Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» icon

Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы»



НазваниеБаяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы»
Дата конвертации04.04.2013
Размер177.54 Kb.
ТипДокументы
источник

БОРОДУЛИХА АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ

АУДАННЫҢ КЕНТТІК ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІНДЕГІ

ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІНДЕГІ

ЕСЕП БЕРУ БАЯНДАМАСЫ


(аудан әкімінің халыққа есеп беру кездесулері 1 ақпаннан бастап басталады)


Баяндама қысқартылып басылған

Құрметті бородулихалықтар!

«Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, осымен сегізінші жыл қатарынан мұндай кездесулер әрбір кенттік және ауылдық округтерде өткізіліп келуде, бұл қоғамымыздағы демократиялық қайта құруларды кеңейтуге, мемлекетте, облыста және ауданда орын алып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы адамдардың ақпараттандырылуын арттыруға ықпалын тигізеді.

Қазіргі уақытта ел арасында белсенді талқыланып жүрген Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы маңызды оқиға болып табылады. Президент «Қазақстан -2030» Стратегиясында қойылған басты тапсырмалардың орындалғандығын, ал қалғандарының орындалып жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар 15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсіп, жұмыссыздар саны екі есеге қысқарғандығын, бала туу көрсеткіші бір жарым есеге өсіп, ұлттық экономиканың көлемі 1997 жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге өскендігін тілге тиек етті. Жаңа құжатта қойылған тапсырмалардың орындалуы, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуға мүмкіндік береді.

2012 жылы атқарылған жұмыс және 2013 жылға арналған тапсырмалар туралы баяндамамды бастамас бұрын, өткен жылдың есеп беру кездесулерінің нәтижесінде төрт сұрақ бақылауға алынып, орындалғандығын атап өту қажет. Ауданда өткізіліп жатқан жұмыстардың барлығы ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын орындауға бағытталған. Біздің басты мақсатымыз – экономиканы дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер құру. Аудан қызметінің барлық саласындағы нәтижелердің, әсіресе экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны байқалуда.

^ Бюджеттік қаражаттардың орындалуы

Аудан бюджетіне 2012 жылы 805 млн.теңге меншік кірісі түсті. Аудандық бюджеттің меншік кірістері бойынша жоспар 114,2 % орындалды. Жоспардан тыс 100 млн.теңге түсті. Шығыс бойынша орындалу 99,9 %, бұл 3 млн. 285 млн.теңгені құрады. Әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың барлығы толықтай орындалды.

^ Экономика және өнеркәсіп

2012 жылдың қаңтар – желтоқсан айларының қолданыстағы бағасында өнеркәсіптік өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру көлемі 21074,5 млн.теңгені құрады. Нақты индекс көлемі 96,5 % құрайды. Оның ішінде: тау- кен өндіру өнеркәсібі 88,5 %, өңдеу – 114,2 %, одан азық-түлік өндіру көлемінің нақты индекс көлемі 3,6 есеге артты.

Кенде мыс құрамының төмендеуіне байланысты тау-кен өндіру өнеркәсібінің көлемі 88,5 % дейін азайғандықтан өнеркәсіптік өнімді өндіру көлемі төмендеді.

^ Ауыл шаруашылығы

Бородулиха ауданы облыстағы ірі агроөнеркәсіптік аудандардың бірі болып табылады. Ауданның жалпы аумағы 698,9 мың га құрайды, оның 439,4 мың га ауыл шаруашылығына бағытталған, оның ішінде 328,97 мың га егістік, 98,2 мың га жайылым және 3,5 мың га тыңайған жерлері. Ауданның агроөнеркәсіптік кешені 465 ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден тұрады, оның ішінде: 449 шаруа қожалықтары, 12 - ЖШС, 2 - ӨК және 2 мемлекеттік кәсіпорын.

2012 жылы ауданның егістік алқабы 278 мың га құрады. Ылғал ресурстарын үнемдеуші технологиясын енгізу алқабы жылдан жылға кеңейіп келеді. Өткен жылы 2011 жылдың деңгейіне (70 мың га.) 72 мың га. немесе 102,8% құрады.

Шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сұрыпты тұқымдарымен қамтамасыз ету үшін ауданда 4 тұқым шаруашылықтары және бір элитті тұқым шаруашылығы қызмет етеді. Тұқым шаруашылығы бағдарламасы бойынша аудан шаруашылықтарын субсидиялау 20 млн. теңгені құрады.

Мемлекет ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 8 жыл бойы жанар- жағар май және басқа да тауар – материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға субсидия түрінде қомақты көмек көрсетуде. 2011 жылы 397 млн. 400 мың теңге бөлініп, игерілді.

2012 жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жалпы сомасы 914,856 млн. теңгеге 144 техникалық бірліктер сатып алынды немесе 2011 жылдың деңгейіне 120% .

Біздің ауданмен «Азық-түлік корпорациясы» ҰК АҚ 7 мың 956 тонна астық тапсырылды.

2012 жылы жай серіктестік саны 45 дейін артты, оның ішінде 32 ЖС құрамына 147 ш/қ кірді, ауыл шаруашылығы құрылымдарын ірілендіру бойынша жұмыс жалғастырылуда.

2012 жылы өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 9 млрд. 679 млн. теңгені құрады, нақты индекс көлемі 145,5%, бұл облыс аудандары арасындағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында 40 пайызды алатын мал шаруашылығына көп көңіл аударылуда.

Ауданның асыл тұқымдық базасы 8 шаруашылықтан, оның ішінде 2 асыл тұқымдық зауыттан тұрады. 2012 жылы аудан шаруашылықтарымен 510 бас көлемінде асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды.

Облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсыруымен ауданда бал ара шаруашылығы саласына ерекше көңіл аударылуда.

Халықты арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ұдайы «Демалыс күні» жәрмеңкесі өткізіледі, 2012 жылы 35 жәрмеңке өткізіліп, 96 млн. 893 мың теңгеге өнімдер сатылды.

2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 15 млрд. 658 млн. теңгені құрады, нақты индекс көлемі - 123,4%, бұл ШҚО жақсы көрсеткіш.

Қазіргі уақытта аудан ауыл шаруашылығы жануарларының аурулары бойынша қолайлы болып табылады.

Дегенмен, өткен жылдың маусымында ауданның мал шаруашылығына аз нұқсан келген жоқ, Дмитриевка ауылдық округінің Боровое ауылында аусыл ауыруымен ауырған жануарлар тіркелді. Шұғыл шара қабылау нәтижесінде 223 ІҚМ және 716 ҰҚМ жойылды. Тұрғындарға республикалық бюджеттен 47 млн. теңге мөлшерде шығын өтелді. Бірақ, құрметті ауыл тұрғындары,мемлекеттік бюджет бұндай шығындарды көтере бермейтіндігін бәріміз естен шығармауымыз керек және мал сатып алуда осындай жағдай қайталанбау үшін азаматтық жауапкершілік пен саналылықты көрсете білу қажет.

Аудандағы шағын бизнес: 291 дүкен, 88 қолданыстағы дүкендердегі «Ардагер» әлеуметтік бөлімдер мен Жезкент кентіндегі «Ардагер» әлеуметтік дүкені, 12 дүңгіршектер, 11 ЖҚС, 7 ТҚС, 19 дәріхана мен дәріханалық дүңгіршектер, 15 шаштараз, 3 фотосалон, 3 компьютерлік клуб, 2 тұрмыстық техниканы жөндеу цехы, 1 жиһазды тарту цехы, 2 аяқ киім жөндеу цехы, 2 қонақ үй, 2 стоматологиялық кабинет, 36 қоғамдық тамақтану пункттері (асхана, дәмхана), 2 бөлшек базары, 7 киім тігетін орын.

2012 жылдың басынан 28 шағын кәсіпкерлік нысандарды қолданысқа енгізілді, оның ішінде 2012 жылдың 4 тоқсанында Ибатуллин ЖК наубайханасы қолданысқа енді, Блок ЖК кафесі ашылды.

Ауданда 71 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, оның ішінде 39 кәсіпорын қолданыста, оның 37 белсенді, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 105,7% құрайды.

2012 жылы қайта өңдеу кәсіпорындарымен 910 млн. 418 мың теңге сомасына өнімдер өңделді.

Инфляциялық үдерістерді тежеуді бақылауды жүзеге асыру және инфляция деңгейін ұстау мақсатында ауданда штаб құрылған, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізгі тобына күнделікті баға мониторингі жүргізіледі.

2012 жылдың тамызында Бородулиха ауданының әкімдігімен және ауданның наубайхана басшыларының арасында 1 сұрыпты формалы нан және кебектің бағасын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандум жасалды. Ауданда 1 сұрыпты формалы нанның бағасы наубайханадан шығарылғанда 48 теңгені және сатылым орындарында 1 бөлке нанның бағасы 50 теңгені құрайды.

Ауданда барлығы 13 наубайхана жұмыс істейді, оның ішінде тұрақтандыру қорынан бөлінген ұнға сегізі өтінім берді. Нан ауданның 120 дүкенінде сатылады.

2012 жылғы 28 тамыздағы облыстық Үйлестіру кеңесінің отырысында біздің ауданның 5 инвестициялық жобасы қаралды. Оның ішінде аймақтық индустрияландыру картасына «Новая Заря» ш/қ» ЖШС, «Лазарев и К» ЖШС жобалары енгізілді, ал «Е.Зайтенов» ш/қ, «Алмакос» ш/қ және «Сахновское» ЖШС жобалары Қазақстанның индустрияландыру картасына енгізу үшін ұсынылды.

Құрылыс

2011-2015 жылдарға арналған ауданды дамыту бағдарламасына сәйкес елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары жалғасуда. Новопокровка және Михайличенко тірек ауылдарының бас жоспары әзірленіп,бекітілді. Бұл жұмыстрға 10 млн. 100 мың теңге бөлініп, игерілді. 2013 жылы Новошульба ауылының бас жоспарын әзірлеу жоспарлануда, бұл жұмыстарға 6 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

Тұрғындарды қажетті мөлшерде және кепілдендірілген сападағы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында, ауданда 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы іске асырылуда. Ивановка және Сосновка ауылдарында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту басталды. Өткен жылда 186 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Жұмысты 2013 жылы аяқтау жоспарлануда. Қажетті 76.6 млн. теңге сомасы бөлінді. Аул станциясын сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмыс аяқталып қалуда.

Березовка шипажайын сумен жабдықтау желілерін қайта жаңғырту бойынша жұмысы аяқталды. Облыстық бюджеттен бөлінген 39,9 млн. теңге толығымен игерілді. Камышенка және Шелехово елді мекендерін сумен жабдықтау бойынша әзірленген және мемлекеттік сараптамадан өткен жобалар бар.

Зубаир, Зенковка ауылдарын сумен жабдықтаудың жобалау құжаттамаларын әзірлеуге және Бородулиха ауылындағы су құбырын жаңғыртуға жергілікті бюджет қаражатынан 16 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

2013 жылға Бородулиха ауылындағы 5 қабатты тұрғын үй мен Новопокровка ауылында 16 қабатты тұрғын үйдің ЖСҚ әзірлеуге 20,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.

2012 жылы ауданда жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 1,6 мың текше метр бөлінді.

Тұрғын үй –коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомабиль жолдарын дамыту.

2012 жылдың ағымында елді мекендерді тазалау бойынша, көшелер мен жолдарды, жаяужолдарды, жолаушылар көлігінің аялдамаларын, ғимаратың касбеттері мен құрылыстарды, шағын сәулет нысандарды тисті жағдайға келтіру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды.

Ауданың елі мекендерінде көктем мезгілінде ағаштар мен тал-шіліктер отырғызылды. 2012 жылы барлығы 5765 көшеттер отырғызылды.

Жерновка ауылында «Жерновское» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауаркершілігі шеңберінде Жеңіс саябағының қоршауы орнатылды, балаларға арналған алаң салынды, тоғайларды ақтау және кесу жұмыстары жүгізілді, 1,3 млн. теңге сомасына 10 орындықтың орнатылуымен футбол алаңы жаңартылды. 2012 жылы Новопокровка ауылында 33186 мың теңге сомасына Жол картасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 12 млн. 451 мың теңге сомасына білім мекемелерінде қажетті жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Бородулиха ауылында 14 млн. теңге сомасына «Рассвет» ПИК қазандығын жаңарту жүргізілді; ұзындығы 480 құма метр жылу трассасы ауыстырылды.

2012 жылы 3842 мың теңге сомасына Белағаш-Дмитриевка су бұруына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, 31358 мың теңге сомасына Новопокровка ауылында су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның 15 ауылдарында 21250 мың теңге сомасына 179 дала шамы орнатылды.

Бородулиха ауданының тірек елді мекендері ретінде Новошульба, Михайличенко, Новопокровка ауылдары белгіленді.

Ағымдағы жылы аталған ауылдарды абаттандыруға аудандық бюджеттен 120 млн. 646 мың теңге, сондай-ақ 20 млн. 320 мың теңге, облыстық бюджеттен 41 млн. 278 мың теңге және республикалық бюджеттен 59 млн. 048 мың теңге бөлінді.

«Автомобиль жолдарының қызмет етуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2012 жылы аудандық бюджеттен 60 млн. 234 мың теңге бөлінген болатын.

2 млн. 568 мың теңге сомасына 168 жаңа жол белгілері дайындалып, орнатылды, бұл алдынғы жылғы көрсеткішке қарағанда 3 есе артық.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жаз мезгілінде ұстауға 64 млн. 179 мың теңге қаражат қарастырылды.

2012 жылы 18 млн. 600 мың теңге сомасында аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезігілінде ұстауға бөлінген қаражат ауылдық округтер бойынша бөлінді.

Ауылдық округтердің әкімдерімен «Коростелевское» ЖШС, «Автодорсервис-Семей», «Лазарев және К», «Жерновское» ЖШС, «Коммуналдық шаруашылық» КМК, «Татьяна», «Ернар», «Достық», «Васелек», «Буран» шаруа қожалығымен және ЖК С.Н. Быковпен аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қыс мезгілінде ұстау бойынша 13 келісім шарт жасалды.

2012-2013 жылдардың күз және қыс кезеңіне аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дайындау бойынша әзірленіп, бекітілген жоспардың барлық шаралары толығымен орындалды.

^ Білім беру

Бородулиха ауданының білім жүйесі 34 білім беру мекемесінен тұрады, оның 25 орта, 4 негізгі және 4861 оқушыны қамтыған 5 жалпы білім беретін бастауыш мектеп.

Ауданда 2 мектептен тыс мекеме қызмет етеді – 130 баланы қамтыған балалар музыка мектебі, 510 баланы қамтыған (2011 жылы - 295 бала) «Шығармашылық үйі» КМҚК.

Мектептен тыс мекемелерді ұстауды ұйымдастыруға 36398,0 мың теңге (2011 жылы 29071,0 мың теңге) бөлінді, оның ішінде шығармашылық үйі бойынша 2012 жылы жалпы сомасы 19471,0 мың теңге (2011 жылы -14532,0 мың теңге) бюджет қарастырылуда.

Балалардың мектепке дейінгі білімін дамытуға 74209,0 мың теңге, оның ішінде «Балапан» бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен 26355,0 мың теңге бөлінді.

Ауданда мектепке дейінгі біліммен 2451 бала қамтылған (оның ішінде қысқа мерзімді келуімен шағын орталықтар). Ағымдағы жылы Камышенка орта мектебінің базасында 25 орындық күндік толық болуымен мектепке дейінгі шағын орталық ашылды. Тақау арада Красный Яр ауылында «к/х «Красный Яр» ЖС басшысы С.Н.Быков 12 млн.теңгеге жөндеп, Красный Яр ОМ теңгеріміне берген ғимаратта шағын орталық ашылды. Аудан бойынша күндіз толық болуымен 300 баланы қамтыған 10 шағын орталық қызмет етеді. 3 балабақшада 641 бала. Мектепке дейінгі білім берумен қамту 100 пайызды құрады.

Өткен 5 жылдың нәтижесі бойынша мектеп оқушылары санының төмендеуі байқалуда. Мысалға, 2009 жылы 5168 оқушы білім алса, 2012 жылы бұл көрсеткіш - 4861 оқушыны құрады. Басты себебі негізгі меткептен кейін оқушылардың бастауыш және орта кәсіптік білім беру, жоғары оқу орындарына кетуі.

2012 жылы бірінші сыныпқа 491 бала келді (2011 жылы -540). Мектеп алды сыныбы – 502 баланы (2011 жылы-477) құрады. Мектеп алды сыныпқа келетін балалардың саны, яғни кейінгі оқу жылында бірінші сынып табалдырығын аттайтын балалардың саны артуда.

2012 жылы 11 сыныптың түлегі 318 құрады. Оның 41,2 пайызы ҰБТ қатысты.

Аудан бойынша ҰБТ орташа балы өткен оқу жылының 84,0 балымен салыстырғанда 13 балға төмендеп, 71,0 балды құрады, бұл орташа облыстық деңгейден 0,8 балға жоғары. Аудан бойынша ҰБТ көрсеткіштерін арттыру жұмыстарын жалғастыру, білім беру сапасын арттыру жұмыстарын күшейту қажет.

11 сынып бітірген 333 түлектің 102 ЖОО, 147 колледжге, 14 КТМ оқуға түсті, бұл түлектердің жалпы санының 79 пайызын құрайды, 43 түлек жұмысқа орналастырылды.

Негізгі мектептің 489 түлегінің 16 (2011 жылы -25) үздік білімі туралы куәлік алды. Негізгі мектеп түлектерінің жалпы санынан 42 КТМ, 149 колледжге түссе, 276 мектептегі оқуын жалғастырды.

Тиісті білім беру ұйымдастырмаған 38 елді мекеннен 989 оқушы күнделікті тасымалдаумен қамтылған.

2012 жылы контингенттің төмен (11 оқушы) болуына байланысты «№ 1 Орловка толық емес орта мектебі» КММ жабылды. Балаларды аралас тілде білім беретін «Краснополь орта мектебі» КММ тасымалдау жүзеге асырылуда. 2440,0 мың теңге сомасына Краснополь ОМ бір автобус сатып алынды.

Бородулиха ауданының білім беру мекемелері бойынша 2012 жылға жалпы сомасы 1722764,0 мың теңге бюджет бекітілген.

Жетім және тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін жалпыға бірдей орта білім қоры бойынша шығын (тамақтану, мектепке керек-жарақ алу, жазғы алаңдардағы сауықтыру демалыстары) 41970,0 мың теңгені құрады.

Мектептік жиһаз сатып алуға 6338,0 мың теңге, спорттық керек-жарақ сатып алуға 7591,0 мың теңге бөлінді.

^ Денсаулық сақтау

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының бағыттарының бірі болып қол жетімділікті, медициналық көмек көрсету сапасының тиімділігін арттыру және профилактикалық іс-шараларды күшейту жолымен бастапқы медико-санитарлық көмекті (БМСК) дамыту және жетілдіру болып табылады.

Ауданда демографиялық жағдайдың жақсару үрдісі бар. 2012 жылы туу мөлшері 50 балаға артты. Бала өлімі 8,7 % промиллеге кеміді.

Ауданда бірнеше жыл ана өліміне жол берілген жоқ. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың көрсеткіші төмендеген.

Кардиологиялық, хирургиялық бейіндегі науқастарға, жүкті әйелдерге, балаларға сапалы медициналық көмек көрсету үшін 85 млн. 230 теңге сомасына заманауи медициналық жабдық сатып алынды.

^ Халықты әлеуметтік қорғау.

«Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында ауданда азаматтарды әлеуметтік қорғаудың белсенді шаралары қолданылуда.

2012 жылы 619 адам жұмысқа орналастырылды немесе жүгінгендердің 83%, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруға 18007 мың теңге бөлініп, жылдық жоспардан 99,9 % игерілді. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудан 31 адам өтті, олардың 22-сі жұмысқа орналастырылды.

Жұмысқа орналасуда қиыншылықтар көріп жүрген халықтың әртүрлі топтарын жұмыспен қамту және қолдауды қамтамасыз ету үшін жастар практикасы және арнайы әлеуметтік жұмыс орындарын құру сияқты әлеуметтік қорғаудың қосымша шаралары қарастырылды.

2012 жылы жастар практикасына 15 түлек жіберілді, олардың ішінде 7 түлек аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасты.

Ағымдағы жылы облыстық Жол картасының 2 инвестициялық жобасын жүзеге асыруға 72329,0 мың теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, оның ішінде облыстық бюджеттен – 48243,0 мың теңге, аудандық бюджеттен-24086,0 мың теңге. Құрылған жұмыс орындарына 46 адам, оның ішінде жұмыспен қамту қызметінің жолдамасы бойынша 22 адам жұмысқа орналасты.

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту картасына сәйкес 2012 жылы 35 жобада 478 жаңа жұмыс орынын құру жоспарланған, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына нақты 397 жұмыс орыны құрылды немесе 83 %.

2013 жылы Шығыс Қазақстан облысы бірінші және үшінші бағыттағы Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қанатқақты жобаға енгізілді. Қанатқақты жобаның ерекшеліктері: бірінші бағытта кәсіби даярлықта - оқу орындарын таңдауда жұмыс берушінің тікелей қатысуымен оқыту, үшінші бағытта жұмыс беруші қаражатынан 10% мөлшерінде қосымша қаржыландыруды ұйымдастырумен тұрғын үй құрылысын салу.

Халықты әлеуметтік қорғаудың шараларын қабылдау нәтижесінде 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2012 жылғы 12 айда (1297) 11% азайып, 1186 адамды құрады.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 54% азайды және 415 адамды құрады. Балаларға мемлекеттік жәрдемақы алатын отбасы саны 28% азайды, 350 құрады

Ауданда әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жыл сайын 90 млн. теңгеден астам бөлінеді.

Арнайы әлеуметтік қызметке мұқтаж тұлғалар контингентінің артуына байланысты 2012 жылғы 1 қарашадан бастап үйден әлеуметтік көмек көрсетудің үшінші бөлімшесі ашылды.

Аудан бойынша барлығы 58 әлеуметтік қызметкер 328 қызмет алушыға қызмет көрсетеді.

Мәдениет

Мәдениет мекемелерінің жүйесі 33 мәдениет нысандарынан тұрады. Бұл аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық клуб, құрамына 21 ауылдық кітапхана кіретін орталықтандырылған кітапхана жүйесі және Достық үйі.

Есепті кезеңде мәдениет мекемелерімен 2628 іс-шара өткізілді, оған шамамен 75 мың адам қатысты.

Бұрынғы аудан орталықтары – Новопокровка мен Новошульба ауылдарында мәдениет мекемелерін ашу үшін ғимараттарды жөндеуге ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 150 мың және 3 млн. теңге бөлінді.

^ Тілдерді дамыту

Ауданда Жезкент кенті мен Новошульба және Новопокровка ауылдарында 3 филиалы бар, мемлекеттік тілді оқыту орталығы қызмет етеді. 2011-2012 жылғы оқу кезеңінде мемлекеттік тілді оқыту орталығында 225 тыңдаушы оқытылды. Сонымен қатар, ауданның мекемелері мен мектептерінде 2900 адамды қамтыған мемлекеттік тілді оқыту бойынша 48 үйірме жұмыс істейді.

Мемлекеттік тілді оқыту орталығының базасында ағылшын тілін оқыту курсы ашылды.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту және тілдің әртүрлілігін сақтау мақсатында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МҚКК татар тілін оқыту енгізілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік тілді оқыту орталығында 213 тыңдаушы оқытылуда.

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту және қолдану 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша Бородулиха ауданының 2011-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында 2012 жылы оқытуға жергілікті бюджеттен 6490,0 мың теңге бөлініп, 100 % игерілді.

Алдағы уақыттағы атқарылатын жұмыстардың барлығы бағдарламаның бастығы мақсаты - барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің қолданылуына қол жеткізуге бағытталатын болады.

^ Дене шынықтыру және спорт

Ауданда 2012 жылы жергілікті бюджет қаражатынан бұқаралық дене шынықтыру және спортты, ұлттық спорт түрлерін дамытуға 5 млн. 10 мың теңге бөлінді.

Ауданның жалпы білім беретін мектептеріндегі спорттың материалдық-техникалық базасын дамытуға - 7 млн. 597 мың теңге бөлінді. Облыстық бюджет қаражатынан БЖСМ дамытуға – 21 млн. 661 мың теңге бөлінді.

Дене шынықтыру және спортпен айналысатындарға 132 спорттық ғимарат ұсынылды. Бұқаралық шайбалы хоккейді дамыту мақсатымен ауданда жыл сайын 10 хоккей корты, 26 мұз айдыны құйылады. 500 адам шұғылданатын 20 секция қызмет етеді.

Ауданның үздік спортшыларына облыстық және республикалық жарыстарға қатысу қамтамасыз етілген. Өткен жылы ауданнан тыс жерлерде өткен жарыстарға 290 адам қатысты.

2012 жылы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту, тұрғындардың жалпы санынан 6897 адамды немесе 20 % құрады.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында Бородулиха ауданында ауылдық елді мекендерге тұру және жұмыс істеу үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарын қолдау жұмыстары жалғасуда.

2012 жылы келесідей әлеуметтік қолдаулар көрсетілді:

- денсаулық сақтау саласының 5 маманына тұрғын үй сатып алуға 12050,0 мың теңге, білім беру саласының 11 маманына 24283,6 мың теңге және мәдениет саласының 2 маманына 4603,4 мың теңге сомасында бюджеттік несие төлеу түрінде. 2012 жылы әлеуметтік саланың 18 маманына тұрғын үй сатып алуға 40937,0 мың теңге сомасында бюджеттік несие төленді;

- денсаулық сақтау саласының 3 маманына 339,8 мың теңге сомасында, білім беру саласының 19 маманына 2151,9 мың теңге сомасында, мәдениет саласының 1 маманына 113,3 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы түрінде. 2012 жылы әлеуметтік саланың 23 маманына 2605,0 мың теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленді.

Құқықтық тәртіп

Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімімен есептік кезеңде оперативтік жағдайды сауықтыруға, қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар ұйымдастырушылық және тәжірибелік шаралары қабылданды.

Нәтижесінде 2012 жылы келесі қылмыс түрлерінің саны азайды: қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар -18,2 пайызға, топтық қылмыстар -18,6 пайызға, бұрын сотталған адамдармен жасалған қылмыстар -88,9 пайызға, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар - 42,1 пайызға.

Тұрғындар арасында азаматтарды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту, құқықтық насихаттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ішкі саясат мәселелері

Ұлттың тұрақты дамуына, қоғамның топтасуына бағытталған ішкі саяси үдерістерді іске асыру бойынша тиімді жұмыс жасауу үшін, идеологиялық жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады. Бірінші кезекте бұл жұмыстар «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен ұсынылған азаматтық қоғам институттарымен, 9 этномәдени орталықтармен, 3 ҮЕҰ, жастар және кәсіподақ ұйымдарымен, 20 діни ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасауға бағытталған.

Рухани құндылықтарды дамыту мен тәрбиелеуде баға жетпес үлес қосып жатқан, бізге даналық кеңестер көмектесетін жоғарғы буын өкілдері – ардагерлер кеңесі мен ақсақалдар кеңесінің жұмысын ерекше атап өту қажет. Олар жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуде, зейнеткерлердің мәселелерін шешуде үлкен рөл атқарады.

2012 жылы ауданда 800 астам іс-шаралар өткізілді, олардың негізгі тақырыбы мемлекетіміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік және құқықтық дамуы, ішкі саясат, тілдерді дамыту мәселелері, конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынастарды жетілдіру, әлемдік қоғамдастық деңгейіндегі мәселелерді шешуде Қазақстанның рөлін арттыру болып табылды.

Ауданда 2009 жылдан бастап «Туған жерге тағзым!» атты акция жүргізілуде, аталған акция аясында 2012 жылы жебеушілермен 340 млн. 905 мың теңге сомасына демеушілік көмек көрсетілді.

Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары!

Өздеріңіз көріп отырғандай, аз нәрсе жасалған жоқ, алайда атқаратын жұмыстар да жетерлік, біздің алдымызда әлеуметтік-экономикалық дамытудың барлық бағыттары бойынша өте үлкен және жауапты міндеттер тұр. Ауданымыздың болашағы алға қойған міндеттердің шешіміне байланысты болады.


Халықты жұмыспен қамту саласында:

- «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын орындау жұмыстарын жалғастыру;


Кәсіпкерлік саласында:

- шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жұмысты күшейту, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету;


Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында:

- Жерновка ауылындағы мектептің құрылысын және Новопокровка ауылындағы Әуезов атындағы ОМ спорт залына қосымша құрылысты аяқтау;

- жергілікті бюджеттен 14,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлінген Бородулиха ауылындағы 5 қабатты тұрғын үйді қалпына келтіру бойынша жобалау құжаттама әзірлеу;

- Новопокровка ауылында сатып алынған 16 пәтерлік тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарын бастау;

- отандық тауар өндірушілерді қолдау және облыстың экономикасын дамыту үшін конкурстар өткізу кезінде жергілікті жағдайларға сай жергілікті құрылыс материалдарын пайдалануды ескеру қажет;


Білім саласында:

- білім беру сапасын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қабылдау;

- тәрбиелеу барысында адамгершілік нормаларына, ұлтаралық келісім мен төзімділікке, аудан жастарының рухани дамуына көңіл бөлу қажет;


Денсаулық сақтау саласында:

- жас мамандарды ауылға тарту, оларға қажетті әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру;

- аудан халқын сауықтыру бойынша жұмысты жалғастыру;

- 10 млн. 066 мың теңгеге Бородулиха ауылының дәрігерлік амбулаториясына, 1 млн. 648 мың теңгеге Новошульба ауылындағы учаскелік аурухананың қазандығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет;


Дене шынықтыру және спорт саласында:

- аудан тұрғындары денсаулығының көзделген индикаторларына қол жеткізу арқылы жұмыстың тиімділігіне талдау жасау;

- тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту бойынша пәрмеді шаралар ойластыру қажет;


Қоғамдық тәртіпті орнату саласында:

- қоғамдық тәртіпті сақтау нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру;

- есірткі тарату каналдарын анықтау және жою, есірткі бизнесінің ұйымдастыру және өткізу қызметіне жол бермеу, нашақорлықтың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру;

- сыбайлас жемқорлыққа, жеке құрам ішінде тәртіп пен заңдылықты бұзуға қарсы күресуді нығайту, азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенім деңгейін арттыру қажет;

Ауыл шаруашылығын дамыту:

- 200 га ауданға суармалы жем-шөп дақылдарын өсіру – «Е.Зайтенов» ш/қ;

- «Веркаталия» маркалы егу кешені мен «ХОРШ» тұқым сепкішін сатып алу - «Е.Зайтенов» ш/қ;

- жыл бойы сүт беретін сиырларды ұстаумен және «Делаваль» фирмасының сауатын роботтарын орнатумен сүт кешенін қайта жаңғырту - «Е.Зайтенов» ш/қ;

- ауданның ауыл шаруашылық құрылымдарымен 500 бас тауарлы және асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу.


Алдағы уақыттағы депутаттық корпуспен, «Нұр Отан» ХДП филиалымен, бизнес өкілдерімен, ауданның қоғамдық құрылымдарымен бірлесіп ауданның әрбір тұрғынының ахуалын жақсарту бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің алға қойған міндеттерін орындайтын боламыз.

2013 жыл – бұл «Қазақстан-2050» стратегиясы» бойынша жұмыс атқарудың бірінші жылы. Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі басталды. Президентіміз айтқандай «...Мен барша халқымды жарқын болашаққа жол бастайтын адамзат баласының мәңгілік құндылықтары - ерік-жігер мен еңбексүйгіштік, мақсаткерлік қасиеттерді бойға сіңіруге шақырамын».

Мен, зияткерлік және адамгершілік әлеуеті бар Бородулиха ауданы, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында алға қойған міндеттерді шешуге үлкен үлес қосады деп сенемін.



Похожие:

Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconБасқұдық селолық округі әкімінің 2012 жылы жасалған жұмыстар туралы баяндамасы Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтар! Бүгінде, Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы, «Нұр Отан»
Назарбаевтың жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconЕсеп беру кездесулер қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» және «Әкімдердің мәслихаттар...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconАлдындағы есебі Құрметті кездесуге қатысушылар!
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconАудан әкімі Ж. Мұратовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасы-ның жобасы Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
Ел басының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» жарлығына...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconКеңсай ауылдық округ әкімі Ж. Абдрахмановтың есептік баяндамасы Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» №1546 Жарлығына сәйкес соңғы 5 жыл көлемінде...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconҚазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі n 1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі n 1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconШемонаиха ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінің қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
«Жергілікті атқарушы органдары басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығын орындауда...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconШемонаиха ауданының әкімі А. Ж. Тоқтаровтың
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconВыступление акима Шемонаихинского района Токтарова А. Ж
Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын...
Баяндама қысқартылып басылған Құрметті бородулихалықтар! «Жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» iconҚұрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!
Мемлекет басшысының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы