Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және "Азаматтық авиация



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және "Азаматтық авиация
страница1/3
Дата конвертации19.08.2014
Размер348.54 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1426 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 30 күндi құрайды (қажет болған жағдайда, күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмге ұзарту мүмкiндiгiмен);»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет ақылы болып табылады.
      Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) айқындалған тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Штат санына байланысты авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшiн алым мөлшерлемелерi мыналарды құрайды:
      1) қоса алғанда 50 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 743 айлық есептiк көрсеткiш;
      2) 51 адамнан қоса алғанда 200 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 831 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) 201 адамнан қоса алғанда 400 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 871 айлық есептiк көрсеткiш;
      4) 401 адамнан қоса алғанда 600 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 918 айлық есептiк көрсеткiш;
      5) 601 адамнан қоса алғанда 1200 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 962 айлық есептiк көрсеткiш;
      6) 1201 адамнан қоса алғанда 2000 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1006 айлық есептiк көрсеткiш;
      7) 2001 адамнан астам – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1057 айлық есептiк көрсеткiш.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi куәлiк алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттармен қоса осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi:
      1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшiн алымның төленгенiн растайтын құжат;
      2) куәлiктiң* көшiрмесi немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      3) өтiнiш берушi жарғысының және құрылтай шартының көшiрмелерi;
      4) өтiнiш берушiнiң мынаны қамтитын ақпараты:
      өтiнiш берушi қызметiнiң негiзгi орны;
      ұшудың болжамды түрлерi;
      ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      ұшу жарамдылығын қолдау жүйесi;
      ұшуды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзiрлiгi;
      техникалық қызмет көрсету объектiлерiнiң әзiрлiгi;
      әуе кемелерiнiң әзiрлiгi;
      5) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., бiлiмi, бiлiктiлiгi және жұмыс тәжiрибесi көрсетiлген жауапты тұлғалар;
      6) мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қызметi;
      ұшу қауiпсiздiгi бойынша инспекция;
      ұшу жарамдылығын қолдау бойынша;
      сапаны бақылау бойынша;
      авиациялық қауiпсiздiк бойынша;
      персоналды даярлау бойынша;
      7) үлгiсi, моделi, сериясы, ұлттық және тiркеу белгiлерi, ұшуға жарамдылық сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергiлiктi жердегi (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетiлген әуе кемелерiнiң тiзiмi. Әуе кемелерiн жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын көрсету қажет;
      8) ұшу персоналын және жердегi персоналды даярлау мен аттестаттауды ұйымдастыру жөнiндегi ақпарат;
      9) ұшуды жүргiзу бойынша нұсқаулықтың бiр бөлiгi болып табылатын немесе жеке құжат ретiнде әзiрленген персоналды алғашқы даярлау және қайта даярлау жөнiндегi бағдарлама (нұсқау);
      10) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау;
      11) техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушы нұсқауы;
      12) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
      13) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам әуе кемелерiн пайдаланатын пайдаланушылар үшiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi нұсқау;
      14) байланыс рәсiмдерiн (dispatch) қоса алғанда, ұшудың орындалуын басқару және оған бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi ақпарат (dispatch);
      15) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      16) пайдаланушының өз авиациялық қызметiнiң қажеттi түрлерiн қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшiрмелерi;
      17) пайдаланушы басшысы бекiтетiн әуе кемелерiн бояу үлгiлерi мен мәтiндiк сипаттамасы;
      18) азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiнiң алдын алу жөнiндегi шаралар туралы құжаттар;
      19) пайдаланушының өзi немесе шарттық негiзде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету жөнiндегi ақпарат;
      20) жұмыс түрлерi көрсетiлген, сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тiзбесi;
      21) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдауға арналған шарттардың көшiрмелерi.
      Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың көшiрмелерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктiң телнұсқасын алу үшiн уәкiлеттi органға қажеттi негiздемесi және осы стандартта көзделген тәртiппен бұрын берiлген авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкпен қоса (жоғалту (ұрлау) жағдайларынан басқа) еркiн нысандағы өтiнiштi ұсынады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Егер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты аталған қызмет түрiн көрсетуге тыйым салатын сот шешiмi болса, мемлекеттiк қызметтi ұсынудан бас тартылады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетiлген мерзiмде бас тартудың себептерi көрсетiлiп, жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қарау туралы жазбаша дәлелдi бас тарту бередi.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi алғанға дейiн мынадай талаптарды сақтауы тиiс:
      1) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы ұсынған қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келуi тиiс;
      2) түзету iс-қимылдарының жоспарында көрсетiлген сәйкессiздiктер жалпы сертификаттау мерзiмi шеңберiнде жойылуы тиiс.»;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша берiледi, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсе телефоны: 8 (717 2) 24-14-19.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейiн түскi үзiлiспен, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн.
      22. Көрсетiлетiн қызмет дұрыс көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына мына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы бойынша берiледi, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдана алады.
      Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      көрсетiлген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы Қағиданың 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-тармағы 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi және он сегiзiншi абзацтарын, сондай-ақ 4-тармағын, 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1426 қаулысына     
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен  
бекiтiлген      

^ Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзiрлендi және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу тәртiбiн айқындайды.
      1. Осы Қағидада мынадай негiзгi терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсiмiнен өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
      2) өтiнiш берушi – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлiк алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берген жеке немесе заңды тұлға;
      3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асыратын өтiнiш берушi құралдарының, жабдықтарының, пайдалану рәсiмдерiнiң, технологиялық процестерiнiң, құжаттамасының, ұйымдық құрылымының, әкiмшiлiк, ұшу және жердегi персоналы құзыретiнiң сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн тексеру;
      4) сертификаттық талаптар – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар;
      5) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау – ұшу тәртiбiн, ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын регламенттейтiн құжат;
      6) техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушы нұсқауы – аталған пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жоспарлы және жоспарлы емес жұмыстарын уақтылы және қанағаттанарлық орындалуын басқару мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн пайдаланушы рәсiмдерiнiң сипатын қамтитын құжат;
      7) авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк – пайдаланушының осы Қағиданың талаптарына және сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн куәландыратын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган берген құжат;
      8) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы – техникалық қызмет көрсету бойынша нақты жоспарлы жұмыстардың сипатын және оларды орындау мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ сол әуе кемелерiне қатысты пайдалану қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi олармен байланысты рәсiмдердi қамтитын құжат.
      3. Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк үш жыл мерзiмге берiледi және оны басқа тұлғаға беруге болмайды.
      4. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттағаны үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде айқындалған тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      5. Пайдаланушы авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiкте белгiленген пайдалану талаптары мен шектеулердi сақтайды.

^ 2. Сертификаттауды жүргiзу тәртiбi

      6. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) өтiнiш берушiнiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiмдi құжаттармен қоса беруi;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның алдын ала бағалауы және өтiнiм бойынша шешiм қабылдауы;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның сертификаттық тексеру жүргiзуi;
      4) шешiм қабылдау және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк беру (беруден бас тарту).
      7. Жалпы сертификаттау мерзiмi 2 (екi) айдан аспауы тиiс.

3. Өтiнiм беру, алдын ала бағалау және өтiнiм бойынша шешiм
қабылдау

      8. Өтiнiш берушi осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiм жiбередi.
      Өтiнiмге мынадай құжаттар қоса берiледi:
      1) авиациялық жұмыстарды орындайтын пайдаланушыны сертификаттау үшiн төленген алымды растайтын құжат;
      2) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң* көшiрмесi немесе анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;
      3) өтiнiш берушi жарғысының және құрылтай шартының көшiрмелерi;
      4) өтiнiш берушiнiң мынадай ақпараты:
      өтiнiш берушi қызметiнiң негiзгi орны;
      ұшудың болжамды түрлерi;
      ұшу жұмысын ұйымдастыру;
      ұшу жарамдылығын қолдау жүйесi;
      ұшуды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналының және техникалық персоналдың әзiрлiгi;
      техникалық қызмет көрсету объектiлерiнiң әзiрлiгi;
      әуе кемелерiнiң әзiрлiгi;
      5) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., бiлiмi, бiлiктiлiгi және жұмыс тәжiрибесi көрсетiлген жауапты тұлғалар;
      6) мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қызметi;
      ұшу қауiпсiздiгi бойынша инспекция;
      ұшу жарамдылығын қолдау бойынша;
      сапаны бақылау бойынша;
      авиациялық қауiпсiздiк бойынша;
      персоналды даярлау бойынша;
      7) үлгiсi, моделi, сериясы, ұлттық және тiркеу белгiлерi, ұшу жарамдылығы сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергiлiктi жердегi (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетiлген әуе кемелерiнiң тiзiмi. Әуе кемелерiн жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын көрсету қажет;
      8) ұшу персоналы және жердегi персоналды дайындау және аттестаттауды ұйымдастыру жөнiндегi ақпарат;
      9) ұшуды жүргiзу бойынша нұсқаулықтың бiр бөлiгi болып табылатын немесе жеке құжат ретiнде әзiрленген персоналды бастапқы даярлау және қайта даярлау жөнiндегi бағдарлама (нұсқау);
      10) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау;
      11) техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушы нұсқауы;
      12) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент);
      13) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерiлу массасы 5700 кг астам әуе кемелерiн пайдаланатын пайдаланушылар үшiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару жөнiндегi нұсқау;
      14) байланыс процедураларын қоса алғанда, ұшуды орындауды басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат (dispatch);
      15) сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      16) пайдаланушы өз авиациялық қызметiнiң қажеттi түрлерiн қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшiрмелерi;
      17) пайдаланушының басшысы бекiтетiн әуе кемелерiн бояу үлгiлерi мен мәтiндiк сипаттамасы;
      18) азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiнiң алдын алу бойынша шаралар туралы құжаттар;
      19) пайдаланушының өзi немесе шарттық негiзде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету жөнiндегi ақпарат;
      20) жұмыс түрлерi көрсетiлген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсету шарттарының тiзбесi;
      21) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдауға арналған шарттардың көшiрмелерi.
      Жоғарыда көрсетiлген барлық құжаттардың өтiнiш берушiнiң қолымен және мөрiмен куәландырылады.
      Келесi сертификаттау кезiнде өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiмдi мәлiмделген өзгерiстерге қатысты (өзгерiстер болған немесе жаңартуды талап ететiн) құжаттармен бiрге ұсынады.
      9. Өтiнiмдi алдын ала бағалау құжаттарда ұсынылған рәсiмдермен, практикамен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
      Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
      1) басқарудың ұйымдық құрылымы, практикасы және негiзгi қағидаттары;
      2) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес басшы құрамның ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрамы мен мамандар жөнiндегi деректердiң болуы;
      3) штаттың жинақталуы және авиация персоналының әзiрлiк дәрежесi;
      4) өтiнiш берушiнiң басқа ұйымдармен әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу, сондай-ақ авиация персоналын оқыту бойынша жасасқан келiсiмдерiнiң болуы;
      5) әуе кемелерiн экипажбен немесе экипажсыз (мұндай болған жағдайда) жалға алу келiсiмдерiнiң (шарттарының) болуы;
      6) мыналарға:
      ұшудың орындалуын ұйымдастыруға және тiкелей бақылауға;
      ұшу жарамдылығын қолдау жөнiндегi персоналға;
      әкiмшiлiк және операциялық қызметке;
      қажеттi құжаттаманы сақтауға арналған үй-жайлардың болуы;
      7) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаудың болуы және оның мазмұны;
      8) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушы нұсқауының болуы және оның мазмұны;
      9) ұсынылатын авиациялық жұмыстардың көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiлерiн, басқару және басшылық ету әдiстерiн, өтiнiш берушiнiң басшылық орындарындағы мамандарының құқықтары мен мiндеттерiн бағалау;
      10) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының (регламентiнiң) болуы және оның мазмұны.
      10. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган алдын ала бағалау шеңберiнде ұсынылған құжаттардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн қарайды және 30 жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес олар бойынша шешiм қабылдайды, ол туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.
      11. Өтiнiм мен қоса берiлген құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтiнiм қайтарылу себептерi көрсетiле отырып, қайтарылуға жатады.
      12. Өтiнiм мен құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге сертификаттық тексеру жүргiзу үшiн комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрып, оның құрамына мынадай салалардағы мемлекеттiк авиация инспекторларын қосады:
      1) ұшуды пайдалану;
      2) ұшу жарамдылығы;
      3) авиациялық персонал куәлiктерiн беру.

^ 4. Сертификаттық тексеру

      13. Сертификаттық тексеру мемлекеттiк авиация инспекторлары үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлеген нұсқаушы материалды пайдалана отырып, сертификаттық талаптарға сәйкестiгiн тексеру үшiн жүзеге асырылады.
      14. Комиссия ұшуды қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша сертификаттық тексеру жүргiзедi:
      1) құқықтық
      2) қаржылық-экономикалық
      3) ұшуды пайдалану және оны ұйымдастыру;
      4) ұшу жарамдылығын қолдау;
      5) персоналды даярлау;
      6) авиациялық қауiпсiздiк;
      7) аэронавигациялық
      8) әуежай;
      9) метеорологиялық
      10) медициналық.
      15. Ұшуды және жердегi қызметтердi тексеру қойылған мiндеттердi шешу үшiн авиация персоналының, жердегi құралдардың және жабдықтардың әзiрлiк дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      Бұл ретте пайдаланушының жеке немесе шарттық негiзде тiкелей мағынада пайдаланылатын өндiрiстiк базасының болуы тексерiледi және расталады.
      Ангар құрылыстарының, авиатехниканы жөндеу және оларға қызмет көрсету жөнiндегi цехтардың, әкiмшiлiк ғимараттардың, қоймалардың және басқа да құрылыстардың сертификаттық талаптарға сәйкестiгi тексерiледi.
      16. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшу құрамын даярлау және оның бiлiктiлiгi азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      17. Өтiнiш берушi пайдаланатын барлық әуе кемелерiнiң қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары немесе Қазақстан Республикасында қолданыстағы деп танылған шетел мемлекеттерiнiң ұшуға жарамдылық сертификаттары болады.
      18. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде авиациялық жұмыстарды орындаған кезде өтiнiш берушi басқа елдердiң әуежайларында өз өкiлдерiмен немесе басқа елдердiң әуежайларында өкiлдiктерi бар азаматтық авиация ұйымымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызметтi ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      19. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттық тексеру актiсi екi данада өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйi, ұсынымдары және авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк беру мүмкiндiгi туралы қорытындылары көрсетiле отырып жасалады. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш берушiге берiледi.
      20. Сертификаттық тексеру жүргiзу кезiнде сәйкессiздiктер анықталған жағдайда, өтiнiш берушi күнтiзбелiк 10 күн iшiнде азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтетiн түзету iс-қимылдарының жоспарын әзiрлейдi. Өтiнiш берушiге өтiнiм берiлген сәттен бастап жалпы сертификаттау мерзiмiнен аспайтын мерзiмде авиациялық жұмыстарды орындауға арналған сертификатты бергенге дейiн сәйкессiздiктердi жоюға мүмкiндiк берiледi.
      21. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган, егер өтiнiш берушi түзету iс-қимылдарының жоспарында көрсетiлген барлық сәйкессiздiктердi жойған жағдайда ғана авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi беру туралы шешiм қабылдайды.
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  icon"Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарын азаматтық авиация саласындағы халықаралық ұйымдардың авиациялық стандарттарын қолдануға жiберу қағидаларын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 26. 12. 2013 ж. №282 (28221); "Казахстанская правда" от 26. 12. 2013 г. №344 (27618)
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы 2011 жылғы 25 сәуiрдегi №441 қаулыларына өзгерiстер...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1278 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және \"Азаматтық авиация  icon"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекiту
Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы