Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары icon

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
страница1/5
Дата конвертации05.01.2013
Размер0.84 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5









Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің




2009 жылғы « 20» « желтоқсан »




404 қаулысымен бекітілген








Оңтүстік Қазақстан облысы білім

басқармасының 2010-2014 жылдарға

стратегиялық жоспары



  1. Миссия және көзқарасы.


Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас буынды сапалы кәсіптік дайындау және білім беру мүмкіндігін көтеру.


^ Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының көзқарасы – жоғары стандарттарға сай келетін, сапалы білім және ғылымның тиімді жүйесі және аталған саладағы қоғам қажеттілігін қамтамасыз ете алатын сапалы білім беру және ғылымның тиімді жүйесі.


2. ОҚО білім беру саласын дамытудың ағымдағы жай - күйін талдау


2.1. Мектепке дейінгі білім беру


Облыста мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу мүмкіндігі қамтамасыз етілмеген. Қазіргі кезде 202 мектепке дейінге мекемелерде, 5 мектепке дейінгі кіші-орталықтарда мектепке дейінгі жастағы 26764 бала тәрбиеленуде – облыстағы мектепке дейінгі мекемелердің балаларды қамтуы 13,5% құрайды.

Облыста 33 мыңнан артық бала мектепке дейінгі мекемелерден орын алуға кезекте тұр.

Облыстағы 0 – 7 жастағы бала тұрғындардың саны бала туылуына және көш-қонға байланысты едәуір ұлғайды: егер 2000 жылы 204456 бала болған болса, ал 2008 жылы балалар саны 385026, 2009 жылы балалар саны 427159 құрады. Тек қана 2008 жылы облыста 75 мыңнан, 2009 жылы 66 мыңнан аса бала туылған. Балалардың осындай көп туылуы мектепке дейінгі мекемелердің, сонымен қатар 2015 жылы жалпы білім беру мектептеріндегі оқушы орындарының жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамтамасыз ету 2000 жылмен салыстырғанда 9,4% өскен. 2009 жылмен салыстырғанда облыстағы мектепке дейінгі мекемелер желісі 100 бірлікке көбейген.





5-6 жасар балаларды мектепке дейінгі дайындықпен қамтамасыз ету





^ 2.2. Орта білім


Бүгінгі күні мемелекеттік орта жалпы білім беру жүйесі 2008 жылдың 1 қазанына – 1013 мектеп, 2009 жылдың 1 қазанына – 1012 мектепті құрады. Дамуында және оқуда мүмкіндігі шектелген балаларға арналған 11 арнайы түзету мектеп-интернаттары, 7 кешкі мектеп, 5 балалар үйі, девиантты балаларға арналға 1 мектеп-интернат, 6 жеке меншік мектеп жұмыс істеуде.

62 мектеп апаттық ғимараттарға орналасқан.

Мектептердің 80,3 % - екі, 2,9 % - үш аусымда оқиды.

Кесте 2




Облыстағы мектептерді компьютерлендіру жұмысы жалғастырылуда. 2003 жылы 1 компьютерге 69 оқушыдан болса, 2009 жылы осы көрсеткіш 21,6 оқушыға 1 компьютерден келіп отыр.

Облыстағы мектептердің 54,1% лингафондық және мультимедиялық кабинеттер бар. 1970 – 1990 жылдары алынған мектеп жиһаздары ескірген және балалардың жас ерекшеліктеріне сай келмейді.

Мектептерді жаңа буынды пән кабинеттерімен қамтамасыздандырылуының 2009 жылғы көрсеткіштері:

физика – 27,1%

химия – 5,2%

биология – 5,1%

ЛМК -54,1%


ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 5 ақпанындағы №81 Қаулысымен бекітілген «Мүмкіндігі шектеулі балаларға дәрігерлік-педагогикалық түзету және әлеуметтік көмек беру туралы» іс-шаралар жоспарына сай түзету интернаттары жүйесін көбейту жұмыстары жүргізілуде.

2003 жылы 10 түзету мектеп-интернатында 2105 бала тәрбиеленсе, 2008 жылы жүйе 1 бірлікке көбейіп, осыған байланысты тәрбиеленушілер саны да 2008 жылы 2170 баланы, 2009 жылы 2175 баланы құрады.

Кесте 2





Облыстағы мүмкіндігі шектеулі балалар саны – 51103, оның ішінде 724 бала оқуға қабілетсіз. Қазіргі кезде 6 психологтық- дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру мекемесін ашу қажеттілігі туындап отыр.


Кесте 3


2003 жылы 5 балалар үйінде - 748 бала, 2004 жылы – 716, 2005 жылы – 695, 2006 жылы – 616, 2007 жылы – 602, 2008 жылы – 555 тәрбиеленсе, 2009 жылы 550 бала тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсанындағы №1245 Қаулысымен бекітілген 2007-2011 жылдарға «Қазақстан Балалары» бағдарламасы негізінде жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған деинституциялық ұйымдастыруды қамтамасыз ету және аталған балаларды қонақтық, патронаттық және асырап алушы отбасыларға орналастыру сияқты балама түрлерін дамыту бойынша патронаттық тәрбиелеуге 446 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар берілген, оның ішінде 98 бала - балалар үйінің тәрбиеленушілері, осыған облыстық бюджеттен 91 млн.116 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар балалар үйінің бірі отбасы типті «Бауыржан» балалар үйі, болашақта қалған 4 балалар үйі де отбасы типті балалар үйі мәртебесін алады деп болжанып отыр.


Кесте 4




^ 2.3. 12 жылдық білім беруге өтуге дайындық


2005-2010 жылдарға Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын, 2007-2009 жылдарға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 4 маусымдағы жиналысының №10 және Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігі Алқасының хаттамаларын орындау үшін Оңтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасы 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық бойынша ұйымдастырушылық және мазмұндық сипаттағы біршама жұмыстар атқарды.

Инновациялық тәжірбие режимінде 47 мектеп, оның ішінде 7 мектеп 12 жылдық оқытуға көшу тәжірбиесі режимінде жұмыс істеуде.

^ 2.4. Ұлттық бірыңғай тестілеу.


Облыстың білім басқармасы мектептердің мәртебесіне қарамай білім сапасын жоғарылату бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

2008 жылы ҰБТ орта баллы 62,8 баллды құрады. 2009 жылы бұл көрсеткіш 7,96 баллға артты. Оқушылардың білімдегі жетістіктері көрсеткішінің бірі – «Алтын белгімен» және үздік аттестатпен аяқтаған түлектер үлесі. 2008 жылы 209 түлек мектепті «Алтын белгімен» аяқтады және 229 оқушы үздік аттестат алды.

Бес жыл бойына ҰБТ орта баллы жоғарылауда



Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

Орташа балл

50,2

61

64,01

76,11

62,8

70,76

Республика бойынша рейтингтегі орын


11


5


7


1


15


16


2008-2009 оқу жылы «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатын 327 (үміткерлердің 55,8 %) түлек алды.


Жыл

Үміткерлер саны

Олардың ішінде растағандары

%

2005

266

185

69,54

2006

420

211

50,23

2007

545

384

70,45

2008

677

209

30,84


^ Облыс бойынша 2004-2009 жылдардағы ҰБТ орта баллы төмендегі

динамикада көрсетілген.


Облыстың 819 жалпы орта білім беру мекемесінде оқыту сапасын қадағалаудың білім беру мекемесінен тәуелсіз түрлерінің бірі – ^ МАБ өткізілді, оған 9 - сыныптың 43874 және 4 – сыныптың 36272 оқушысы қатысты.

2008 жылғы МАБ қорытындысы: мектептің негізгі сатысы (9-сынып) бойынша 90 мүмкін баллдан 60,16 баллды құрады (орындау пайызы 66,8-ге тең) аталған көрсеткішке сай облыс Республика бойынша 2-ші орынға шығып отыр.

Мектептің бастауыш сатысы бойынша (4-сынып) орта балл 20 мүмкін баллдан 16,29 баллды құрады (орындау пайызы 81,45 тең, 2007 жылғы осы көрсеткіш 73,5%). Орта балл көрсеткішіне сай облыс Республика бойынша 7- орында.

^ 2009 жылғы МАБ-қа 819 мектеп қатысты, бұл облыстағы орта білім беру мектептерінің жалпы санының 66,6 % құрайды, 4- сыныптың 36272 оқушысы және 9-сыныптың 43874 түлегі. 4- сыныптар бойынша орта балл 17 бірлікті және 9- сыныптар бойынша - 65,41 бірлікті құрады.


^ 2.5. Мектеп оқушыларының интеллектуалдық жарыстары


Республикалық мектеп оқушылары олимпиадасында, ғылым негіздері бойынша мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарында облыс оқушылары жүлделі орындарға қол жеткізді.

2007-2008 оқу жылының қорытындысы бойынша облыстың 17 оқушысы түрлі халықаралық жарыстардың жеңімпазы болды.


^ 2.6 Қаладағы мектеп оқушыларының оқулықтармен және ОӘҚ қамтамасыздандырылуы


Облыстың білім беру жүйесінде жаңа буын оқулықтарымен оқытуға көшу 1997 жылдан бері жүргізілуде. Ағымдағы оқу жылынан бастап 1-11 сынып оқушылары жаңа буын оқулықтарымен білім алу үстінде. Нақты аяқталу мерзімі 2009-2010 оқу жылына белгіленген.

Облыстағы мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 77% құрайды. Барлық оқушыларды оқулықтармен түгел қамтамасыз ету оқушылар контингентінің үнемі көбеюіне, облыстағы тұрғындар санының өсуіне байланысты күрделі жағдайда.

2008 жылы мектеп кітапханаларының оқу қоры балама оқулықтармен және басқа оқу әдебиетімен айтарлықтай толықтырылды.

Жалпы білім беру бағдарламасымен қатар эксперименталдық бағдарлама бойынша оқып жатқан балалар оқулықтармен толық қамтамасыз етілген:

  • 12 жылдық білім беру,

  • 3 тілде оқыту,

  • билингвалды оқыту,

  • екінші сыныптан бастап ағылышын тілін оқыту,

  • «өзін-өзі тану»,

  • мектеп алды оқыту.



^ 2.7. Әлеуметтік жетімтік, балалар панасыздығы мен бақылаусыздығы, балалардың кепілді сапалы өмір сүруін толық түрде қамтамасыз ете алмау


Әлеуметтік жетімдік қазіргі кезге дейін қоғамдық құбылыс ретінде сақталып келеді. Облыста 5 мемлекеттік және 1 жеке меншік балалар үйі жұмыс істейді. Егер 2008 жылы оларда 616 бала болған болса, қазіргі кезде олардың саны 47–ге азайып 569 тәрбиеленушіні құрап отыр. Олардың ішінде 122 ата-анасы жоқ, яғни тұл жетімдер, 447 ата-анасының қамқорынсыз қалғандар.

Облыс бойынша қамқорлыққа 2375 жетім және ата – анасының қамқорынсыз қалған балалар алынған, патронаттық тәрбиеге 466 бала берілген, олардын ішінде 94-і балалар үйінен.

Қазіргі кезде 6 балалар үйінің 35 тәрбиеленушісіне аудан және қала әкімдерінің шешімімен пәтер үй бөлінді. 142 балаға асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдем ақы тағайындалды, банктерде депозиттер ашылды.

Өткен оқу жылы облыс бойынша мектепті 242 жетім және ата –анасының қамқорынсыз қалған балалар аяқтады, олардың ішінде 42-і балалар үйінің тәрбиеленушілері. Олардың 123-і жоғары оқу орындарына түсті: 64 мемлекеттік грант алды, 59 облыс әкімінің жолдамасы бойынша, 67 колледждерге, 23 кәсіптік лицейлерде оқуда, 28 жұмыс істеуде, 1 Ресейге қоныс аударды.

Балалар үйінің түлектері қалалық жасөспірімдер үйіне орналасады. Егер 2007 жылы ол жерде 152 тәрбиеленуші тұрған болса, қазіргі кезде 174 тәрбиеленуші өмір сүруде. 23 жасқа толған жасөспірімдер үйінің 14 тәрбиеленушісі өз пәтер үйімен қамтамасыз етілген. Жасөспірімдер үйінде тұратын жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды пәтер үймен қамтамасыз ету мәселесі ең маңызды проблема болып табылады.




^ 2.8. Тәрбие жұмысы


Кәмелетке жасы толмаған балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілуде. Оларды мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуға, спортпен айналысуға, түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысуға тарту жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіледі.

Сабақтан тыс уақытта жұмыс істейтін 2008 жылы 39 мектептен тыс мекемелер мен 648 аула клубтары, 2009 жылы 40 мектептен тыс мекемелер және 19 аула клубтары қызмет көрсетті.

Аталған мекемелердегі үйірмелерге 21,853 мыңнан аса бала мен жасөспірімдер қатысады, бұл мектеп оқушыларының жалпы санының 4,5 % құрайды.

Жаздық сауықтыру демалысы «Жаз-2009» жемісті өткізілді.

2009 жылы демалушылар саны оқушылардың жалпы санынан 26% құрады, сауықтырумен және еңбекпен қамтылғандар - 52%. Осылайша демалыстың әр түрлі формаларымен оқушылардың 82% қамтамасыз етілді.

2009 жылдың жазғы кезеңінде демалыс, сауықтыру жүйесі келесі ретпен орналасты: қала сыртындағы демалу және сауықтыру лагері – 21 (2008 жылы – 27), мектеп жанындағы лагерлер – 423, мектеп жанындағы лагерлер 30592 баланы қамтыған.


^ 2.9. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы

әлемдік стандарттардан артта қалуда


Мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету бойынша әлемдік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін (5-6 адамға 1 компьютер) компьютерлік техниканы оның физикалық және моральдық тозуын есепке ала отырып жыл сайын жаңарту қажет.

Бүгінгі күні мектептердегі 5583 (25,4%) компьютерлер ауыстыруды қажет етеді. Әлемдік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін (5-6 адамға 1 компьютер) мектептерді компьютерлік техникамен жабдықтау санын ұлғайту қажет (қазіргі кезде 23 адамға 1 компьютерден келеді). Мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қосымша 63432 компьютер алу, яғни қазіргі мектептерде бар компьютерден 3 есе артық қажет.

Білім мекемелерін кеңалқапты Интернет жүйесіне 100% қосу қажет, облыста бұл көрсеткіш 34,9% құрайды. Мектептердің Интернет жүйесіне шығу құны маңызды проблема болып табылады. Төмендетілген тарифтің өзінде Интернет құны өте қымбат. Облыстағы 447 мектеп қашықтан оқыту жүйесіне қосылған.

Білім беруді ақпараттандыру тиімділігі көбіне педагог кадрлардың білім беру үрдісінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) жүйелі қолдана білуіне байланысты.

Педагог кадрлардың біліктілігін жоғарылату - мемлекеттік тапсырыс бойынша соңғы 2 жылда білім беруді ақпараттандыру бойынша 871-ден аса информатика мұғалімі мен пән мұғалімдері дайындалды.


^ Бірқатар жүйелі қиындық туғызып отырған мәселелер бар:

1. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелеріндегі орын тапшылығы

Облыста 21 мыңнан аса бала мектепке дейінгі мекемелерден орын алуға кезекте тұр. Мектепке дейінгі жастағы 178 мыңнан аса бала үйде тәрбиеленуде.

^ 2. Оқушы орындарының тапшылығы:

2008 жылғы жағдай бойынша жалпы білім беру мектептерінің лық толу мәселесі сақталып отыр, тапшылық – 57277 оқушы орынды, 2009 жылы 42005 оқушы орнын құрады.

3. Бүгінгі күні мектептегі компьютерлердің 25,4% ауыстыру қажет – 5583 дана. Әлемдік көрсеткіштерге (5-6 адамға 1 компьютер) қол жеткізу үшін мектептерге компьютерлер алуды ұлғайту қажет (қазіргі кезде 23 оқушыға 1 компьютерден келеді). Мектептерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету үшін қосымша 63432 компьютер алу қажет, яғни қазіргіден 3 есе көп.

Мемлекеттік лицензиясы бар, жалпы білім беру мектептерінің жанында жұмыс істейтін алғашқы (дәрігерге дейінгі) медициналық көмек көрсету кабинеттерінің пайызы төмен (37,7%).

Спорт залдары спорттық құралдармен аз қамтамасыз етілген.

4. Қазіргі жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасының жағдайы заманауи талаптарға сай келмейді: облыстағы 1013 жылпы білім беру мектептерінің 531 ыңғайландырылған ғимараттарда орналасқан (оның ішінде 332 саманнан салынған мектеп), 62 - апатты жағдайда, облыстағы 29 мектеп 3 ауысымда оқиды.

5. Жалпы білім беру мектептерінің материалдық-техникалық базасы қосымша 644 оқу кабинетімен, 15637 дана оқушы партасымен, 692 дана оқушы тақтасымен жабдықтауды қажет етеді.

6. Арнайы жабдықталған мектеп автобустарының жетіспеушілігі.


^ 2.10. Оңтүстік Қазақстан облысында техникалық

және кәсіптік білім беру


Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы техникалық және қызмет көрсету саласының білікті мамандарының санын көбейтуді қажет етуде. 2009 жылы 78 мыңнан аса адам 91 техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінде 157 мамандық бойынша білім алуда (26 кәсіптік лицей мен 65 колледждердегі Т және КБ). Жыл сайын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелері 17 мыңнан аса мамандарды түлетеді, олардың 96% облыстағы еңбек рыногында жұмысқа орналасқан.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелеріне жұмыс берушілермен тұрақты байланыс жетіспейді. Мамандарды дайындау кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі еңбек рыногы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне емес, мұғалімдердің ағымдағы мүмкіндіктері мен оқу-материалдық базасының мүмкіндігіне қарайды. Әлеуметтік серіктестік пен қызметтестікті дамытуға көмектесетін республикалық және жергілікті деңгейдегі көмекші құрылымдар жоқ. Бүгінгі күні 24 кәсіптік лицейдің 5-інде, 12 колледждің 1-інде жатақхана жоқ.

Еңбек ақының төмен деңгейі мен жеткіліксіз әлеуметтік пакет салдарынан білікті және болашағы бар мұғалімдердің кәсіпорындарға кетуі, инженерлік-педагогикалық кадрлар құрамының тұрақсыздығы сияқты тұрақты тенденция сақталуда. Арнайы пән мұғалімдері мен өндірістік оқыту шеберлеріне еңбек ақылары сақтала отырып біліктілікті көтеру және өндірісте сынақтан өту жүйесі жоқ.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің дамуын тежеп тұрған негізгі факторларды бірі - қаржыландырудың аз көлемі.

Шымкент қаласындағы № 2 кәсіптік лицейде «Интерактивті мектеп» пилоттық жоба аясында көпфункционалды «Білім берудегі мультисервисті ақпараттық-коммуникативтік желілер» жүйесі енгізілді және облыстағы базалық оқу орны ретінде бекітілді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 6 интерактивті – оқыту жабдығы бөлінді.

Норвегия Республикасымен, Корея Республикасымен, Германия Республикасымен техникалық қызметтестік аясында кәсіптік білім беру саласының басқарушы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін көтеру және дамытуға көмектесу жобасын жүзеге асыру басталды.

Аталған жобалар аясында облыста оқу мекемелері басшыларының менеджмент және оқу үрдісін ұйымдастыру сұрақтары бойынша біліктілігін жоғарлату мақсатында 5 семинар өткізілді. Сонымен қатар тәжрибе алмасу мақсатында облыстан 10 адам Норвегия Республикасына, 2 адам Корея Республикасына барып қайтты.

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі мен Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі республикада алғашқылардың бірі болып халықаралық стандарттар ИСО 9001 – 2000 сай сапа менеджменті жүйесін енгізді және сертификаттарын алды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мақсатында «Казатомпром» ҰК және «Компания Таукен» ЖШС қызметтестік қарым-қатынас туралы меморандумға қол қойды. «Компания Таукен» ЖШС Таукент елді мекеніндегі №24 кәсіптік лицейде өндірістік-зертханалық комплекс құруға және материалдық-техникалық базасын толығымен жабдықтауға міндеттеме алды.

Сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі мен «Энергоорталық-3» АҚ арасында келісімге қол қойылды.

«Энергоорталық-3» АҚ 2009-2011 жылдары колледждің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға 15,0 млн. теңге бөлуге міндеттеме алды.

Шымкент қаласында 960 оқушы орындық мұнай химиясы және мұнай газды өңдеу бойынша кәсіптік лицейді салу үшін ТЭН және ЖСҚ жасалған, сараптамадан өткен. Нысанның құрылысы 2012 жылға жоспарланған.

Бәйдібек ауданы Шаян ауылында 360 орындық кәсіптік лицейдің құрылысы салыну басталды.

2009 жылы қарастырылған бюджеттік қаржы 2008 жылмен салыстырғанда өте аз. Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және күрделі жөндеуге қаржы қарастырылмаған. Шаруашылық шығындарына қарастырылған қаржы 2008 жылға қарағанда 2 млн. теңгеге, ғимараттарды ұстауға - 3 млн. теңгеге кем қарастырылған. 2008 -2012 жылдарға Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білімді дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бойынша түзілген іс-шаралар жоспарының жүзеге аспай қалу қауіпі төніп тұр.
  1   2   3   4   5



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары
Мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ісқағаз жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге өтуіне жағдай жасау, мемлекеттік тіл мен...
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconПавлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсан “Павлодар облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының 2010-2014 жылдарға...
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары iconОңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Түстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы