Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны icon

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Дата конвертации05.01.2013
Размер242.26 Kb.
ТипДокументы
источник






Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы « 20 » желтоқсандағы

№413 қаулысымен бекітілген


Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары


Мазмұны

  1. Миссиясы және көрінісі...................................................................................3

  2. Ағымдағы ахуалды талдау..............................................................................4

3.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс

бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаты

мен міндеттері..........................................................................................................6

4.Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы

басқармасының функционалдық мүмкіндіктері және болуы

мүмкін қатерлер....................................................................................................10

5.Нормативтік құқықтық актілер........................................................................12

6.Бюджеттік бағдарламар....................................................................................14


1.Миссиясы және көрінісі

Миссиясы: Азаматтардың қауіпсіз өмір сүру және қолайлы тіршілік ету ортасын құруға бағытталған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері, мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру, бақылау және талдау, құрылыс өндірісінің сапасын арттыруға, әкімшілік шаралар қолданудан алдын-алу профилактикалық жұмыстар мен құрылыс қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалармен жұмыс жүргізуге өту.


Көрінісі: Шаруашылық субъектілерімен жұмыс жобаларының, құрылыс нормалары және ережелерінің міндетті талаптарының орындалуы, мемлекеттік нормалар мен стандарттарға сай жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті тауарлы-құрылыс өндірісіне қол жеткізу. Сонымен бірге құрылыстың барлық сатысында қауіпсіздік пен жоғары сапаға және пайдалануға берілгеннен кейін де жергілікті жерге лайықты қайталанбас сәулетті көрінісі мен нақышын жасауда сапаға қол жеткізу.


^ 2.Ағымдағы ахуалды талдау


Қазіргі таңда өңіріміздегі құрылыс саласында шешімін таппай отырған негізгі мәселенің бірі жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасының төмен деңгейі болып отыр, өйткені, өз кезегінде түпкі тауарлы-құрылыс өнімінің пайдалану сипаттамасына, салынған қаражаттың экономикалық тұрғыдан тиімділігін төмендете отырып әсер етіп, нәтижесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне қиындықтар туғызуда.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы міндеттерді шұғыл шешу мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне құқық беретін рұқсаттарды және нысандарды пайдалануға қабылдау механизмдерін бір ізге түсірді, құрылыс материалдарының сапасын бұзып-жоймастан бақылау әдісімен анықтайтын жаңа заманауи өлшегіш құралдарын, компьютерлер мен көбейткіш техника, фотоаппараттар, салынып жатқан нысанның басына барып құрылыс сапасына жедел бақылау жасайтын шұғыл-көшпелі қызмет құрылды. Ағымдағы жылы басқармамен құрылысы салынып жатқан және құрылысы аяқталған 540 нысанға зерттеулер жүргізілді. ҰҚК сұранысы бойынша 400 тұрғын үй құрылысын салып жатқан 30 мердігер ұйымдарға тексеру жұргізілді. Тексеру нәтижесінде көптеген антисейсмикалық нормалар талаптарын бұзушылық, жұмыс өндірісінің технологиясының сақталмауы, жобадан өрескел ауытқу сияқты заңбұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекеттегі нормативтік техникалық құжаттардың талаптары негізінде дайындалған сапа деңгейін анықтауда бірыңғайлы методологиялық негізді ұйымдастыру мақсатында елеулі ақаулар мен жойылмайтын ақаулардың түрлеріне қарай классификациялау енгізілді.

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаржысынан соғылып жатқан нысандар құрылысын бақылау баса назарға алынып отырды, өйткені көптеген тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы сын көтермей, тұрғындар тарапынан шағымдар да түсіп жатты.

ОҚО бойынша үлескерлердің ақшасын тарта отырып тұрғын үйлерді салуға 6 компания құрылыс қызметін ұйымдастырып жүзеге асырды: «GUCLU ASTANA» ЖШС Шымкент филиалы, «Компания Мейсад», «Корпорация Бастау» ЖШС, «Отау-строй» ЖШС, «Марс-строй»ЖШС, «Эристайл Казахстан» ЖШС. Бүгінгі таңда «Корпорация Бастау» ЖШС, «Отау-строй» ЖШС, «Марс-строй»ЖШС нысандарды пайдалануға берді, «Эристайл Казахстан» ЖШС пайдалануға қабылдау туралы актісін рәсімдеп жатыр, «GUCLU ASTANA» ЖШС құрылыс жұмыстарын жалғастыруда.

«Компания Мейсад» ЖШС қаржы тапшылығынан жұмысын тоқтатты. ОҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бастамасымен облыстық прокуратура мен ОҚО бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментімен бірлесе отырып «Компания Мейсад» ЖШС үлескерлер қаржысының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізілді.

«Таза су» бағдарламасының әлеуметтік маңызын ескере отырып, Шардара, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сарыағаш, Түркістан аудандары прокуратурасымен бірлесе отырып 2005 жылы құрылысы басталған су құбырлары мен су тораптарының құрылысына кешенді тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде анықталғандай жобалау құжаттамаларының өзі төмен сапамен дайындалған, су тартқыш құбырларды тартуда технологияның сақталмауынан ауыз су сапасы көңіл көншітпейді, геологиялық ізденістердегі берілген деректермен субұрғылау орындарындағы сәйкестік дәлелденбейді.

Басқарманың әкімшілік комиссиясында 2008 жылы 173 іс қаралып, 11056936 теңге әкімшілік айыппұл салынды, оның 8402936,0 теңгесі өндірілсе, қалғаны мәжбүрлеп өндіруге сот органдарына өткізілді.

Құрылысы салынып жатқан нысандардағы жүргізілген инспекциялық тексерулер көрсеткендей, құрылыс материалдарының тапшылығы жоқ бола тұрса да, ғимараттарды салуда жіберілген кемшіліктердің негізінен жұмыс жобасының міндетті сақталуы тиіс талаптары мен құрылыс нормаларының сақталмауы, атап айтқанда құрылыс құрылғыларының технологиялық кезеңінің ауытқуы, арматуралық каркастарының геометриялық өлшемдерінің жазықтық және көлемдік өзгерістерге ұшырауы, темір бетон денелерге жобадан ауытқи отырып қондырылуы. Кірпіш қабырғалар мен бөлініп қойылған аралықтардағы әлсіз армирлеу немесе шамадан тыс ұлғаюы, кірпіштерді қалауда тік және көлденең тігістердің нормативтен жоғары болуы сияқты жағдайдар. Құрылыс жұмыстарының төменгі және орта буынында жүріп жатқан жұмыстар құрылыс қондырғыларының жобадағыдай орналасу реті мен орны туралы, олардың өзара байланысы туралы мағлұматтан жұрдай арзан қол жұмыс күшімен орындалып жатқанын айтуға болады.

Жобалауда және құрылысты салуда жіберген кемшіліктер мен қателердің, осы құрылысы салынып жатқан, құрылысы біткен нысандар бойынша жасалған мониторинг көрсеткендей, нысандарды пайдалануға берілген 1-ші жылдың өзінде-ақ білініп жатады. Пайдалануына бірқатар жылдар өткеннен кейін болған апаттар немесе тұрақтандыру кезеңінен кейінгі апаттардың да осы жобалауда жіберілген кемшіліктердің салдарынан туындаған, оны уақыт озған сайын конструкциялардағы әлсіреу салдарынан болған немесе жобадағы қарастырылған конструкциялардың төзімділік қорының азаюы.

^ 3. 2010-2014 жылдарға арналған Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері

Атауы

өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлау кезеңі







2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

^ 1.Стратегиялық бағыты ОҚО-ғы құрылыстың және жобалаудың сапасын көтеру

1.1. мақсаты Сәулет-құрылыс бақылауын күшейту

Мақсаттың индикаторы: құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісінде және жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу барысындағы жіберілетін кемшіліктердің санын азайту

Жіберілетін кемшіліктердің санын азайту

%

0

3

5

6

9

12

15

Міндет 1.1.1. Жүргізілген құрылыс- монтаж жұмыстарының және жобалау-сметалық құжаттамалырының сапасын арттыру

Анықталған кемшіліктердің саны

бірлік

301

415

-

-

-

-

-

Міндет 1.1.2. Түсіндірме-профилактикалық жұмыстардың көлемін ұлғайту

БАҚ-та жарияланатын материалдар саны, өткізілетін техникалық мәжілістер, дөңгелек үстелдер

бірлік

3

9

10

11

12

13

14

^ 2.Стратегиялық бағыт. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметіндегі бизнеске әкімшілік кедергілерді жою және әкімшілік салмақтарды түсіруді азайту

2.1. мақсаты Рұқсат беру жүйесін оңайлату және тексерулер жүргізудің санын қысқарту

Мақсаттың индикаторы: ҚР қолданыстағы заңдарымен бекітілген құрылысты салуға рұқсатты және лицензия алуға құжаттарды қарау мерзімін қысқарту

Міндет 2.1.1. Басқарма қызметкерлерінің құжаттарды алғаш рет қабылдап қарау барысында сапалы орындауы

Рұқсат алу құжаттамалары бойынша алғашқы құжаттарды қарау барысындағы теріс нәтижелер

%

100

95

90

85

80

75

70



Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттерінің мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


^ Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру барысында бағытталған мемлекеттік органның қызметі

Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы

Стратегиялық бағыты 1. ОҚО –ғы күрделі құрылыстың және жобалаудың сапасын көтеру

Мақсат 1.1. Сәулет-құрылыс бақылауын күшейту

3-ұзақ мерзімді басымдық

«2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ-ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау.»


Өңірлік және әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуетті және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңістіктік ұйымдастыру негізінде елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау.


«...құрылыстың сапасын арттыру мен құрылыс нысандарына қызмет көрсету мәселелерін, тұрғын үйлердің берілу мерзімінің орындалуын бақылауға алу».

«Қазақстан-2030 Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Қазақстан халқына ел Президентінің Жолдауы


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы №167 Жарлығы


«Нұр Отан» ХДП сайлау алды тұғырнамасының Ережелері

Стратегиялық бағыт 2. Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметіндегі бизнеске әкімшілік кедергілерді жою және әкімшілік салмақтарды түсіруді азайту

Мақсаты 2.1. Рұқсат беру жүйесін оңайлату және тексерулер жүргізудің санын қысқарту

«Жетінші. Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру.

Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат-50-ден астам заңда көзделген түрлі-түрлі тексерулер болып отыр.

Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бірнеше рет «тексеруге» мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келеді. Құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың тексерулерінің санын едәуір қысқартып, ретке келтіру керек».

Елбасының Қазақстан халқына 2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты».





^ 4. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктері мен болуы мүмкін қауіптер

Құрылыс құрылымдарының жоғарғы және орта буын инженерлі-техникалық қызметкерлерімен сейсмикалық құрылыс бойынша оқыту курстарын тұрақты түрде өткізу және куәлік алып шыққан тұлғаларды есепке алып, мониторинг жүргізу.

Шаруашылық субъектілерінің лицензияларының болуына тексеруді жүзеге асыра отырып, лицензия классификаторына сәйкес қызметтер мен жұмыстардың жүзеге асырылуын, қолданыстаға заңның аясында шаралар қабылдауға, сонымен бірге құрылыс жобаларына сараптама жасайтын лицензиаттардың аккредитациядан өтуіне тұрақты мониторинг жүргізу.

Бақылау әдістерін жетілдіру, жедел-бақылауды жүзеге асыру.

Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын шығаратындар арасында олардың шығарған өнімдерінің сапасы мемлекеттік стандарттарға, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келу бөлігінде және сәйкестік сертификаттарының болуына тұрақты мониторинг жүргізу.

Құрылыстың сапасын жетілдіру бойынша барлық құрылыс, сараптама беретін және жобалаушы ұйымдардың, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың қатысуымен тематикалық семинар-кеңес өткізу;

Құрылыс сапасының мәселелері туралы БАҚ-да жариялау, «дөңгелек үстел» өткізу;

Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылысына арналған типтік жобалаудың сапасын жақсарту жөнінде мемлекеттік сараптама және жобалау ұйымдарымен өзара іс- қимыл жасау;

Кадрларды дайындауда қайта даярлау және өз білімін жетілдіру жүйесі арқылы басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейін үнемі көтеру, еңбек етуге жақсы жағдайды жасау және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын қатаң сақтау талаптарын қажет ететін корпоративтік мәдениет деңгейін көтеру.



Қызметтің мақсаты

Функционалды мүмкіндіктер

Басқарма аппараты қызметін қамтамасыз ету;

Облыстық бюджеттен бөлінген бюджет қаржысын мерзімінде игеру

Оңтайлы штаттық құрылымның және басқару жүйесінің құрылуы

.


Қызметті ұйымдастыру


«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі 2008 жылғы 24 маусымнан мемлекеттік қайта тіркеуден өтіп, жұмыс істейді.

«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы (барлығы 43 адам). Қазіргі таңда басқарманың жаңа штаттық құрылымы бекітілді. Оның негізінде бөлімдердің арасында функциялары нақтыланып бөлініп және жауапкершілік бөлім бастықтарына жеке жүктелген.

1) Штат санын әр бөлімге қайта бөлу арқылы жұмыс салмағының түсуі оңтайлы жолға қойылған;

2) Бөлімдер арасында функционалдық міндеттерді қосарлап алып жүруге жол берілмейді.

3) Құрылысқа салынатын инвестицияның ұлғаюын көздейтін, құрылыс индустриясы базасын дамытуға бағытталған мемлекеттік дамудың стратегиялық жоспарын ескере отырып, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының жоспарына сәйкес басқарма түйіткілді мәселелер бойынша талдау жасады.


^ Осы іс шараларды жүзеге асыру барысында басқарма ұшырауы мүмкін келесі қауіптер:




Қауіптер

Болуы мүмкін зардаптары

Қауіптерді болдырмау үшін шаралар мен механизмдер

1

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамалық актілерге өзгертулер

Заңнамалық актілердегі қарама-қайшылық

Нормативтік техникалық құжаттарды жетілдіру бойынша уәкілетті органдарға ұсыныс беру



^ 5.Нормативтік құқықтық актілер


  • Қазақстан Республикасы Конституциясы;

  • 2008 жылғы 6 ақпандағы еліміздің Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»;

  • Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2030: гүлденуі, қауіпсіздік пен барша қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту» (10 қазан 1997 ж.);

  • 2008 жылғы 2 шілдедегі №627 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы №383 Жарлығы «2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы туралы»;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2004 жылғы 10 қарашадағы №1471 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкімет» құру мемлекеттік бағдарламасы туралы»;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2007 жылғы 6 сәуірдегі №310 «2030 жылға дейін Қазақстанның Стратегиялық дамуын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы»;

  • 2008 жылғы 2 шілдедегі №627 «Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы;

  • Азаматтық кодексі, 1шілде 1999 ж.;

  • Еңбек кодексі, 15 мамыр 2007 ж.;

  • Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі, 4 желтоқсан 2008 жылғы №95-IV;

  • Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі;

  • «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 6 шілде 2007 ж.

  • «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 31 қаңтар 2006 ж.;

  • «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 9 қараша 2004 ж.;

  • 2001 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • 2006 жылғы 7 шілдедегі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 24 наурыз 1998 ж;

  • «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 27 қараша 2000ж;

  • 2007 жылғы 11 қаңтардағы №217 «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;

  • «Түпкі нәтижелерге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін ендіру тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26 желтоқсандағы №1297 қаулысы;

  • «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшысы» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19 қарашадағы №11097 қаулысы;

  • «2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс жоспар шараларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы №867 қаулысы;

  • 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1305 «Қазақстан Республикасындағы 2005-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары өнеркәсібінің даму бағдарламасы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы №1118 қаулысы «Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы»;

  • «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 14 шілдедегі №219 қаулысы;

  • ««Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №107 қаулысы;

  • «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға транспорттық қызмет көрсету үшін қызметтік жеңіл автокөліктердің пайдаланылуын ретке келтіру туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008 жылғы 6 мамырдағы №1-117 өкімі;

  • Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 22 желтоқсанда 2001- нөмірмен 2008 жылғы 24 маусымда №23296-1958-ММ тіркелген «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.

Қосымша 3

^ 6.Бюджеттік бағдарламалар


^ Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

267 «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

^ Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама)

001 003 «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметін қамтамасыз ету»

Сипаттау

Басқарма қызметін қамтамасыз ететін 43 бірлік штат бірлігімен (мемлекеттік қызметшілерді) және еңбек шарты негізінде 5 қызметкерді ұстау

^ 1.Стратегиялық бағыты

ОҚО-ғы құрылыстың және жобалаудың сапасын көтеру

1.1.Мақсаты

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісінде және жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу барысындағы жіберілетін кемшіліктердің санын азайту

1.1.Міндеті

Түсіндірме-профилактикалық жұмыстардың көлемін ұлғайту

^ 2.Стратегиялық бағыты

Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметіндегі бизнеске әкімшілік кедергілерді жою және әкімшілік салмақтарды түсіруді азайту

2.1.Мақсаты

Рұқсат беру жүйесін оңайлату және тексерулер жүргізудің санын қысқарту

2.1.Міндеті

Басқарма қызметкерлерінің құжаттарды алғаш рет қабылдап қарау барысында сапалы орындауы

Көрсеткіштер




Көрсеткіштің атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең










2008 жыл

(есеп)

2009 жыл

(жоспар)

2010 жыл

2011

жыл

2012 жыл

2013

жыл

2014 жыл

Сандық көрсеткіш

Ведомстволық бағынысты аймақта басқармаға жүктелген функционалдық міндеттердің атқарылуымен құрылыс саласының қатысушыларына жауапкершілікті жоғарылатуға ықпал жасау, азаматтар мен қоғамның қолайлы қауіпсіз өмір сүру және тіршілік ету ортасына деген заңды құқықтарын қамтамасыз ету.

дана

1

1

1

1

1

1

1

Сапалық көрсеткіш

Ведомстволық бағынысты аймақта басқармаға жүктелген функционалдық міндеттердің атқарылуымен құрылыс саласының қатысушыларына жауапкершілікті жоғарылатуға ықпал жасау, азаматтар мен қоғамның қолайлы қауіпсіз өмір сүру және тіршілік ету ортасына деген заңды құқықтарын қамтамасыз ету.

%

100

100

100

100

100

100

100

Тиімділік көрсеткіші

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының сақталуына бақылау функциясының сапалы және мерзімінде орындалуы

%

100

100

100

100

100

100

100

Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шығындар

Басқарманың аппаратын ұстау

Мың теңге

61036,0

62757,0

65435,0

79012,0

86524,0









Қосымша 4

Қызмет көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарлама


^ Бюджеттік бағдарлама әкімшісі




Бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама)




Сипаттау




^ Стратегиялық бағыты




Мақсаты




Міндеті







КӨРСЕТКІШТЕР




Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең










1-жыл

2-жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл

4 жыл

5 жыл

^ Сандық көрсеткіші




























^ Сапалық көрсеткіші

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

^ Тиімділік көрсеткіші

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

^ Нәтиже көрсеткіші




























^ Бағдарламаны жүзеге асыруға арналған шығындар





























Қосымша 5

^ Бюджеттік бағдарламаның жинағы (мың теңге)





^ Есепті кезең

Жоспарлы кезең




2008 ж

2009 ж

2010 ж

2011 ж.

2012 ж.

2013ж.

2014ж.

1.Әрекеттегі бағдарлама, оның ішінде:






















^ Ағымдағы бюджеттік бағдарлама: «Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметін қамтамасыз ету»


55986,0

62757,0

65435,0

79012,0

86524,0







^ Жергілікті органдар аппараты

55986,0

62757,0

65435,0

79012,0

86524,0







^ Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жарақтандыру

5050,0

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Дамудың бюджеттік бағдарламалары

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

2.Әзірлеуге ұсынылатын бағдарламалар, олардан

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

^ 3.Ақылы қызметтер:

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Кірістер

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Шығыстар

Х

Х

Х

Х

Х

Х

Х



Қосымша 6

Стратегиялық бағыттарға, мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік бағыттар бойынша шығындардың бөлінуі (мың теңге)

^ Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар, ақылы қызмет көрсету

Есепті кезең

^ Жоспарлы кезең

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011ж

2012 ж.

2013 ж

2014 ж.

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы қызметін қамтамасыз ету»

61036,0

62757,0

65435,0

79012,0

86524,0








Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 144 бабына сәйкес басқарма қызметінің бағыттары бойынша бюджеттік заңнамалардың орындалуына және мемлекеттік органдағы есеп жүргізу мен есеп берудің нақтылығы мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру үшін басқармада ішкі бақылау қызметі енгізілді.




Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconПавлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсан “Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға...
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары
Мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ісқағаз жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге өтуіне жағдай жасау, мемлекеттік тіл мен...
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны iconҚарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы