Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  icon

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы



НазваниеҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы
страница1/4
Дата конвертации19.08.2014
Размер0.53 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 және "Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1431 қаулысы
"Егемен Қазақстан" 11.01.2014 ж. № 6 (28230); "Казахстанская правда" от 11.01.2014 г. № 6 (27627)


      РҚАО-ның ескертпесi!
      Осы қаулының қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) «Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 535-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қыркүйектегi № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттiк қызмет стандартында:
      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi күнтiзбелiк отыз күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, бұл туралы қарау мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк үш күн iшiнде өтiнiм берушiге хабарланады;»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Мемлекеттiк қызмет ақылы болып табылады.
      Азаматтық авиация саласындағы сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнде (Салық кодексi) айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Мемлекеттiк қызмет мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау үшiн алым мөлшерлемелерi штат санына қарай мынаны құрайды:
      1) қоса алғанда 50 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1144 айлық есептiк көрсеткiш;
      2) 51-ден қоса алғанда 200 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1232 айлық есептiк көрсеткiш;
      3) 201-ден қоса алғанда 400 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1272 айлық есептiк көрсеткiш;
      4) 401-ден қоса алғанда 600 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1319 айлық есептiк көрсеткiш;
      5) 601-ден қоса алғанда 1200 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1363 айлық есептiк көрсеткiш;
      6) 1201-ден қоса алғанда 2000 адамға дейiн – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1407 айлық есептiк көрсеткiш;
      7) 2001 адамнан жоғары – алым төленетiн күнi қолданыстағы 1458 айлық есептiк көрсеткiш.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызметтi алушы немесе сенiмхат бойынша оның уәкiлеттi өкiлi уәкiлеттi органға пайдаланушы сертификатын алу үшiн осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш бередi, оған төмендегiдей құжаттарды қоса тiркейдi:
      1) азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау үшiн алымның төлемiн растайтын құжат;
      2) куәлiктiң* көшiрмесi немесе заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама.
      Ескертпе: *«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн қолданыста болады;
      3) өтiнiш берушi жарғысының және құрылтай шартының көшiрмелерi;
      4) мыналарды қамтитын ақпарат:
      өтiнiш берушiнiң негiзгi деректерi мен құрылтайшысы;
      жоспарланатын коммерциялық әуе тасымалының түрлерi;
      ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;
      ұшуға жарамдылығын қолдау жүйесi;
      ұшуды қамтамасыз ету;
      ұшу персоналы мен техникалық персоналдың әзiрлiгi;
      техникалық қызмет көрсету объектiлерiнiң әзiрлiгi;
      әуе кемелерiнiң әзiрлiгi;
      авариялық эвакуацияны демонстрациялау және демонстративтiк ұшуларды өткiзу мүмкiндiгi;
      5) басқарудың құрылымы және қызметi, Т.А.Ә., бiлiмi, бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесi көрсетiлген жауапты тұлғалар;
      6) мынадай басшылардың тағайындалғанын растайтын құжаттар:
      ұшу қызметi;
      ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекция;
      ұшуға жарамдылығын қолдау;
      сапаны бақылау;
      авиациялық қауiпсiздiк;
      персоналды даярлау;
      7) тұрақты тасымалдау үшiн жоспарланатын межелi пункттер мен қосалқы әуеайлақтардың, тұрақты емес тасымалдау үшiн ұшу аудандарының және жоспарланатын ұшу үшiн қолданылуына қатысты пайдалану базаларының тiзiмi;
      8) түрi, моделi, сериясы, ұлттық және тiркеу белгiлерi, ұшуға жарамдылық сертификаттары, радиостанцияларға рұқсаттары, жергiлiктi жердегi шу бойынша сертификаттары (егер көзделген болса) көрсетiлген әуе кемелерiнiң тiзiмi. Әуе кемелерi жалға алынған жағдайда жалға алу (лизинг) шарттарын ұсыну қажет;
      9) ұшу және жер үстi персоналын даярлау мен аттестаттауды ұйымдастыру бойынша ақпарат;
      10) персоналды бастапқы даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (Нұсқауы), бұл ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаудың бiр бөлiгi болып табылады немесе жеке құжат болып әзiрленедi;
      11) ұшуды жүргiзу бойынша нұсқау;
      12) техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы;
      13) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бойынша бағдарлама (регламент);
      14) сертификатталған ең ауыр ұшып көтерiлу салмағы 5700 кг асатын әуе кемелерiн пайдаланатын пайдаланушылар үшiн ұшу қауiпсiздiгiн басқару бойынша нұсқау;
      15) байланыс рәсiмдерiн (dispatch) қоса алғанда, ұшуды орындауды басқаруды және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат;
      16) Қазақстан Республикасының сақтандырудың мiндеттi түрлерi туралы заңдарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;
      17) өзiнiң авиациялық қызметiнiң қажеттi түрлерiн пайдаланушының қамтамасыз етуi жөнiндегi шарттардың көшiрмелерi;
      18) пайдаланушының басшысы бекiтетiн әуе кемелерiн бояу үлгiлерi мен мәтiндiк сипаттамасы;
      19) азаматтық авиацияның қызметiне заңсыз араласу актiлерiнiң алдын алу жөнiндегi iс-шаралар туралы құжаттар;
      20) пайдаланушының өзi жүзеге асыратын немесе шарттық негiзде жүзеге асырылатын ұшуды жер үстiнде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;
      21) пайдаланушы (өтiнiш берушi) ұсынатын операциялардың арнайы түрлерiне қатысты бақылау мақсатындағы тексеру карталары (Cat II, III, RVSM, EDTO, PBN, RNAV, RNP);
      22) жұмыс түрлерi көрсетiлген сыртқы ұйымдармен техникалық қызмет көрсетуге жасалған шарттардың тiзбесi;
      23) сыртқы ұйымдармен ұшуға жарамдылықты қолдауға жасалған шарттардың көшiрмелерi;
      24) жолаушы және жүк тасымалын ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттардың үлгiлерi.
      Жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бәрiнiң көшiрмелерi мемлекеттiк қызметтi алушының қолымен және мөрiмен куәландырылады.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Егер:
      1) мемлекеттiк қызметтi алушы ұсынатын қызметтер сертификаттау талаптарына сәйкес келмесе;
      2) мемлекеттiк қызметтi алушыға қатысты оның осы қызмет түрiн көрсетуiне тыйым салатын сот шешiмi болса;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушы сертификаттаудың жалпы мерзiмi өткеннен кейiн түзету iс-қимылының жоспарында көрсетiлген сәйкессiздiктердi жоймаса, мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартылады.
      Осы стандарттың 7-тармағында көрсетiлген мерзiмде мемлекеттiк қызметтi алушыға бас тарту себебi көрсетiлiп, жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi.
      Уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелдi жауап бередi.»;
      21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенiң телефоны: 8 (7172) 24-14-19.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.
      Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi: демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейiн, түскi үзiлiс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейiн.
      22. Дұрыс қызмет көрсетiлмеген жағдайда, шағым уәкiлеттi орган басшысының атына мына мекенжай бойынша берiледi: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8 (7172) 24-26-05.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.»;
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      «22-1. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушы көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бередi.
      Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.».
      көрсетiлген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Қағиданың 5-тармағын, Қағидаға 2-қосымшаның 1-тармағын, осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi, он екiншi, он үшiншi, он төртiншi, он бесiншi және он сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2013 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1431 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1070 қаулысымен  
бекiтiлген      

^ Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы
сертификатын беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 2010 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Қағидада коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларын сертификаттау, оларға пайдаланушы сертификатын (бұдан әрi – пайдаланушы сертификаты) беру, тоқтата тұру және қайтарып алу тәртiбi айқындалады.
      3. Пайдаланушы сертификаты қолданылу саласы мен мерзiмi көрсетiлiп, 2 жыл мерзiмге берiледi және басқа тұлғаға беруге жатпайды.
      4. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын алғаш рет алған Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғасы Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тiркеледi, онда оған үш әрiптiк код пен телефонның шартты түрде шақыру белгiсi берiледi. Тiркеу азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның Халықаралық азаматтық авиация ұйымына (ИКАО) сұрау жiберуi арқылы жүзеге асырылады.
      5. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау үшiн «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексiнде айқындалатын тәртiппен және мөлшерде алым алынады. Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыны сертификаттау мемлекеттiк бюджетке көрсетiлген алым төленгеннен кейiн жүзеге асырылады.
      6. Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) өтiнiм – өтiнiш берушiнiң сертификаттау рәсiмдерiнен өту үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға жазбаша өтiнiшi;
      2) өтiнiш берушi – азаматтық әуе кемесiн пайдаланушының сертификатын алу үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiш берген Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы;
      3) сертификаттық тексеру – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган жүзеге асыратын өтiнiм берушiнiң құралдарын, жабдықтарын, пайдалану рәсiмдерiн, технологиялық процестерiн, құжаттамасын, ұйымдық құрылымын, әкiмшiлiк, ұшу және жер бетiндегi персоналының құзыретiн сертификаттау талаптарына сәйкестiгi тұрғысынан тексеру;
      4) сертификаттау талаптары – азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген талаптар;
      5) ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқау – өзiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде пайдалану персоналының пайдалануы үшiн қағидаларды, нұсқаулықтар мен ұсынымдарды қамтитын құжат;
      6) техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушының нұсқауы – осы пайдаланушының әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстардың бәрiнiң уақтылы және қанағаттанарлықтай түрде орындалуын басқару мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн пайдаланушы рәсiмдерiнiң сипаттамасын қамтитын құжат;
      7) техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламент) – Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету жөнiндегi жоспарлы жұмыстар мен рәсiмдердiң сипатын, кезеңдiлiгiн қамтитын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен құжат.

^ 2. Сертификаттау тәртiбi

      7. Сертификаттау мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға құжаттармен бiрге өтiнiм бередi;
      2) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiм бойынша алдын ала бағалайды және шешiм қабылдайды;
      3) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган сертификаттық тексеру жүргiзедi;
      4) шешiм қабылданады және пайдаланушы сертификаты берiледi (беруден бас тартылады);
      8. Пайдаланушы сертификатын алғаш рет алуға өтiнiм коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күнiне дейiн күнтiзбелiк 60 күн бұрын азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға берiледi.
      Кейiнгi сертификаттау кезiнде өтiнiш берушi азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға пайдаланушы сертификатының қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн не коммерциялық әуе тасымалын жүзеге асыруды бастаудың жоспарланған күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн бұрын өзгерiстер мен жаңартулар орын алған азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттармен бiрге өтiнiм бередi.
      9. Сертификаттау мен пайдаланушы сертификатын беру жалпы мерзiмi 2 (екi) айдан аспайды.

3. Өтiнiм беру, алдын ала бағалау және өтiнiм бойынша шешiм
қабылдау

      10. Өтiнiм берушi осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органға өтiнiм жiбередi.
      Өтiнiмге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса берiлдi.
      11. Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган ұсынылған құжаттарды қарайды және олар бойынша күнтiзбелiк 30 күннен аспайтын мерзiмде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес тиiстi шешiм қабылдайды, ол туралы өтiнiм берушiге хабарлайды.
      12. Өтiнiмдi және құжаттарды алдын ала бағалау өтiнiш берушiнiң құжаттарында ұсынылған рәсiмдермен және әдiстермен жалпы танысуды және олардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекiтiлген Азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушыларға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн тексерудi қамтиды.
      Бұл ретте мынадай мәселелер қаралады:
      1) басқарудың ұйымдық құрылымы және негiзгi қағидаттары;
      2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұшуды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудегi басшы құрамның тәжiрибесi, сондай-ақ ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен тiкелей байланысты басшы құрам мен мамандар бойынша деректердiң болуы;
      3) штатының жинақталуы және авиация персоналының даярлық дәрежесi;
      4) өтiнiш берушiнiң басқа ұйымдармен әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге, сондай-ақ авиация персоналын оқытуға жасасқан келiсiмдерiнiң болуы;
      5) әуе кемелерiн экипажымен немесе экипажсыз (мұндай болған жағдайда) жалға алу келiсiмдерiнiң (шарттарының) болуы;
      6) әуе кемелерiн ұшуда, техникалық пайдалану, ұшуларды орындауды қамтамасыз ету және авиация персоналы үшiн қажеттi ғимараттар мен құрылыстардың болуы;
      7) осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес ұшуды жүргiзу жөнiндегi нұсқаудың болуы және оның мазмұны;
      8) осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес техникалық қызмет көрсетудi реттеу бойынша пайдаланушы нұсқауының болуы және оның мазмұны;
      9) ұсынылатын әуе тасымалдарының көлемiн, әуе кемелерiнiң үлгiсiн, басқару және басшылық ету әдiстерiн, өтiнiм берушiнiң басшы орындарындағы мамандардың құқықтары мен мiндеттерiн бағалау;
      10) әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету бағдарламаларының (регламенттердiң) болуы және мазмұны;
      11) өтiнiм бойынша шешiм қабылдау.
      13. Осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, өтiнiм мен қоса берiлген құжаттар қайтару себебiн көрсете отырып, қайтаруға жатады.
      14. Өтiнiм мен құжаттар осы Қағиданың талаптарына сәйкес келген жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган сертификаттық тексерудi өткiзу үшiн комиссия (бұдан әрi – Комиссия) құрып, оның құрамына функцияларына ұшуда пайдалану, әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығы және авиация персоналына куәлiк беру мәселелерi жататын мемлекеттiк авиация инспекторларын қосады.

^ 4. Сертификаттық тексеру

      15. Сертификаттық тексеру мемлекеттiк авиация инспекторлары үшiн азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган әзiрлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, сертификаттау талаптарына сәйкестiгiн тексеру үшiн жүзеге асырылады.
      16. Комиссия ұшуды қамтамасыз етудiң барлық түрлерi бойынша сертификаттық тексерудi жүргiзедi:
      1) құқықтық
      2) қаржы-экономикалық
      3) ұшуда пайдалану және оны ұйымдастыру;
      4) ұшуға жарамдылығын қолдау;
      5) аэронавигациялық
      6) әуежайлық
      7) метеорологиялық
      8) медициналық
      9) авиация персоналын даярлау және қайта даярлау;
      10) авиациялық қауiпсiздiк;
      11) авариялық және iздестiру-құтқару.
      17. Ұшу және жер бетiндегi қызметтердi тексеру қойылған мiндеттердi шешу үшiн авиация персоналының, жердегi құралдардың және жабдықтардың дайындық дәрежесiн айқындау мақсатында жүргiзiледi.
      18. Ұшу жұмысын ұйымдастыру, ұшқыштар құрамын даярлау және бiлiктiлiк беру азаматтық авиация саласындағы нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуi тиiс.
      Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстардың тиiсiнше жабдықталғаны, күзет сигнализациясының, хабарландыру құралдарының болуы және олардың тiкелей мақсаты бойынша пайдаланылуы тексерiлiп, расталады.
      Ангар құрылыстары, зертханалар, авиатехниканы жөндеу және оған қызмет көрсету жөнiндегi цехтар, жолаушылар кешендерi, қоймалар мен басқа да құрылыстар белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан тексерiледi.
      19. Пайдаланушыда әуе кемелерiн ұшуды, техникалық пайдалану және ұшуды орындау үшiн қажеттi даярланған персоналы, құжаттамасы мен жабдықтары болады.
      Өтiнiш берушiнiң пайдаланылатын әуе кемелерiнiң бәрiнде қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаттары немесе Қазақстан Республикасында жарамды деп танылған шетел мемлекеттерiнiң ұшуға жарамдылық сертификаттары болады.
      20. Халықаралық ұшуды орындаған кезде өтiнiш берушi басқа елдердiң әуежайларында өз өкiлдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өз өкiлдерiнiң немесе басқа елдердiң әуежайларында өкiлдiгi бар азаматтық авиацияны ұйымдарымен шарт жасасу арқылы техникалық қызмет көрсетудi қамтамасыз етедi. Басқа елдердiң әуежайларында техникалық қызмет көрсету тиiстi мемлекеттiң әуежайларында техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастырудың белгiленген тәртiбiне сәйкес жүзеге асырылуы тиiс.
      21. Сертификаттық тексеру нәтижелерi бойынша осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес 2 данада сертификаттық тексеру актiсi жасалып, онда өтiнiш берушi объектiлерiнiң нақты жай-күйi, тұжырымдар, ұсынымдар мен пайдаланушының сертификатын беру мүмкiндiгi (мүмкiн еместiгi) туралы қорытынды көрсетiледi. Актiге комиссияның барлық мүшелерi қол қояды және танысу үшiн өтiнiш берушiге берiледi.
      22. Сертификаттық тексерудi жүргiзу кезiнде сәйкессiздiктер анықталған жағдайда, өтiнiш берушi күнтiзбелiк 10 күн iшiнде түзету iс-қимылдарының жоспарын жасайды, оны азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. Өтiнiш берушiге пайдаланушы сертификаты берiлгенге дейiн, өтiнiш берiлген кезден бастап сертификаттаудың жалпы мерзiмiнен асырпайтын мерзiмде сәйкессiздiктердi жоюға мүмкiндiк берiледi.
      23. Өтiнiш берушi түзету iс-қимылдарының жоспарында көрсетiлген сәйкессiздiктердiң бәрiн жойған болса және сертификаттау талаптарына сай болған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге пайдаланушы сертификатын беру туралы шешiм қабылдайды.
  1   2   3   4



Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасын бекiту туралы" 2010 жылғы 18 қазандағы №1069 және "Азаматтық авиация
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 2 шiлдедегi
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  icon"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидасын бекiту
Республикасының азаматтық және эксперименттiк авиациясы әуе кемелерiнiң экипаж мүшелерiнiң жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi №859 және "Қазақстан...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  icon"Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  icon"Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 31 желтоқсандағы №1525 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекiту туралы Қазақстан Республикасы...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидасы
Озғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат...
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң \"Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушы сертификатын беру қағидасын бекiту туралы\" 2010 жылғы 18 қазандағы  iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей қатысатын авиация персоналын кәсiптiк даярлау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы
Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекiту туралы 2011 жылғы 25 сәуiрдегi №441 қаулыларына өзгерiстер...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы