Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары icon

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары
Дата конвертации05.01.2013
Размер329.12 Kb.
ТипДокументы
источник









Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің




2009 жылғы « 20» « желтоқсан »




398 қаулысымен бекітілген








Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


1-бөлім

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының

мақсаты мен міндеті


Мақсаты - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ісқағаз жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге өтуіне жағдай жасау, мемлекеттік тіл мен басқа да этникалық топтардың тілдерін дамыту, ономастикалық жұмысты жетілдіру.

Міндеті - мемлекеттік тіл мен басқа да этникалық топтардың тілдерін сапалы дамытуды қамтамасыз ететін толерантты тілдік орта құру және ұлттық ономастикалық кеңістік қалыптастыру.


^ 2-бөлім

Ағымдағы ахуалды талдау

Аймақта мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысында есепті мерзім ішінде мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді дамыту, қолдану аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді.

Облыстағы мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік тілді толығымен қолдану деңгейіне қол жеткіздік.

Мекемелерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру, сонымен қатар азаматтарды мемлекеттік тілге тегін үйрету үшін қажетті материалды-техникалық базаны нығайту бойынша жұмыстар жалғастыруда.

Мемлекеттік органдар мен мекемелерде, шаруашылық субъектілерде «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуына тұрақты тексерулер жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылды.

Тіл саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік тіл саясаттын одан әрі жетілдіру жөніндегі облыстық жұмыс тобы құрылып, жұмыстар жүргізілуде.

Елді мекендердегі жарнамалар мен көрнекі ақпараттарды тілдер туралы заңнамалардың талаптарына сәйкестендіру бойынша жұмыстар атқарылды.

Ономастика саласы бойынша нормативтік-құқықтық реттеу, нысандарға ат қою және олардың атауларын өзгертуді рухани құндылықтар мен дәстүрге сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда

Жергілікті басылымдар мен электронды БАҚ-тағы ақпараттық ортада мемлекеттік тіл басым орын алуда. Мемлекеттік тілмен қатар орыс тіліндегі БАҚ-тың қолданылуына қажетті жағдайлар жасалған.

Қаржыны қажет етпейтін ұйымдастырушылық-бақылау түріндегі іс-шаралар жүзеге асырылды: тіл туралы заңнамалардың орындалуына тексерулер мен көрнекі ақпараттардың заң талаптарына сәйкестігіне рейдтер жүргізіліп, тіл мәселелері бойынша консультативтік-кеңесу органдарының мәжілістері мен мемлекеттік тілде іс жүргізуді жетілдіру бойынша семинарлар өткізіліп және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыс аумағында тарихи атауларды қалпына келтіру мен топономиялық және басқа да атауларды қолданыстағы заңнамалар негізінде фонетикалық, графикалық және лексикалық қағидаларға сәйкес реттеу жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Қазіргі таңда 7 аудан, 5 поселке, 350-ден аса ауылдық округтер мен ауылдар сондай-ақ, 400-ге жуық білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау және басқа да объектілерге жаңа атаулар берілді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық картасы жаңа атаумен мемлекеттік тілде шығарылды.

«Ономастикалық анықтағыш» анықтамалығы, (1000 дана), «Көпсалалы электронды сөздік» (800 дана), «Ісқағазының мемлекеттік тілдегі стандарттық үлгілері», «Ісқағаз жүргізуде жиі қолданылатын сөз тіркестері» және өзге ұлт өкілдеріне арналған әдістемелік құралдар шығарылып, облыстық, аудандық, қалалық ономастика комиссияларына, аудандық және қалалық әкімдіктерге, облыстық департаменттер мен басқармаларға, этно-мәдени орталықтарға және басқа да ұйымдарға таратылды.

Есептік жылда 15 облыстық мемлекеттік мекемеде, 4 қала мен ауданда, 7 білім беру мекемесінде, сонымен қатар 21 шаруашылық субъектісі мен акционерлік қоғамда «Тіл туралы» Заң талаптарының орындалуына тексерулер жүргізілді. Тексерулер нәтижесінде кейбір ұйымдарда заң талаптарының тиісті деңгейде орындалмайтындығы анықталды. Тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде басқарма тарапынан міндеттеулер жолданып, кемшіліктер жойылды.

Ағымдағы жылы Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында бекітілген кестеге сәйкес, тіл туралы заңның орындалуына тексерулер жүргізіледі.

Басты назарды талап ететін іс-әрекеттердің бағыттары: өндірісте, тұрғындарға қызмет көрсету саласында, банктік-несие ұйымдарында, облыс аумағында жұмыс жасайтын бірлескен және шетелдік кәсіпорындар қызметінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілін үйрету жөніндегі жұмыстарды жандандыру.

Есептік кезең аралығында облыс көлемінде мәдени-бұқаралық және зерттеушілік сиапаттағы 19 ірі іс-шаралар ұйымдастырылды және алдағы уақытта «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» атты Қазақстан халқының облыстық фестивалін өткізу және ұйымдар мен кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 18 облыстық байқау ұйымдастырып өткізу жоспарлануда. Тілдерді дамытудың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік ұйымдардың аудармашылары мен ісжүргізушілерінің қатысуымен 1 өңірлік семинар-кеңес, 1 семинар-тренинг, 1 облыстық семинар-кеңес, 2 кеңейтілген мәжіліс, 2 «дөңгелек» үстел мәжілісін өткізу, «Ана тілі және отбасы» арнайы жобасын жүзеге асыру, этно-мәдени орталықтарды мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру жұмыстарына тарту, облыстың әкімшілік-аумақтық картасын мемлекеттік тілде шығару, «Баспасөз күніне» орай бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекетттік тілді кеңінен насихаттап жүрген тілшілерді марапаттау, 2 тарихи-топономикалық, 2 әлеуметтік зерттеулер жүргізу, көмекші оқу құралдарын, 5 кіші-сөздіктер, 4 анықтамалық, 8 қызметтік құжаттарды дұрыс рәсімдеу үлгілері бар 8 әдістемелік құралын, өзекті тіл мәселелеріне және тіл саясатына арналған 17 кітапша, 6 ақпараттық-әдістемелік, нормативтік-құқықтық әдебиеттер шығару, оқытудың 4 мультимедиялық бағдарламаларды (CD) даярлау және шығару жоспарланып отыр.

Тұтасымен алғанда, 2005-2006 және 2007-2008 жылдарға арналған тілдердің орындалуы мен даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде бүкіл облыс аумағанда, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында мемлекеттік тіл мен Қазақстан халқының басқа да тілдерінің қолданылуы аясын кеңейту және дамытуда нәтижелі жұмыстар жүргізілді, мемлекеттік тілдің мәртебесі айтарлықтай биіктеді.

Қазақстан халқын біріктірудің факторы ретінде толерантты тіл кеңістігін орнату аясында келесі негізгі мақсаттар мен міндеттерді атауға болады:

- мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын іске асыру;

- мемлекеттік тілдің біріктірушілік және әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту;

- тілдердің үштұғырлығы қағидасын іске асыру;

- өңірде тұратын этникалық диаспоралардың тілдерін дамыту.


^ 3-бөлім

Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері, мақсаттық индикаторлары


Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметі төмендегі стратегиялық бағыт бойынша жүзеге асырылады.

^ 1-Стратегиялы бағыт:

Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде толерантты тіл ортасын құру.

Мақсаты:

        • Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппарат қызметін қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру.

Міндеті:

  • Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін аппарат қызметін қамтамасыз ету;

  • Мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық жабдықталуы;

  • Мемлекеттік тілдің біріктірушілік және әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту;

  • Тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру;

  • Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту;

  • Ісқағаз жүргізуді 100% мемлекеттік тілге өткізу;

  • Ғылыми-деректік зерттеулер негізінде ономастикалық жұмысты одан әрі жетілдіру.



^ Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқарамасының даму көрсеткіштері

1 Қосымша

Атауы

Өлш.

бірл.

Көрсеткіш/индика-тордың қоры-тынды мәні

Есепті кезең

^ Жоспарлы кезең

2008 жыл

(есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

стратегиялық бағыт 1.Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде толерантты тілдік ортаны құру

1.1 Мақсат. Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппарат қызметін қамтамасыз ету

^ Мақсаттық индикаторлар

Мемлекеттік органның жұмысына функционалды талдау жүргізу

%

100

95

95

95

95

100

100

100

Басқарма қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

%

35

30

30

30

30

30

30

30

Қызметкерлер үшін тренингтер, кеңестер өткізу

%

95

90

90

90

90

90

90

90

Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын бағалау және ынталандыру

%

100

90

90

90

90

90

90

90

^ 1.2 Мақсат. Мемлекетік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру







^ Мақсаттық индикаторлар




Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

%

100

85,0

85,5

90,0

92,0

95,0

96,0

97,0

Мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

%

100

91,0

92,0

93,0

95,0

99,0

99,0

99,0

Орыс тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

%

100

98,4

98,5

98,6

98,8

99,0

99,0

99,0

Ағылшын тілін меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі

%

20

3,4

4,5

6,0

7,5

8,0

8,5

9,0

Мемлекеттік тілді меңгерген ұлты қазақ емес ересек тұрғындардың үлесі

%

100

20,0

20,8

21,0

22,2

23,8

27,0

35,0

^ 1.2.1Міндет. Мемлекеттік тілдің біріктірушілік және әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту

Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілдің қажеттілік дәрежесі

%

-

Жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша

Мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы іс жүргізудің мемлекеттік тілдегі меншікті үлесі

%

100

88,6

90,2

94,0

96,0

98,0

99,0

99,0

^ 1.2.2 міндет. Тілдердің үштұғырлығы қағидасын іске асыру

Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген мемлекеттік қызметкерлердің үлесі

%

30

3,4

4,5

6,0

7,5

8,0

8,5

9,0

^ 1.2.3 міндет. Қазақстан халқының тілдерін сақтау және дамыту

Облыстың этнобағытталған бірлестіктері жанындағы ана тілді үйрету курстары бойынша қамтылған әртүрлі этнос өкілдерінің үлесі

%

20

0,66

1,5

2,5

3,7

5,3

6,3

8,7

^ 1.2.4. міндет. Ономастикалық жұмысты ғылыми-деректік зерттеулер негізінде одан әрі жетілдіру

Аудандар аумағын ғылыми-зерттеу экспедицияларымен қамту

бірлік

15

5

2

2

2

2

2

2

Көрнекі ақпарат құралдарындағы тілдік нормалардың бұзылуының азаюы

%

100

30

35

40

45

50

55

60

Облыс тұрғындарының ономастика жұмысына қанағаттану деңгейі

%

100

85

86

90

93

94

95

96

Тіл заңдарының орындалуына тексеру жүргізілген нысандар саны

Бір-лік

70

67

60

62

64

66

67

70



Қосымша 2

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекет мақсаттарымен сәйкес келуі:



Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары

^ Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық құжаттың атауы

Стратегиялық бағыт 1. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру

^ 1.1 Мақсат. Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының тілдерін дамыту және тілдердің үштұғырлығы қағидасын жүзеге асыру

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін дамыту және нығайту, этникалық топтардың тілдерін дамыту, іскерлік қатынасқа ағылшын тілін ендіру.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдердің қолданылуы мен дамуының 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы


^ 26-бағыт: Қазақстан халқының рухани дамуы және үштұғырлы тіл саясаты

«Тілдердің үштұғырлығы» мәдени әлемін кезең-кезеңімен жүзеге асыруды бастауды ұсынамын». Қазақстан бүкіл әлемге тұрғындары үш тілді меңгерген, жоғары білімді ел ретінде қабылдануы керек. Бұл: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - ғаламдық экономикаға табысты енудің тілі.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы




3. Стратегиялық басымдық. Қазақстан халқының игілігін арттыру.

Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды жеделдету керек. Бүкіл қоғамды біріктіретін мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударғым келеді. Халықаралық тәжірибе негізінде қазақ тіліне оқытудың ең заманауи бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу және ендіру керек. Мемлекетік тілді тиімді үйренуге ықпал ететін үздік, инновациялық әдістемелік, практикалық оқулықтар, аудио-бейнематериалдар әзірлеу қажет».

Республика Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының игілігін арттыру мемлекетік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы



^ 4-бөлім

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының құрылымы, функционалдық мүмкіндіктері


Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының құрылымы келесі элементтерден тұрады:

        • басқарма бастығы;

        • басқарма бастығының орынбасары;

        • ұйымдастырушылық жұмыс, талдау және болжау бөлімі;

        • мемлекеттік тілді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімі;

        • ұлттық тілдерді дамыту және шет тілдері жөніндегі бөлім.

Басқарманың осындай құрылымы басқарманың өз функционалдық міндеттерін тиімді орындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Тіл саясатын тиімді жүзеге асырудың қажетті шарты осы салаға жауапты мемлекеттік құрылымдардың ішкі қызметін ұйымдастыруды жақсарту болып табылады.

Осыған байланысты келесі іс-шаралар жоспарланды:

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік қызметкерлерін өңірлік және республикалық біліктілігін жоғарылату курстарында оқыту;

  • бюджет заңнамаларының орындалуын бақылау сапасын арттыру және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру;

  • Бюджеттік бағдарламалар қаржысының тиімді жаратылуына бақылауды күшейту;

  • Қызметкерлердің мансаптық өсу тетігін құру;

  • Стратегиялық жоспарда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге кедергі болатын тәуекелдің факторлары мыналар болуы мүмкін:

  • Мемлекеттік қаржыландыру көлемінің төмендеуі;

  • Өңірдегі тіл саясатының жүзеге асуына жауапты құрылымдарды жою немесе қайта ұйымдастыру (соның ішінде штаттардың қысқаруы)



5-бөлім

Нормативті құқықты актілер


Стратегиялық жоспар төмендегі нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасалған:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыздағы;


2. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;


3. «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Заңы;


4. «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығы;


5. «Ұлты қазақ азаматтардың тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 2923 Жарлығы


6. «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы №1297 Қаулысы;


7. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 Қаулысы;


8. «2009-2010 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысында тілдерді қолдану мен дамытуды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008 жылғы 21 қарашадағы №410 қаулысы.


6-бөлім

«Бюджеттік бағдарламалар»


Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалар мен бағдарламашалар:

1. «Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы.

Бағдарламаның сипаттамасы: 15 адамнан құрылған Басқарма аппараты.

Бұл бағдарламаның стратегиялық бағыты мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды қолдауды ұйымдастыру болып табылады, ал мақсаты - мемлекеттік тіл саясатының жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: 2014 жылға мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде тіл заңнамаларын қолдануды жетілдіру, жақсарту.

Есепті мерзімге бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға 17109 мың теңге қаралған.

Жоспарлы мерзімге (2010-2012 жылдарға) 72 150 мың теңге қажет.

2. «Мемлекеттік тілді дамыту және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасы.

Бағдарламаның сипаттамасы: тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

Бұл бағдарламаның стратегиялық бағыты мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды әдістемелік, мәдени-ақпараттық қолдау болып табылады, ал мақсаты - мемлекеттік тіл саясатын насихаттауды қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже: өңірлік мемлекеттік тіл саясатына қатысты қоғамдық оң пікір тудыру.

Есепті мерзімге бюджеттік бағдарламаны қаржыландыруға 12 571 мың теңге қаралған.

Жоспарлы мерзімге (2010-2012 жылдарға) 56 248 мың теңге қажет.


3 Қосымша

Бюджеттік бағдарлама формасы


Бюджеттік бағдарлама әкімшісі (264)

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы

Бюджеттік бағдарлама (264001)

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметін қамтамасыз ету

Сипаттама

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппаратының құрамы 15 адам

Стратегиялық бағыт

Қазақстан халқын біріктіретін фактор ретінде толерантты тіл ортасын құру.


Мақсат

Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппарат қызметін қамтамасыз ету.


Міндет


15 штаттық бірлікпен мемлекеттік мекемеге жүктелген қызметті орындау мақсатында Облыстық тілдерді дамыту басқармасының аппаратын ұстау


Көрсеткіштер




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл


Көлемдік көрсеткіш

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру үшін адами, кадрлық ресурстарды қатыстыру


адам

15

15

15

15

15


Сапалық көрсеткіш






















Тиімділік көрсеткіші






















Нәтижелік көрсеткіш






















Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шығын





Мың. тенге

19 066

17 109

19 248

25 668

27 234




4 Қосымша

Бюджеттік бағдарлама формасы


Бюджеттік бағдарлама әкімшісі (264)

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасы

Бюджеттік бағдарлама (264001)

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту


Сипаттама

Тілді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.


Стратегиялық бағыт

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту


Мақсат

Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту және үш тіл тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру


Міндет


Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктірушілік қызметін кеңейту


Көрсеткіштер




Көрсеткіштер атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010

жыл

2011 жыл

2012 жыл


Көлемдік көрсеткіш

^ Мәдени-ақпараттық, әдістемелік зерттеу сияқты іс-шараларды өткізу және ұйымдастыру.


Іс-шара

7

8

8

9

9

Сапалық көрсеткіш

^ Стратегиялық мақсаттарды жәнеоблыстағы тіл саясатының негізгі бағыттарын сапалы құру




















Тиімділік көрсеткіші

Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын халықтардың тілдерін дамыту, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту.




















Нәтижелік көрсеткіш

Соңғы нәтиже стратегиялық жоспар индикаторларына сәйкес болуы қажет.




















Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шығын




мың тенге

16 480

12 571

13 542

14 558

15 577


5 Қосымша


Бюджет шығындарының жиынтығы

мың теңге





Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

1.Қолданыстағы бағдарламалар, оның ішінде:
















^ Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

35 546

29 680










^ Бюджеттік бағдарламалардың дамуы
















2. Жоспарға ұсынылған бағдарламалар, оның ішінде:
















^ Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар







32 790

40 256

42 811

^ Бюджеттік бағдарламалардың дамуы
















БАРЛЫҒЫ шығындар, оның ішінде:

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

35 546

29 680

32 790

40 256

42 811

^ Бюджеттік бағдарламалардың дамуы
















3. Төлемдік қызмет:
















Кіріс
















Шығыс



















6 Қосымша


Шығындарды стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлу


мың теңге


^ Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар (атауы), төлемдік қызметтер

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

^ Стратегиялық бағыт: Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

Мақсат:

Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппарат қызметін қамтамасыз ету.

Міндет:

15 штаттық бірлікпен мемлекеттік мекемеге жүктелген қызметті орындау мақсатында Облыстық тілдерді дамыту басқармасының аппаратын ұстау

^ Бюджеттік бағдарлама:

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметін қамтамасыз ету

19 066

17109

19 248

25 668

27 234


^ Стратегиялық бағыт:

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

Мақсат:

Материалды-техникалық базаны нығайту

^ Міндет:

Мемлекеттік мекемені материалды-техникалық жабдықтау

Бюджеттік бағдарлама:

Мемлекеттік мекемені материалды-техникалық жабдықтау


4 494













^ Стратегиялық бағыт: Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

Мақсаты:

Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының басқада тілдерін дамыту және үш тіл тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру

Міндеті:

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктірушілік қызметін кеңейту, үш тіл тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру, Қазақстан халқы тілдерін дамыту және сақтау, мемлекеттік тілде іс жүргізуді 100% жеткізу, ғылыми-фактологиялық зерттеу негізінде ономастикалық жұмысты одан әрі жетілдіру.

^ Бюджеттік бағдарлама:

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту.

16 480

12 571

13542

14 558

15 577




7 Қосымша

Шығындарды стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлу

мың теңге



^ Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер мен бюджеттік бағдарламалар (атауы), төлемдік қызметтер

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

^ Стратегиялық бағыт: Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту
















Мақсат:

Жүктелген міндеттердің барынша тиімді орындалуына қол жеткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының аппарат қызметін қамтамасыз ету.
















Міндет:

15 штаттық бірлікпен мемлекеттік мекемеге жүктелген қызметті орындау мақсатында Облыстық тілдерді дамыту басқармасының аппаратын ұстау
















^ Бюджеттік бағдарлама:

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының қызметін қамтамасыз ету

19 066

17109

19 248

25 668

27 234

^ Стратегиялық бағыт:

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту
















Мақсат:

Материалды-техникалық базаны нығайту
















Міндет:

Мемлекеттік мекемені материалды-техникалық жабдықтау
















^ Бюджеттік бағдарлама:

Мемлекеттік мекемені материалды-техникалық жабдықтау

4 494













^ Стратегиялық бағыт: Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту
















Мақсаты:

Мемлекеттік тілді, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту және үш тіл тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру
















Міндеті:

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативті және біріктірушілік қызметін кеңейту, үш тіл тұғырлығы қағидасын жүзеге асыру, Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту және сақтау, мемлекеттік тілде ісқағаз жүргізуді 100% жеткізу, ғылыми-фактологиялық зерттеу негізінде ономастикалық жұмысты одан әрі жетілдіру
















Бюджеттік бағдарлама:

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

16 480

12 571

13542

14 558

15 577

Барлығы: мемлекеттік мекеменің бюджеті

35 546

29 680

32 790

40 256

42 811








Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconАтырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Басқарма қызметінің стратегиялық бағыты, стратегиялық даму мақсаттары және нысаналы индикаторлары
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы – мемлекеттік тілдің басымдылығын қамтамасыз етіп, аймақта тұрып...
Оңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық бағыттары,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы