Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  icon

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және



НазваниеЖолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және
Дата конвертации19.08.2014
Размер169.49 Kb.
ТипКонкурс
источник

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы және "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 69 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" № 176 (28115) 24.07.2013 ж.; "Казахстанская правда" от 24.07.2013 г. № 238 (27512); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 13, 241-құжат;


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 54-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтiлсiн.
      2. «Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасында:
      2-қосымшада:
      1.1.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.1. Орындаушы авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн маршруттар бойынша тұрақты авиатасымалдарды осы шартта айқындалған шарт сомасы шегiнде, оның қолданыс мерзiмi iшiнде жүзеге асырады.»;
      1.3.-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1.3. Кiрiс деңгейi қамтамасыз етiлмейтiн авиамаршруттардың тiзбесi және әрбiр авиамаршрут бойынша бөлiнген сома осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын оның қосымшасында берiлген.»;
      Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялау шартына қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 69 қаулысымен   
бекiтiлген      

^ Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн
тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын
авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және субсидияланатын
авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) авиакомпаниялар үшiн жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде субсидияланатын авиамаршруттарға тұрақты авиарейстердi орындау құқығына конкурс өткiзу тәртiбiн, конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiк беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекiтiлген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес конкурс субсидияланатын авиамаршруттарда жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиакомпанияны айқындау мақсатында субсидияланатын авиамаршруттар тiзбесiне енгiзiлген авиамаршруттар бойынша өткiзiледi.
      3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады.
      4. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршруттар тiзбесi, әрбiр авиамаршрут бойынша бөлiнген субсидиялардың жылдық жалпы сомасы, әрбiр субсидияланатын авиамаршрутқа жиiлiктердiң ең төменгi саны, тарифi және әуе кемесiндегi ең төменгi талап етiлетiн отыратын орын саны көрсетiлген конкурстық құжаттаманы қалыптастырады.
      5. Конкурсқа осы Қағидаларда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн авиакомпания қатыса алады.
      6. Конкурсқа шығарылатын әрбiр субсидияланатын авиамаршрут жеке лот болып табылады.
      7. Егер конкурсқа шығарылатын субсидияланатын авиамаршрутқа кемiнде екi конкурсқа қатысушы өтiнiм берсе, осы Қағидалардың 38-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс өттi деп танылады.
      8. Конкурс жеңiмпазына жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк (бұдан әрi – субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк) берiледi.

^ 2. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      9. Мыналар:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелген және пайдаланушы сертификатын иеленген;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Тұрақты iшкi коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға авиакомпанияларға рұқсат беру қағидаларына сәйкес тұрақты iшкi коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсаты бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, бюджетке салықтар және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегi жоқ
      4) болжанған кiрiстi есепке алмағанда бiр ай iшiнде бекiтiлген кестеге сәйкес тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз етуге қажеттi қаржылық қаражаттардың төмендетiлмейтiн резервiсi бар авиакомпаниялар конкурсқа қатыса алады.

^ 3. Субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу тәртiбi

      10. Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзудi және куәлiктер берудi қамтамасыз ету үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатарынан конкурстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қалыптастырылады, оның құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiледi.
      11. Конкурстық комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемiнде бес адамнан құралуы тиiс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және комиссия шешiм қабылдаған жағдайда дауыс беруге құқығы жоқ.
      12. Комиссия қатысушылардың конкурстық ұсыныстарын қабылдайды және қарайды, конкурс өткiзедi және жеңiмпаздарды айқындайды, сондай-ақ субсидияланатын авиамаршрутқа өтiнiмдердi қажеттiлiгi авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурстар арасындағы кезеңде туындаған авиамаршрутты уақытша пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурсты өткiзбей қарайды.
      13. Комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметiне басшылық етедi, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, жұмысты жоспарлайды.
      14. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткiзу туралы шешiмдi республикалық бюджет туралы заңмен субсидиялауға арналған бюджет қаражаты бөлiнгеннен кейiн немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiмен қабылдайды.
      Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткiзу туралы қолдаухаттармен жүгiнедi.
      15. Конкурс есептi жыл басталудан кешiктiрiлмей жылына 1 рет өткiзiледi.
      16. Конкурс өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн конкурсты ұйымдастырушы азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында конкурс өткiзу басталғанға дейiн күнтiзбелiк 15 күн бұрын, конкурсты қайталап өткiзу жағдайында – қайталама конкурсты өткiзу басталғанға дейiн күнтiзбелiк 10 күн бұрын конкурс өткiзiлетiнi туралы хабарландыру орналастырады.
      17. Конкурсты ұйымдастырушының конкурсты өткiзу мерзiмi мен орны туралы хабарландыруынан кейiн конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ұсынады.
      18. Конкурсқа қатысу үшiн қатысушылар мынадай құжаттар:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу үшiн белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың көшiрмесi.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      3) барлық қосымшаларымен азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатының көшiрмесi;
      4) сақтандырудың мiндеттi түрлерiнiң болуын растайтын сақтандыру полистерiнiң (шарттардың) көшiрмесi;
      5) субсидияланатын авиамаршруттарға шығарылатын әуе кемелерiнiң паркi туралы мәлiметтер (үлгiлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, ең жоғарғы сыйымдылығы);
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырған жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам мерзiмге салық берешегiнiң және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екенi туралы тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетiлген жағдайда, осы берешектiң пайда болу мерзiмдерiн растайтын құжаттар қоса берiлуi қажет;
      7) бiрiншi басшының қолымен және авиакомпанияның мөрiмен куәландырылған анықтама түрiндегi тұрақты жолаушылар рейстерiн орындау тәжiрибесi бойынша ақпарат;
      8) қатаң есептiлiктегi бланктер үлгiлерi (тасымалдау құжаттарының үлгiлерi);
      9) автоматтандырылған броньдау мен авиатасымалдарды сату жүйесiнде ресурстарды орналастыру туралы келiсiм көшiрмесi;
      10) тұрақты орындалатын коммерциялық рейстер бойынша («Р» нысаны) бекiтiлген кестелер;
      11) конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдауды ұйымдастыруға негiзгi шарттар мен талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi конкурстық ұсынымдар;
      12) өткен қаржы жылына аудиторлық есеп ұсынады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз).
      19. Конкурсқа қатысу үшiн талап етiлетiн құжаттар бiр данада мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде ұсынылады, беттерi нөмiрленiп, тiгiлген болуы тиiс, соңғы бетi заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылады. Құжаттарда жолдар арасында кiрiстiрмелер болмауы тиiс.
      20. Осы Қағидалардың 18-тармағында тiзбеленген құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы көрсетiлген конвертке салынып бастырылады. Осыдан кейiн конверт сыртқы конвертке салынып бастырылады.
      21. Конверттер конкурсты ұйымдастырушыға (комиссияға) заңды тұлғаның мөрiмен куәландырылатын мынадай белгiлермен жiберiлуi тиiс: «Конкурста ғана ашылсын» және «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға және субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру бойынша конкурстық өтiнiм».
      22. Конкурстық өтiнiмдi ұсынған авиакомпаниялар конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн қайтып ала алады. Мұндай қайтып алу туралы хабарлама, егер оны конкурсты ұйымдастырушы (комиссия) конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмдерi өткенге дейiн алса, жарамды болып табылады.
      23. Өз өтiнiмдерiн қайтып алған авиакомпаниялардың конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi өткенге дейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайта ұсынуға құқығы бар.
      24. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау өтiнiмдердi тiркеу журналына енгiзу жолымен (комиссия хатшысы тiккен, нөмiрлеген, қол қойған және мөрмен куәландырылған) жүзеге асырылады және конкурсты өткiзу күнiне дейiн бiр жұмыс күнi қалғанда аяқталады.
      25. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi қатысушылардың немесе олардың өкiлеттiктерi комиссия отырысына қатысуға құқық беретiн сенiмхатпен расталған уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.
      26. Комиссия конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу ресiмi кезiнде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы авиакомпаниялардың атауы мен орнын, олар ұсынған жиiлiктер мен тариф, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың болуы немесе болмауы туралы ақпаратты хабарлайды.
      Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей комиссия тиiстi хаттаманы әзiрлейдi және қол қояды.
      27. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасына конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған комиссия мүшелерi, сондай-ақ комиссия хатшысы қол қояды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысушыларға не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне авиакомпаниялардың өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн жолдайды не ұсынады;
      2) өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасының қол қойылған мәтiнiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу хаттамасында қамтылған және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi адамдардың танысуы үшiн ақы алынбай қолжетiмдi болуы тиiс.
      28. Конкурсқа қатысқан, бiрақ конкурсқа қатысу өтiнiмдерi салынған конверттердi ашу рәсiмi кезiнде болмаған авиакомпаниялар, конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесi олардың жазбаша сұрауы не олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң жазбаша сұрауы бойынша азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган осындай сұрауды алған күнiнен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде ұсынылады.
      29. Конкурстық комиссия конверттердi ашқаннан кейiн әлеуеттi қатысушылар ұсынған конкурстық құжаттаманың толықтығына бағалау жүргiзедi және конверттердi ашқан сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде әлуеттi қатысушылардың конкурсқа қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды
      30. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн немесе осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген барлық құжаттарды ұсынбаған авиакомпаниялардың өтiнiмдерi бас тартылады және керi қайтаруға жатады.
      31. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қарауға қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалайды және салыстырады және конкурсқа шығарылған субсидияланатын авиамаршруттар бойынша жиiлiктердiң неғұрлым көп санын ұсынған конкурс жеңiмпазын айқындайды. Егер конкурсқа қатысушылар ұсынған жиiлiктер саны тең болған кезде, онда маршрутта тасымалдау сыйымдылығының жоғарғы санын ұсынған қатысушыға басымдық берiледi. Тасымалдау сыйымдылығының тең мөлшерi кезiнде басымдық өтiнiм бiлдiрiлген әуе кемелерiн шығарудың неғұрлым кеш орта мерзiмi бар авиакомпанияларға берiледi.
      Әрбiр субсидияланатын авиамаршрут бойынша бiр ғана жеңiмпаз анықталады.
      32. Өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде комиссия конкурсқа қатысатын авиакомпаниялардан олардың өтiнiмдерiнде қамтылатын мәлiметтердi нақтылау мақсатында өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты түсiндiрмелер сұратуы мүмкiн. Комиссия қажеттi ақпаратты тиiстi мемлекеттiк органдардан да сұратуы мүмкiн.
      Конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтiн конкурстық өтiнiмдi сәйкес келтiру үшiн сауалдарға, ұсыныстарға немесе рұқсаттарға жол берiлмейдi
      33. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. Дауыс беру рәсiмiне комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде комиссия шешiмi заңды деп танылады.
      Конкурс қорытындыларын шығару кезiнде кез келген мүшенiң болмауына дәлелдi себептер болған кезде осы фактiнi растайтын құжатты ұсына отырып жол берiледi.
      34. Комиссия конкурс қорытындылары туралы хаттаманы рәсiмдей отырып, конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жетi күннен аспайтын мерзiмде комиссияның мүшелерi мен комиссия хатшысы қол қоятын конкурс қорытындыларын шығарады.
      Комиссия конкурс қорытындыларын шығару кезiнде әрбiр субсидияланатын авиамаршруттағы конкурс жеңiмпазынан басқа конкурсқа қатысқан, ұсыныстары конкурс жеңiмпазынан кейiн неғұрлым ұтымды болған авиакомпанияларды айқындайды.
      35. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей:
      1) конкурсқа қатысқан авиакомпанияларға конкурстың қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн жiбередi;
      2) конкурстың қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтiнiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Конкурстың қорытындылары туралы хаттамада бар және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi адамдар танысу үшiн ақы алынбай қолжетiмдi болуы тиiс.
      36. Конкурс жеңiмпазы мен тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң арасында хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысымен бекiтiлген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасына сәйкес Шарт жасалады.
      37. Жеңiмпаз тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiмен Шарт жасасудан бас тартқан кезде, комиссия тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қолдаухаты бойынша конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсынысы конкурс жеңiмпазынан (жеңiмпаздарынан) кейiн неғұрлым үздiк болып бағаланған авиакомпаниямен Шарт жасасу туралы келiссөздер бастайды.
      Конкурсқа қатысқан, конкурстық ұсыныстары конкурс жеңiмпазынан кейiн неғұрлым үздiк болып бағаланған авиакомпания тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiмен Шарт жасасудан бас тартқан жағдайда, сондай-ақ егер авиамаршрутқа конкурсқа қатысушылардың екiден кем өтiнiмi ұсынылса, онда аталған авиамаршрут бойынша конкурс өтпедi деп танылады.
      38. Егер комиссия конкурсты өтпедi деп таныған жағдайда, комиссия конкурсты қайтадан өткiзу туралы шешiм қабылдайды;
      39. Қайталама конкурс осы Қағидаларға сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте конкурсқа қайта қатысып отырған авиакомпаниялар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтiнiштi ғана ұсынуы тиiс.
      Қайталама конкурс кезiнде, егер бiр субсидияланатын авиамаршрут бойынша конкурсқа қатысушылардың екiден кем өтiнiмi түссе және егер конкурстың жалғыз қатысушысы осы қағидаларда белгiленген талаптарға сай келген жағдайда конкурстық комиссияның шешiмi бойынша конкурс өттi деп танылады.
      40. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның шешiмi сот тәртiбiнде шағымдалуы мүмкiн.
      41. Конкурсқа қатысқан авиакомпаниялардың конкурстық өтiнiмдерiнiң сақталуын конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық өтiнiмдердi сақтау мерзiмi берiлген күннен бастап бiр жылды құрайды.
      42. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган қажеттiлiгi авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурстар арасындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу бойынша конкурсты өткiзбей, авиакомпанияларға конкурс қорытындылары шығарылғанға дейiн субсидияланатын авиамаршрутқа уақытша куәлiк бередi.
      Пайдалану қажеттiлiгi конкурстар арасындағы кезеңде туындаған субсидияланатын авиамаршрутты бөлу кезiнде авиакомпаниялар осы Қағидаларда көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi жағдайында куәлiк өтiнiмдер ұсынған барлық авиакомпанияларға берiледi.

^ 4. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк беру тәртiбi

      43. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiктi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган шартқа қол қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде конкурс жеңiмпазына бередi.
      44. Куәлiкте субсидияланатын авиамаршрутта аптадағы рейстер саны, қолданылу мерзiмi, есепке алу сериясы және нөмiрi көрсетiледi.
      45. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк қатаң есептiлiктегi құжат болып табылады.
      46. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
      47. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк иелiктен айырылмайтын болып табылады және басқа авиакомпанияларға берiлмейдi.
      48. Бiр субсидиялық авиамаршрутқа бiр куәлiк берiледi.
      49. Субсидияланатын авиамаршрутқа берiлген куәлiк кезектi конкурс қорытындылары шыққанға дейiн қолданыста болады.
      50. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиамаршрутты пайдалану шарттарын орындамаған жағдайда авиакомпаниядан субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiктi қайтып алады.
      51. Мыналар:
      1) ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды және (немесе) еңсерiлмейтiн күштiң салдарын қоспағанда, субсидияланатын авиамаршрутты пайдаланудың басталған күнiн, белгiлi бiр уақыт кезеңiнде тұрақты рейстердiң белгiленген санын орындауды және әуе кемелерiнiң субсидияланатын авиамаршрутында кестеде белгiленген үлгiлердi және (немесе) сыйымдылықты қолдануды қамтитын кестенi авиакомпанияның сақтауы;
      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкестiгi;
      3) бекiтiлген кестеге сәйкес ұдайы әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшiн болжамды кiрiстi ескермегенде бiр ай iшiнде қажеттi қаржы қаражатының жеткiлiктi резервiнiң болуы авиамаршрутты пайдаланудың талаптары болып түсiнiледi.
      52. Субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктi қайтып алу кезiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган авиакомпанияға куәлiктi қайтып алу туралы хабарлама жiбередi.
      53. Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiк азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның интернет-ресурсында қайтып алу туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткен соң қайтып алынған болып саналады.
      54. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiктi қайтып алу туралы шешiмi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.

Жолаушыларды, багажды, жүктер   
мен почта жөнелтiлiмдерiн       
тасымалдау жөнiнде қызметтер       
көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға
арналған конкурс өткiзу және    
субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру
қағидаларына              
1-қосымша                 

Өтiнiш

      ^ Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 20.12.2013 N 1363 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

_____________________________________________________________________
_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
   (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
________________________________ субсидияланатын авиамаршруты бойынша
  (субсидиялық авиамаршруттың атауы)
тұрақты субсидияланатын авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа қатысуға жiберуiңiздi өтiнемiн.
      Ұйым туралы мәлiметтер:
      1. Меншiк нысаны ______________________________________________
      2. Құрылған жылы ______________________________________________
      3. Заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы
куәлiк* немесе анықтама _____________________________________________
_____________________________________________________________________
                     (нөмiрi, кiм және қашан берген)
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады.
      4. Банктiң деректемелерi _____________________________________
                                (есеп шот нөмiрi, корреспонденттiк
_____________________________________________________________________
      есеп шоттар, ФАА, БСН, банктiң атауы мен орналасқан орны)
      5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелерi ________________
_____________________________________________________________________
   (почталық мекенжайы, телефоны, телефакс, телекс, телетайп,
_____________________________________________________________________
   телеграфтық және телефондық шақыру белгiлерi, ИКАО, ИАТА, СИТА,
_____________________________________________________________________
                              АФТН кодтары)
      6. ____________________________________________________________
                (кәсiпорынның бiрiншi басшысының Т.А.Ә)
      7. Қоса берiлiп отырған құжаттар _____________________________

      Кәсiпорын басшысы: Т.А.Ә., қолы, күнi.

      Мөр орны
      Өтiнiш 20___ жылғы «____» ________ қарауға қабылданды.

Жолаушыларды, багажды, жүктер     
мен почта жөнелтiлiмдерiн          
тасымалдау жөнiнде қызметтер       
көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға
арналған конкурс өткiзу және    
субсидияланатын авиамаршруттарға куәлiктер беру
қағидаларына                 
2-қосымша                   

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

^ Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршрутқа арналған куәлiк

_____________________________________________________________________
                (заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
        (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
________________________________________________ авиамаршруты бойынша
        (субсидияланатын авиамаршрут атауы)
__________________________________________________________ жиiлiктегi
        (аптасына ұшудың рұқсат етiлген рейстер саны)
тұрақты субсидияланатын авиарейстердi орындау құқығы берiлдi.
Субсидияланатын авиамаршрутқа куәлiктi берген мемлекеттiк орган _____
_____________________________________________________________________
          (куәлiк берген мемлекеттiк органның толық атауы)
      Басшы _________________________________________________________
      (куәлiк берген мемлекеттiк орган басшысының тегi және аты-жөнi)
      Куәлiктiң берiлген күнi: 20___ жылғы «____» ________
      Куәлiктiң қолданылу мерзiмi: 20___ жылғы «____» ________ бастап субсидияланатын авиамаршрутқа кезектi конкурс өткiзгенге дейiн
      Куәлiктiң нөмiрi ____________ № ____________
                          ____________ қаласы

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң       
2013 жылғы 31 қаңтардағы
№ 69 қаулысына  
қосымша       

Тұрақты       
авиамаршруттарды   
бюджеттiк субсидиялаудың
20 жылғы « » №    
шартына қосымша   

^ Кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн авиамаршруттар тiзбесi

      Өлшем бiрлiгi: теңге, ҚҚС-пен

Р/с


Авиамаршрут

Авиамаршрутқа бөлiнген сома

Жиiлiк саны (аптасына)

Тариф (әуежай және сақтандыру алымдарын есепке алғанда)

1 кг жүктiң және багаждың тарифi

Өзге де шығыстар

1

2

3

4

5

6

7











































      Осы қосымша Тұрақты авиамаршруттарды бюджеттiк субсидиялаудың 20 __ жылғы «____» ______ № шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

      Тапсырыс берушi                                   Орындаушы
_____________________________             __________________________
       (Т.А.Ә., қолы)                                (Т.А.Ә., қолы)
20 __ жылғы «___»___________             20 __ жылғы «___» __________



Похожие:

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconКонкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconКірме жолдармен жүру қауiпсiздiгі талаптарының сақталуын тексеру, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың багажды, жүктер мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату)
Р мен жүк-багажды тиеу, түсіру (босату) жөніндегі қызметті жүзеге асыруы кезінде тасымалдаушы мен Ұлттық инфрақұрылым операторының...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconЖолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен, тасымалдау қауіпсіздігіне қойылатын талаптар техникалық регламентін бекіту туралы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  icon"Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 13 желтоқсандағы №1522 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы
Жолаушыларды, багажды және жүктердi әуе көлiгiмен тасымалдау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  icon«Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру»
Жолаушыларды тасымалдау кезінде диспетчерлік қызметті ұйымдастыру» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Қалалық және қала маңындағы...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconПочта байланысы қызметтерін көрсету қағидалары Жалпы ережелер
«Почта туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына, Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-шарттарына...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconЖолаушыларды, багажды және жүк-багажды темір жол көлігімен тасымалдау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №799 Қаулысы «Темір жол көлігі туралы»
«Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 1-тармағының 9 тармақшасына сәйкес...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  iconҚазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, индекс
Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау саласындағы мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі қызметтерін конкурс тәсiлiмен...
Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және  icon2012 жылғы15 сәүрге дейін арналған Медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттардын, медициналық мақсаттағы бүйымдар мен медициналық техника айналасы бойынша
Медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттардын, медициналық мақсаттағы бүйымдар мен медициналық техника айналасы бойынша тексерілетін...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы