

406 899
016

2019

368
876 171

27 396
139

396 272
310

18 000 000

414 272
310

2020

401
028 243

27 396
639

428 424
882

20 000 000

448 424
882

Жиыны

2 502 693 627

221 321 305

2 724 074 932

300 000 000

2 155
000

96 000 000

3 122 169
932

      Бағдарламада көзделген іс-шараларды қаржыландыру көлемі ҚР-дың заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
      АӨК дамытуға жалпы қаржыландырудың қажетті көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылға қарай 1,3 есе, ал облигациялық қарыздарды, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ және «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ меншікті қаражатын есепке алмай бюджеттік қаржыландыру көлемі 2,3 есе өседі және 428 млрд. теңге құрайды. АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі іс-шаралар облигациялық қарыздар және республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады, олардың көлемі 375,6 млрд. теңге құрайды.
      АӨК субъектілері үшін тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер қолжетімділігінің артуы Бағдарламаның жалпы қаржыландыру көлемінде 2,9 есе өседі.
      АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамытуға бөлінген қаражат үлесі және мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыруға шығыстар үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 1,2 есе өседі.

      35-кесте. Бағыттар бойынша қажетті қаржыландыру көлемі, мың теңге

Бағыт

2013 жыл

2020 жыл

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

Қаржыландыру көлемі, мың теңге

АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыру

157 980 000

4 620 000

АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру

127 865 830

378 476 512

АӨК субъектілерін мемлекеттік қамтамасыз етуді дамыту

51 123 538

61 934 883

АӨК-ні мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру

2 747 728

3 393 487

Барлығы

339 717 096

448 424 882

      36-кесте. Қаржыландыру көздері бөлінісіндегі қажетті бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге

Көз

2013 жыл

2020 жыл

Бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге

Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %

Бюджеттік қаржыландыру көлемі, мың теңге

Мемлекеттік бюджеттегі бюджеттер үлесі, %

Республикалық бюджет

156 295 487

85

401 028 243

94

Жергілікті бюджет

28 266 609

15

27 396 639

6

Бюджеттік қаржыландыру жиыны

184 562 096

100

428 424 882

100
1   2   3   4   5   6   7   8

Похожие:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №

Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы