|
"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 29 тамыздағы N 788 Қаулысы ![]() Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмдi ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi К. Мәсiмов Жоба Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiмдi ратификациялау туралы Астанада 2004 жылғы 9 қаңтарда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" кешенiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi ынтымақтастықты дамыту туралы келiсiм ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президентi ^ АРАСЫНДАҒЫ "БАЙҚОҢЫР" КЕШЕНIН ТИIМДI ПАЙДАЛАНУ ЖӨНIНДЕГI ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Мәңгiлiк достық пен одақтастық туралы XXI ғасырға бағдарланған 1998 жылғы 6 шiлдедегi декларацияны басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағын тиiмдi пайдаланудың негiзгi қағидалары мен шарттары туралы 1994 жылғы 28 наурыздағы келiсiмнiң ережелерiн дамыта отырып төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Осы Келiсiмнiң мақсаты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын iске асыру мүддесiнде "Байқоңыр" ғарыш айлағын одан әрi тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету жөнiндегi бiрлескен қызмет шеңберiнде Тараптардың өзара тиiмдi ынтымақтастығын дамыту болып табылады. 2-бап Тараптар "Байқоңыр" ғарыш айлағының инфрақұрылымын жаңғыртудың және оның тарихи маңызы бар объектiлерiн сақтаудың маңыздылығын мойындайды. Ресей тарапы Қазақстан тарапының "Байқоңыр" ғарыш айлағында жаңа экологиялық қауiпсiз зымыран-ғарыш кешендерiн, басқа да бiрлескен ғарыштық жобалар мен бағдарламаларды Ресей Федерациясының мемлекеттiк құпияны қорғау жөнiндегi заңнамасының талаптарын ескере отырып жасау және пайдалану жөнiндегi жобаларды iске асыруға қатысуына барынша қолдау көрсететiн болады. Қазақстандық және ресейлiк мамандар мен ұйымдар "Байқоңыр" ғарыш айлағында бiрлескен жобаларды iске асыруға бiрдей шарттарда қатысатын болады. 3-бап Тараптар Қазақстан Республикасының аумағында зымыран-ғарыш қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiгi деңгейiн арттырудың қажеттiлiгiн: зымыран отынының аса уытты құрамдас бөлiктерiн (амил, гептил) пайдаланатын зымыран тасығыштарды пайдалануын кейiннен кезең-кезеңмен қысқарту үшiн "Байқоңыр" ғарыш айлағында пайдаланылатын зымыран-ғарыш кешендерiн жаңғырту және экологиялық неғұрлым қауiпсiз жаңаларын құру; зымыран-ғарыш қызметiн жүзеге асыруда байланысты экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау проблемаларын шешу жөнiндегi бiрлескен жұмыстарды жүргiзу арқылы мойындайды. 4-бап Тараптар "Байқоңыр" ғарыш айлағында ресейлiк "Ангара" зымыран-ғарыш кешенi базасында ұшу сынақтарын Ресей тарапы "Плесецк" ғарыш айлағында жүргiзетiн жоғары экологиялық қауiпсiздiк деңгейдегi "Бәйтерек" зымыран-ғарыш кешенiн әзiрлейдi және құрады. 5-бап Тараптар Үкiметтерi 2004 жылы қаржыландыру мәселелерiн қоса алғанда, осы Келiсiмнiң 3 және 4-баптары ережелерiнiң орындалуы бойынша тиiстi келiсiмдер жасайды немесе "Байқоңыр" кешенi бойынша тиiстi халықаралық шарттарға өзгерiстер енгiзедi. 6-бап "Байқоңыр" кешенiн Ресей Федерациясының жалға алу мерзiмi 2050 жылға дейiн ұзартылады. Тараптар Үкiметтерi Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шартына тиiстi өзгерiстер енгiзедi. 7-бап Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi негiзiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгерiстер мен толықтырулар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi. 8-бап Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты келiспеушiлiктер Тараптар арасындағы консультациялар мен келiссөздер арқылы реттелуге жатады. 9-бап Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарланған күнiнен бастап күшiне енедi. Тараптардың бiрiнiң бастамасы бойынша мүдделi Тараптың екiншi Тарапқа жазбаша хабарлаған сәтiнен бастап 12 айдан кейiн Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылуы мүмкiн. 2004 жылғы 9 қаңтарда Астана қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде, екi данада жасалды, әрi екi мәтiннiң де күшi бiрдей. Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясы үшiн үшiн |