Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



НазваниеЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
страница9/13
Дата конвертации25.02.2013
Размер1.93 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

              жобалау құжаттары

      1. Өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурстың жеңiмпазы не онымен келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға осы бапта белгiленген жобалау құжаттарының әзiрленуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
      2. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бойынша:
      1) кен орнын өнеркәсiптiк игеру жобасы әзiрленедi, ол мыналарды: тау-кен және өндiру жұмыстарының күнтiзбелiк кестесi мен берiлген өнiмдiлiктi қамтамасыз ететiн техникалық шешiмдердi және өндiруге iлеспелi басқа да өндiрiс операцияларын; жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi, персоналдың жұмыс қауiпсiздiгi жөнiндегi, қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптардың сақталуын қамтамасыз ететiн шараларды; бүлiнетiн жерлердi рекультивациялау жөнiндегi шараларды, сондай-ақ жоспарланған жұмыстарды жылдарға бөлiп қаржыландыру туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс;
      2) техникалық-экономикалық негiздеме әзiрленедi.
      3. Көмiрсутек шикiзаты бойынша:
      1) тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасы әзiрленедi, ол кен орнын геологиялық-физикалық жағдайларда байқаудан өткiзудi және технологияны байқаудан өткiзу оң нәтиже берген жағдайда оны тұтастай кен орнында қолдануды талап ететiн жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларды сынау мақсатында жекелеген кен орындарын немесе шоғырларды пайдалануға беру үшiн жасалады; тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игерудi жүргiзудiң мерзiмi мен көлемi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның шешiмiмен айқындалады;
      2) игерудiң технологиялық схемасы;
      3) өнеркәсiптiк игеру жобасы;
      4) техникалық-экономикалық негiздеме әзiрленедi.
      Өнеркәсiптiк әзiрлеме жобасында iлеспе газды өңдеу және (немесе) кәдеге жарату жөнiнде бөлiм болуға тиiс. Техникалық-экономикалық негiздеме iлеспе газды пайдалану негiздемесiн қамтуға тиiс.
      4. Осы бапта көзделген жобалау құжаттары кен орнындағы пайдалы қазбалардың қорлары толық өңделгенге дейiнгi мерзiмге әзiрленедi, ол -жиырма бес жылдан, ал пайдалы қазбалардың iрi және бiрегей қорлары бар кен орындары бойынша қырық бес жылдан аспауға тиiс. Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарының қолданылу мерзiмiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиямен келiсiм бойынша пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының көлемiне қарай ұзартуы мүмкiн.
      Осы бапта көзделген жобалау құжаттары жобалауға арналған қажеттi лицензиялары бар жобалау ұйымын шарт негiзiнде мiндеттi түрде тарта отырып әзiрленедi. Осындай жобалау ұйымымен жасалған шарт жобалау ұйымының авторлық қадағалауды жүргiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн көздеуге тиiс.
      Кен орындары қорларын жiктеу жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүргiзiледi.
      5. Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарына мiндеттi түрде мынадай:
      1) мемлекеттiк-экологиялық
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық
      4) жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану саласындағы мiндеттi сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.
      Техникалық-экономикалық негiздеме мiндеттi түрде экономикалық сараптауға жатады.
      6. Жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңiмпазы деп танылған тұлға үшiн конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегiз айдан аспауға тиiс.
      Жобалау жөнiндегi жұмыстарды сатып алуды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар үшiн көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiне сәйкес жүзеге асыратын тұлғалар үшiн өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген мiндеттi рәсiмдер ескерiле отырып, не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар үшiн көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiне сәйкес ұзартылуы мүмкiн.
      7. Қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру жобасын орталық комиссия тиiстi жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Игерудiң технологиялық схемасын және көмiрсутек шикiзатын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк және өнеркәсiптiк игеру жобаларын орталық комиссия технологиялық схема немесе көмiрсутек шикiзатын тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк және өнеркәсiптiк игеру жобалары орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап үш ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес күн iшiнде бекiтедi.
      Осы бапта көзделген, кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру жөнiндегi жобалау құжаттарын өңiраралық комиссия тиiстi жоба өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Жерасты суларын тәулiгiне екi мың текше метрден астам көлемде өндiру кезiнде, сондай-ақ пайдалы қазбаны өндiрудiң технологиялық схемасына сәйкес оларды қаттарға айдау үшiн жерасты суларының кен орындарын игеру жобалары орталық комиссияға тиiстi жоба келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде орталық комиссияда қаралады және оларды жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      8. Бекiтiлген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдерiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар қажет болған жағдайда бекiтiлген жобаларға өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 7-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi.
      Егер:
      1) ұсынылып отырған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар кен орындарын игерудiң оң практикасына сәйкес келмесе;
      2) ұсынылып отырған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалану жөнiндегi талаптарға сәйкес келмесе;
      3) осы баптың 5-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
      Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау мен бекiту мерзiмi Орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
      9. Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған бекiтiлген жобалау құжаттары өндiруге арналған келiсiмшарт жасауға және жасасуға негiз болып табылады.
      10. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген, өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ осындай жобалау құжаттарының талаптарын бұзып, өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынады.

      ^ 67-бап. Қол қойылған бонусты төлеудiң шарттары

      1. Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстың жеңiмпазы, өзiмен тiкелей келiссөздер негiзiнде келiсiмшарт жасалатын тұлға, сондай-ақ келiсiмшарт жасасқан тұлға Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қол қойылған бонусты төлейдi. Бұл ретте ұлттық компания жер қойнауын пайдаланушы болып табылатын келiсiмшарттар бойынша қол қойылған бонусты Қазақстан Республикасының пайдасына төлеудi, егер стратегиялық әрiптеспен бiрлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның осындай әрiптесi жүргiзедi.
      2. Қол қойылған бонустың уақтылы және толық төленуiн бақылау Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Егер конкурстың жеңiмпазы болып жарияланған тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеудi белгiленген мерзiмде жүргiзбесе, жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргiзу жөнiндегi комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия) мұндай тұлғаны конкурстың жеңiмпазы деп тану туралы шешiмiнiң күшiн жоюға құқылы.
      Егер келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеудi белгiленген мерзiмде жүргiзбесе, құзыреттi орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы) мұндай тұлғамен тiкелей келiссөздер негiзiнде келiсiмшарт жасасу туралы шешiмнiң күшiн жоюға құқылы.
      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды жүргiзу жөнiндегi комиссия (кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөнiндегi мiндетiн орындамаған тұлғаны конкурстың жеңiмпазы деп тану туралы шешiмнiң күшiн жойған немесе құзыреттi орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы) қол қойылған бонус сомасының елу пайызын төлеу жөнiндегi мiндетiн орындамаған тұлғамен тiкелей келiссөздер негiзiнде келiсiмшарт жасасу туралы шешiмнiң күшiн жойған жағдайда, мұндай тұлға келiсiмшарт жасасу құқығынан айырылады.
      5. Конкурс жеңiмпазының немесе келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлғаның кiнәсiнен келiсiмшарт белгiленген мерзiмде жасалмаған жағдайда төленiп, қол қойылған бонус қайтарылмайды.
      Құзыреттi орган салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер түсiмдерiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк органға конкурс жеңiмпазының немесе келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлғаның кiнәсiнен келiсiмшарттың жасалмау фактiсi туралы жазбаша хабарлайды.

      ^ 68-бап. Келiсiмшартты жасасу және тiркеу

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт келiсiмшарттың талаптарын, жұмыс бағдарламасын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттары негiзiнде құзыреттi органмен түпкiлiктi келiскеннен кейiн, сондай-ақ келiсiмшарт жасасуға мүмкiндiк беретiн мiндеттi сараптамалар нәтижелерiн алғаннан кейiн жасалады. .P100100
      2. Барлау жүргiзу үшiн келiсiмшарт жасасу мерзiмi құзыреттi орган келiсiмшарт жасасу туралы шешiм қабылдаған және келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңiмпазы деп танылған тұлға үшiн конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап он сегiз айдан аспауға тиiс.
      Өндiрудi жүргiзу үшiн келiсiмшарт жасасу мерзiмi құзыреттi орган келiсiмшарт жасасу туралы шешiм қабылдаған және келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға үшiн - тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап, немесе конкурстың жеңiмпазы деп танылған тұлға үшiн конкурстың қорытындылары жарияланған күннен бастап жиырма төрт айдан аспауға тиiс.
      Егер конкурстың жеңiмпазы немесе келiсiмшарт онымен тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға құзыреттi органға келiсiмшарт жасасу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен жүгiнiп, мұндай ұзартудың себептерiн дәлелдесе, құзыреттi орган келiсiмшарт жасасу мерзiмiн ұзартуы мүмкiн.
      Егер келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлғаның кiнәсiнен келiсiмшарт белгiленген мерзiмде жасалмаса, мұндай тұлға келiсiмшарт жасасу құқығынан айырылады, бұл ретте осындай тұлға геологиялық ақпаратты сатып алуға, жобалау құжаттарын, жұмыс бағдарламаларын және келiсiмшарт жобасын әзiрлеу мен келiсуге жұмсаған шығындар өтелуге жатпайды. Құзыреттi орган жер қойнауының тиiстi учаскесiн осы Заңда белгiленген тәртiппен конкурсқа шығаруға құқылы.
      3. Келiсiмшарт құзыреттi органда мiндеттi тiркеуге жатады және тiркелген кезiнен бастап күшiне енедi.
      Құзыреттi орган келiсiмшарттарды мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзедi және келiсiмшарттың сақталуын қамтамасыз етедi.
      Келiсiмшартқа өзгерiстер мен толықтырулар да келiсiмшарттарды мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне тиiстi жазбалар енгiзу жолымен құзыреттi органда мiндеттi тiркеуге жатады. Келiсiмшартқа өзгерiстер және (немесе) толықтырулар олар тiркелген кезiнен бастап күшiне енген деп танылады.
      4. Келiсiмшарттың көшiрмесi оны құзыреттi органда тiркегеннен кейiн мiндеттi түрде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға және бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға жiберiледi.
      5. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскесiн (жер пайдалану құқығын) мәжбүрлеп алып қою жағдайларын қоспағанда, келiсiмшарт жасасу жер қойнауын пайдаланушы өтiнiш берген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскесiн ресiмдеуi үшiн негiз болып табылады.
      Үшiншi тұлғалардың меншiгiндегi немесе жер пайдалануындағы жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл ретте ресiмделетiн жер учаскесiнiң кеңiстiктi шекаралары жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесiн нақты пайдалану мерзiмдерi шегiнде жер үстiн бұза отырып, iс жүзiнде пайдаланатын аумағымен шектеледi.
      6. Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттар жасасуды және тiркеудi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

      ^ 69-бап. Келiсiмшарттың қолданылу мерзiмi

      1. Барлауға арналған келiсiмшарт алты жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
      Егер жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн алты айдан кешiктiрмей, құзыреттi органға келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен мұндай ұзартудың себебiн негiздей отырып жүгiнсе, құзыреттi орган теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде барлауға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн екi жылға дейiн ұзартуы мүмкiн.
      Кен орнын табу жағдайында жер қойнауын пайдаланушының барлауға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн оны бағалау үшiн қажеттi кезеңге ұзартуға құқығы бар.
      Табуды бағалау үшiн келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына келiп түскен күнiнен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
      2. Өндiруге арналған келiсiмшарт өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобада айқындалған мерзiмге жасалады.
      Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарт мiндеттерiн бұзбаған жағдайда, егер жер қойнауын пайдаланушы жұмыстардың аяқталуына дейiн алты ай қалғаннан кешiктiрмей, құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiшпен мұндай ұзартудың себебiн негiздей отырып жүгiнсе, құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы өндiруге арналған келiсiмшарттың мерзiмiн ұзартады. Келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiш құзыреттi органға келiп түскен күнiнен бастап екi айдан кешiктiрiлмей қаралуға тиiс.
      3. Келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн өзгерту кезiнде келiсiмшартқа тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiледi.

      ^ 70-бап. Келiсiмшарт қолданысының аумақтық аясы

      1. Келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауының бiр учаскесi немесе жер қойнауы учаскелерiнiң сабақтас та, бөлек те бiрнеше учаскесi болуы мүмкiн. Келiсiмшарттық аумақ шегiнде бөлiнетiн жер қойнауының учаскесi (жер қойнауының учаскелерi) белгiлi бiр тереңдiкпен шектелуi мүмкiн.
      2. Бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде әртүрлi келiсiмшарттар бойынша екi немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген жағдайда келiсiмшарттық аумақ шегiнде жұмыстар жүргiзудiң тәртiбi осындай жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы келiсiммен айқындалады.
      Егер бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде әртүрлi келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар осы мәселе бойынша келiсiмге келе алмаса, келiсiмшарттық аумақта жұмыстар жүргiзудiң тәртiбiн белгiлеу құқығына құзыреттi органмен жасалған келiсiмшарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен жасалған келiсiмшарт бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органмен жасалған келiсiмшарт бойынша пайдалы қазбаларды барлау немесе өндiру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы белгiлеген келiсiмшарттық аумақта жұмыстар жүргiзудiң тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
      Бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде құзыреттi органмен жасалған әртүрлi келiсiмшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияны екi немесе одан да көп жер қойнауын пайдаланушы жүргiзген жағдайда келiсiмшарттық аумақта жұмыстар жүргiзудiң тәртiбiн белгiлеу құқығына келiсiмшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы ие болады.
      Келiсiмшарт онымен кешiрек жасалған жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттық аумақта жұмыстар жүргiзудiң келiсiмшарт онымен бұрынырақ жасалған жер қойнауын пайдаланушы белгiлеген тәртiбiн сақтауға мiндеттi.
      Бiр келiсiмшарттық аумақ шегiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияны жүргiзудiң осы тармаққа сәйкес айқындалған тәртiбi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
      3. Егер жер қойнауы учаскесiнде жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияны жүргiзу мүмкiн болмаса немесе қиындық туғызса не жер қойнауын пайдаланушыға аралас немесе өзге де жер қойнауы учаскесiне сервитут берусiз оны шамадан тыс шығынға ұшыратуы мүмкiн болса, сервитут алуға мүдделi тұлға (сервитут алуға үмiткер) жер қойнауы учаскесiне сервитут белгiленуге тиiс жер қойнауын пайдаланушыға сервитут белгiлеу туралы шарт жасасу ұсынысымен жүгiнуге құқылы.
      Сервитут алуға үмiткер мен жер қойнауын пайдаланушы арасында сервитут белгiлеу мүмкiндiгi туралы немесе сервитут белгiлеу туралы шарттың талаптары туралы келiсiмге қол жеткiзiлмесе, мүдделi тұлға сотқа жүгiнуге құқылы.
      Сервитут - құзыреттi органда, ал егер жер қойнауы учаскесi кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру жөнiндегi операцияларды жүргiзуге арналған болса, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органында тiркеуге жатады.
      Егер сервитут белгiлеу адамдардың өмiрi мен денсаулығына немесе қоршаған ортаға қатер төндiретiн, сондай-ақ жер қойнауы учаскесiнде барлауды және (немесе) өндiрудi жүргiзудiң мүмкiн болмауына әкеп соғатын жағдайда, сервитут белгiлеуге тыйым салынады.
      Жер қойнауы учаскесiне сервитут белгiленген кезде, егер сервитут белгiлеу туралы шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сервитуттың құқық иесi жер қойнауын пайдаланушыға сервитутпен байланысты залалды өтеуге мiндеттi.
      Сервитут белгiлеу туралы шартта немесе сот шешiмiнде сервитуттың құқық иесi жер қойнауын пайдаланушыға сервитут үшiн төлейтiн төлем көзделуi мүмкiн.
      Сервитут ол белгiленген мерзiм өткеннен кейiн не солар бойынша ол белгiленген негiздер тоқтатылған кезде не сервитуттың құқық иесi бас тартқан жағдайда тоқтатылады.
      Сервитут мәмiлелердiң, оның iшiнде сатып алу-сату және кепiл мәмiлелерiнiң дербес нысанасы бола алмайды. Сервитут басқа тұлғаларға оны қамтамасыз ету үшiн осындай сервитут белгiленген құқықпен бiрге ғана ауысуы мүмкiн. Сервитут жер қойнауын пайдалану құқығын берген және жер қойнауын пайдалану құқығы сервитутпен жүктелген жер қойнауы учаскесiне қатысты әмбебап құқық мирасқорлығы тәртiбiмен басқа тұлғаға ауысқан жағдайда сақталады.
      Жер қойнауы учаскесiнiң бiр бөлiгiне сервитут белгiлеу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес, жер учаскесiне сервитутты алу қажет болған жағдайда осындай сервитуттың туындауына негiз болады.
      4. Егер пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде табудың немесе кен орнының географиялық шекараларының (құрлықта немесе теңiзде орналасуына қарамастан) геологиялық немесе тау-кендiк бөлуде көрсетiлген келiсiмшарттық аумақ шегiнен шығып кеткенi байқалса, онда оны кеңейту туралы мәселенi құзыреттi орган немесе кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды немесе өндiрудi жүргiзу кезiнде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы, егер бұл аумақ жер қойнауын пайдаланудан бос болған жағдайда, келiсiмшарт жобасын келiсу және оны жасасу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен және мерзiмде конкурс өткiзiлмей-ақ, келiсiмшарт талаптарын өзгерту жолымен шешуге тиiс.
      5. Келiсiмшарттық аумақты қайтарудың талаптары мен тәртiбi осы Заңда және келiсiмшартта айқындалады.
      6. Келiсiмшарттық аумақтың бөлiктерiн қайтару келiсiмшарттық аумақтың қайтарылатын бөлiктерi тиiстi геологиялық бөлуден шығарыла отырып, геологиялық бөлудi қайта ресiмдеу жолымен жүзеге асырылады.

      ^ 71-бап. Келiсiмшартқа өзгерiстер және (немесе)
              толықтырулар енгiзу

      1. Егер осы Заңда өзгеше белгiленбесе, келiсiмшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi.
      2. Тараптардың бiрiнiң талабы бойынша келiсiмшарт талаптарын өзгертуге және (немесе) толықтыруға Қазақстан Республикасының заңдарында және келiсiмшартта көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жол берiледi.
      3. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушының iс-әрекетi ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн өзгертуге әкеп соғатын жағдайда, құзыреттi орган Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру мақсатында келiсiмшарттың, оның iшiнде бұрын жасалған келiсiмшарттың талаптарын өзгертудi және (немесе) толықтыруды талап етуге құқылы.

      ^ 72-бап. Келiсiмшарттың қолданылуын тоқтату

      1. Егер тараптар осы Заңның 69-бабында белгiленген тәртiппен келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы келiсiмге қол жеткiзбесе, келiсiмшарт қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн тоқтатылады.
      2. Келiсiмшарттың қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға тараптардың келiсiмi бойынша, сондай-ақ тараптардың бiрiнiң талабы бойынша осы Заңда көзделген жағдайларда жол берiледi.
      3. Құзыреттi орган мынадай жағдайларда:
      1) жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта не жобалау құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаса;
      2) осы Заңның 36-бабының 5-тармағына сәйкес мұндай рұқсат ету талап етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, құзыреттi органның рұқсатынсыз осы Заңның 36-бабының 1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану құқығын және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi берген кезде келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы құзыреттi органның хабарламасында белгiленген мерзiмде толық жойған келiсiмшарт талаптарының бұзылуы келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
      4. Осы Заңның 71-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда құзыреттi орган, егер:
      1) құзыреттi органнан келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру туралы хабарлама алған күннен бастап екi айға дейiнгi мерзiмде жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде келiссөздер жүргiзуге өз келiсiмiн жазбаша түрде растамаса не оларды жүргiзуден бас тартса;
      2) жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде келiссөздер жүргiзуге келiсiмi алынған күннен бастап төрт айға дейiнгi мерзiмде тараптар келiсiмшарт талаптарын өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiндегi келiсiмге келмесе;
      3) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қалпына келтiру жөнiндегi келiсiлген шешiмге қол жеткiзiлген күннен бастап алты айға дейiнгi мерзiмде тараптар келiсiмшарттың талаптарына өзгерiстерге және (немесе) толықтыруларға қол қоймаса, бiржақты тәртiппен келiсiмшарттың қолданысын мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
      5. Егер стратегиялық маңызы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауын пайдаланушының iс-әрекетi ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiретiн, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн өзгертуге әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құзыреттi орган келiсiмшарттың, оның iшiнде бұрын жасалған келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен тоқтатуға құқылы.
      Келiсiмшарттың қолданылуы аталған негiз бойынша бiржақты тәртiппен тоқтатылған жағдайда құзыреттi орган ол жөнiнде жер қойнауын пайдаланушыны кемiнде екi ай бұрын ескертуге тиiс.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартта не жобалау құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi екi реттен көп бұзуды құзыреттi органның хабарламасында көрсетiлген мерзiмде жоймаған кезде кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға құқылы.
      Жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының хабарламасында белгiленген мерзiмде толық жойған келiсiмшарт талаптарының бұзылуы келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатуға негiз болып табылмайды.
      7. Егер жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстары нарықта қолданылатын бағалардың өзгеруi салдарынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының еркiне тәуелдi емес басқа да мән-жайларға байланысты келiсiмшарт жасасу, жұмыс бағдарламасы мен жобалау құжаттарын бекiту кезiнде ескерiлгендерден кем болып шықса, бiрақ бұл ретте жер қойнауын пайдаланушы мiндеттемелерiнiң келiсiмшартта, жұмыс бағдарламасында және жобалау құжаттарында көзделген нақты көлемi толық көлемде орындалса, жер қойнауын пайдаланушының нақты шығыстарының мұндай азаюы келiсiмшарт талаптарын бұзу және келiсiмшарттың қолданысын бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн негiз болып табылмайды.
      8. Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшартты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге немесе келiсiмшартта белгiленген негiздер бойынша келiсiмшартты орындаудан бiржақты тәртiппен бас тартуға құқылы.
      9. Келiсiмшарттың қолданысын тоқтату жер қойнауын пайдаланушыны Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келiсiмшарттық аумақты мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың зардаптарын жою жөнiндегi мiндеттемелердi орындаудан босатпайды.
      10. Құзыреттi орган келiсiмшарттың қолданысын мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезде ұлттық компания келiсiмшарттық аумақты сенiмгерлiкпен басқаруға қабылдайды. Технологиялық процестiң үздiксiз болуын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құрылыстар мен жабдықтарды бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы жаңа жер қойнауын пайдаланушыға мүлiк берiлгенге дейiнгi мерзiмге ұлттық компанияның уақытша иеленуi мен пайдалануына беруге тиiс. Бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы болмаған не ол мүлiктi ұлттық компанияға беруден бас тартқан жағдайда құзыреттi орган осындай мүлiкке қатысты оның сенiм бiлдiрген адамы ретiнде iс-қимыл жасайды.
      Құзыреттi орган келiсiмшартта көзделген жер қойнауы учаскесiн конкурсқа шығаруға немесе тiкелей келiссөздер өткiзуге мiндеттi.

      73-бап. Барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



Похожие:

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconҚазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы n 2828 заң күшi бар Жарлығын...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сјйкес (бұдан әрі – Заң) жер ќойнауын пайдаланушыєа...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Мет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы