Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



НазваниеБөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
страница1/4
Дата конвертации25.01.2013
Размер1.38 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4



Бородулиха ауданы әкімдігінің

2011 жылғы «6» қаңтардағы №881 қаулысымен бекітілді


«Шығыс Қазақстан облысы

Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария

бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011– 2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Мазмұны


1. Миссиясы және пайымдауы

2. Қызметінің тиісті салаларының ағымдағы жағдайын және даму үрдістерін талдау

3. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


3.2. Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл


6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар

7.1. Бюджеттік бағдарламалар

7.2. Бюджеттік бағдарламалар жиынтығы


1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы


Миссиясы – ауданның агроөнеркәсіптік кешені салаларының экономикалық өсуіне және сапалы жаңа деңгейге жетуіне ықпал жасау мақсатында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру. Ауданның азық-түлік нарығын қол жетімді, қауіпсіз және сапалы тамақ өнімдерімен молықтыруға ықпал ету.

Пайымдауы - Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен халқының сұранысын қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешенінің (бұдан әрі – АӨК) әртүрлі салаларының орнықты дамуы және жоғары бәсекеге қабілеттілігі, ауданның АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру.


^ 2-бөлім. Қызметінің тиісті салаларының ағымдағы

жағдайын және даму үрдістерін талдау


2.1. Ауданның АӨК дамуының негізгі параметрлері

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының АӨК-дегі жағдайы өндірістің тиімді өсуімен, ауылдағы қаржылық қызметтер рыногының дамуымен, ауыл халқының өмір сүру сапасының жақсаруымен сипатталады.

2009 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шауашылығы өнімінің жалпы көлемі 12,927 млрд. теңгені құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда өсім 120,4 % болды.

2009 жылы жалпы өнім өндіру ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін 1 жұмысшыға шаққанда 7200-ден астам АҚШ долларын құрайды.

АӨК дамытуға бағытталған қаржыландыру көлемі жыл сайын артып келеді. Егер 2009 жылы АӨК дамытуға әртүрлі қаржыландыру көздерінен 744,4 млн. теңге бағытталған болса, 2010 жылы -994,9 млн. теңге бағытталды.


^ Мал шаруашылығы саласын талдау

Өзінің мамандануы бойынша ауданның ауыл шаруашылығы дамыған өсімдік шаруашылығымен қоса мал шаруашылығы бағытында қалыптасқан. 2009 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің құрылымында мал шаруашылығы 32,8 %-ды құрайды.

Ауданның мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Табиғи-климаттық және шаруашылық қызметіне қарай ауданда сүт және ет бағытындағы мал шаруашылығы, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, құс шаруашылығы және омарта шаруашылығы табысты дамып отыр.

2009-2010 жылдардағы аса күрделі қыстама жағдайына қарамастан мал шаруашылығы саласы 2010 жылы орнықты дамып келеді. Мал шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі ағымдағы жылдың басында 98,2% құрады.

Ағымдағы жылдың 11 айында барлық санаттағы шаруашылықтарда ет өндіру 6677,6 тоннаны немесе өткен жылғы деңгеймен салыстырғандағы өсім 6,7 % құрады, сүт өндіру бойынша өсім – 0,7 % немесе өндіру 41605,3 тоннаны құрайды, жүн 63,7 тонна өндірілді немесе өткен жылғы осындай кезеңдегі деңгеймен салыстырғанда өсім 1,1% болды. Жұмыртқа өндіру өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,1 % артты.

Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ауданның барлық санаттағы шаруашылықтарында жылқы саны 5,6 %, шошқа 11,2 % өсті.

Мүйізді ірі қара малының саны өткен жылдың осындай кезеңдегі деңгейімен салыстырғанда 100,4 %, қой мен ешкі 102,6 %, құс 91,2 % құрады. Аталған құс басының азаюы 2009-2010 жылдардағы қатаң қыс және 2010 жылғы көктемгі кезеңдегі табиғат апат салдарынан болды.

Жалпы алғанда аудан халқының мал шаруашылығының негізгі өнім түрлеріне (ет, сүт, жұмыртқа) сұранысы толық қанағаттандырылып отыр.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің артуына осы саланы қаржылық қолдау, қосымша мал бордақылау алаңдарын және тауарлы сүт фермаларын, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын құру, малға қажетті ірі және құнарлы жем-шөп қорын әзірлеу бойынша қабылданған шаралар ықпал етті.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру және олардың сапасын көтеру мақсатында ауданның көлемінде 11 мал бордақылау алаңы мен 6 тауарлы сүт фермасы құрылып, жұмыс істеуде, оның ішінде бір мал бордақылау алаңы 2010 жылы құрылды.

Малдың тұқымдық сапасын жақсарту және оның өнімділігін арттыру үшін ауданда 6 асыл тұқымды шаруашылық, олардың ішінде бір шаруашылық 2010 жылы құрылды.

Алайда, аталған саланы дамытуда бірқатар тежейтін факторлар бар: барлық ауыл шаруашылығы мал басының 70%-ға жуығы жеке үй шаруашылығында; асыл тұқымды мал басының үлес салмағы төмен және ол 12-15% ғана құрайды; жануарларды күтіп-ұстаудың және азықтандырудың қарапайым технологиялары қолданылады, өнімді өндіру және қайта өңдеу технологиялары ескірген, мал шаруашылығы процестерін механикаландыру және автоматтандыру деңгейі төмен; орта және ірі тауарлы өндірісті мамандандырылған шаруашылықтардың жеткіліксіз дамуы, жемшөп қоры нашар, толық мөлшердегі құрама жемнің жетіспеуі, осыны салдарынан мал және құс өнімділігі төмен; ауыл шаруашылығы малдарын күтіп-ұстау жағдайы зоогигиеналық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай емес; жергілікті атқарушы органдардың малдарды сәйкестендіру, мал қорымдарын және мал сою пункттерін салу бойынша жұмысы нашар.


Өсімдік шаруашылығы саласын талдау

2009 жылдың қорытындысы бойынша ауданның өсімдік шаруашылығы саласының жалпы ауыл шаруашылығы өнімі көлеміндегі үлесі 67 % болды. Өсімдік шаруашылығы өнімін өндіру 2 егіншілік аймақта жүзеге асырылады.

Сала негізінен тәлімі жер жағдайында жүргізіледі, онда негізінен дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егіледі. Дәнді дақылдар егістігі құрылымының 67%-ын бидай алады.

Аудан күнбағыстың майлы дақылын өсіретін облыстағы негізгі өндіруші болып табылады. Облыста өндірілетін барлық күнбағыс көлемінің 24%-дан астамы біздің ауданда өндіріледі.

2009 жылы дәнді дақылдардың шығымдылығы 17,3 ц/га болып, барлығы 209,4 мың тонна жиналды, бұл 2008 жылы қол жеткізілген деңгейден тиісінше 187,5 мың тоннаға немесе 15,2 ц/га артық. 2009 жылы жалпы күнбағыс өндіру көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 36,64 тоннаға, ал оның шығымдылығы 2,3 ц/га өсті. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда картоп және көкөністің шығымдылығы тиісінше 25,3 ц/га және 9,6 ц/га құрады. 2009 жылы табиғи-климаттық жағдай өсімдік шаруашылығы үшін қолайлы болғанын атай кету керек.

2010 жылы өсімдік шаруашылығындағы жұмыс негізінен ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігін оңтайландыруға, ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары егістігінің көлемін арттыруға, ғылыми негізделген агротехнологияны енгізуге және сақтауға, тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталды.

Алайда, саланы дамыту бойынша қабылданған шараларға қарамастан, ауданның өсімдік шаруашылығы саласы қалыптасатын ауа райы жағдайына тікелей тәуелді болып отыр.

2010 жылы жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі төмендеді. Жыл бойынша өсімдік шаруашылығы саласында нақты көлем индексі 64,2% құрады.

Оның төмендеу себебі 2009 жылы табиғи-климаттық жағдай өсімдік шаруашылығы үшін барынша қолайлы және нәтижелі болды. Аймақтағы егістік алқаптар тәлімі жерлерде орналасқандықтан жыл сайын 2009 жылғыдай көрсеткішке қол жеткізіле бермейді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістігі ағымдағы жылы 272,9 мың га. құрады. Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша егін 50,2 мың га алқапқа егілді, бұл өткен жыл деңгейіне қарағанда 2,5 % артық.

2010 жылы 107,3 мың га алқапта дәнді дақыл жиналды. Жағымсыз табиғи құбылыстары әсерінен жойылған 1,96 мың га дәнді дақылдар есептен жығарылды. Дәнді дақылдардың орылған аумағы 2009 жылмен салыстырғанда 13,3 мың гектарға аз болды.

Жалпы жиналған дәнді дақылдардың бункердегі салмағы 90,7 мың тоннаны құрады және 2009 жылғы өнім көлемінен 118,7 мың тоннаға немесе 56,6% кем. Дәнді дақылдардың орташа шығымдылығы 2009 жылғы 17,3 ц/га қарағанда 8,4 ц/га болды.

Майлы дақылдарды жинау алқабы 103,8 мың гектарды құрады, жалпы жиналған күнбағыстың бункердегі салмағы 40,7 мың тоннаны құрап, 2009 жылғымен салыстырғанда 9% кем болды.

2010 жылы картопты жалпы жинау 18,6 мың тоннаны құрады, 6,6 мың тонна көкөніс және 1,1мың тонна бақша дақылдары жиналды.

Пішен дайындау тапсырмасы аудан бойынша 152% орындалып, 144 мың тоннаны, пішендеме 4,75 мың тонна немесе 52,7%, сүрлем 6,3 мың тонна немесе 11,6% құрады.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру өткен жылғымен салыстырғанда төмендегеніне қарамастан биылғы жылы жиналған өнім көлемі аудан халқын өсімдік майымен, картоп және көкөніспен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Суармалы жерлер мен ылғал ресурстарын сақтау технологиясы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алқабы баяу өсуде. Ылғал ресурстарын сақтау технологиясы енгізілген алқаптар соңғы 3 жылда 10,0 есе артты, соған қарамастан олардың жалпы егіс аумағындағы үлес салмағы төмен болып қалуда және 18,3 % ғана құрайды.

Іс жүзінде егістік жерлерге минералдық және органикалық тыңайтқыштар енгізілмейді. 2009-2010 жылдары 1 гектар егістік жерге 2,4 кг минералдық тыңайтқыш енгізілді.

Жалпы егістік көлемінде сүрі жердің үлесі төмен, яғни 10-14 % құрайды.

Одан басқа, өсімдік шаруашылығында оның дамуын тежейтін бірқатар проблемалар бар: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің экстенсивті технологиясы; отандық селекция және тұқым шаруашылығын дамыту жеткіліксіз, бұл қазақстандық селекцияның жоғары сапалы сұрыптары мен гибридтерінің жойылуына әкеліп соғады; сұрыпты сынаудың өндірістік процестерін техникалық жарақтандырудың төмендігі; суармалы жерлер пайдаланылмайды; химияландыру деңгейінің төмендігі; ғылыми негізделген агротехнологиялар, агротехнологиялық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері сақталмайды, бұл ауыл шаруашылығы дақылдары шығымдылығының төмендеуіне алып келеді; көкөніс және картопқа арналған заман талабына сай техникалық жарақталған қоймалардың жоқтығы, оларды дайындау мен қайта өңдеу жолға қойылмаған.

Аталған проблемаларды шешу үшін мемлекеттік қолдаудың түрлері мен бағыттарын жетілдіру арқылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды одан әрі ынталандыру қажет.

Егіншілікті ұтымды жүргізу, топырақ құнарлылығын сақтау және ұдайы өсіру үшін тыңайтқыштар (органикалық тыңайтқыштан басқа) қолдануды одан әрі ынталандыру қажет.


^ АӨК қайта өңдеу саласы жағдайын талдау

    Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, жекелеген өндіріс цехтарын қоса есептегенде 38 кәсіпорын айналысады.

Ауданның қайта өңдеу кәсіпорындары 2009 жылы 700,0 млн. теңгенің өнімін сатты (2008 жылы 803 млн. теңгеге сатылған болатын). 2009 жылы тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің тауарлық өнімінің көлемі 2008 жылғы деңгейдің 87,4 % құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері біршама жақсарды. 2010 жылы 840 мың теңгенің тауарлық өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 103 % болды.

Өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда талдау жүргізіліп отырған кезең ішінде нақты көлем индексі ет өңдеу және консервілеу, ет өнімдерін өндіру бойынша 2,3%, өсімдік және мал майын, тоң май өндіру 8,7 %, сүт өнімдері 1,5 %, ұн өнеркәсібі өнімдерін өндіру бойынша 2,9% артқаны байқалады.

    Ауданда ет өңдейтін бір кәсіпорын және бір цех жұмыс істейді, оларда жұмыс істейтіндер саны 16 адам. Олардың ауысымдағы өндірістік қуаты бір тонна.

Түржинағы бойынша ет және ет өнімдерінің сатылған жалпы сомасы 120 млн. теңге құрайды. Тауарлық өнім өндірісінің жалпы көлемінде ет өңдеудің үлесі 16% құрайды.

Аудан бойынша ет және ет өнімдеріне деген жалпы сұраныс 6000 мың тоннаны құрайды, тірі салмақта 7112 тонна ет өндірілді, 2009 жылғы нақты сұраныс 300 тоннаны құрайды

Ауданда жұмысшылар саны 48 адамды құрайтын 1 ұн кәсіпорны және бір цех жұмыс істейді. Сатылған өнім сомасы 138 млн. теңгені, бұл өткен жылғы деңгейден 12 млн теңгеге артық. Сүт өңдейтін кәсіпорындары қуаттылығының жүктелуі 77 пайызды құрайды.

Аудан бойынша сүт және сүт өнімдеріне деген сұраныс 28800 тонна. 2009 жылы сүт өндіру 2008 жылмен салыстырғанда 14 % артып, 46981,2 тоннаны құрады. 2009 жылы нақты 923 тонна өңделді, бұл 2008 жылғыдан 6% артық. Қайта өңдеу үлесі 2% құрады.

Ауданда 1 наубайхана және бір цех қызмет етеді, оларда 48 адам жұмыс істейді. өнім өндірісінің жалпы сомасы 186 млн. теңгені құрайды, бұл 2008 жылдың деңгейіне 91,8 пайызды құрайды.

Аудан бойынша ұнға сұраныс 600 тоннаны құрайды, 2009 жылы ұн кәсіпорындары мен цехтар нақты 465 тонна ұн өндірді.

Ауданда өндірілетін астықтың 12% ғана өндірістік қайта өңдеуден өтеді. Ұн кәсіпорындарының өндірістік қуаты 50% жүктелген.

Нан-тоқаш өнімдерін пісірумен 15 кәсіпорын айналысады, оларда 78 адам жұмыс істейді. 2009 жылы 682 тонна нан-тоқаш өнімдері өндірілді, ол 2008 жылғыдан 0,9 % артық. Аудан бойынша нан-тоқаш өнімдеріне сұраныс жылына 950 тоннаны құрайды.

Салада шығарылатын өнімнің сапасы жақсартылып келеді, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуі жүзеге асырылуда.

Кәсіпорындар қолданыстағы өндірістерді қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Сонымен бірге шешілмеген бірқатар проблемалар қайта өңдеу өнеркәсібінің даму қарқынын тежеуде. Бұл технологиялық құрал-жабдықтардың халықаралық стандарттарға сәйкессіздігіне байланысты қайта өңдеу өнеркәсібі деңгейінің төмендігі, қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттарының толық жүктеліммен жұмыс істемеуі, халықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу талап деңгейінде емес, тамақ өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жеткіліксіздігі; кейбір тамақ өнімдері бойынша импорт үлесінің жоғарылығы, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарында ХАССП принциптерін енгізу бойынша жеткілікті жұмыс жүргізілмейді, азық-түлік өнімдері сапасының халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес еместігі, ауыл шаруашылығы дақылдарының негізгі түрлерін өндірудің маусымдық сипат алуы.

Ауыл шаруашылығы техникалық паркінің жағдайы

АӨК-нің техникалық жарақтандырылу сапасын арттыру үшін 2007-2009 жылдары 584,3 млн. теңгеге, оның ішінде лизинг бойынша 387,0 млн. теңгеге 133 техника сатып алынды. Сервистік қызмет көрсету ауқымын кеңейту және көлемін арттыру үшін ауданда бір машина-технологиялық станция, 1 техникалық қызмет көрсету пункті бар.

Ауданда машина-трактор паркін жаңалау бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. 2009 жылы 333,8 млн. теңге сомаға ауыл шаруашылығы техникасының 72-ден астам негізгі түрлері сатып алынды. 2010 жылы жалпы сомасы 512,6 млн. теңгеге 182 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

2009 жылы жақын және алыс шетелдерден өнімділігі жоғары, қуатты техника сатып алу ауыл шаруашылығы өндірісінің қуатпен қамтамасыз етілуін 2008 жылмен салыстырғанда 2,3% арттыруға мүмкіндік берді.

Алайда, ауданда қазір қолда бар АӨК ауыл шаруашылығы машиналарының паркі 85,0%-ға дейін ескірген. Негізгі ауыл шаруашылығы техникасының орташа жұмыс істеу мерзімі 8–10 жыл болса, 10 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылған тракторлар 94,0 %-ды, астық жинау комбайндары шамамен 75,0 %-ды құрайды. Жыл сайын тракторлардың шамамен 0,7 %, астық жинау комбайндарының 3,0% жаңаланады.


^ Ауыл шаруашылығы жерлерін мелиорациялау

Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйесінен ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау 2009 жылы төмендетілген тариф бойынша 9030 тұрғындарды қамтитын көлемде ауыз су беруге мүмкіндік берді.

2.2 АӨК-дегі негізгі проблемалар:

өндірістің ұсақ тауарлығы;

ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының табиғи және моральдық тозуы;

суармалы егіншіліктің тиімділігінің төмендігі;

асыл тұқымды мал үлесінің төмендігі;

мал азығының жеткіліксіздігі;

ауыл шаруашылығы өндірісінде қазіргі заманғы инфрақұрылымның дамымағаны;

ауылдық тұтыну кооперативтері жүйесінің және сервистік дайындау орталықтарының жеткілікті дамымағаны;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым қаражатының жеткіліксіздігі;

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кредиттік ресурстарға қол жетімділігінің төмендігі;


^ АӨК-де білікті кадрлардың жеткіліксіздігі.

2.3. Негізгі және сыртқы факторларды бағалау

Бөлімнің, сондай-ақ жалпы АӨК-нің қызмет процесінде, стратегиялық жоспарда белгіленген міндеттерді орындауға кері ықпал ететін мынадай қатерлер пайда болуы мүмкін:

құрғақшылыққа және дүлей апаттарға байланысты ауданның азық-түлік қауіпсіздігіне қатер;

экономикалық дағдарыс салдарынан инвестиция тартудың қиындығы;

жануарлардың аса қауіпті ауруларының жаппай пайда болуы.


^ 3-бөлім. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


3.1. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары,

іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


1 стратегиялық бағыт. Ауданның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері мен халқының тамақ өнімдеріне сұранысын қамтамасыз ететін агроөнеркәсіп кешені салаларының орнықты дамуы және жоғары бәсекеге қабілеттілігі, ауданның АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру.

1.1 мақсат. Өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық тамақ өнімдерінің ішкі азық-түлік тауарлары нарығындағы үлес салмағын арттыру, ауданның АӨК экспорттық әлеуетін іске асыру.

Аталған мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары:

001, 006, 013, 010, 026, 028, 027, 020, 014, 009, 011, 002, 029, 019.



Нысаналы индикаторлар


Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл

(есеп)

2010 жыл (ағым-дағы жыл-ғы жос пар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерін өндірудің 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсу деңгейі



ҚРСА



%

120,4




100

101

101,7

102,5

103,3

2. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің 2009 жылғы деңгеймен салыстырғанда өсу деңгейі


есеп

есе

1,59




1

1,3

1,65

1,78

2,0

3. Ауыл шаруашылығының НКИ

ҚРСА

%

225,4

75,4

100

101

101,7

102,5

103

4. Тамақ өнімдерінің НКИ

ҚРСА

%

98,7

100,5

100,6

102

102

102,1

102,7

5. Аграрлық саланың экспорттық әлеуетінің жалпы экспорт көлеміндегі үлесін арттыру

есеп

%






















6. АӨК экспорты


ҚРСА

млн. АҚШ доллары






















7. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үлесін арттыру:




























- ет

есеп

%

16

16

16,5

17,0

17,2

17,3

17,5

- сүт

есеп

%

1,8

2

2,2

2,5

2,7

2,8

3,0

8. Азық-түліктің ішкі рынокқа тәуелсіздігін 100% қамтамасыз ету

есеп

%

100

100

100

100

100

100

100
  1   2   3   4



Похожие:

Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon2011-2015 жылдарға арналған «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық жоспары мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар мен міндеттер, мақсатты индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлімнің стратегиялық бағыттары, мақсаты және міндеттері, мақсатты индекаторлары, іс
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Бөлім. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Көкпекті ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар және міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconЗайсан аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары. Мазмұны
...
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары мен нәтижелерінің көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыт, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар, шаралар және нәтиже көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Көкпекті аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелердің көрсеткіштері
Бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2011– 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon«Ұлан ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Молодежный кенті, 2011 Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы