Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны icon

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
страница2/4
Дата конвертации05.01.2013
Размер465.61 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4







1.4.3. Ауыз су қауіпсіздігінің мониторингі

Қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағын көбейту (2008ж. – 67,5%; 2009ж. – 71,0%; 2010ж. – 71,2%; 2011ж. – 76,5%; 2012ж. – 79,9%; 2013ж. – 80,5%; 2014ж. – 83,0%)

5. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұтымды тамақтану

1.5.1. Халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру


Күтілетін өмір сүру ұзақтығын көбейту (2008ж. – 67,9; 2009ж. – 68,0; 2010ж. – 68,2; 2011ж. – 68,4; 2012ж. – 68,6; 2013ж. – 68,7; 2014ж. – 68,9)

СӨС туралы халықтың хабардарлығын арттыру

(2008ж.- 55%; 2009ж. -60%; 2010ж. - 65%; 2011ж. – 70%; 2012ж. - 75%; 2013ж. - 77%; 2014ж. - 80%)

Тәуекелдің мінез-құлық факторларының таралуын азайту

- темекі шегу

(2008 ж. – 21,9%; 2009 ж. – 21,4%; 2010 ж. – 19,3%; 2011ж. – 18,8%; 2012ж. – 18,3%; 2013ж. – 17,8%; 2014ж. – 17,5%)

- алкогольді теріс пайдалану

(2008 ж. – 17,3%; 2009 ж. – 16,9%; 2010 ж. – 14,6%; 2011ж. – 14,2%; 2012ж. – 13,8%; 2013ж. – 13,4%; 2014ж. – 13,2%)

- дененің артық салмағы

(2008 ж. – 24,0%; 2009 ж. – 23,7%; 2010 ж. – 23,3%; 2011ж. – 23,2%; 2012ж. – 22,9%; 2013ж. – 22,7%; 2014ж. – 22,5%)


2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесін басқару тиімділігін арттыру

1. Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

2.1.1. Қаржыландыруды жетілдіру

Медициналық қызметтерді өнім берушілер арасында бәсекелестікті дамытуды ынталандыратын тарифті қалыптастыру тетіктерін кезең-кезеңімен енгізу

Денсаулық сақтау ұйымдарында 2011 жылға дейін қор ұстауды және ДКПН енгізу

2.1.2. Басқару жүйесін жетілдіру


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі және денсаулық сақтау министрлігі арасындағы Келісімнің түпкілікті нәтижелерінің көрсеткіштерінің мақсатты мәнін әзірлеу

Денсаулық сақтау басқармасының құрылымында ішкі аудит қызметін жетілдіру

Денсаулық сақтауды басқарудың барлық деңгейінде кезең-кезеңмен менеджерлер инсттутын ендіру; денсаулық сақтау ұйымдарында басқарудың транспаренттік нысандарын ендіру

Денсаулық сақтау менеджменті саласында дайындалған мамандар санын көбейту (2008ж. – 41; 2009ж. – 44; 2011ж. – 46; 2012ж. – 48; 2013ж. – 50; 2014ж. – 52)

2010 жылдан бастап стационар және стационар алмастырушы деңгейлерде ТМККК орталықтандыру, БМСК – 2011 жылдан бастап

Медицина ұйымдарында денсаулық сақтаудың Бірыңғай ақпараттық жүйесін ендіру (2008ж. – 1; 2009ж. – 1; 2010ж. – 3; 2011ж. – 7; 2012ж. – 12; 2013ж. – 18; 2014ж. – 25 ұйым)

2.1.3. Медициналық қызметтер сапасын арттыру


Аккредиттеуден өткен медицина ұйымдарының санын (аккредиттеуден өтуге өтініш берген ұйымдар санының %) 2014 жылға қарай 95% - ге дейін арттыру (2008 ж. – 0; 2009 ж. – 70%; 2010 ж. – 75%; 2011ж. – 80%; 2012ж. – 85%; 2013ж. – 90%; 2014ж. – 95%)


2. Халықтың медициналық қызметтерге бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіру

2.2.1. БМСК басым түрде дамыта отырып, денсаулық сақтау саласы желісін оңтайландыру


БМСК дәрігерлерінің санына шаққанда жалпы практика дәрігерлерінің үлес салмағын арттыру (2008 ж. – 19,5%; 2009 ж. – 23,5%; 2010 ж. – 26,0%; 2011ж. – 29,5%; 2012ж. – 31,5%; 2013ж. – 32,0%; 2014ж. – 33,5%)

БМСК ұйымдарының жұмыс сағаттары кезінде жедел жәрдем шақыру санын азайту

(2008 ж. – 35,8%; 2009 ж. – 34,9%; 2010 ж. – 34,0%; 2011ж. – 33,1%; 2012ж. – 32,2%; 2013ж. – 31,1%; 2014ж. – 30,0%)

Көп бейінді стационарлар басымдығымен ауруханалық секторды қайта құрылымдау – ауруханалық ұйымдар желісін «ҚР денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі №494 қаулысына сәйкес келтіру

Халықтың стационарлық көмекті пайдалануын азайту (1000 адамға шаққанда төсек-күндер саны) (2008 ж. – 1801; 2009 ж. – 1770; 2010 ж. – 1750; 2011ж. – 1650; 2012ж. – 1550; 2013ж. – 1450; 2014ж. – 1400)

3. Дәрілік көмектің сапасы мен оған қол жеткізуді арттыру

2.3.1. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделін ендіру

Ауылдық елді мекендерде фармацевтикалық қызметпен айналысатын ұйымдар санын көбейту (2008 ж. – 43,9%; 2009 ж. – 50,9%; 2010 ж. – 52%; 2011ж. – 53%; 2012ж. – 54%; 2013ж. – 55%; 2014ж. – 56%)

Халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кезінде дәрілік заттарды тегін/жеңілдікті рецептер бойынша босатуды іске асыратын дәріханалық ұйымдар және БМСК нысандарының санын көбейту (2008 ж. – 221; 2009 ж. – 222; 2010 ж. – 224; 2011ж. – 227; 2012ж. – 229; 2013ж. – 232; 2014ж. – 235)

^ 3-стратегиялық бағыт. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыру

1. Саланы қоғамның қажеттілігіне сай келетін білікті кадрлармен қамтамасыз ету

3.1.1. Кадрлық ресурстарды дамыту

Дәрігер кадрлар тапшылығын төмендету: барлығы/ауылда (2008 ж. – 341/225; 2009 ж. – 370/242; 2010 ж. – 340/231; 2011ж. – 325/220 адам; 2012ж. – 310/215; 2013ж. – 305/210; 2014ж. – 300/200)


Білім жетілдіру және мамандану курстарынан өткен дәрігерлердің үлес салмағы (%) (2008 ж. – 22; 2009 ж. – 23; 2010 ж. – 24; 2011ж. – 25; 2012ж. – 26; 2013ж. – 27; 2014ж. – 28)

Облыстың біліктілік санаты бар дәрігерлерінің үлес салмағы (%) (2008 ж. – 42; 2009 ж. – 43; 2010 ж. – 44; 2011ж. – 45; 2012ж. – 46; 2013ж. – 47; 2014ж. – 48)

3.1.2. Орта медициналық білімнен кейінгі мамандарды даярлау тиімділігін жоғарылату

Медициналық колледждерде оқитындардың үлгерімінің сапалы көрсеткіштерін арттыру (%) (2008 ж. – 74,4; 2009 ж. – 75; 2010 ж. – 77,0; 2011ж. – 80; 2012ж. – 82,0; 2013ж. – 85; 2014ж. – 87)



3.1. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

1.1. мақсат Ана мен бала денсаулығын қорғау


ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Ана мен бала өлім-жітімін азайту жөніндегі Бағдарлама мониторингі

  • Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген аурулардың диагностикасы мен емдеу стандарттарын ендіру

  • Әйелдер мен балаларды профилактикалық тексеру мониторингі

  • Тиімді перинатальдық технологияларды (ДДҰ ұсынған) ендіру мониторингі

  • Жүкті әйелдерді, балаларды және жасөспірімдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мониторингі

  • Туа біткен кемістіктің генетикалық скринингті ендіру және оның тиімділігінің мониторингі

Ішкі саясат басқармасы, ОҚО мәдениет басқармасы – аурудың симптомдары туралы әйелдердің хабардарлығын, жүкті әйелдерді медициналық есепке алу қажеттілігін арттыру.

Білім басқармасы, Ішкі саясат басқармасы, ОҚО мәдениет басқармасы – салауатты өмір салтының дағдылары туралы оқушылардың хабардарлығын арттыру (дене белсенділігін арттыру, валеология және СӨС қалыптастыру жөніндегі сұрақтарды оқу үдерісіне кіргізу).

ОҚО білім басқармасы – білім беру үдерісінде санитарлық-гигиеналық талаптардың сақтауы (бастауыш сыныптың оқушылары үшін ыстық тамақ ұйымдастыру, мектеп жиhазының баланың бойына – жасына байланысты ерекшеліктеріне сәйкестігі, оқу жүктемесін оқтайлы жоспарлау).

Көмекті босану және балалар ұйымдарын медициналық құрал-жабдықпен жарақтандыруға жергілікті бюджеттен қаржы бөлу.

Туризм және спорт басқармасы – балалар-жасөспірімдер мектептерінің, денешынықтыру – спорт клубтарының, спорттық секциялар жүйесін кеңейту және олардың балалар, жасөспірімдер және жастар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету.



^ 1.2. мақсат Әлеуметтік елеулі аурулардың ауыртпалығын азайту


ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық өзара іс-қимылды талап ететін іс-шаралар

  • Салалық бағдарламалар мониторингі. Дәлелді медицинаға негізделген аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамаларының стандарттарын ендіру.

  • Профилактикалық тексерулер мониторингі.

  • Туберкулезге қарсы қызметтік аудиті және туберкулезден науқастанушылықты өлімді азайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу.

  • Онкологиялық және онкогематологиялық аурулар кезінде химиятерапияның қазіргі заманғы стандарттарын ендіру.

  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру.

  • Жаңа технологияларды ендіру.

  • Кардиохирургиялық бөлімше қызметін одан әрі дамыту.

  • Аса тапша мамандықтар бойынша кадрларды оқыту.

Ішкі саясат басқармасы, ОҚО мәдениет басқармасы – халықтың СӨС ұстану дағдылары туралы хабардарлығын арттыру (электрондық және баспа БАҚ-да СӨС және денсаулықты қорғау жөніндегі іс-шаралар санын көбейту).

Қылмыстық-түзету жүйесі комитетінің басқармасы – тергеуде отырғандар мен сотталғандарды профилактикалық тексеру, диагностикалау және емдеу сапасын арттыру.

Ішкі істер департаменті – есірткі, психотропты заттардың және прекурсорлардың айналымына бақылауды күшейту.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасы – қоршаған ортаның халықтың денсаулығын қолайсыз әсерін төмендету бойынша іс-шараларды күшейту.

МИО – клиникалық басшылықты ендіру, туберкулезбен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу үшін бөлімшелер ашу; паллиативтік ұйымдар (хоспис) жүйесін кеңейту; туберкулезбен ауырып тұрған балалар мен жасөспірімдерді санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету.




^ 1.3. мақсат Жарақаттық ауыртпалығын азайту


ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Санитарлық авиацияны дамыту.

  • Реанимобильдер сатып алу.

  • Дәлелді медицина қағидаттарына негізделген жарақаттанудың және уланудың диагностикасы мен емдеу стандарттарын ендіру.

  • Жарақат кезінде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру.

Ішкі істер департаменті – жол полициясының мамандарына алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына үйрету.

ТЖМ басқармасы – төтенше жағдайлар кезінде дер кезінде медициналық көмек көрсету.

Еңбек, халықты әлеуметтік қорғу министрлігінің департаменті - өндірісте еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету; мүгедектерді медициналық - әлеуметтік оңалту.

Көлік және коммуникация басқармасы – жолдардың құрылысы және жөндеу жергілікті атқару органы – жол желісінің бойына орналасқан жедел медициналық көмек қызметінің ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту, жергілікті маңызды жолдар құрылысы және жөндеу.



^ 1.4. мақсат Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету


ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Оба бойынша қолайсыз (энзоотиялық) аумақты тексерумен қамтуды ұлғайту.

  • Аса қауіпті жұқпалардың табиғи ошақтарында алдын алу іс-шараларын жүргізу.

  • Санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалар кезінде зертханалық зерттеулеу жүргізу.

Ауыл шаруашылығы басқармасы – ауыл шаруашылығының малдарын зооантропоноздық жұқпаларды анықтау бойынша алдын алу іс-шараларымен және диагностикалық зерттеулермен қамтуды ұлғайту; халықты қауіпсіз сумен қамтамасыз етуді ұлғайту.

Қоршаған ортаны қорғау басқармасы – экологиялық мониторингті іске асыру.

Жергілікті атқару органдары – балаларда декретпен белгіленген жаста профилактикалық егумен қамтуды ұлғайту.

МСЭҚД – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының мониторингін күшейту.



^ 1.5. мақсат Салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұтымды тамақтану



ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • «Салауатты өмір салты» салалық бағдарламасын ісске асыру мониторингі.

  • Ұтымды тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы стратегияны ендіру.

Ішкі саясат басқармасы, ОҚО мәдениет басқармасы – халықтың СӨС ұстану дағдылары туралы хабардарлығын арттыру (электрондық және баспасөздік БАҚ қатыстарын СӨС бойынша іс-шаралар санын көбейту).

Білім басқармасы – оқушылардың салауатты өмір салтының дағдылары туралы хабардарлығын арттыру (дене белсенділігін арттыру, оқу үдерісіне валеология және СӨС қалыптастыру бойынша ендіру.

Туризм және спорт басқармасы – дене шынықтыру - спорттық клубтар мен секциялар желісіне қол жетімділікті ұлғайту, аурушаңдық деңгейін төмендету және аурудың алдын алу, сауықтыру іс-шараларының сапасын жақсарту және барлық халыққа көрсетілетін емдеу-алдын алу қызметтерінің көлемін кеңейту.

Жергілікті атқару органдары – СӨС насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға қаржы бөлу.



^ 2.1. мақсат Басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру



ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Тариф құру механизмдерін ендіру.

  • Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау.

  • Денсаулық сақтау ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік кәсіпорындарға кезең-кезеңмен ауыстыру әдістемесін іске асыру.

  • Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін медицина ұйымдарын міндетті тіркеуді (аккредитация) ендіру.

  • Клиникалық басшылықты, аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларын ендіру.

  • Біріңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін ендіру және дамыту.

Жергілікті атқару органдары – тариф құру, қор ұстау және екі компонентті жан басы нормативі механизмдерін ендіру; бас дәрігерлер қызметіне оқытылған менеджерлерді тағайындау; денсулық сақтау ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығында мемлекеттік кәсіпорындарға ауыстыру; клиникалық басшылықты, аурулардың диагностикасы мен емдеу хаттамаларын ендіру.



^ 2.2. мақсат Халықтың медициналық қызмет түрлеріне тең қол жетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіру

ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының жүйесін бекітілген нормативке келтіру.

Жергілікті атқару органдары – ауруханалық секторды қайта құрылымдау, көп бейінді стационарлар құру; БМСК жалпы дәрігерлері арасында жалпы практика дәрігерлерінің үлесін көбейту.



^ 2.3. мақсат Дәрі-дәрмектік көмектің қол жетімділігіе және сапасын жоғарылату



ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің жаңа моделін ендіру.

  • Тиісті практикалық мемлекеттік стандарттарын ендіру

Кәсіпкерлік басқармасы – отандық фармацевтикалық нарықтық дамуына жәрдемдесу.

Жергілікті атқару органдары – БМСК нысандарына дәрілік заттарды сатуға рұқсат беру.



^ 3.1. мақсат Қоғамның талаптарына сай келетін білікті кадрлармен саланы қамтамасыз ету



ДСМ іске асыратын іс-шаралар

Салааралық үйлестіруді талап ететін іс-шаралар

  • Медицина кадрларына деген қажеттілікті және олардың тапшылығын азайту;

  • Шет елдерде оқытылған медицина кадрларының санын көбейту.

Ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілген медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне әлеуметтік пакеттер беру.

Жергілікті атқару ұйымдары – жеке инвестицияларды және демеушілік қаражатты тарту жолымен келісім негізінде жергілікті атқару органдарының денсаулық сақтау мамандарын даярлауға мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру, кадрларды ел ішінде және шет елдерде оқуға жіберу, түлектерді жұмысқа орналастыру.
1   2   3   4



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары
Мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ісқағаз жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге өтуіне жағдай жасау, мемлекеттік тіл мен...
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconҚарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы