Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны icon

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
страница2/4
Дата конвертации05.01.2013
Размер499.03 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4

^ 3.2. Шекараға жақын жердегі сауда-саттықтың дамуы

2008 жылдың қаңтар-қараша айларындағы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Өзбекістан Республикасының арасындағы сыртқы сауда тауар айналымы - 491,3 млн. АҚШ долларын құрап отыр, елдің жалпы тауар айналымындағы үлес салмағы 15,9%-ды құрайды. Экспортқа шығару 433,9 млн. АҚШ долларын құрап, жалпы көлемнің 21,4%-ына жетті, шетелден әкелу – 57,3 млн. АҚШ долларын құрап немесе шетелден әкелінетін өнімнің 5,4%-ына жетіп отыр. Сауда-саттық қалдығы 376,6 АҚШ доллары жағымды қарқында сақталып отыр.

Статистика мәліметтері көрсетіп отырғандай, қазіргі таңда Өзбекістан Республикасы мен Қазақстан Республикасының арасындағы шекара жанындағы сауда-саттықтың даму деңгейі мен сапасы бойынша қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді, осыдан келіп, екі мемлекеттің арасындағы сыртқы сауда айналымының өзара тиімді ұлғаюын арттыру жөніндегі оның мүмкіндіктері толығымен пайдаланылмайды.

Салыстырмалы түрдегі дамымай қалушылық, нарықтың үйлеспеушілік инфрақұрылымы тауарлық нарық пен жалпы алғандағы тауар айналымы саласының тиімді қызмет етуінің артуына кедергі жасайды. Сонымен бірге басқа жағынан шекараға жақын аймақтардағы қажетті экономикалық, әлеуметтік, инфрақұрылымдық және басқа да шекараға жақын орналасқан жерлердегі сауда-саттық үшін жағдайлар жасайтын тұрғындардың тіршілік әрекетінің ортасының болмауы әсер етеді.

Аталған мақсаттар мен артықшылықтарға жету үшін үкіметаралық деңгейде шекараға жақын жерлердегі серіктестікті дамыту жөніндегі бірнеше мәселелерге қол қою қажет.

Шекараға жақын жерлердегі серіктестікті дамытуға қатысты негізгі бағыт-бағдарларға төмендегілер жатады:

- Өзбекістан Республикасымен екі тараптық келіссөздердің негізінде шекараға жақын жерлердегі бағыт-бағдарларды қалыптастыру және нақтылауды, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары мен шекараға жақын аумақтағы әртүрлі шаруашылық нысандарының арасындағы келісім шарттарды (келісімдерді) жасасуды қоса алғанда шекараға жақын жерлердегі сауда-саттықты дамытуға арналған жағымды жағдайларды жасау;

- шекараға жақын жерлердегі тұрғындар үшін тұтынушылық нарығының және азаматтардың тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасына деген құқықтарына қол жетімділігін қамтамасыз ету;

- жергілікті тауар өндірушілер үшін жағымды мүмкіндіктер жасайтын және ара қатынас нарқында отандық және шетелден әкелінетін тауарлардың оңтайландырылуына әсер ететін ішкі сауда жүйесімен дамытылған және үйлестірілген тауар қозғалысының қалыптасуы;

- шекараға жақын сауда-саттықты дамытудың нормативті-құқықтық базасын нығайту.

Шекараға жақын жерлердегі ынтымақтастық орталығын құру жөніндегі Жобаны жүзеге асыру төменде көрсетілгендер үшін нақты жағдайлардың жасалуына әсер етеді:

  • тауарлардың соңғы тұтынушыға мейлінше жақындатылуы және тұтынушылық нарықтағы бағалардың тұрақтануы;

  • құнсыздану процестерін шектеу, облыс тұрғындары мен республикамыздың басқа өңірлерінің тұрғындарын тауар өндірушілердің бағасы бойынша сапалы ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі ортақ кәсіпорындарды құру, жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту;

  • қол қойылған келісімдердің аясында Өзбекістан Республикасымен жан-жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудағы Қазақстан Республикасының толығымен қатысуы үшін Шекараға жақын жерлердегі ынтымақтастық жөніндегі сауда орталығының Қазақстандық бөлігінің халықаралық мәнге ие нысан ретінде қалыптасуы;

  • Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық жүйесін, атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының қызмет көрсету-сауда-өндірістік инфрақұрылымын дамыту;

  • халықаралық басқарушылық тәжірибеге ие болу;

  • көлік және логистикалық қызмет көрсету саласына халықаралық стандарттар мен жаңа технологияларды ендіру, үдемелі тасымалдау технологияларын қолдану, операторлар мен экспедиторлар жүйесін қайта құру мен дамыту, көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

  • Қазақстанның шекараға жақын аумақтарын индустриалды-инновациялық дамыту үшін жағдайлар жасау;

  • жоғары білікті мамандарды тарту және қосымша жұмыс орындарын құру, жергілікті қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • Қазақстан мен Өзбекістанның бірлестіктік байланыстарын дамыту, Қазақстандық өнімдерді (шикізат пен дайын өнімдер) сатудың жаңа нарықтарын құру.


^ Сауда-саттық саласындағы мәселелер:

- сауда-саттық қызметін реттеу саласындағы заңнамалық жеткіліксіз дәрежедегі қамтамасыз етілу;

- ішкі сауда-саттықтың инфрақұрылымының дамуының төменгі деңгейі (инфрақұрылымның жеткіліксіз дәрежеде дамуы, сауда-саттық алаңдарының жетіспеушілігі, көлік-логистикалық орталықтарының болмауы және т.б.);

- айналымдық қаражаттардың жетіспеуі, несиелендіру мәселелері;

- әсіресе сауда-саттық базарларындағы жасырын айналымның жоғарғы деңгейі;

- құнсызданду процесін тоқтату, тауарлар мен қызметтерге тұтынушылық бағалардың артуы;

- жаңа сауда-саттық түрлері мен әдістерін ендіру;

- қызмет көрсету мәдениетін жетілдіру;


^ Шешу жолдары

1. Сауда-саттық қызметін дамыту мәселелері бойынша орталық атқарушы органдарға ұсыныстар жасау.

2. Жаңа қазіргі заманғы сауда-саттық кешендерін салу саласы бойынша кәсіпкерлерді ынталандыру.

3. Облысымыздағы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, БВУ, «Оңтүстік» ҰК» ӘКК-сы АҚ-ы сияқты қаржы институттары арқылы кіші және орта кәсіпкерлік нысандарының несие қаражаттарын алуға көмек көрсету;

4. Сауда-саттық саласындағы кәсіпкерлік қызмет үшін жағымды жағдайлар жасау, әкімшілік кедергілерді азайту, ол өз кезегінде тұтынушылық нарықтағы бағалардың азаюына жағымды түрде әсер етеді.

5. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту жөніндегі іс-шараларды жүргізу (кеңестер, кездесулер, БАҚ-ын хабарландыру), посттерминалдарды орнату, қызмет көрсету мәдениеті мен сауда-саттықтың үдемелі үлгілері мен әдістерін жетілдіру.


^ 3.3. Сыртқы сауда-саттық қатынастарды дамыту

Қазақстандық экономиканың дүниежүзілік сауда жүйесіне табысты ықпалдастығы мақсатында, Үкіметтің тарапынан Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына экономикалық жағынан пайдалы шарттарда кіруі бойынша келіссөздік процесті аяқтау жөніндегі жұмыс жалғасуда.

Қазіргі күннің өзінде Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі жөніндегі Жұмыс тобының мүшелері – 20 елдің тауарлар мен қызметтер нарқына кіру жөніндегі екі тараптық келіссөздер аяқталды, оның ішінде 2007 жылы – Израильмен, Бразилиямен және Малайзиямен, 2008 жылдың ақпан айында – Канадамен келіссөздер аяқталды. Қазақстандық заңнаманы Дүниежүзілік Сауда Ұйымының міндетті келісімдерінің ережелеріне толығымен сәйкестендіру, іскерлік қауымдастықты Дүниежүзілік Сауда Ұйымының құралдары жөнінде хабарландыру жөніндегі жұмыстар жалғасуда.

Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылу дүниежүзілік сауда жүйесінің толық құқықты мүшесі ретінде Қазақстанға Дүниежүзілік Сауда Ұйымының жүйесінің артықшылықтары мен халықаралық дәрежеде мойындалған сауда-саттықты реттеу тәсілдерін, сонымен бірге сауда-саттыққа қатысты дауларды шешу тәсілін пайдалануға мүмкіндік береді.

Облысымыздың сыртқы сауда айналымының көлемі 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында 3085,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2007 жылдың қаңтар-қараша айларымен салыстырмалы түрде алғанда 27,7%-ға артып отыр, оның ішінде экспортқа шығару, сәйкесінше – 2028,5 млн. және 42,3%, шетелден әкелу – 1057,2 млн. АҚШ долларын немесе 2007 жылдың қаңтар-қазан айларындағы деңгей бойынша 106,7% көрсеткішке жетіп отыр. Облысымыздың сыртқы сауда айналымының негізгі бөлігі (65,7%) экспортқа шығаруға келіп тіреледі. Облысымыздың сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі шетелден әкелінген үлес 34,3%-ды құрап отыр.


4. Лицензиялау.

Отандық өндірушілердің мүддесін қорғайтын маңызды құралдардың бірі – олардың қызметін заңнамалық реттеу, тауарларды экспортқа шығару және шетелден әкелу және лицензиялау болып табылады. Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 11 қаңтарындағы «Лицензиялау жөніндегі» жаңа Заңын жүзеге асыруда лицензияланатын қызмет түрлері бойынша жеті жаңа қаулы қабылданып отыр.

Қорғаныс деңгейі бар белгіленген үлгідегі мөрқағаздардағы лицензияларды беру тәртібін жеңілдету, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тапсырыстарын қанағаттандыратын статистикалық сипаттағы анықтамаларды жасау, берілген, уақытша тоқтатылған, қайтарып алынған лицензиялар және т.б. бойынша ортақ мәліметтер базасын жүргізу мақсатында, қызмет түрлері үшін лицензиялар беруді де автоматтандыру қажет.


^ 5. Кәсіпкерлікті дамыту

5.1. Кәсіпкерлікті дамыту қарқыны

2009-2011 жылдарға арналған ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіптік басқармасының стратегиялық жоспары


Статистика мәліметтеріне сәйкес облысымызда 2009 жылдың 1 қаңтарында кіші кәсіпкерлік нысандарының жалпы саны 155,2 мың бірлікті құрап отыр. Заңды тұлға құра отырып тіркелген шаруашылық нысандарының саны 17,5 мың бірлікті құраса, жеке кәсіпкерліктердің саны - 68,2 мың және шаруа қожалықтарының саны - 69,5 мың адамды құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырмалы түрде алғанда облысымыздағы кәсіпкерлік нысандарының санының өсуі 8%-ды құрады. Шаруашылық нысандарының жалпы санындағы кіші және орта кәсіпкерлік үлесі 95,5%-ды құрайды.

Белсенді кіші және орта кәсіпкерлерінің саны 101,7 мың бірлікті құрайды, олардың ішінде заңды тұлғалар 3,5 мың бірлікті, жеке кәсіпкерлер - 38,1 мың, шаруа қожалықтары - 60,2 мың бірлікті құрайды.

Аудандар мен қалаларды топтай келе, қызмет етуші шаруашылық нысандарының ең көп саны Шымкент қаласына, яғни 27,4%-ға, Мақтарал ауданына – 16,2%, Сарыағаш ауданына – 9,6% және Сайрам ауданына – 9,1%-ға тиесілі. Ең төменгі көрсеткіштер Созақ ауданына – 1,0%, Кентау қаласына – 1,6%, және Арыс ауданына – 2,0% тиесілі.

Кіші кәсіпкерлік ретінде қызмет ететін тұлғалардың саны 231,5 мың адамға дейін жетті.

Кіші кәсіпкерлік нысандарының тарапынан тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді шығару 2008 жылы 150,2 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2007 жылғы деңгейден 3,5 %-ға төмен.

Кіші кәсіпкерліктің салалық бағыт-бағдарлығының белгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында 46,7% кіші кәсіпкерлік нысандары қызмет етеді, сауда-саттық саласында – 28%, көлік және байланыс саласында – 4,4%, өнеркәсіп өндірісінде – 1,8%, қонақ үй бизнесінде – 2,1%, құрылыс саласында – 1,7% және басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерімен – 15,3% айналысады.

Облысымыздың жалпы есептік көрсеткішіндегі кіші кәсіпкерліктің үлесі 2007 жылы 25,4%-ды құрады.

ОҚО бойынша Салық Комитетінің шұғыл мәліметтері бойынша мемлекеттік бюджетке төленетін салықтар мен басқа міндетті төлемдердің түсуі 2008 жылы 114,3 млрд. теңгені құраса, оның ішінде Кіші және орта кәсіпкерліктен түскен түсім 8589,4 млн. теңгені құрап отыр. Кіші және орта кәсіпкерліктен түсетін кірістердің үлес салмағы 7,5 %-ды құрайды.

2009 жылы кәсіпкерлікті дамытуға облыстық бюджет арқылы 2259,2 млн. теңге сомасында қаржыландыру қарастырылып отыр.


^ Облысымыздағы кәсіпкерлікті дамыту және оған қолдау көрсету барысында туындайтын негізгі мәселелер


  1. Кәсіпкерлік саласын қаржыландырудың жеткіліксіздігі, әсіресе ауыл кәсіпкерлері:

  • Төменгі несиелендіру көлемі және несие қорларының жеткіліксіздігі;

  • Несие бойынша жоғары ставкалар;

  • Несиелерді рәсімдеудің күрделі әрі ұзақ уақытты талап ететін үрдісі.




  1. Кіші және орта кәсіпкерлікке арналған әкімшілік кедергілерді жеңу:

- Кәсіпорындардың нарыққа шығу кезінде кездесетін кедергілер - лицензиялау, рұқсат беру, тіркеу, жобалық құжаттама;

- Тауарларды нарыққа шығару кезінде - сертификаттау, идентификациялау, таңбалау;

- Ағымдағы қызмет барысындағы кәсіпкерлердің әкімшілік шығындары, бақылау және қадағалау, лицензиялық қадағалауды, іс жүргізуді, құжат айналымын қоса алғанда, міндетті есептіліктердің сан алуан үлгілерін сақтау.


  1. ^ Кәсіпкерлікті дамыту деңгейіндегі үйлеспеушілік, өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеткіліксіз дәрежеде дамыған.

Облыстың ауылдық жерлеріндегі бухгалтерлік және салықтық есептілік саласында бизнес, маркетинг, менеджмент, заңды және қаржылық мәселелерді шешу және кеңес беру жөніндегі орталықтандырылған қызметтерді алудағы кәсіпкерлердің шектелген мүмкіндіктері.


^ Шешу жолдары


1. Кәсіпкерлер мен тұрғындардың жұмыссыз белсенді бөлігін төменгі мүмкіндікке ие несие қорларымен қамтамасыз ету мақсатында микрокредиттік ұйымдар желісін дамыту;

2. Кіші және кәсіпкерлік нысандарының артықшылықты жобаларын қаржыландыру («Максимум» ӨАО ЖШС-і);

3. Облысымыздың «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы, БВУ, «Оңтүстік» ҰК» ӘКК-сы АҚ-ы сияқты қаржы институттары арқылы кіші және орта кәсіпкерлік нысандарының несие қаражаттарын алуға көмек көрсету;

4. Кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен (СодБИ, ЮСАИД) бірлесе отырып, кәсіпкерлік мәселелері бойынша әлеуметтік сұрақтар қою және аналитикалық зерттеулер жүргізу;

5. Ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі кіші цехтардың дамуына көмек көрсету, өнеркәсіптік саланың дамуына әсер ету және қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге көмек көрсету;

6. Ауылдағы жұмыссыз әйелдер мен жастарды жұмысқа тарту мақсатында халықтық кәсіпті қайта жаңғырту және дамыту.

7. Кәсіби оқыту процесінің ұйымына, мемлекеттен бөлек, жұмыс берушілер мен басқа да әлеуметтік серіктестер белсенді түрде тартылуы тиіс. Бұл жағдай, өз кезегінде, кәсіби білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауға және іс-тәжірибедегі кәсіби білім беру стандарттарының жүзеге асу механизміне әсер етуі мүмкін.

8. Кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын тарту арқылы облыс қалалары мен аудандарында кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтарды құру кәсіпкерлердің өңірдегі ақпараттық-аналитикалық, кеңес беру және оқу-әдістемелік қызметтерін қамтамасыз ету мәселесін шешеді.

9. Кіші және орта кәсіпкерлік нысандарына қашықтықтан кеңес беру жүйесін құру, кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен және мемлекеттік органдармен ортақ семинарлар және оқыту тренингтерін өткізу кәсіпкердің мәлімет алу үшін жұмсалатын уақыты мен қаржылық шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

10. Кеңсешілдік үрділерді жеңілдету және қызметті реттеудегі «ең жақсы тәжірибелерді» қабылдауға көмек көрсету арқылы кәсіпкерлік үшін жағымды орта құру мәліметтерге мейлінше толық рұқсат беруді қамтамасыз ету процестерінен өтуге жұмсалатын мерзімдер мен шығындарды қысқартуға, рұқсат беретін құжаттардың санын азайтуға мүмкіндік береді;

11. Кәсіпкерлікті дамыту және қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып кәсіпкерлік құқықтарына қолдау көрсету және құқықтық қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жолындағы әкімшіліктік кедергілерді азайту жөніндегі кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктері мен бақылау-қадағалау қызметтерімен бірлесе отырып мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу.


^ 6. Инвестициялық ынтымақтастықты дамыту

Инвестициялау үшін артықшылықты салалар ретінде өнеркәсіп – 38,8% (тау-кен қазушы өнеркәсіп – 18,8% және қайта өңдеу өнеркәсібі – 10,6%) және жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялар, жалға беру және кәсіпорындардың қызметтері – инвестициялардың негізгі капиталға жасалатын жалпы көлемінен 17,3%-ды құрайды.

Өнеркәсіптің негізгі капиталына инвестициялар салу 2008 жылы 50,3 млрд. теңгені құрады, оның ішінде шетелдік инвестиция 34 млрд. теңге мөлшерінде болды. Қайта өңдеу өнеркәсібінің салаларының арасында ең үлкен үлес 4,5% немесе 5845,2 млн. теңге түрлі метал емес минералдар өндірісін дамытуға тиесілі, мұнай айыру өндірісіне 2,1% немесе 2788,0 млн. теңге сомасы тиесілі.

Шетелдік инвестициялардың айтарлықтай көлемі 68,7% Созақ ауданында игерілді, өйткені осы аудан тау-кен қазушы өнеркәсібінің дамуына өз қаражаттарын салатын шетелдік инвесторлар үшін тартымды болып есептеледі.

«Қазақстанның 30 бірлескен көшбасшылары» бағдарламасының аясында жүзеге асатын үздік жобалардың тізіміне «Ютекс» ЖШС-індегі «Дайын тоқыма бұйымдарын өндіру және шығару» жобасы қамтылған болатын.

Жобаның жалпы құны - 13 миллион АҚШ долларын құрайды, оның ішінде - 11 млн. 50 мың АҚШ доллары - «БРК-Лизинг» АҚ-ның қаржы лизингі, 1 млн. 950 мың АҚШ доллары - «Ютекс» АҚ-ның жеке қаражаттары болып табылады. Жобаның қуаттылығы – жылына 10200 тонна мақтадан иірілген жіп шығару. Жоба 2008 жылдың желтоқсан айында іске қосылған.

Аталған жобадан басқа 2008 жылы мынадай жобалар жүзеге асты:

- «Кентау трансформатор зауыты»: «ЩО-06 шкафтары мен КСО-306 бір тараптық қызмет көрсететін камералар»;

- «Ақбура-НС» ЖШС-і: 30,0 дана ішкі киім өндіру қуаттылығына ие «Тігін цехын ұйымдастыру»;

- «Ордабасы нан» ЖШС-і: тәулігіне 150 тонна өндіретін қуаттылыққа ие бидай өңдеу бойынша;

- «С.Дем» ЖШС-і: сағатына 1500 тонна өндіретін қуаттылыққа ие «Қиыршық тас-діңгекті асфальт бетонының өндірісі»;

- «Шымкент Жеміс» ЖШС-і: айына 150 мың «Жеміс-көкөністі консервілер».

2009 жылы келесі жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда:

- «High Industrial Lubricants & Liquids (HILL) Corporation» ЖШС-і - «Жанар-жағар май материалдарын, негізінен кеңінен пайдаланылатын техникалық майларды жылына 100 мың тоннамен өндіру». Жобаны қаржыландыру компанияның өз қаражаттарының есебінен, сонымен қатар несие қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.

- «Азия-Керамик» ЖШС-і – жылына 2,5 млн. м2 өндіретін қуаттылыққа ие «Керамикалық мәрмәр тас өндірісі жөніндегі зауыт» инвестициялық жобасы. «Barbieri Tarozzi S.R.L» компаниясының технологиялық құрал-жабдығы пайдаланылған. Қаржылық құны – 3189,2 млн. теңге. Сонымен қатар «Оңтүстік» АЭА-дағы 2 жоба.


Қазақстанның артықшылықты экономика салаларына жасалатын инвестицияларына мемлекеттік қолдау көрсету

Экономиканың артықшылықты секторларына бағытталатын инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету Қазақстан Республикасының «Инвестициялар жөніндегі» Заңымен қарастырылған және инвестициялық артықшылықтарды ұсыну арқылы жүзеге асырылады.

Инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету саласындағы негізгі мәселе ретінде инвестицияларды тарту мәселесіндегі инвестициялық артықшылықтар институтының рөлін азайту болып табылады. Көптеген жағдайларда инвестициялық артықшылықтар инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі шешімдерді қабылдауға ынталандыратын әсерге ие емес, алайда инвесторлардың тарапынан инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезіндегі шығындарды азайтудың қосымша тәсілі ретінде қолданылады.


^ Инвестициялар саласындағы негізгі мәселелер:

  • экономиканың шикізаттық емес секторының жеткіліксіз дәрежедегі инвестициялық тартымдылығы (жеткілікті дәрежеде дамымаған көліктік және коммуникациялық инфрақұрылым, білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі, Қазақстандық нарықтың төменгі сыйымдылығы);

  • инвестицияларды салудағы әлеуетті нарықтар және Қазақстандық компаниялардың осы нарықтарға шығу мүмкіндіктері жөніндегі жеткілікті мәліметтің болмауы.

^ 3. Стратегиялық бағыт-бағдарлар, мақсаттары мен міндеттері



  1. Индустриалды-инновациялық даму

  2. Сауда-саттықтың дамуы

  3. Кәсіпкерліктің дамуы

  4. Инвестициялық ынтымақтастықтың дамуы




Атауы

Өлш. бірл.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008

(есеп)

2009

(бағам)


2010


2011

2012

2013

2014

1 БАҒЫТ. Индустриалды-инновациялық даму

МАҚСАТЫ 1.1 Экономиканың қайта өңдейтін салаларын дамыту

^ Нысаналы көрсеткіштер:

Қайта өңдеуші өнеркәсіптің физикалық көлемінің өсімі



%


2,0


0,8


1


2,0


3,0


3,5


3,5

Қайта өңдейтін өнеркәсіпке инвестиция салу жылдамдығы


%


- 5,9


- 7,5


1,5


1,8


2,3


2,5


2,5

Қайта өңдейтін өнеркәсіптегі қайта құрылған өндірістердің саны (жыл сайын)

Бірлік

5

4

5

5

5

5

4

Міндет 1.1.1 Қайта өңдейтін саланың даму тартымдылығын арттыру жөніндегі құқықтық өрісті жетілдіру

Мәселе туғызатын сұрақтарды шешу мақсатында қайта өңдейтін өнеркәсіпке жаңа қуаттылықты енгізу мониторингі (жыл сайын)

Бірлік

5

4

5

5

5

5

4

Қайта өңдейтін саланы дамыту тартымдылығын арттыру жөніндегі нормативті-құқықтық актілерді дайындау

Бірлік

1

1

1

1

1

1

1
1   2   3   4



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconКелісілді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Н.Әлтаев
«Шымкент қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мм 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconПавлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының миссиясы облыс аумағында кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті тиімді дамыту үшін...
Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы