Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы icon

Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы



НазваниеКонкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Дата конвертации19.08.2014
Размер154.51 Kb.
ТипКонкурс
источник

"Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 наурыздағы № 208 қаулысы
"Егемен Қазақстан" № 176 (28115) 24.07.2013 ж.; "Казахстанская правда" от 24.07.2013 г. № 238 (27512); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 324-құжат;


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 53) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берiлiп отырған Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары бекiтiлсiн.»;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағидалардың 9-тармағының 4) тармақшасын, 18-тармағының  12) тармақшасын және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағидалардың 9-тармағының 12) тармақшасын, 18-тармағының 17) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2013 жылғы 4 наурыздағы
№ 208 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 19 қарашадағы
№ 1221 қаулысымен   
бекiтiлген      
 

^ Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн
тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық
авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және халықаралық
авиамаршруттарға куәлiктер беру
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршрутқа арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) халықаралық авиамаршрутта жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тұрақты әуеде тасымалдауды орындау құқығына авиакомпаниялар үшiн конкурс өткiзу тәртiбiн, конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған куәлiктi беру тәртiбiн айқындайды.
      2. Конкурс жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға авиакомпания айқындау мақсатында өткiзiледi.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) халықаралық авиамаршруттарға конкурс өткiзудiң ұйымдастырушысы болып табылады.
      4. Конкурсқа осы Қағидаларда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн авиакомпания қатыса алады.
      5. Конкурсқа шығарылатын әрбiр авиамаршрут жеке лот болып табылады.
      6. Конкурстық құжаттаманы қалыптастыру кезiнде тасымалдаушылардың, рұқсат етiлген жиiлiктердiң, авиамаршрутта тасымалдау сыйымдылығының саны бойынша үкiметаралық келiсiмдер талаптары ескерiледi.
      7. Егер конкурсқа шығарылатын халықаралық авиамаршрутқа конкурс талаптарына жауап беретiн кемiнде екi конкурсқа қатысушы өтiнiм берсе, осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурс өттi деп танылады.
      8. Конкурс жеңiмпазы (жеңiмпаздары) жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршрутқа куәлiк (бұдан әрi – халықаралық авиамаршрутқа куәлiк) алады.

^ 2. Халықаралық авиамаршрутқа конкурсқа қатысушыларға қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      9. Конкурсқа қатысуға мынадай бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн авиакомпанияларға жол берiледi:
      1) Қазақстан Республикасында тiркелуi және пайдаланушы сертификатын иеленуi;
      2) бiрдей жолаушылар сыйымдылығына жататын саны кемiнде бес әуе кемесiнен тұратын әуепаркiнiң болуы (жеке меншiгiнде немесе кемiнде үш жыл мерзiмге жалға алынған), олар уәкiлеттi орган белгiлеген халықаралық авиамаршрутты пайдалану шарттарына сәйкес келуi тиiс;
      3) пайдалану сәтiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда, бiр ай iшiнде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мөлшерде ұлттық немесе шетелдiк валютадағы қаржы қаражаты болуы;
      4) соңғы аудиторлық есеппен расталған тұрақты қаржылық жағдайының болуы;
      5) төлем жүргiзу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша бюджет алдында және жинақтаушы зейнетақы қорларына жiберетiн аударымдары бойынша берешегiнiң болмауы;
      6) броньдау жүйесiнде сатылымдар мен ресурстарды басқару бойынша бiлiктi персоналының болуы;
      7) тұрақты жолаушылар тасымалдарында үздiксiз жұмыс тәжiрибесiнiң болуы (кемiнде соңғы үш жыл);
      8) Қазақстан Республикасының кемiнде екi қаласында филиалының немесе өкiлдiгiнiң болуы;
      9) авиакомпанияның веб-сайты арқылы авиабилеттердiң сатылымын енгiзуi;
      10) Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тiркелгенi және кодтарға ие болғаны туралы куәлiгiнiң болуы;
      11) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрiнде ресiмдеудi қоса алғанда, авиатасымалдарды сатудың ғаламдық дистрибутивтiк жүйелерiнiң бiрiнде орындар ресурсын орналастыру және жүргiзуге арналған келiсiмiнiң болуы;
      12) Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы (IOSA) берген қауiпсiздiктiң өндiрiстiк аудитi сертификатының болуы.

^ 3. Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу тәртiбi

      10. Конкурс осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жаңа халықаралық авиамаршруттарға не халықаралық авиамаршрутқа куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi ағымдағы жылы аяқталатын авиамаршруттарға жылына бiр рет, күзгi-қысқы навигация басталғанға дейiн алдын ала жүргiзiледi.
      11. Уәкiлеттi орган әлеуеттi қатысушылар үшiн уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлетiн конкурсқа шығарылатын халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдауды ұйымдастыруға шарттар мен талаптарды қамтитын конкурстық құжаттаманы дайындайды.
      12. Уәкiлеттi орган Конкурс өткiзу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн конкурс ұйымдастырушысы бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында конкурс өткiзiлгенге дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын, конкурсты қайта өткiзу жағдайында - қайталама конкурсты өткiзу басталғанға дейiн күнтiзбелiк 15 күн бұрын конкурс өткiзу туралы хабарландыру орналастырады.
      13. Халықаралық авиамаршруттарда арналған конкурс өткiзудi және куәлiктер берудi қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган өкiлдерiнiң қатарынан құрамы уәкiлеттi органның бұйрығымен бекiтiлетiн конкурстық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрылады.
      14. Комиссия мүшелерiнiң саны тақ болуы және кемiнде бес адамнан құралуы тиiс. Комиссияны комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары басқарады. Комиссия хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және комиссияның шешiмдердi қабылдауы кезiнде дауыс беруге құқығы жоқ.
      15. Комиссия қатысушылардың конкурстық өтiнiмдерiн қабылдайды және қарайды, конкурс өткiзедi және жеңiмпаздарды белгiлейдi, сондай-ақ қажеттiлiгi халықаралық авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей халықаралық авиамаршрутқа өтiнiмдердi қарайды.
      16. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметiне басшылық етедi, комиссия отырыстарында төрағалық етедi, комиссия жұмысын жоспарлайды және оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      17. Уәкiлеттi орган конкурсты өткiзудiң мерзiмдерi мен орнын жариялағаннан кейiн конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушi авиакомпаниялар осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды ұсынады.
      18. Конкурсқа қатысу үшiн қатысушылар мынадай құжаттар ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған белгiленген нысандағы өтiнiш;
      2) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi (қайта тiркелгенi) туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      3) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатының барлық қосымшаларымен көшiрмесi;
      4) сақтандырудың мiндеттi түрлерiнiң бар екенiн растайтын сақтандыру полистерiнiң (шарттарының) көшiрмесi;
      5) әуе кемелерiнiң паркi туралы мәлiметтер (олардың үлгiлерi, саны, борттық тiркеу нөмiрлерi, ұшу жарамдылығының сертификаты);
      6) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз түрiнде ресiмдеудi қоса алғанда, авиабилеттердi сатудың ғаламдық дистрибутивтiк жүйелерiнiң бiрiнде орындар ресурсын орналастыруға және жүргiзуге арналған келiсiмiнiң көшiрмесi;
      7) авиакомпанияның ИКАО-да тiркелгенi туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
      8) пайдалану сәтiнен бастап алынуы болжанатын кiрiстi есепке алмағанда, бiр ай iшiнде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылған кестеге сәйкес ұшуды қамтамасыз ету үшiн есепшотта қажеттi көлемде ұлттық немесе шетелдiк валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банк анықтамасы;
      9) бiр ай iшiнде халықаралық авиамаршрут бойынша ұсынылатын кестеге сәйкес жоспарланатын жүктеменi ескере отырып, ұшуды орындауға арналған шығыстардың есептемелерi;
      10) төлем жүргiзу мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық органынан конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан астам мерзiм iшiнде салық берешегi мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы салымдары бойынша берешектiң жоқтығы туралы бiрiншi жетекшiнiң немесе қол қоюға құқығы бар (осы құқықты растайтын құжатты қосымша тiркей отырып) тұлғаның қолы қойылған және сол салық органының мөрi басылған бекiтiлген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы. Егер анықтамада берешек көрсетiлсе, аталған берешектiң пайда болу мерзiмдерiн растайтын, анықтама берген адам қол қойған құжаттар қоса тiркелуi қажет;
      11) авиакомпанияның авиатасымалдарды броньдау және сату ғаламдық дистрибутивтiк жүйелерiнде ресурстарды басқару бойынша бiлiктi персоналының болуы туралы мәлiмет;
      12) соңғы қаржылық жылға аудиторлық есеп;
      13) тұрақты жолаушылар тасымалдарында соңғы үш жылдағы жұмыс тәжiрибесi жөнiнде мәлiмет;
      14) Қазақстан Республикасының кемiнде екi қаласында авиакомпанияның филиалын немесе өкiлдiгiн тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;
      15) авиакомпания веб-сайтының болуы және веб-сайт арқылы авиабилеттердi сатуды жүргiзу туралы мәлiметтер;
      16) авиакомпанияның Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тiркелгенi туралы куәлiгiнiң көшiрмесi;
      17) Халықаралық әуе көлiгi қауымдастығы (IOSA) берген қауiпсiздiктiң өндiрiстiк аудитi сертификатының көшiрмесi;
      18) авиамаршрутта халықаралық ұшуларды орындауға арналған ұзақ мерзiмдi (үш жылға арналған) бизнес жоспар;
      19) конкурсқа шығарылған халықаралық авиамаршруттар бойынша жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдауды ұйымдастырудың негiзгi шарттары мен талаптарын қамтамасыз ету жөнiндегi конкурстық ұсыныстар.
      19. Конкурсқа қатысу үшiн талап етiлетiн құжаттар бiр данада мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде, тiгiлген түрде, нөмiрленген беттерiмен берiледi және соңғы бетi заңды тұлғаның мөрiмен расталады.
      20. Конкурстық өтiнiмде жолақтар арасында ешқандай қойылымдар, өшiрiлiп жазулар немесе қосымша жазылған жазулар болмауы тиiс.
      21. Осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетiлген құжаттар авиакомпанияның атауы мен мекенжайы жазылған конвертке салынып, бастырылады. Содан кейiн осы конверт сыртқы конвертке салынып, бастырылады.
      22. «Конкурста ғана ашылсын» және «Халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурстық өтiнiм» деген жазулары бар конверттер уәкiлеттi органға бағытталады.
      23. Конкурстық өтiнiм берген авиакомпания конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн өз конкурстық өтiнiмiн қайтып ала алады. Авиакомпанияның қайтып алуы туралы жазбаша хабарламасы, егер оны уәкiлеттi орган конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн болса жарамды болып табылады.
      24. Өз өтiнiмдерiн қайтып алған авиакомпаниялар конкурстық өтiнiмдердi тапсырудың түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурсқа қатысуға арналған қайта өтiнiм бередi.
      25. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтiнiмдердi қабылдауды комиссия хатшысы конкурстың өтiнiмдердi тiркеу журналына (тiгiлген, нөмiрленген, комиссия хатшысы қол қойған, мөрмен басылған) енгiзу арқылы жүзеге асырады және конкурс өткiзу күнiне дейiн бiр жұмыс күнi бұрын аяқталады.
      26. Комиссия осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай келмейтiн авиакомпаниялардың конкурстық өтiнiмдерден бас тартады және қайтарымға жатады.
      27. Комиссия конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi қатысушылардың немесе өкiлеттiктерi комиссия отырысына қатысу құқығын беретiн сенiмхатпен расталған олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен ашады.
      28. Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу рәсiмi кезiнде комиссия қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы авикомпаниялардың атауы мен орналасқан жерiн, олар ұсынған жиiлiктер мөлшерiн, конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендiгi туралы ақпаратты хабарлайды.
      Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылған күннен кейiнгi бiр күнiнен кешiктiрiлмей комиссия тиiстi хаттама әзiрлейдi және оған қол қояды.
      29. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасына конверттердi ашу рәсiмiне қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң, сондай-ақ комиссия хатшысының қолдары қойылады.
      Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылған күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi орган:
      1) конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн конкурсқа қатысушы авиакомпанияларға не олардың уәкiлеттi өкiлдерiне жолдайды;
      2) конкурстық өтiнiмдерi бар қол қойылған хаттаманың мәтiнiн уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу хаттамасында қамтылатын және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғалардың танысуы үшiн ақы алынбай қолжетiмдi болуы тиiс.
      30. Конкурсқа қатысушысы, конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтiнiмдерi бар конверттердi ашу рәсiмiне қатыспаған авиакомпанияларға конверттердi ашу хаттамасының көшiрмесiн олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң жазбаша сұрауы бойынша, уәкiлеттi орган осындай сұрауды алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.
      31. Конверттер ашылғаннан кейiн конкурстық комиссия әлеуеттi қатысушылар ұсынған құжаттардың толықтығын бағалайды және конверттер ашылған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды.
      32. Комиссия конкурсқа қатысу үшiн қарауға қабылданған конкурстық өтiнiмдердi бағалап, салыстырады және мынадай өлшемдердi ескере отырып конкурс жеңiмпазын (жеңiмпаздарын) анықтайды:
      1) Халықаралық авиамаршрутта тұрақты авиарейстердi орындаумен айналысатын конкурсқа қатысушы - авиакомпания персоналының бiлiктiлiк деректерi, беделi, сенiмдiлiгi, кәсiби және басқару құзыреттiлiгi (ұшу қауiпсiздiгiнiң жай-күйi, халықаралық авиамаршрутта жарияланған әуе кемелерiн шығарудың орташа жылы, авиакомпания қызметiнiң қаржылық нәтижелерi, тұрақты халықаралық рейстердегi жұмыс тәжiрибесi);
      2) ұсынылатын қызметтердiң сапалық сипаттамалары (әуе кемесiнiң бортында ұсынылатын сервистi бағалау, авиабилеттердi сату желiсiнiң дамығандығы).
      33. Комиссия шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Ол болмаған жағдайда, егер дауыс беру рәсiмiне комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысып отырса, комиссия шешiмi заңды деп табылады.
      Конкурс қорытындыларын шығарған кезде комиссия мүшесiнiң кез келгенiнiң болмауына дәлелдi себептер болған кезде, осы фактiнi растайтын құжатты ұсына отырып жол берiледi.
      Комиссия конкурс қорытындылары бойынша конкурстық өтiнiмдерi бар конверттер ашылған күннен бастап күнтiзбелiк жиырма күннен аспайтын мерзiм iшiнде Конкурс қорытындылары туралы хаттама жасайды және оған қол қояды.
      34. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен кейiнгi бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей уәкiлеттi орган:
      1) конкурсқа қатысушы авиакомпанияларға конкурс қорытындылары туралы хаттама көшiрмесiн жолдайды;
      2) конкурс қорытындылары туралы қол қойылған хаттама мәтiнiн уәкiлеттi органның интернет-ресурсында жариялайды. Конкурс қорытындылары туралы хаттамада қамтылатын және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылған мәлiметтер барлық мүдделi тұлғалардың танысуы үшiн ақы алынбай қолжетiмдi болуы тиiс.
      35. Конкурс жеңiмпазының (жеңiмпаздарының) және уәкiлеттi органның арасында конкурс қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде конкурс жеңiмпазы (жеңiмпаздары) өзiне ұсынылған конкурстық ұсыныстарды орындау жөнiнде мiндеттемелердi қабылдайтын келiсiм (бұдан әрi – Келiсiм) жасалады.
      36. Конкурс жеңiмпазы (жеңiмпаздары) уәкiлеттi органмен Келiсiм жасасудан бас тартқан кезде конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазынан (жеңiмпаздарынан) кейiн конкурстық ұсынысы неғұрлым үздiк деп бағаланған қатысушымен келiсiм жасасу туралы келiссөздер бастайды. Конкурс жеңiмпазынан кейiн конкурстық ұсыныстары неғұрлым үздiк деп танылған конкурсқа қатысушы уәкiлеттi органмен келiсiм жасасудан бас тартқан жағдайда, конкурс өткiзiлмедi деп танылады.
      37. Егер Комиссия конкурсты өткiзiлмедi деп таныған жағдайда, Комиссия бұдан бұрын өткiзiлген конкурсқа қатысушылардың кемiнде екi конкурстық өтiнiмi ұсынылған халықаралық авиамаршруттарға конкурсты қайтадан өткiзу туралы хабарлайды. Қайталама конкурс кезiнде, егер халықаралық авиамаршрут бойынша екеуден кем конкурстық өтiнiм берiлсе, Комиссия шешiмi бойынша конкурс өткiзiлдi деп танылады.
      Қайталама конкурсқа өтiнiм бiлдiрген жалғыз қатысушы осы Қағидалардың 9-тармағында белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда Комиссия шешiмi бойынша жеңiмпаз болып танылады.
      38. Осы қағидалардың 9-тармағында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейтiн, қайталама конкурсқа қатысушы авиакомпаниялардың конкурстық өтiнiмдерi бас тартылады және үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде қайтаруға жатады.
      39. Уәкiлеттi органның шешiмi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.
      40. Конкурсқа қатысқан авиакомпанияның конкурстық өтiнiмдерiнiң сақталуын Комиссия хатшысы қамтамасыз етедi. Конкурстық өтiнiмдердi сақтау мерзiмi берiлген күннен бастап үш жылды құрайды.
      41. Халықтың әуе қатынасына қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн уәкiлеттi орган қажеттiлiгi халықаралық авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық авиамаршрутты пайдалану үшiн авиамаршруттарды бөлу жөнiндегi конкурсты өткiзбей авиакомпанияға халықаралық авиамаршрутқа куәлiк бередi.
      Пайдалану қажеттiлiгi конкурстар аралығындағы кезеңде туындаған халықаралық авиамаршрутты бөлу кезiнде, авиакомпания осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген жағдайда, халықаралық авиамаршрутқа куәлiк өтiнiмдер ұсынған барлық авиакомпанияларға берiледi.
      Қағидалардың осы тармағында көрсетiлген жағдайда авиамаршруттарды бөлу үшiн Комиссия өтiнiмдердi қарайды және күнтiзбелiк он бес күннен астам емес мерзiмде халықаралық авиамаршруттарға куәлiк бередi.

^ 4. Халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру тәртiбi

      42. Халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер Келiсiмге қол қойылған күнiнен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде конкурс жеңiмпазына (жеңiмпаздарына) берiледi.
      43. Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк үш жылға берiледi.
      44. Куәлiкте тасымалдау түрi, халықаралық авиамаршруттар бойынша аптадағы рейстер саны, қолдану мерзiмi, есепке алу сериясы және нөмiрi көрсетiледi.
      Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi.
      45. Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк қатаң есептiлiктегi құжат болып табылады.
      46. Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк иелiктен айыруға болмайды және басқа авиакомпанияларға берiлмейдi.
      47. Бiр халықаралық авиамаршрутқа бiрнеше куәлiк берiлуi мүмкiн.
      48. Халықаралық авиамаршрутқа бұдан бұрын берiлген куәлiк кезектi конкурс қорытындысы шыққанға дейiн қолданыста болады.
      49. Уәкiлеттi орган авиакомпаниядан халықаралық авиамаршрутты пайдаланудың мынадай шарттарын орындамаған жағдайда халықаралық авиамаршруттарға куәлiктi қайтып алады:
      1) авиакомпанияның ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды және (немесе) еңсерiлмейтiн күштiң салдарын қоспағанда, халықаралық авиамаршрутты пайдаланудың басталған күнiн, белгiлi бiр уақыт кезеңiнде тұрақты рейстердiң белгiленген санын орындауды және әуе кемелерiнiң халықаралық авиамаршрутта кестеде белгiленген типтердегi және (немесе) сыйымдылықтағы пайдалануды қамтитын кестенi сақтауы;
      2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын әуе қатынасы туралы халықаралық шарттарға сәйкестiгi;
      3) авиакомпанияда бекiтiлген кестеге сәйкес бiр ай iшiнде болжамды кiрiстi есепке алмағанда, тұрақты әуе тасымалдарын қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаржы қаражатының азайтылмайтын резервiнiң болуы.
      50. Авиакомпаниядан халықаралық авиамаршрутқа куәлiктi қайтып алған кезде куәлiк конкурстық ұсынысы соңғы өткiзiлген конкурс жеңiмпазынан (жеңiмпаздарынан) кейiн үздiк деп танылған конкурстың басқа қатысушысына берiледi.
      51. Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк қайтып алынған кезде уәкiлеттi орган авиакомпанияға куәлiктi қайтып алу туралы хабарлама жiбередi.
      52. Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк уәкiлеттi органның интернет-ресурсында қайтып алу туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн өткен соң қайтып алынған болып саналады.
      53. Уәкiлеттi органның халықаралық авиамаршрутқа куәлiктi қайтып алу туралы шешiмi сот тәртiбiмен шағымдалуы мүмкiн.

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен 
почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау 
жөнiнде қызметтер көрсету үшiн   
халықаралық авиамаршруттарға арналған
конкурс өткiзу және авиамаршруттарға
куәлiктер беру қағидаларына    
1-қосымша             

Өтiнiш

_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
     (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
____________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша
(халықаралық авиамаршруттың атауы)
_____________________________________________________________________

тұрақты авиарейстер орындау құқығына арналған конкурсқа
қатысуға сұраймын.

Ұйым туралы мәлiметтер:
1. Меншiк нысаны ____________________________________________________
2. Құрылған жылы ____________________________________________________
3. Заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк
_____________________________________________________________________
                  (нөмiрi, кiм және қашан берген)
4. Банктiң деректемелерi ____________________________________________
                      (есеп шот нөмiрi, корреспонденттiк есеп шоттар,
_____________________________________________________________________
             ФАА, БСН, банктiң атауы мен орналасқан орны)
5. Заңды мекенжайы және басқа да деректемелер
_____________________________________________________________________
     (почталық мекенжайы, телефоны, телефакс, телекс, телетайп,
                    телеграфтық және телефондық
_____________________________________________________________________
         шақыру белгiлерi, ИКАО, ИАТА, СИТА, АФТН кодтары)
6. __________________________________________________________________
             (кәсiпорынның бiрiншi басшысының Т.А.Ә.)
7. Қоса берiлiп отырған құжаттар ____________________________________
Кәсiпорын басшысы: Т.А.Ә.

                               Мөр орны

       Өтiнiш 20__ жылғы «___» ____________ қарауға қабылданды.

Жолаушыларды, багажды, жүктер мен  
почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау  
жөнiнде қызметтер көрсету үшiн   
халықаралық авиамаршруттарға арналған
конкурс өткiзу және авиамаршруттарға
куәлiктер беру қағидаларына    
2-қосымша              

Қазақстан Республикасының елтаңбасы

^ Халықаралық авиамаршрутқа куәлiк

_____________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның толық атауы)
_______________________________________________ тасымалдау мақсатында
      (тасымалдау объектiлерi көрсетiледi)
____________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша
  (халықаралық авиамаршрут атауы)
_____________________________________________________________________
              (аптасына рұқсат етiлген рейстер саны)
тұрақты авиарейстердi орындау құқығы берiлдi.

Халықаралық авиамаршрутқа куәлiктi берген мемлекеттiк орган
_____________________________________________________________________
             (берген мемлекеттiк органның толық атауы)
Басшы _______________________________________________________________
         (берген мемлекеттiк орган басшысының тегi және аты-жөнi)

Куәлiктiң берiлген күнi: 20__ жылғы «___» _______________
Куәлiктiң қолданылу мерзiмi: 20__ жылғы «___» ___________ дейiн
Куәлiктiң нөмiрi № ______________
__________________________ қаласы



Похожие:

Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconЖолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау бойынша қызметтер көрсету үшiн субсидияланатын авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және
Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1511 қаулысына...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және "Азаматтық авиация
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1432 қаулысы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы icon"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы"
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Конкурс өткiзу және авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 19 қарашадағы №1221 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы icon"Мәдениет саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы"
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi №745 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы