Келісілді: бекітілді icon

Келісілді: бекітілді



НазваниеКелісілді: бекітілді
Дата конвертации22.10.2013
Размер80.3 Kb.
ТипДокументы
источник



КЕЛІСІЛДІ: БЕКІТІЛДІ:


Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Көкпекті ауданы әкімдігінің

__________________ Г. Ә. Смағұлова 2013 жылғы ______________

№ ____________қаулысы


«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі»

Мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


Көкпекті ауылы,

2013 жыл.


Көкпекті ауданы әкімдігінің

«______»__________2013 жылғы

___қаулысына №___ қосымша


«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже


^ 1. Жалпы ережелер


1.«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудандағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытуды іске асыра отырып, белгіленген тәртіп бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттық қызмет көрсетуді және оны реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.

4. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лиміті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 071000, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Ш. Фахрутдинова көшесі, 44 «а».

9. Мемлекттік органның толық атауы - «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже  «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

12. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі мен міндеттерін орындауға кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынасқа түсуге «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиым салынады.


^ 2. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары


13. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы Заңының 3-тарауы 31 бабымен Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік» туралы Заңының 3 - тарауының 15 –17 баптарын басшылыққа ала отырып, шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлейді. Атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.

Аудан экономикасының өсуіне шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың рөлін көтеру, маңызы мен беделін өсіру, инвестициялық ахуалды дамыту, өңдеуші өнеркәсіпті ұлғайту арқылы нақты көлем индексін арттыру. Шағын кәсіпкерлікті дамытуға және көтермелеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.


14. Міндеттері:

1Аумақтық стратегиялық жоспар көлемінде шағын кәсіпкерліктің стратегиялық дамуын жоспарлау;

2. Ауданның сыртқы экономикалық байланысына, шағын кәсіпкерліктің жағдайларына талдау жасау және мониторингі жүргізу;

3. Кәсіпкерлік саласында аудан әкімдігінің қаулысы мен аудан әкімінің өкімін және шешімдерінің жобасын дайындау.

4. Шағын бизнес кәсіпорындарының жұмыстарын жақсартуға және жетілдіруге ұсыныстар әзірлеп, аудан әкіміне ұсыну;

5. Барлық меншік түрі негізінде ауылдағы әртүрлі ұйымдық - құқықтық шаруашылық жүргізуші тұлғалардың дамуы мен қалыптасуына ықпал жасау;

6. Аймақтық бағдарламасын зерттеу және мониторингті жүргізу, дайындау, іске асыру;


15. Функциялары:

1. Сараптау кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

2. Өнім өндірушілердің нарық саласындағы өнімдерін өткізуді және қажетті жағдай жасауды ұйымдастыру;

3. Жаппай экономикалық оқуды жүргізуге ықпал жасау;

4. Ғылыми - техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын, оны іске асырудың жолдары мен әдістерін анықтау және іске асыруға ықпал жасау, ғылым мен техникалық жетістіктерін насихаттау;

5. Өнімді өндіруде және қайта өңдеуде алдыңғы қатарлы технология мен бағыттарды енгізуді іске асыру.


16. Құқықтары мен міндеттері

1. Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асыру.

2. Жеке кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

3. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;

4. Кәсіпкерлік саласында аудан әкімдігінің қаулысы мен аудан әкімінің өкімін, шешімдерінің жобасын дайындау;

5. Шағын кәсіпкерлік тұлғалардың еркін қызметіне кепілдікті күшейту;

6. Шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржы-несие саясатын жетілдіру;

7. Шағын кәсіпкерлікті көтермелеу бағытындағы жергілікті атқарушы органдардың іс - әрекетін үйлестіру;

8. Жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

9. Сарапшылық кеңестің қызметін ұйымдастырады;

10.Жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

11. Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

12. Жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


3. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру


17. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерінің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы.

18. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығының өкілеттігі:

- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде жергілікті атқарушы органдарының және басқа да ұйымдардың іс-әрекеттерін үйлестіріп, қолданыстағы заңнамаға белгіленген шекте шағын және орта кәсіпкерлік саласында мемлекеттік саясатты және мақсатты бағдарламаларды іске асырады;

- Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасын жасап бекіттіреді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

- Шекаралас елдермен ауданның сыртқы экономикалық іс-әрекетін реттеуді жүзеге асырады. Ауданның орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасауға қатысады;

- Бағдарламалық құжаттарда айқындалған басым бағыттарға сәйкес, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің инвестициялық жобаларын жасап, іріктейді;

- Аудандағы өңдеуші өнеркәсіптің есебін жүргізіп кәсіпорындармен жұмыс жасайды. Айлық тоқсандық, жылдық есептерін шығарып кәсіпорындардың әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына көмектеседі.

- Белгіленген тәртіп бойынша азаматтардың хаттарын, шағымдарын, ұсыныстарын қарап, жауап береді;

- Облыс, аудан әкімдіктерінің қаулы, өкімдерінің орындалуын қадағалау, бөлімге қатысты қаулы, өкімдер жобаларын әзірлейді;

- «Шағын және орта бизнес саласындағы жылдың таңдаулы кәсіпкерлері» конкурсының өтуіне ықпал жасап, ұйымдастырады;

- Тіркеуде тұрған заңды және шағын кәсіпкерлік субъектілерімен жұмыс жасау;

- Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша рейтингілік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді;

- Аудандағы мекемелермен тығыз байланыста болып, жұмыс жасауды ұйымдастырады;

- Бөлім атынан сот істеріне қатысады немесе мекеме қызметкерлеріне өкілеттілік береді.

«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

20. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды бөлім бастығы басқарады.


4. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі


21. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. «Көкпекті ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

Келісілді: бекітілді iconШуеева Г. Б. от 2011 г. 2011 год келісілді бекітілді
Ақмола облысы «Ішкі саясат басқармасы» Жарқайың ауданы мемлекеттік мекемесінің бастығы әкімдігінің қаулысымен
Келісілді: бекітілді icon«келісілді» «бекітілді» Облыстық экономика және Сырдария ауданы әкімінің бюджеттік жоспарлау басқармасының № Қаулысы бастығы Б. Шаменова Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
Мемлекеттік орган қызметінің міндеттері және мақсаты, стратегиялық бағыттары, мақсатты индикаторлар және нәтиже көрсеткіштері
Келісілді: бекітілді iconКелісілді: Бекітілді: Қызылорда облысының жер Сырдария ауданы әкімдігінің қатынастары басқармасының № қаулысы Бастығы
Ауданның экономикалық дамуына бағытталған жерлерді ұтымды пайдалануды, топырақ құнарлығын сақтауды және арттыруды, қоршаған ортаны...
Келісілді: бекітілді iconКелісілді

Келісілді: бекітілді iconКелісілді Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органның даму мақсаттарының мемлекет дамуының стратегиялық мақсаттарымен сәйкестігі
Келісілді: бекітілді icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Газды тасымалдауды және сатуды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлер санының нормативтері
Келісілді: бекітілді iconАуылшаруашылық бөлімі бастығының 2008 жылғы 5 маусымдағы №1-03/5 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі регламенті
Ауылшаруашылық бөлімі бастығының 2008 жылғы 5 маусымдағы №1-03/5 бұйрығымен бекітілді
Келісілді: бекітілді icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Жылу энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
Келісілді: бекітілді icon«келісілді» Қазақстан Республикасының
Тұтынушыларға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен жабдықтау ұйымдарының қызметкерлері санының нормативтері
Келісілді: бекітілді iconКелісілді бекітемін
Оакж бойынша кітаптық қордың жаңару пайызы 1,4%, ок-1,7%, бк -1,8 %, село бойынша- 1,3 құрайды
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы