2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon

2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы



Название2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы
страница1/15
Дата конвертации20.01.2013
Размер2.51 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 31.07.2012 14:48:06


2010 - 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 Қаулысы

(2011.04.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы (бұдан әрі — Бағдарлама) бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық, компаниялар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

4. ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

5. 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

^ К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 қыркүйектегі

924 қаулысымен

бекітілген

 

 

2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық

бағдарламасы

 

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 912 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Бағдарламаның паспорты

 

Атауы

2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасы

 

Әзірлеуге негіздеме

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

 

Бағдарламаны әзірлеуге және іске

асыруға жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

 

Мақсаты

Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау

 

Міндеттері

«Жасыл экономиканы» дамыту; қоршаған ортаның құрамдауыштары мен денсаулыққа антропогендік әсер етуді төмендету;

табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру;

 қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру

 

Іске асыру мерзімдері

2010 - 2014 жылдар

 

Нысаналы индикаторлар

Кешенді экологиялық рұқсаттарға енгізілген ресурс үнемдеу көрсеткіштері 2014 жылы 1 дананы құрайды.

Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеу пайызы 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемінде 5,9 % болады.

Ластағыш заттар төгінділерінің деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемінде 3,5 %-ды құрайды.

2014 жылға қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесі 21,9 %-ды құрайы.

2014 жылға қарай 1992 жылмен салыстырғанда парниктік газдардың шығарындылары көлемінің асырылмауы 96%-ды құрайды.

Шөлейттенген және жұтаңдаған жерлер алаңының өзгеру серпіні 2014 жылға 0,05 га құрайды.

Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жабайы тұяқты жануарлар түрінің санын мекендейтін аймақтарында ұлғайту 2014 жылға:

тоғайдағы асыл марал - 2 %;

құлан - 4 %;

жайран - 4 %;

арқар - 2 %.

Киіктер санының өсуі 2014 жылға 10 % құрайды.

Табиғи су айдындары мен су қоймаларына бағалы кәсіптік балықтардың өмірге төзімді жас балықтарын шығару 2014 жылға 170,0 млн. дана құрайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар:

Жаңаларының саны - 13 аумақ;

Кеңейтілетіндерінің саны - 7 аумақ.

Орман отырғызу көлемін ұлғайту 2014 жылға 65,0 мың га құрайды.

Бақылау пункттерінің саны 2014 жылға:

метеорологиялық станциялар - 261;

агрометеорологиялық бекеттер - 79;

гидрологиялық бекеттер - 305;

автоматты режимде жұмыс істейтін атмосфера ауасының жай-күйін - 67 құрайды.

Гидрометеорологиялық қауіпті және дүлей құбылыстар туралы дауыл ескертулерінің алдын ала уақыттылығын арттыру 2014 жылға 72 сағатты құрайды.

 

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны іске асыруға жалпы сомасы 172267,7 млн. теңге қаражат бөлу көзделген:

оның ішінде республикалық бюджеттен

100310,1 млн. теңге, оның ішінде:

2010 жылы - 18837,2 млн. теңге;

2011 жылы - 32528,2* млн. теңге;

2012 жылы - 27574,4* млн. теңге;

2013 жылы - 21122,0* млн. теңге;

2014 жылы - 248,3* млн. теңге;

жергілікті бюджеттен - 50657,3 млн.

теңге, оның ішінде:

2010 жылы - 7674,1 млн. теңге;

2011 жылы - 13435,2** млн. теңге;

2012 жылы - 9341,6** млн. теңге;

2013 жылы - 9847,5** млн. теңге;

2014 жылы - 10358,8** млн. теңге;

халықаралық гранттан 484,9 млн. теңге,

оның ішінде:

2010 жылы - 68,0 млн. теңге;

2011 жылы - 211,8* млн. теңге;

2012 жылы - 124,4* млн. теңге;

2013 жылы - 80,7* млн. теңге;

қарыз қаражатынан - 3468,7 млн. теңге,

оның ішінде:

2010 жылы - 1010,8 млн. теңге;

2011 жылы - 1822,9* млн. теңге;

2012 жылы - 401,0* млн. теңге;

2013 жылы - 234,0* млн. теңге;

меншікті қаражаттан - 17347,0 млн.

теңге, оның ішінде:

2010 жылы - 1284,6 млн. теңге;

2012 жылы - 1062,4* млн. теңге;

2013 жылы - 7500,0* млн. теңге;

2014 жылы - 7500,0* млн. теңге.

Ескертпе:

* - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады;

** - қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады

 

2. Кіріспе

 

2010 - 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында әрі 2008 жылдың қыркүйек - қазан айларында Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарына сапары барысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау шеңберінде әзірленді.

Қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру шеңберінде осы Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын 2030 жылға дейін дамытудың және орналастырудың тұжырымдамасы, «Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы, 2008 - 2010 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасы; Су ресурстарын, жануарлар дүниесін сақтау және оңтайлы пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарлама Арал өңірінің проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарлама біріктірілген.

Бағдарлама ресурстарды пайдалану мен экономикалық өсудің экологиялық салдары арасындағы тәуелділікті жоюды көздейтін «жасыл экономика» прогрессивті қағидатын пайдалануға бағдарланған.

Халықаралық қатынастарды, қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды ғылыми қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі іс-шаралар, қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің жүйелері, экологиялық білім беру, ағарту және халықты хабардар етуін арттыру мәселелері айқындалды.

Бағдарлама салааралық сипатта және парниктік газдар шығарындыларын, атмосфералық ауаның ластануын, экологиялық апат аймақтарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, өндіріс және тұтыну қалдықтарын, су ресурстарын, көгалдандыруды және басқаларын қоса алғанда, көптеген мәселелерді кешенді түрде шешуге ықпал ететін болады.

Бағдарламаға орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар блогы қосылды. Қоғамның негізгі мақсаттарының бірі биологиялық әр алуандықты сақтау және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

3. Ағымдағы жағдайды талдау

 

3.1. Сала жай-күйінің ағымдағы жағдайын, сондай-ақ осы

саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсерін бағалау

 

Экологиялық проблемаларды шешу Экологиялық кодексті қабылдау, «2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» және «2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламаларын, Балқаш - Алакөл бассейнін орнықты дамыту бағдарламасын, сондай-ақ басқа да бағдарламалық және нормативтік құқықтық құжаттарды іске асыру арқылы Қазақстан Республикасының 2004 - 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылды.

Алайда, тұтастай алғанда, қоршаған орта ластануының экологиялық жүйелер мен халық денсаулығына теріс әсерін айтарлықтай төмендету әзірге қолдан келмей тұр.

Мыналар: парниктік газдар шығарындылары, атмосфералық ауаның ластануы, су ресурстарының ластануы, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жиналуы, биологиялық әр алуандықты ұтымды пайдаланбау Қазақстанда әлі де шешілмей отырған негізгі проблемалар болып қалып отыр.

Осы уақытқа дейін Қазақстанның сыртқы су ресурстарының көлемі мен сапасына тәуелділігі сақталуда, бұл елдің бірқатар су бассейндерінің тұрақтылығына айтарлықтай қауіп төндіреді. Шекаралас елдермен (Қытай, Қырғыз, Өзбекстан) су-экологиялық және су-энергетикалық проблемалар реттелмеген күйінде қалып отыр.

Соңғы жылдары шектес мемлекеттер аумағынан келетін суды пайдалану: проблемасы ушығып кетті: өзен ағыны жылына 15,1 км3-ге қысқарды, бұл жылына 2-3 км3-ге дейін су ресурстарының тапшылығына әкелуде. Мұндай үрдіс кейінгі жылдары да болжануда. Суға тәуелділік мәселелері елдің азық-түлік қауіпсіздігіне де, экологиялық қауіпсіздігіне де қатер төндіреді.

 

 

^ 3.2. Күшті және әлсіз жақтарын, осы сала үшін мүмкіндіктер мен қауіптерді талдау

 

Объективті талдау жасау үшін оның күшті және әлсіз жақтарын, сондай-ақ, қазіргі мүмкіндіктер мен қауіптерді нақты анықтау қажет.

 

Оң факторлар

Теріс факторлар

Күшті жақтары

1. Қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығына келеңсіз антропогендік әсерді төмендету.

2. Жануарлар әлемін сақтау және ұтымды пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамыту.

3. Аңшылық шаруашылығын дамыту жолымен жануарлар әлемін орнықты пайдалану.

4. Бай табиғи ресурстар.

5. Орман шаруашылығының негізгі институттары мен инфрақұрылымы сақталған.

Әлсіз жақтары

1. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жоғары деңгейі.

2. Су көздеріне ластаушы заттар тастандыларының жоғары деңгейі.

3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігі.

4. Ағаш отырғызу және егу көлемінің бірнеше есе азаюы.

Мүмкіндіктер

1. Атмосфераға ластағыш заттар шығарындыларын төмендету.

2. Ластағыш заттардың төгінділерін азайту.

3. Қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату көлемін арттыру.

4. Шығарындыларды едәуір және экономикалық тиімді қысқартуға қол жеткізу

5. Республиканың аумағын «тарихи» ластаулардан тазарту.

6. Басым өңірлерде биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтауға және қоршаған орта жағдайының орнықтылығына кепілдік беретін қорғалатын табиғи аумақтар желісін құру

7. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқты жануарлар мен киіктердің санын ұлғайту.

8. Орманды молықтыруда, олардың тұқымдық құрамын жақсартуда жаңа технологиялар енгізу

Қауіптер

1. Климаттың жаhандық өзгеруі салдарының ұлғаюы.

2. Табиғи ортаның трансшекаралық ластануы.

3. Жинақталған тарихи ластанулар бар аймақтарда қиын экологиялық жағдайлардың пайда болуы.

4. Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты өнеркәсіп кәсіпорындарының авариялық дүркін шығарындылары.

5. Орман экожүйелері орнықтылығының бұзылуы.

6. Жабайы жануарлардың шектес мемлекеттерге ауып кеткен жағдайдағы ықтимал шығындар.

 

Қауіптердің алдын алу мақсатында парниктік газдардың шығарындыларын, атмосфера ауасы мен су ресурстарының ластануын, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жинақталуы, экологиялық апат аймақтарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар дүниесін, көгалдандыруды және т.б. қамтитын көптеген мәселелерді кешенді шешу қажет.

 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15



Похожие:

2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасының іске асырылу барысы туралы аналитикалық жазба
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі №924 қаулысымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы iconАналитическая информация о ходе реализации отраслевой Программы «Жасыл даму» на 2010 – 2014 годы Реквизиты стратегического и программного документа: Отраслевая Программа «Жасыл даму»
Отраслевая Программа «Жасыл даму» на 2010 – 2014 годы, утвержденная постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 сентября...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Меңдіқара ауданында іске асырудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Убликасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат 2012-2014 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1251 27 тамыз 2009 ж. «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаудың Ережесін бекіту туралы»
Республикасының даму болжамы және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономикалық даму болжамымен Қазақстан...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon2010-2014 жылдарға арналған “Калиновка ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы” №379/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Качир аудандық мәслихатының (IV сайланған XIX сессиясы) 2009 жылғы 25 желтоқсандағы “2010-2012 жылдарға арналған аудан бюджеті туралы”...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы iconКачир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы “2010-2014 жылдарға арналған “Качир ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Стратегиялық даму жоспарын бекіту туралы” №54/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Качир ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 22 ақпандағы “2010-2014 жылдарға арналған “Качир ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon«Боровское ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы
Ликасы Заңының 31-бабына, «Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №196 «Меңдіқара ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon«Меңдіқара ауданы Краснопреснен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы
Ликасы Заңының 31-бабына, «Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №196 «Меңдіқара ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon«Меңдіқара ауданы Первомай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы
Ликасы Заңының 31-бабына, «Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №196 «Меңдіқара ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық...
2010 2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасын бекіту туралы icon«Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2014-2016 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламасын бекіту туралы
Ликасы Заңының 31-бабына, «Мәслихаттың 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №196 «Меңдіқара ауданының 2014-2016 жылдарға арналған аудандық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы