Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы
Дата конвертации19.08.2014
Размер48.79 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1308 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 26.12.2013 ж. № 282 (28221); "Казахстанская правда" от 26.12.2013 г. № 344 (27618)


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗI

      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) «Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 маусымдағы № 646 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 532-құжат.):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау және сертификат беру қағидасында:
      4-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.»;
      7-тармақ алынып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Сертификат алуға сертификаттаудың жалпы мерзiмi сертификаттау жүргiзуге өтiнiм ұсынылған сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күннен аспауы тиiс.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күнтiзбелiк 10 (он) күннен аспайтын мерзiмде шешiм қабылдайды.»;
      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «24. Сертификат беруден бас тартқан жағдайда өтiнiш берушiге осы Қағиданың 8-тармағында көрсетiлген сертификаттаудың жалпы мерзiмiнен аспайтын мерзiмде бас тарту себебi көрсетiле отырып дәлелдi жауап берiледi.»;
      көрсетiлген Қағидада 2-қосымшада:
      1-тармақ алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
      «3-1. Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.
      3-2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 3 ақпандағы № 202 қаулысымен бекiтiлген «Радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес иондаушы сәулелену көздерiмен жұмыс iстеу құқығына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды.»;
      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруы жөнiнде сертификат беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкiлеттi органға өтiнiм берiлген күнiнен бастап және көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 11-тармағында белгiленген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап күнтiзбелiк 30 күн iшiнде;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады.
      Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Көрсетiлген алым мемлекеттiк бюджетке төленгеннен кейiн әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау жүзеге асырылады.
      Әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау үшiн алым мөлшерлемелерi әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметi тексеру бөлiмшесiнiң штат санына байланысты:
      1) 251 адамнан және одан жоғары – алымды төлеу күнi қолданылатын 235 айлық есептiк көрсеткiштi;
      2) 201 адамнан 250 адамға дейiн – алымды төлеу күнi қолданылатын 224 айлық есептiк көрсеткiштi;
      3) 151 адамнан 200 адамға дейiн – алымды төлеу күнi қолданылатын 213 айлық есептiк көрсеткiштi;
      4) 101 адамнан 150 адамға дейiн – алымды төлеу күнi қолданылатын 202 айлық есептiк көрсеткiштi;
      5) 51 адамнан 100 адамға дейiн – алымды төлеу күнi қолданылатын 191 айлық есептiк көрсеткiштi;
      6) 50 адамға дейiн – алымды төлеу күнi қолданылатын 180 айлық есептiк көрсеткiштi құрайды.»;
      11-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк қызметтi алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi мемлекеттiк қызметтi алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруы жөнiндегi сертификатты алуға арналған өтiнiмдi ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) әуежайдың авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң қарап тексерудi ұйымдастыруын сертификаттау үшiн алым сомасының бюджетке төленгенiн растайтын құжат.»;
      үшiншi бөлiк алынып тасталсын;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымданады.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.».
      2. Осы қаулының 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағының 1) тармақшасының бесiншi және он алтыншы абзацтарын және 1-тармағының 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он сегiзiншi және он тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы №1432 қаулысы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi
Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы №329 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚаз ақстан Республикасы Үкiметiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының 2014 жылға арналған жоспары туралы» 2013 жылғы 31 желтоқсандағы
«Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы №1308 қаулысы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2121 Қаулысы
Ескерту. Қаулы стандартпен толықтырылды ҚР Үкiметiнiң 2012. 09. 06 N 1160 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы