Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы



НазваниеЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
страница8/13
Дата конвертации25.02.2013
Размер1.93 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

               келiсiмшарттардың түрлерi

      1. Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн келiсiмшарттардың мынадай түрлерi:
      1) барлауды жүргiзу үшiн – барлауға арналған келiсiмшарт;
      2) өндiрудi жүргiзу үшiн – өндiруге арналған келiсiмшарт;
      3) бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзу үшiн – бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт;
      4) барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды жүргiзу және (немесе) пайдалану үшiн – барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келiсiмшарт;
      5) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеудi жүргiзу үшiн  - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) қолданылады.
      Келiсiмшартты жасасу, орындау, өзгерту немесе тоқтату осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
      2. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшартты (шартты) қоспағанда, келiсiмшарттың талаптары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жер қойнауын пайдалану түрлерi бойынша модельдiк келiсiмшарттардың ережелерi ескерiлiп айқындалуға тиiс және мынадай талаптарды:
      1) анықтамаларды;
      2) келiсiмшарттың мақсатын;
      3) келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн;
      4) келiсiмшарттық аумақты;
      5) мүлiкке және ақпаратқа меншiк құқығын;
      6) мемлекеттiң пайдалы қазбаларды сатып алу және реквизициялау құқығын;
      7) тараптардың жалпы құқықтары мен мiндеттерiн;
      8) барлау немесе өндiру кезеңiн (келiсiмшарт түрiне қарай);
      9) коммерциялық табуды;
      10) пайдалы қазбаны өлшеудi;
      11) мердiгерлiк жұмыстарды орындауды;
      12) қаржыландыруды;
      13) салық салуды;
      14) бухгалтерлiк есептi;
      15) сақтандыруды;
      16) консервациялауды немесе таратуды және тарату қорын;
      17) жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауды;
      18) халықтың және персоналдың қауiпсiздiгiн;
      19) жер қойнауын пайдаланушының келiсiмшарт талаптарын бұзғаны үшiн жауаптылығын;
      20) еңсерiлмейтiн күштi;
      21) құпиялылықты;
      22) құқықтар мен мiндеттер берудi;
      23) қолданылатын құқықты;
      24) дауларды шешу тәртiбiн;
      25) келiсiмшарт тұрақтылығының кепiлдiктерiн;
      26) келiсiмшарттың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату талаптарын;
      27) келiсiмшарт тiлiн қамтуға тиiс.
      Келiсiмшарт: қол қойылған бонусты төлеудiң мөлшерi мен талаптары бойынша; өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған шығыстардың мөлшерi мен талаптары бойынша; кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша; Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, келiсiмшартты орындау кезiнде тартылған қызметкерлердi оқытуға, олардың бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта даярлауға немесе құзыреттi органмен келiсiлген мамандықтар тiзбесi бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға бағытталатын шығыстардың мөлшерi бойынша; тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердегi қазақстандық қамту бойынша; жұмысқа тартылған шетелдiк персоналға қатысты, мердiгерлiк жұмыстармен айналысатын персоналды қоса алғанда, қазақстандық персонал үшiн еңбекақы төлеудiң тең жағдайларын қамтамасыз ету бойынша; келiсiмшарт бойынша жұмыстарды орындау үшiн қажеттi Қазақстан Республикасының аумағындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға арналған шығыстар мөлшерi бойынша мiндеттемелердi қамтуға тиiс.
      Келiсiмшартта жер қойнауын пайдаланушының технологиялық процестiң үздiксiз болуын және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн мүлiктi беру жөнiндегi мiндеттемелерi, сондай-ақ осы Заңның 72-бабының 10-тармағында көзделген жағдайларда құзыреттi органның осындай мүлiктi беру жөнiндегi өкiлеттiктерiн көрсету қамтылуға тиiс.
      Сол бойынша келiсiмшарт бұған дейiн тоқтатылған жер қойнауы учаскесiне келiсiмшарт жасалған жағдайда жаңа жер қойнауын пайдаланушымен жасалатын келiсiмшартта, осы Заңның 72-бабының 10-тармағына сәйкес берiлген мүлiктiң құнын қоса алғанда, бұрынғы жер қойнауын пайдаланушы және сенiмгерлiкпен басқарушы бұған дейiн жүргiзген шығындарды өтеу жөнiндегi мiндеттемелер, сондай-ақ сенiмгерлiкпен басқарушыға сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.
      Келiсiмшарттың талаптары жер қойнауын пайдаланушының өзi қабылдаған, оның iшiнде тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi және кадрлардағы қазақстандық қамту бойынша, келiсiмшартта көзделген салықтық емес сипаттағы төлемдер бойынша мiндеттемелердi орындамағаны, тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық төлемi (айыппұлдар, өсiмпұлдар) мөлшерiн қамтуға тиiс.
      Көмiрсутек шикiзатын өндiруге арналған келiсiмшартта жер қойнауын пайдаланушының iлеспе газды қайта өңдеу (кәдеге жарату) жөнiндегi мiндеттемелерi қамтылуға тиiс.
      Келiсiмшарт басқа да ережелердi қамтуы мүмкiн.
      3. Келiсiмшарт талаптарының Қазақстан Республикасы үшiн тиiмдiлiгi тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша не конкурстық ұсыныста белгiленген талаптардағыдан төмен болмауы керек.
      4. Бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарт Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша стратегиялық маңызы және (немесе) күрделi геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелерiне, кен орындарына қатысты ғана жасалады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе:
      барлауды жүргiзу кезеңiнде мұндай келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында барлауға арналған келiсiмшарт үшiн көзделген ережелер қолданылады;
      кен орны табылып, бағаланғаннан және тиiстi жобалау құжаттары белгiленген тәртiппен бекiтiлгеннен кейiн коммерциялық табумен байланысты өндiруге арналған айрықша құқықтың негiзiнде келiсiмшартқа өндiру сатысымен байланысты өзгерiстер енгiзiледi, содан соң мұндай келiсiмшартқа Қазақстан Республикасының заңдарында өндiруге арналған келiсiмшарт үшiн көзделген ережелер қолданылады.
      5. Геологиялық немесе тау-кендiк бөлу және жұмыс бағдарламасы, жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарттарды (шарттарды) қоспағанда, келiсiмшартқа мiндеттi қосымшалар болып табылады.
      6. Келiсiмшарттардың талаптарында Қазақстан Республикасы құқығының келiсiмшарттар бойынша қолданылатын құқық болып табылатыны мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
      7. Келiсiмшарт қазақ және орыс тiлдерiнде жасалуға тиiс. Келiсiмшарт тараптарының келiсiмi бойынша келiсiмшарттың мәтiнi өзге тiлге аударылуы да мүмкiн.
      8. Жер қойнауын пайдаланушылардың, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттардың талаптарын орындауын бақылауды құзыреттi орган жүзеге асырады.
      Кең таралған пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдаланушылардың барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттар талаптарын орындауын бақылауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жүзеге асырады.
      Жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшарттың талаптарын бұзған жағдайда құзыреттi орган, ал кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған келiсiмшарттарға қатысты - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жазбаша түрде хабардар ете отырып, жер қойнауын пайдаланушының белгiленген мерзiмде мұндай бұзушылықты жою жөнiндегi мiндетiн атап көрсетедi.
      9. Жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған келiсiмшарт (шарт) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жасалады.

      ^ 62-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың
              жобасын дайындау

      1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасын конкурстың жеңiмпазы не онымен келiсiмшарт тiкелей келiссөздер негiзiнде жасалатын тұлға әзiрлейдi және ол келiссөздер арқылы құзыреттi органмен немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органымен келiсiледi.
      2. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы модельдiк келiсiмшарттың, тiкелей келiссөздер хаттамасының немесе жеңiмпаздың конкурстық ұсынысының және белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалау құжаттарының негiзiнде жасалып, бекiтiлген жұмыс бағдарламасының негiзiнде әзiрленедi.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт жобасының ережелерi келiсiмшарт талаптарына осы Заңда қойылатын талаптарға сәйкес келуге тиiс.
      Барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың жобасы осы Заңның талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн көздеуге тиiс.
      3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасы оған қол қойылғанға дейiн жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың жобасына сонымен қатар құқықтық, экологиялық, экономикалық мiндеттi сараптамалар жасалуға тиiс.
      Сараптама келiсiмшарт ережелерiнiң Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келу тұрғысынан жүргiзiледi. Сонымен қатар келiсiмшарт талаптарының соның негiзiнде конкурс жеңiп алынған конкурстық ұсынысқа немесе тiкелей келiссөздер талаптарына сәйкестiгiн тексеру, жобаны iске асырудың экономикалық жағынан мақсатқа сай болуы мен әлеуметтiк мәнiн бағалау экономикалық сараптаманың нысанасы болып табылады.
      Сараптамалық қорытындыларды тиiстi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi, ал экологиялық сараптаманы мемлекеттiк сараптаманы жүзеге асыратын мемлекеттiк орган тиiстi сараптаманы жүргiзуге қажеттi құжаттардың толық пакетiн берген кезден бастап үш айдан кешiктiрмей бередi.
      Сараптама нәтижелерi сараптамалық қорытындымен ресiмделедi, ол терiс немесе оң болуы мүмкiн.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты жасасуға үмiткер тұлға мемлекеттiк органның сараптамалық қорытындыда жазған ескертулерiн жою мақсатында келiсiмшарт жобасын пысықтайды.
      Аталған ескертулер жойылған жағдайда мемлекеттiк орган қайталама сараптаманы жүргiзедi. Мемлекеттiк қайталама сараптама жобалау және өзге де құжаттамаға мемлекеттiк сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейiн өзгерiстер енгiзiлген жағдайларда да жүргiзiледi.
      Құқықтық және (немесе) экономикалық сараптаманың ескертулерiмен келiспеген жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшартты жасасуға үмiткер тұлға өзiнiң дәлелдi қарсылықтарын құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына оларды келiсiм комиссиясында қарау үшiн жiберуге құқылы.
      Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы ұсынылған қарсылықтарды қарау үшiн он күндiк мерзiмде келiсiм комиссиясын құрады. Келiсiм комиссиясының құрамына құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының, ескертулер ұсынған мемлекеттiк органдардың және келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлғаның өкiлдерi кiредi. Келiсiм комиссиясы отырыс нәтижелерi бойынша хаттамада көрсетiлетiн ұсынымдарды әзiрлейдi. Келiсiм комиссиясының ұсынымдары ескерiле отырып, келiсiмшарт қайталама сараптамаға жiберiледi.
      4. Келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға келiсiмшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiскенге және қажеттi сараптамалардың нәтижелерiн алғанға дейiн, бiрақ жобалау құжаттарын белгiленген тәртiппен бекiтуден ерте болмайтындай етiп, келiсiмшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына келiсуге жiберуге құқылы.
      Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жұмыс бағдарламасы бар келiсiмшарт жобасын келiсудi олар келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде жүргiзедi.
      5. Келiсiмшарттың және жұмыс бағдарламасының жобаларын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiскеннен, барлық қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен және келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға сараптамалық қорытындыларда көрсетiлген барлық ескертулердi жойғаннан кейiн келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға келiсiмшарт жобасын жұмыс бағдарламасымен, барлық бекiтiлген жобалау құжаттарымен, келiсулердiң және сараптамалардың нәтижелерiмен қоса түпкiлiктi келiсу үшiн құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына жiбередi.
      Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы келiсiмшарттың және жұмыс бағдарламасының түпкiлiктi мәтiнiн келiсудi келiсiмшарт жасасуға үмiткер тұлға құжаттарды ұсынған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi.

      ^ 63-бап. Жұмыс бағдарламасы

      1. Жұмыс бағдарламасы келiсiмшарттың мiндеттi бөлiгi (қосымшасы) болып табылады, белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалау құжаттарының негiзiнде жасалады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлуге тиiс.
      Жұмыс бағдарламасын жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсу келiсiмшарт жобасына сараптама жүргiзумен бiр мезгiлде жүзеге асырылады. Жұмыс бағдарламасын келiсу мерзiмi жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жұмыс бағдарламасы келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспайтын уақытты құрайды.
      2. Жобалау құжаттарының көрсеткiштерi өзгерген кезде, соның нәтижесiнде жұмыс бағдарламасының көрсеткiштерi өзгерсе, жұмыс бағдарламасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлуге тиiс.
      Жобалау құжаттарына өзгерiстер енгiзуге байланысты жұмыс бағдарламасына өзгерiстердi келiсу жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның жобалау құжатын бекiтуiмен бiр мезгiлде жүргiзiледi. Аталған өзгерiстер жұмыс бағдарламасына жер қойнауын пайдаланушы мен құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы арасындағы келiсiмшартқа қосымша келiсiмге қол қою жолымен жұмыс бағдарламасы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде енгiзiледi.

      ^ 64-бап. Iздестiру жұмыстарының жобасы

      1. Барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшартқа қол қойылғанға және ол тiркелгенге дейiн конкурстың жеңiмпазы не тiкелей келiссөздер негiзiнде онымен келiсiмшарт жасалатын тұлға iздестiру жұмыстарының жобасын әзiрлейдi.
      Iздестiру жұмыстарының жобасы аумақтарды зерттеудiң iздестiру мен зертханалық-талдамалық зерттеулердiң қазiргi заманғы және дәлдiлiгi жоғары әдiстерiн қамтитын анағұрлым тиiмдi әрi қарқынды бағдарламасын қамтуға тиiс, олар жер қойнауы учаскесiн тиiмдi әрi кешендi зерттеудi қамтамасыз етуге және пайдалануға берiлген жер қойнауы учаскесiнiң аумағын толық қамтуға тиiс.
      Iздестiру жұмыстарының жобасы iздестiру жұмыстары сатысының бүкiл мерзiмiнде кен орнын iздестiру және табу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шығындар көрсетiлген қаржылық бөлiктi қамтуға тиiс.
      2. Iздестiру жұмыстарының жобасына мiндеттi түрде мынадай:
      1) мемлекеттiк экологиялық
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық мiндеттi сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.
      3. Iздестiру жұмыстарының жобасын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi тiкелей келiссөздер негiзiнде онымен келiсiмшарт жасалатын тұлға үшiн тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннен бастап немесе конкурстың жеңiмпазы деп танылған тұлға үшiн конкурс қорытындылары жарияланған күннен бастап алты айдан аспауға тиiс. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар үшiн көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiне сәйкес жобалау жөнiндегi жұмыстарды сатып алуды жүзеге асыратын тұлғалар үшiн өндiру жұмыстарын жүргiзуге арналған жобалау құжаттарын әзiрлеу мен келiсу мерзiмi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында не ұлттық басқарушы холдинг және дауыс беретiн акцияларының (қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар үшiн көзделген сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiнде белгiленген мiндеттi рәсiмдер ескерiле отырып, құзыреттi органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi негiзiнде ұзартылуы мүмкiн.
      Iздестiру жұмыстарының жобасы алты жылға дейiнгi мерзiмге әзiрленедi.
      Құзыреттi орган теңiзде мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде барлауға, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiн осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес ұзартқан жағдайда iздестiру жұмыстары жобасының қолданылу мерзiмi ұзартылуға тиiс.
      4. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша орталық комиссия iздестiру жұмыстарының жобасын орталық комиссияға жоба келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша өңiраралық комиссия iздестiру жұмыстарының жобасын өңiраралық комиссияға жоба келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      5. Бекiтiлген iздестiру жұмыстарының жобасында айқындалған жұмыстардың шарттары мен көлемiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу қажет болған жағдайда iздестiру жұмыстарының жобасына өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы жасалады, оны осы баптың 4-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi.
      Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының iздестiру жұмыстарының жобасына осындай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
      Бағалау жұмыстарының жобасына өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi iздестiру жұмыстарының жобасына тиiстi өзгерiстер және (немесе) толықтырулар жобасы орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
      6. Бекiтiлген iздестiру жұмыстарының жобасы келiсiмшарт жасау және жасасу үшiн негiз болып табылады.
      Белгiленген тәртiппен бекiтiлген iздестiру жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ iздестiру жұмыстары жобасының талаптарын бұзып, кен орындарын iздестiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынады.

      ^ 65-бап. Бағалау жұмыстарының жобасы

      1. Кен орны табылған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы бұл жөнiнде құзыреттi органға немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органына отыз жұмыс күнi iшiнде хабарлауға мiндеттi.
      Құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы бiр ай iшiнде бағалау жұмыстары сатысына көшуге рұқсат бередi. Бағалау жұмыстары сатысына көшу кезiнде мiндеттi түрде келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерiс енгiзiледi.
      Табуды растау мен бағалау мерзiмдерiн айқындауды құзыреттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша белгiлейдi. Коммерциялық табуды жер қойнауын пайдаланушы жариялайды.
      2. Бағалау жұмыстарының жобасына мiндеттi түрде мынадай:
      1) мемлекеттiк-экологиялық
      2) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы;
      3) санитарлық-эпидемиологиялық мiндеттi сараптамалар жүргiзiлуге тиiс.
      3. Бағалау жұмыстарының жобасы кен орны қорларын толық және кешендi бағалау мен есептеу, сондай-ақ кен орны жатқан қабаттың тау-кен-геологиялық жағдайларын, пайдалы қазбаны алудың технологиялық параметрлерiн және оны игерудiң экономикалық жағынан орындылығын айқындауға қажеттi мерзiмге әзiрленедi.
      Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстары сатысының бүкiл мерзiмiнде кен орнын зерттеу және бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған шығындар көрсетiлген қаржылық бөлiктi қамтуға тиiс.
      4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстары тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру жобасын қамтуы мүмкiн.
      Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру жобалау құжаттарында белгiленген мерзiмдер iшiнде және көлемдерде пайдалы қазбаны өндiру процесiнде де жүргiзiлуi мүмкiн.
      Тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiрудiң көлемi мен мерзiмдерi жер қойнауын алдын ала сараптау нәтижелерi бойынша айқындалады.
      Көмiрсутек шикiзаты бойынша бағалау жұмыстары сынамалық пайдалану жобасын қамтуы мүмкiн.
      Сынамалық пайдалану жобасы бұрғыланған барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейдi.
      Сынамалық пайдалануды жүргiзу қажеттiгi мен мерзiмдерi туралы ұсыныстарды орталық комиссия жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органға жiбередi.
      5. Кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру жобасын орталық комиссия тиiстi жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Сынамалық пайдалану жобасын орталық комиссия жоба орталық комиссияға келiп түскен күннен бастап үш ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган орталық комиссиядан ұсыныстар алынған кезден бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      Кең таралған пайдалы қазбалар бойынша бағалау жұмыстарының жобасын және тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру жобасын өңiраралық комиссия тиiстi жоба өңiраралық комиссияға келiп түскен күннен бастап бiр ай iшiнде қарайды және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi өңiраралық комиссиядан ұсыныстар алынған күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      6. Бағалау жұмыстарының жобасын әзiрлеу және келiсу мерзiмi бағалау жұмыстарының сатысына көшу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес айдан аспауға тиiс.
      7. Бекiтiлген жобаларда айқындалған жұмыс шарттары мен көлемдерiн өзгерту және (немесе) толықтыру қажет болған жағдайда, бекiтiлген жобаларға өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобалары жасалады, оларды осы баптың 5-тармағында айқындалған органдар қарайды және бекiтедi.
      Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген сараптамалардың бiрiнiң терiс қорытындысы болса, жер қойнауын пайдаланушының мұндай өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуiне рұқсат берiлмеуi мүмкiн.
      Жобаларға өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды қарау және бекiту мерзiмi орталық комиссияға немесе өңiраралық комиссияға тиiстi өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың жобасы келiп түскен күннен бастап бiр айдан аспауға тиiс.
      8. Белгiленген тәртiппен бекiтiлген бағалау жұмыстарының жобасынсыз, сондай-ақ бағалау жұмыстары жобасының талаптарын бұза отырып, кен орындарын бағалау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тыйым салынады.

      66-бап. Өндiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



Похожие:

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Ескерту. Актiнiң нысаны мен тақырыбы мына редакцияда берiлдi: "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатындарды қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconҚазақстан Республикасында Жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды
Республикасы Президентiнiң "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы n 2828 заң күшi бар Жарлығын...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгілі бір салаларында қызметті жүзеге асыратын акционерлік...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сјйкес (бұдан әрі – Заң) жер ќойнауын пайдаланушыєа...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы iconЖалпы таралєан пайдалы ќазбаларды барлауға, ґндiруге немесе
Мет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 42, 44-баптарының, «Қазақстан Республикасында...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті
Бұл бөлімде төсіндірмелері көрсетілмеген аңықтамалар мен терминдердің мағыналары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Жерасты су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларына арналған рұқсатты келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы icon«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы