Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу»



НазваниеМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу»
Дата конвертации03.11.2012
Размер89.86 Kb.
ТипДокументы
источник


Бородулиха ауданы әкімдігінің

2008 жылғы «__»________

№ ___ қаулысына

7 қосымша


Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

     «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу»



  1. Жалпы ережелер


1. Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу – «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне тапсыру үшін протездік-ортопедиялық көмекті қажет ететіндерден өтініштер қабылдау (бұдан әрі мелекеттік қызымет).

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны –автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 20 шілдедегі № 754 «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету ережесінің 2 бөлімінің негізінде көрсетіледі.

4. Осы мемлекеттік қызметті «ШҚО Бородулиха ауданының Жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, (бұдан әрі – Бөлім), Молодежная көшесі, 25 ұсынады.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызыметтің нәтижесі Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет мүгедектерге көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу
мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған, электронды сұрау берген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері – 20-30 минут;

2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге, электронды сұрау толтыруға ең ұзақ уақыт – 20 минут;

3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері – 10-15минут.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты туралы ақпарат Бөлімнің Молодежная көшесі, 25 мекенжайы бойынша № 3 кабинетте орналастырылған, «Пульс района» газетінде жарияланған.

10. Жұмыс кестесі: дүйсенбі, жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін. Осы мемлекеттік қызметті алу үшін алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.

11. Осы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін келесі жағдайлар жасалған: мекемеге кіре беріс пандуспен жабдықталған, дәлізде ақпараттық таған орналастырылған, тосып отырғандарға арналған отыру орындары бар.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


 12. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыға келесі құжаттарды тапсыру қажет:

1) МОБ (мүгедектерді оңалтуға арналған бағдарлама), мына мекемеде берілетін, МӘС ( медициналық-әлеуметтік сараптама) орталығы ( мекен-жайы Семей қаласы Қозбағарова к-сі 40 № 215 кабинет)

2) Мүгедектік туралы анықтама, «Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесінің медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімімен беріледі,

3) Жеке куәлігі, мына мекемеде «Өскемен қаласының № 3 халыққа қызымет көрсету орталығы» ММ Бородулиха филиалы.

4) балаларға- туу туралы куәлігі, мына мекемеде берілетін «ҚР Әділет

министірлігі ШҚО Бородулиха ауданының Әділет басқармасы Әділет депортаменті» ММ.

5) Азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі ( тексеруге түпнұсқасы)

6) Өтініш - «ШҚО Бородулиха ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде» ММ толтырылатын.

Ұйымдардың байланыс деректемелері (жұмыс кестесі және қабылдау уақыты, мекен-жайы, телефоны):

«Өскемен қаласының № 3 халыққа қызымет көрсету орталығы» ММ Бородулиха филиалы.

Қабылдау күндері: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз, сенбі сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін

Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная к-сі 25.

Телефон: 2 -20-48.

«ҚР Әділет министірлігі ШҚО Бородулиха ауданының Әділет басқармасы Әділет департаменті» ММ.

Қабылдау күндері: Дүйсенбі – бейсенбі, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс: 13.00-ден 14.00-ге дейін

Мекенжайы: ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная к-сі 25.

Телефон: 2 - 23 - 89.

Медициналық-әлеуметтік сараптама орталығы Семей қаласы, Қозбағарова көшесі 40, 215 кабинетте орналасқан

13. Мемлекеттік қызметті алу үшін берілетін өтініштер үлгілері бланктер, ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы, Молодежная көшесі 25, № 3 кабинетте беріледі.

14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар және өтініштер Бөлімнің мамандарына Молодежная көшесі 25, № 3 кабинетке тапсырылады.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық құжаттарды тапсырғанын растайтын талон алады.

16. Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі тұтынушы жеке келген уақытта беріледі. Соңғы нәтиже – протездік-ортопедиялық көмекке жолдама ресімдеу үшін «Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесіне құжаттарды тапсырғанын растайтын құжат - жеке келген уақытта немесе пошта байланысы арқылы жеткізіледі.

17. Мемлекеттік қызыметті тоқтата тұруға құжаттардың толық пакетін тапсырмау негіз болып табылады.


3. Жұмыс қағидаттары


18. Тұтынушыға қатысты Бөлім келесі қағидаттарды басшылыққа алады:

1) сыпайылық;

2) кәсіпқойлық;

3) қызымет көрсетудің мәдениеті және шапшаңдығы;

4) ұстамдылық;

5) тиімділік;

6) тұтынушы құжаттардың мазмұны туралы мәліметті құпия сақтау;

7) ақпаратты мазмұнды және жете түсіндіру;

8) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.



  1. Жұмыс нәтижелері


19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттағы қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

20. Бөлімнің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.


  1. Шағымдану тәртібі


21. Бөлімнің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі және шағым дайындауға көмек көрсететін мемелекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74.

22. Шағым берілетін мемлекеттік мекеме «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74 беріледі.

23. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат шағымды қабылдағаны туралы, тіркеу журналында тіркелген талон болып табылады, онда берілген шағымға жауап алу мерзімі және орыны көрсетіледі. Тұтынушы шағымның қаралу барысы туралы мәліметті келесі телефондар арқылы білуге болады

2-22-74, 2-16-65.

6. Байланыс ақпараты


24. Бородулиха ауданының жұмыстылық және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы: Молодежная көшесі, 25, 1 кабинет. қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін, ШҚО, Бородулиха ауданы, Бородулиха селосы Молодежная көшесі, 25, электронды пошта: bor-с@ mai1.kz телефон 8 (72351) 2-22-74

сайт


«Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, Киевская көшесі 1.

Электронды пошта: @mail.kz телефон 8 (7272) 47-86-39

сайт

25. Тұтынушы үшін басқа да пайдалы ақпарат ресми сайтта орналастырылған.


^ Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Қыдырбаев



«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық

көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу»

мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартына

қосымша




^ Сапа және қол жетімділік көрсеткішінің мәні



Сапа және қол
жетімділік
көрсеткіштері

Көрсеткіштің
нормативтік
мәні

Көрсеткіштің
келесі жылдағы нысаналы
мәні

Көрсеткіштің
есепті жылда-ғы ағымдағы
мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1.құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

95%

94%

1.2.қызмет алуды кезекте 40 минуттан
аспайтын уақыт күткен тұтынушы-ларының % (үлесі)

90%

90%

88%

2. Сапасы

2.1.қызметті ұсыну үдерісінің сапасына

қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

90%

85%

2.2.құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс
ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

95%

95%

93%



3. Қол жетімділік

3.1.қызметті ұсыну тәртібі туралы са-паға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %(үлесі)

80%

80%

75%

3.2.тұтынушы құжаттарды дұрыс тол-тырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың %(үлесі)

80%

80%

75%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50%

25%

20%

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қыз-мет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымда-рдың % (үлесі)

0,1%

0,1%

0,1%

4.2.белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген ша-ғымдардың % (үлесі)

95%

95%

95%

4.3.шағымданудың  қолданыстағы тәр-тібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

95%

95%

95%

4.4.шағымдану мерзіміне қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90%

90%

90%

5. Сыпайылық

5.1.қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

90%

80%



Аудан әкімі аппаратының басшысы М.Қыдырбаев




Похожие:

Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon"Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандарты
Протездік-ортопедиялық көмек мүгедектерді протездік ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануды үйрету, протездеу...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «Мүгедектерге протездік-ортопедикалық көмек ұсыну үшін құжаттар рәсімдеу»
Фб – құрылымдық функционалдық бірлік – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын жауапты тұлғалар
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Осы «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент)...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек көрсету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті өтініш үлгісі
Мені протезін дайындау, балдақтар, таяқтар, жетек арбалар алу үшін есепке қоюыңызды сұраймын
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon«Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» iconЕкібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы «30» қаңтардағы
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы: «Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу»
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» iconМемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материялдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу»
Йде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларды материялдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу – мүгедек балалары бар отбасыларға...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» icon«Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша (көрсетілетін қызметті
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан...
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты «Мүгедектерге протездік-ортопедиалық көмек көрсету үшін құжаттар ресімдеу» iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының атауы
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы