Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны icon

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
страница1/4
Дата конвертации05.01.2013
Размер465.61 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4










Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің




2009 жылғы « 20» « желтоқсан »




406 қаулысымен бекітілген








Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ


Мазмұны


  1. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының

миссиясы және көзқарасы 3


  1. Ағымдағы жағдайды талдау 4




  1. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметінің

стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері және негізгі нысаналы

индикаторлары 13

  1. Мемлекеттік органдармен қол қоюға жоспарланған келісімдер негізінде

ведомствоаралық өзара іс-қимыл 19

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының Стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі 25

  2. Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының

функциялық мүмкіндіктері 34

  1. Мүмкін болатын қауіптер 35




  1. Нормативтік-құқықтық актілер және Мемлекет басшысының тапсырмалары 37




  1. Бюджеттік бағдарламалар 39



Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының миссиясы:


Оңтүстік Қазақстан облысының халқына медициналық көмек көрсетуді жақсарту, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру


^ Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының көзқарасы:


Облыстың халқына сапалы медициналық қызметтерге қол жетімділікті

қамтамасыз ететін тиімді денсаулық сақтау жүйесі.


^ 2. Ағымдағы жағдайды талдау


Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың ірі өңірлерінің бірі болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысы халқының орташа жылдық саны 2008 жылы – 2 381,6 мың адамды құрады, оның ішінде қала тұрғындары – 895,0 мың адам, ауыл тұрғындары – 1486,6 мың адам.

Денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген, бұл бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасында медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру арқылы халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту болып табылады.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты мына өңірлік бағдарламаларды бекітті:

- 1 кезеңге сәйкес (2005-2007 жылдар) – «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», бұл бағдарламаны табысты аяқтау бойынша бала туудың негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерін, облыс халқының жалпы өлім-жітімі, табиғи өсімі көрсеткіштерін жақсартуға, ана мен нәрестелер өлімінің, әлеуметтік елеулі аурулар мен науқастанушылық көрсеткіштерін тұрақтандыруға қол жеткізілді;

- Мемлекеттік бағдарламаның 2-кезеңіне сәйкес – «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы», бұл бағдарламаның негізгі міндеттері бастапқы медициналық-санитарлық көмектің (БМСК) ролін арттыру, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмектің тиімділігін арттыру, ана мен бала денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, кадрлық саясатты жетілдіру.

Таяу арадағы үш жылда денсаулық сақтау саласын дамытуға Оңтүстік қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2009-2010 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарында көрсетілген үрдістен басқа 2009 жылғы қаржылық дағдарыстың салдары әсерін тигізетін болады:



Үрдістер мен бар өзгерістер

Денсаулық сақтау басқармасының жұмысына әсерін тигізетін факторлар

Қаржылық дағдарыс




Әртүрлі салаларда жұмыс орындарының қысқаруы, денсаулық сақтау саласына медицина кадрларының келіп қосылуы.

Денсаулық сақтау нысандарының құрылысын бастау мерзімдерінің ауысуы. Ауруханалардың күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына арналған қаржысын қайта бөлу.


Кадрларды қайта даярлау қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру қажеттілігі.


Денсаулық сақтаудың апаттық жағдайдағы объектілерінің үлес салмағын азайту.



Бұл үрдістер шешуді талап ететін қазіргі уақытта бар жүйелік проблемалармен өзара байланысты қаралуы қажет.


  1. ^ Азаматтар денсаулығының деңгейі және медициналық қызмет сапасын жоғарылату қажеттілігі.

Әйелдер мен балалар денсаулығының жеткіліксіз деңгейі, әлеуметтік елеулі аурулардың таралушылығы, қоғамдық денсаулық деңгейінің төмендігі және тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жеткіліксіз қамтамасыз ету тұтасымен азаматтар денсаулығы деңгейінің төмендігін айқындайды.


^ 1-кесте. 2004-2008 жылдардағы Оңтүстік Қазақстан облысының демографиялық көрсеткіштерінің серпіні (1000 адамға шаққанда)





Соңғы 5 жыл ішінде облыста туу деңгейі 23,4%-ға 2004 жылғы 26,5-тен 2008 жылғы 32,7-ге артты (ҚР 2008 жылы – 22,63); халықтың табиғи өсуі 31%-ға 19,7-ден 25,8-ге артты (ҚР 2008ж. – 12,8); жалпы өлім-жітім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 6,9 деңгейде тұрақтанды, бұл республикалық көрсеткіштен төмен (ҚР 2008ж. – 10,0).

Демографиялық жағдайда позитивті алға басуға қарамастан әйелдер мен балалар денсаулығының төменгі деңгейі сақталуда. Аналар өлім-жітімінің көрсеткіші 2004-2007 жылдар бойы 100 мың тірі туғандарға 37,2-ден 56,0-ге (2007 жыл) дейін ұлғайды, бұл осы мерзім ішіндегі аналар өлім-жітімінің республикалық көрсеткішінен жоғары. 2008 жылы облыста аналар мен балалар өлім-жітімін төмендетудің 2008-2010 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру басталды, бұл аналар өлім-жітімінің көрсеткішін 100 мың тірі туғандарға 31,8-ге дейін төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

2-кесте. 2004-2008 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысының ана (100 мың тірі туылғандарға шаққанда) және нересте өлім-жітімі көрсеткіштерінің серпіні (1000 тірі туылғандарға шаққанда)





Нәрестелер өлімінің көрсеткіші ұдайы өсуде:

1000 тірі туғандарға 14,5%-ден (2004 жыл) 18,9% (2007ж.) дейін артты. Жоғары туу деңгейі және соған байланысты балаларға және босанатын әйелдерге медицина жәрдемін беру қызметінің кадрлық және төсек-орын жеткіліксіздігі, сондай-ақ Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) тірі және өлі туудың жаңа өлшемдерінің енгізілуі нәрестелер өлімі көрсеткішінің 2008 жылы көптен өсуіне әкеліп соқты – 24,3%0. Бұл көрсеткіш республиканың басқа өңірлерінің осыған ұқсас индикаторларынан асып түсті. Нәрестелер өлім-жітімінің құрылымы алдын алуға болатын себептермен (асфиксия, туу жарақаттары мен жұқпалар) түсіндіріледі.

^ 3-кесте. 2004-2008 жылдарда Оңтүстік Қазақстан облысында күтілетін өмір сүру ұзақтығы

Әлеуметтік елеулі аурулар айтарлықтай экономикалық шығын әкеледі және күтілетін өмір сүру ұзақтығын төмендетеді, 2008 жылы өмір сүру ұзақтығының деңгейі 67,9 жасты құрады.

Жалпы өлім-жітім құрылымында барынша үлкен үлес салмақ (2008ж. – 47,8%) қанайналым жүйесінің ауруларына (ҚЖА) келеді, бұл ретте қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің негізгі пайызы еңбекке қабілетті жастағы адамдарға (16-62 жас) келеді.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің төмендеуіне қарамастан (2004 жылғы 113,5-тен 2008 жылғы 92,5-ке дейін) асқынған нысанға ие болады (14,9%), ал жалпы өлім-жітім құрылымында үшінші позицияны иеленеді.

^ 4-кесте. Оңтүстік Қазақстан облысында 2004-2008 жылдарда туберкулезден сырқаттанушылығы және өлім-жітімі көрсеткіштерінің серпіні (100 мың адамға шаққанда)


Өткен үш жылда туберкулезден науқастанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші өскені көрініп отыр (100 000 адамға 82,2-ден 90,8-ге және 9,7-ден 11,2-ге дейін), көрсеткіштер республикалық көрсеткіштен төмен, алайда эпидемиологиялық жағдай қиын күйде қалып отыр. Туберкулездің таралуына эпидемиологиялық қадағалау, дәрі-дәрмектік тұрақтылықтың дамуы, туберкулезден өлім-жітім мәселелері өзекті болып қалуда. Туберкулезге қарсы қызмет жұмысының мониторингін күшейту, материалдық-техникалық жарақтандыру стандарттарын қамтамасыз ету, туберкулездің мультирезистенттік түрлерімен ауыратындарды мәжбүрлеп емдеу және оқшаулау қажет.

Оңтүстік Қазақстан облысы АҚТҚ/ЖҚТБ індетінің шоғырланған сатысында тұр (1,1% ортареспубликалық көрсеткіште халықтың 0,2%). 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1457 АҚТҚ жұқтырған адам тіркелді (балалар – 197), олардың саны жыл сайын ұлғаюда. Облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 31 мамырдағы №33/359-111 шешімімен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысында АҚТҚ-инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу және емдеу жөніндегі 2007 – 2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаны» іске асыру індеттің шоғырланған сатысында АҚТҚ-инфекциясының таралуын тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Жарақаттардан, жазатайым оқиғалардан және уланулардан болатын өлім-жітім Қазақстан облысы халқының өлім-жітім себептерінің ішінде екінші орында тұр. Жарақаттанушылықты төмендету үшін жарақаттану кезінде медициналық көмек көрсету стандарттарын әзірлеу, жедел медициналық жәрдем қызметінің, магистралдық жолдардың бойында орналасқан ауруханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту қажет. Одан басқа, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өндірістегі еңбек қауіпсіздігін сақтауды күшейту проблемалары бойынша көлік-коммуникациялық кешен қызметтерімен бірлесіп іс-қимылды үйлестіруді күшейту қажет.

Ең үздік нәтижелерге жету үшін денсаулықты нығайту жөніндегі барлық ведомствоаралық бағдарламаларды біріктіруді, жетілдіруді және тиімді іске асыруды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік бағдарламамен бекітілген БМСК басым түрде дамыту бойынша қажетті шаралармен қамтамасыз ету қажет, оның ішінде: азаматтардың дәрігерді еркін түрде таңдауға құқықтарын іске асыру, жалпы дәрігерлік практиканы дамыту, БМСК кадрларын дамытудың экономикалық уәжесі, осы секторда бәсекелестікті дамыту және басқалар. Соның ішінде оларды түптілікті нәтижеге жетуге бағыттау және әлеуметтік елеулі ауруларды азайту бойынша бағдарламаларды іске асыруда БМСК деңгейінде пациентке бағдарланған көмек (үйдегі патронажды дамыту), үй, күндізгі «стационарлар» амбулаториялардағы «жедел» желілер) қағидаттарын енгізу қажет.

ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50% өмір сүру салтына, көптеген созылмалы жұқпалы ауруларға (жүрек-қан тамыры жүйесі аурулары, қант диабеті және т.б.) тәуелді болады, сондай-ақ адамның өмір сүру салтына байланысты болады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту мақсатында салауатты өмір салты бағдарламасын қаржыландыру ұлғайатын 2008-2016 жылға арналған «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бағдарламасын іске асыру басталды. Саланың профилактикалық бағыттылығын күшейту, алкогольдік және темекі өнімдерін сатуды шектеу, жол қозғалысы қауіпсіздігі сияқты мәселелерде үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту және сектораралық өзара іс-қимылды күшейту қажет.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту өзекті міндет күйінде қалып отыр. 2008 жылы қызылшаның 2 жағдайы (0,08) тіркелді. Сальмонеллезбен (2004 жылғы 2,3-тен 2008 жылғы 5,75-ке дейін) сырқаттанушылықтың өсуі белгіленді. Эпидемиологиялық жағдайлардың асқынуы аса қауіпті және бұрқ етулері көршілес республикаларда тіркелетін басқа да жұқпалы аурулардың әкеліну қаупіне байланысты болуы мүмкін.


^ 2. Денсаулық сақтауды басқару тиімділігінің жеткіліксіздігі

Жыл сайын бөлінетін қаржының ұлғаюына қарамастан Оңтүстік Қазақстан облысында 1 адамға шаққандағы қаржыландыру көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен төмен күйде қалып отыр.

2008-жылы бір адамға шаққандағы денсаулық сақтау шығыстары 17952 теңгені құрады, орташа республикалық көрсеткіш - 21222 теңге.

Позитивті өзгерістерге қарамастан: 2008 жылы 41472,225 млн. теңге бөлінді, бұл 2007 жылғы деңгейден (37496,039 млн. теңге) 12,5% жоғары; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге 2007 жылы 20447,4 млн. теңге бөлінді, 2008 жылы бұл сома 1,3 есе өсіп 26422,1 млн. теңгені құрады; орташа жан басына шаққандағы норматив 2008 жылы 262 теңгені құрады (2007 жылы - 254 теңге) – қаржыландыру денсаулық сақтауды тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз күйінде қалады.


2007 жылы ОҚО денсаулық сақтау басқармасы жүргізіліп жатқан әкімшілік реформасы шеңберінде түпкілікті нәтижеге бағыттылығы бар бюджеттеуді енгізу жөніндегі пилоттық мемлекеттік орган болып белгіленді.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің және денсаулық сақтау министрлігінің арасында халықтың денсаулық жағдайын жақсартуда тікелей және ақырғы нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі Келісім жасалды, оның орындалуын бақылауды денсаулық сақтау басқармасы іске асыратын болады.

Денсаулық сақтауды басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында аудандар мен қалалар бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін жан басына шағып қаржыландырудың бірыңғай көлемдері айқындалатын болады.

БМСК қызметінің жеткіліксіз тиімділігі, ауруханалық сектор қызметінің жеткіліксіздігі, денсаулық сақтауды ақпараттандыру деңгейінің төмендігі саланың инфрақұрылым тиімділігінің аздығын айқындайды.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау желісі 122 ауруханалық және 183 амбулаториялық-емханалық ұйымдардан тұрады. Облыстың төсек қоры 12661 төсекті құрайды, 10 мың адамға есептегенде төсекпен қамтамасыздық көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен – 57,6 құрайды (ҚР – 68,2). Жыл сайын шамамен облыс халқының 19% стационарларға емдеуге жатқызылады, оның сараптық бағалау бойынша 16%-ға дейінгі сырқаттар стационарлық емдеуді қажет етпейді; жедел медициналық жәрдемді шақырушылар ( 2007 жылғы 500 762-ден 2008 жылғы 518 769-ге дейін), оның ішінде нәтижесіз және негізсіз шақырулар саны ұлғаюда (тиісінше 20623-тен 22249-ға дейін).

Медициналық қызмет сапасына әсерін тигізетін негізгі проблемалардың бірі пайдалану мерзімі 15 жылдан асқан нашар материалдық-техникалық база болып табылады. Перзентханалар мен балалар мекемелерінің реанимациалық бөлімшелерінің медициналық құрал-жабдықпен жарақтандырылуы 40-50% құрайды, медициналық құрал-жабдықпен жарақтандырылудың төменгі пайызы, әсіресе ауылдық жерде сақталып отыр, орташа – 41,8%. Ең төменгі көрсеткіш ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда – 43,3%, ауылдық учаскелік ауруханаларда – 41,3%, фельдшерлік-акушерлік пункттерде – 30,6%.

Облыс бойынша медицина ұйымдарының қазіргі заманғы зертханалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілгендігінің төмендігі байқалып отыр.

Қажетті диагностикалық зертханалық және аспаптық құрал-жабдықтардың жоқтығынан облыс халқына кардиологиялық көмек көрсету халықаралық стандарттарға толық көлемде сәйкес бола алмайды.

Онкологиялық процестің ерте сатысында аурулардың тек 1% ғана есепке алынатынына байланысты, ауруларды заманауи деңгейде ауқымды және қол жетімді рентгенологиялық және лабораториялық тексеруді ендіру, медицина ұйымдарын білікті онколог-дәрігерлермен жасақтау және жалпы бейінді дәрігерлерді онкологиялық сақтыққа тәрбиелеу қажет.

Облыс бойынша гемодиализдік төсек-орынның жетіспеушілігі орын алған. Сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерінің қазіргі заманғы гемодиализдік аппаратурамен қайта жабдықтау, жете жабдықтау мәселесі өткір проблема күйінде қалап отыр.

Көптеген денсаулық сақтау объектілерінде, әсіресе ауылда, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оларды қазіргі заманғы құрал-жабдықтармен жарақтандыру қажет.

Медицина қызметкерлерінің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі, емдеу-алдын алу процесін автоматтандырудың жоқтығы денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялардың даму проблемасын қиындата түседі. 2007 жылы облыстық клиникалық ауруханада және 6 ауданда облыстық клиникалық ауруханасының жетекші мамандарымен телемедициналық консультациялар өткізу мүмкін болатын телемедициналық желі құрылды.

Дәрілік заттарға жеткіліксіз қолжетімділік пен сапа медициналық көмек сапасы деңгейінің нашарлығымен түсіндіріледі. 2005 жылдан бастап амбулаториялық деңгейде халықтың жекелеген санаттарын, сондай-ақ айқындалған ауру түрлерінің тізбесі бойынша науқастарды дәрі-дәрмекпен жеңілдікті шарттармен қамтамасыз етудің енгізілуі халықтың емделуге бетбұрысын жақсартуға жетуге, науқастарды амбулаториялық кезеңде емдеудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Алайда жыл сайын амбулаториялық кезеңде дәрілік заттар жеңілдікті және тегін босатылатын аурулар тізбесінің кеңейгендіктен, осы мақсаттарға қаражат жеткіліксіз бөлінеді.

Халықты және медициналық ұйымдарды дәрілік қамтамасыз етуді фармацевтикалық қызметке лицензиясы бар 860 объекті іске асырады. Мемлекеттік медицина ұйымдарының құрылымында 27 дәріхана бар. 745 бастапқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің 473-де дәрілік заттарды сатуды ұйымдастыру қажет, 115 объектінің дәріханалары бар, қалған 148 елді мекендерде бастапқы медициналық санитарлық көмек ұйымдары арқылы медикаменттерді сатуды ұйымдастырудың қажеттілігі жоқ, өйткені бұл елді мекендер көршілес жатқан елді мекендермен қосылып кеткен. Қазіргі таңда бастапқы медициналық-санитарлық көмектің 447 объектісі дәрілік заттарды сатуға құқылы.


^ 3. Облыстың денсаулық сақтау саласының кадр ресурстарының жетілмеуі.

Әлемдік тәжірибе медициналық қызметтер сапасын жоғарылату үшін білікті кадрларды тұрақты даярлау, медициналық көмекті стандарттау, денсаулық сақтау ұйымдарын аккредитациялау қажет екенін көрсетеді.

Кадрлардың тапшылығы, кәсіби даярлық сапасының нашарлығы және үздіксіз кәсіби білім жүйесінің жоқтығы кадр ресурстарын басқару жүйесінің жетілмеуін көрсетеді.

Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 6788 дәрігер (оның ішінде жекеменшік – 512) және 17598 орта буын медицина қызметкері (оның ішінде жекеменшік – 805) жұмыс істейді. Мемлекеттік сектордың медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілуі республикалық көрсеткіштерден төмен: халықтың 10 мың адамына шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз етілуі 26,3 (ҚР – 30,5), мейірбикелермен қамтамасыз етілуі 70,5 (ҚР – 71,8).

Облыста балалар және ересектер анестизиолог-реаниматологы неонатологтар, патологоанатомдар, жедел медициналық көмек дәрігерлері, балалар кардиоревматологтары, учаскелік терапевтер және педиатрлар сияқты мамандардың жетіспейтіні байқалып отыр. Жас мамандарды тарту үшін республиканың медициналық академияларымен жұмыс жалғастырылып жатыр. Ауылдық аймақтарда кадрлардың жетіспеушілігі өткір проблема күйінде қалып отыр.

Жүргізілген талдау мен анықталған проблемалардың негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы қызметтің бағыттарын белгіледі.

Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына 2009 жылға жол картасы шегінде 150 дәрігерлері мен 200 орта буын медициналық қызметкерлері жұмылдырылды.


^ 3. Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы қызметінің

стратегиялық бағыты, мақсаттары мен міндеттері және негізгі нысаналы индикаторлары


  1. Азаматтардың денсаулығын нығайту

  2. Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру

  3. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыру




Мақсаттары

Міндеттері

^ Мақсатты индикаторлары/Міндеттер көрсеткіштері

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту

1. Ана мен бала денсаулығын сақтау

1.1.1. Әйелдердің денсаулығын нығайту


Сүт бездерінің және жатыр мойнының рагын ерте сатыларында (І-ІІ) анықтауды көбейту (2008ж - 74,5/84,0; 2009ж – 74,8/84,6; 2010ж. – 75,1/85,1; 2011ж. – 75,4/85,5; 2012ж. – 75,7/86,0; 2013ж. – 76,0/86,6; 2014ж. – 76,3/87,2)

Аборттар санын азайту (репродуктивтік жастағы 1000 әйелге шаққанда) (2008 ж. – 23,1; 2009 ж. – 22,5; 2010 ж. – 22,0; 2011ж. – 21,5; 2012ж. – 21,0; 2013ж. – 20,5; 2014ж – 20,0)

Ана өлім-жітімін азайту (100 000 тірі туғандарға шаққанда 2008 ж. – 31,8; 2009 ж. –30,3; 2010 ж. – 28,3; 2011ж. – 26,0; 2012ж. – 24,0; 2013ж. – 22,0; 2014ж. – 20,0)

1.1.2. Балалардың денсаулығын нығайту


Тек қана кеудемен қоректенетін 6 айға дейінгі балалардың үлесін көбейту (%) (2008 ж. – 78,9; 2009 ж. – 79,0; 2010 ж. – 79,3; 2011ж -79,5; 2012ж. – 80,0; 2013ж. – 80,5; 2014ж. – 81,0)

Сәбилер өлім-жітімін тұрақтандыру және азайту

(ДДҰ ұсынған 2008 жылы енгізілген тірі және өлі туу өлшемдерін ескере отырып, 1000 тірі туғандарға шаққанда 2008 ж. – 24,3; 2009ж – 20,0;

2010 ж. – 19,9; 2011ж. – 19,8; 2012ж. – 19,6; 2013ж. – 19,5; 2014ж. – 19,0 )

5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін азайту (ДДҰ ұсынған 2008 жылы енгізілген тірі және өлі туу өлшемдерін ескере отырып, 1000 тірі туғандарға 2008 ж. – 27,9; 2009 ж. – 22,0; 2010 ж. – 21,9; 2011ж. – 21,8; 2012ж. – 21,6 2013ж. – 21,5: 2014ж. – 21,0)

2. Әлеуметтік елеулі аурулардың ауыртпалығын азайту

1.2.1. Жүрек-тамырлар жүйесінің ауруларында медициналық көмекке және дәрілік заттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету


Жүректің ишемиялық ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту (100 000 адамға шаққанда 2008 ж. – 118,6; 2009 ж. – 120,0; 2010ж. – 118,0; 2011ж. – 117,0; 2012ж. – 116,0; 2013ж. – 115,0; 2014ж. – 114,0)



1.2.2 Онкологиялық ауруларды ерте анықтау және уақтылы емдеу


5 және одан аса жылдар бойы қатерлі ісікпен ауыратын сырқаттардың үлес салмағын көбейту

(2008 ж. – 41,2%; 2009 ж. – 41,5%; 2010 ж. – 41,8%; 2011ж. – 42,1%; 2012ж. – 42,4%; 2013ж. – 42,7%; 2014ж. – 43,0%;)




Негізгі көрініп тұратын қатерлі ісіктерді ерте сатыларда (І-ІІ) анықтауды көбейту (облыстық көрсеткіш, %) (2008 ж. – 74,5; 2009 ж. – 74,8; 2010 ж. – 75,2; 2011ж. – 75,6; 2012ж. – 76,0; 2013ж. – 76,3; 2014ж. – 76,6)




1.2.3. Фтизиатриялық көмекті жетілдіру


Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

(100 000 адамға шаққанда 2008 ж. – 90, 8 ; 2009 ж. – 70,9; 2010 ж. – 69,8; 2011ж. – 69,7; 2012ж. – 69,6; 2013ж. – 69,4; 2014ж. – 69,2)

БК+ Алғаш рет анықталған туберкулезбен ауыратындар арасында емделгендердің үлес салмағын көбейту

(%) (2008ж. – 80,7; 2009ж. – 81,3; 2010ж. – 81,5; 2011ж. – 81,7; 2012ж. – 82,0; 2013ж. – 82,1; 2014ж. – 82,4)

Туберкулезден өлім-жітімді азайту

(100 000 адамға шаққанда 2008ж. – 11,2; 2009ж. – 10,2; 2010ж. – 9,9; 2011ж. – 9,8; 2012ж. – 9,7; 2013ж. – 9,5; 2014ж. – 9,3)

1.2.4. ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимылдар


15-49 жас арасындағы топта АҚТҚ инфекциясының таралушылығын 0,5% аспайтын деңгейде тоқтату (2008 ж. – 0,09%; 2009 ж. – 0,1%; 2010 ж. – 0,115; 2011ж. – 0,135; 2012ж. – 0,160; 2013ж. – 0,190; 2014ж. – 0,230)

3.Жарақаттану ауыртпалығын азайту

1.3.1. Жарақаттану кезінде уақтылы медициналық көмек көрсету


Жарақаттанудан өлім-жітімді азайту (100 мың адамға шаққанда 2008 ж. – 85,93; 2009ж.- 85,0; 2010 ж. – 84,5; 2011ж. – 84,0; 2012ж. – 83,5; 2013ж. – 83,0; 2014ж. – 82,5)

4. Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету

1.4.1. Аса қауіпті жұқпаларымен және басқа да жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың алдын алу және азайту


100 мың адамға шаққанда 0,01 –тен аспайтын деңгейде обамен сырқаттанушылық көрсеткішін тоқтату

Сальмонеллезбен сырқаттанушылық көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 12,8 деңгейінде тұрақтандыру

1.4.2. Вакцинамен басқарылатын жұқпалардың алдын алу


100 мың адамға шаққанда 0,08 деңгейде қызылшамен сырқаттанушылық көрсеткішін тоқтату

Жіті В вирустық гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

(100 мың адамға 2008 ж. –3,36; 2009 ж. – 3,2; 2010 ж. – 3,2; 2011ж. – 3,0; 2012ж. – 2,8; 2013ж. – 2,4; 2014ж. – 2,0)

Жіті А вирусты гепатитімен сырқаттану көрсеткішін төмендету

(100 мың адамға шаққанда 2008 ж. – 126,21; 2009 ж. – 120,2; 2010 ж. – 86,2; 2011ж. – 68,3; 2012ж. – 48,2; 2013ж. – 40,1; 2014ж. – 28,3)
  1   2   3   4



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Стратегиялық бағыттары, мақсаты, міндеттері мен бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындарды бөлу
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы және көрінісі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Шымкент қаласы Мазмұны
Стратегиялық бағыт-бағдар, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мақсаты мен қызмет және
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы Ішкі саясат басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары Мазмұны
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппаратының 2010 2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconОңтүстік Қазақстан облысы тілдерді дамыту басқармасының 2010 – 2014 жылдарға дамуына арналған стратегиялық жоспары
Мақсаты Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ісқағаз жүргізуді толығымен мемлекеттік тілге өтуіне жағдай жасау, мемлекеттік тіл мен...
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconҚарағанды облысы мәдениет басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Республикасының бағдарламалық құжаттары мен нормативтік құқықтық актілерінің тізімі
Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны iconАтырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мазмұны
Миссия және пайымдау бет
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы