\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon

"Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсiби стандартын бекiту туралы



Название"Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсiби стандартын бекiту туралы
Дата конвертации10.03.2014
Размер141.64 Kb.
ТипДокументы
источник

"Әуе қозғалысына қызмет көрсету" кәсiби стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 20 қарашадағы № 911 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 19 желтоқсанда № 8995 тiркелдi


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсiби стандарты бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Кадр және әкiмшiлiк жұмыс департаментi (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Әдiлет» республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға көшiрмесiн жiберудi;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк тiркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жiберу туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзiме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      ^ Министр                                           А. Жұмағалиев

      «КЕЛIСIЛДI»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты
      әлеуметтiк қорғау министрiнiң
      мiндетiн атқарушысы
      _____________ Қ. Әбсаттаров
      2013 жылғы 4 қараша

Қазақстан Республикасы     
Көлiк және коммуникация министрiнiң
2013 жылғы 20 қарашадағы    
№ 911 бұйрығымен бекiтiлген   

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсiби стандарты

1. Жалпы бөлiм

      1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсiби стандарты (бұдан әрi - КС) «Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету» кәсiби қызмет саласындағы бiлiктiлiк деңгейiне, құзыретiне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
      1) еңбек саласы мен кәсiби бiлiм беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
      2) даярлау, бiлiктiлiктi арттыру және кәсiби қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлеу талаптарын регламенттеуге;
      3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезiнде жұмысшылардың құзыреттерiн бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
      2. КС негiзгi пайдаланушылары:
      1) бiлiм беру ұйымдарының түлектерi, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлiмшелерiнiң басшылары мен мамандары;
      3) бiлiм берудiң мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлейтiн мамандар;
      4) мамандардың кәсiби даярлығын бағалау және бiлiктiлiгiне сәйкестiгiн растау саласындағы мамандар болып табылады.
      3. КС негiзiнде бiлiктiлiк сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгiлiк оқыту бағдарламалары, үлгiлiк оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзiрленедi.
      4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) бiлiктiлiк – қызметкердiң еңбек қызметiнiң белгiлi бiр түрi шеңберiнде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
      2) бiлiктiлiк деңгейi – күрделiлiгi, еңбек қызметтерiнiң стандартты еместiгi, жауапкершiлiгi және дербестiлiгi параметрлерi бойынша жүктелетiн қызметкерлердiң құзыретiне қойылатын талаптар жиынтығы;
      3) еңбек заттары – белгiлi бiр еңбек құралдарының көмегiмен өнiм жасау мақсатында қызметкердiң iс-қимылы бағытталған зат;
      4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнiмге айналдыру үшiн пайдаланатын құралдар;
      5) еңбек қызметiнiң түрi – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсiби қызмет саласының құрамдас бөлiгi;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдерiспен анықталатын және оларды орындауға қажеттi құзыреттердiң болуын болжамайтын еңбек қызметiнiң бiрiктiрiлген және дербес жиынтығын көрсететiн еңбек қызметi түрлерiнiң бiр бөлiгi;
      7) кәсiби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
      8) кәсiби стандарттың бiрлiгi – осы қызмет түрi үшiн тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсiби стандарттың құрылымдық элементi;
      9) кәсiп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжiрибесiнiң нәтижесiнде пайда болған арнайы теориялық бiлiм мен практикалық дағдылар кешенiн бiлудi талап ететiн еңбек қызметiнiң түрi;
      10) құзыреттiлiк – еңбек қызметiнде бiлiмiн, бiлiгi және тәжiрибесiн қолдану қабiлетi;
      11) лауазым – лауазымдық уәкiлеттiктер және лауазымдық мiндеттер шеңберiн жүктейтiн жұмыс берушiнiң құрылымдық бiрлiгi;
      12) мiндет – нақты бiр еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын iске асырумен және нәтижеге қол жеткiзумен байланысты iс-қимыл жиынтығы;
      13) сала – өндiретiн өнiм, өндiрiс технологиясы, негiзгi қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсiби бiлiктерi ортақ ұйымдар жиынтығы;
      14) салалық бiлiктiлiк шеңберi (бұдан әрi - СБШ) – салада танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiнiң құрылымдық сипаттамасы;
      15) ұлттық бiлiктiлiк шеңберi (бұдан әрi - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын бiлiктiлiк деңгейлерiнiң құрылымдық сипаттамасы;
      16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберiнде белгiлi бiр қызмет түрiн орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. КС паспорты мынаны анықтайды:
      1) экономикалық қызмет түрi (кәсiптiк қызмет саласы):
      Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшi (бұан әрi – 03-2007 ҚР МЖ) «52.23 Әуе көлiгi саласындағы қызметтер»;
      2) экономикалық қызмет түрiнiң (кәсiптiк қызмет саласының) негiзгi мақсаты:
      әуе көлiгiмен тасымалдауға жататын қызметтi қамтамасыз ету, әуежайларды және әуе қозғалысын басқаруды қамтамасыз ету;
      3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша еңбек қызметiнiң (кәсiптiң) түрлерi.

^ 3. Еңбек қызметi түрлерiнiң (кәсiптiң) карточкалары

1-параграф «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер»

      6. Еңбек қызмет түрiнiң (кәсiптiң) карточкасы мынадан тұрады:
      1) бiлiктiлiк деңгейi: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрi – 01-2005 ҚР МЖ): 3144 «Әуеайлақ диспетчерлiк (авиациялық-диспетчерлiк) пунктiнiң диспетчерi;
      3) лауазымның (кәсiптiң) ықтимал атаулары: әуеайлақ диспетчерлiк (авиациялық-диспетчерлiк) пунктiнiң диспетчерi;
      4) атқарылатын еңбек қызметiнiң жиынтық сипаттамасы - әуе қозғалысына қызмет көрсету;
      5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсiптiк бiлiмi мен оқуына қойылатын талаптар, бiлiктiлiктi растайтын сертификаттардың қажеттiлiгi, практикалық жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудiң ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсiп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчердiң еңбек жағдайына, бiлiмi және жұмыс тәжiрибесiне қойылатын талаптар» деген 1-кестесiнде келтiрiлген.

^ 4. КС бiрлiктерiнiң тiзбесi

      7. КС бiрлiктерiнiң тiзбесi осы КС 3-қосымшасының 1-кестесiнде келтiрiлген және шифр мен КС бiрлiктерi атауларынан тұрады.

5. КС бiрлiктерiнiң сипаттамасы

      8. КС бiрлiктерiнiң сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының  1-кестесiнде келтiрiлген.

^ 6. Осы КС негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi

      9. Осы КС негiзiнде мамандардың кәсiптiк дайындығын бағалау және бiлiктiлiк сәйкестiгiн растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар берiледi.
      10. Осы КС негiзiнде берiлетiн сертификаттардың түрлерi сертификат алу үшiн игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бiрлiктерiнiң тiзбесiне сәйкес анықталады.

^ 7. КС әзiрлеушiлерi, келiсу парағы, сараптамасы және тiркелуi

      11. КС әзiрлеушiсi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi болып табылады.
      12. КС келiсу парағы осы КС 5-қосымшасында келтiрiлген.

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсiби стандартына       
1-қосымша            

^ Бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша
еңбек қызметiнiң (кәсiптiң) түрлерi

№ р/с

Қызмет түрiнiң атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсiптiң атауы

01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсiптiң атауы

ҰБШ бiлiктiлiк деңгейi

БТБА бойынша разряды

1.

Әуе қозғалысына қызмет көрсету

Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер (бұдан әрi – ӘҚҚ диспетчерi)

3144 Әуеайлақ диспетчерлiк (авиациялық-диспетчерлiк) пункт диспетчерi

5

-

      Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығы.

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсiби стандартына        
2-қосымша            

1-кесте

^ 1. Кәсiбi бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе қозғалысына
қызмет көрсету бойынша диспетчердiң еңбек жағдайларына,
бiлiмiне және тәжiрибесiне қойылатын талаптар

Кәсiптер бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала

Зиянды және қауiптi еңбек жағдайлары

Механикалық және электрлiк элементтердiң жұмыстарының, нормативтiк құжаттармен орнатылған нормалардан асатын түрлi режимдердегi авиациялық қозғалтқыштарды iске қосу және сынама жасау барысындағы шуылдар. Әдеттегi және арнайы авиациялық көлiктiң әуеайлақ аумағындағы қарқынды қозғалысы; Жер үстiндегi радиолокациялық жабдықта және ұшақтық борттық жабдықта орнатылған АЖЖ сәулелендiру көздерiнен қуаттанатын электромагниттi өрiстiң жоғары деңгейi жағдайларында жұмыс iстеу. Түнгi уақыттағы жұмыс. ӘК ұшу қауiпсiздiктерiн қолайлы деңгейде ұстау бойынша бiр уақыттағы талаптармен бiрге ӘК ұшу кестесiн орындауға қойылатын коммерциялық қысымда жұмыс iстеу

Жұмысқа рұқсат берудiң ерекше жағдайлары

Жасы – 21 жастан кiшi емес;
үшiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;
төмендегiлердiң бiрi бойынша бiлiктiлiк белгiсiнiң (рұқсатының) болуы:
1) диспетчерлiк брифинг пунктi (үшiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етiлмейдi);
2) рульдеу диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi - ДРП);
3) старттық диспетчерлiк пункт (бұдан әрi - СДП);
4) мұнара диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi - ДМП);
5) айналу диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi - ДАП);
6) жақындау диспетчерлiк пунктi (бұдан әрi - ДЖП);
7) жергiлiктi диспетчерлiк пункт (бұдан әрi - ЖДП);
8) аудандық диспетчерлiк пункт (орталық) (бұдан әрi - АДП немесе АДО)
9) диспетчер - нұсқаушы;
10) аға диспетчер;
11) ұшулар басшысы;
12) әуе қозғалысын жоспарлау, бақылау және үйлестiру диспетчерi (үшiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етiлмейдi).
13) Әуе қозғалысын жоспарлау бас орталығы ауысымының бастығы (бұан әрi – ӘҚЖ БО) (үшiншi сыныпты қолданыстағы медициналық қорытынды талап етiлмейдi)

СБШ бiлiктiлiк деңгейi

Кәсiби бiлiмiнiң және оқыту деңгейi

Талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесi

5

Жоғары кәсiби бiлiм немесе

Аттестатталған ӘҚҚ диспетчерiнiң бақылауында әуе қозғалысын практикалық басқару – 3 айдан кем емес

      Ескертпе: ӘК – әуе кемесi.

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсiби стандартына        
3-қосымша             

^ КС бiрлiктерiнiң тiзiмi

1-кесте

1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер»
еңбек қызметiнiң (кәсiптiң) түрi

Шифрi

Еңбек функциясының (кәсiби стандарт бiрлiгiнiң) атауы

Ф 1

Әуе қозғалысына қызмет көрсету

      Ескертпе: Ф – функция.

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсiби стандартына        
4-қосымша             

^ КС бiрлiктерiнiң сипаты

1-кесте

1. «Әуе қозғалысына қызмет көрсету бойынша диспетчер»
еңбек қызметiнiң (кәсiбiнiң) түрi

Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Мiндеттер

Шеберлiгi және дағдылары

Бiлiмi

Ф1

Аэронавигациялық ақпарат құжаттары;
метеоақпарат көрсету құралдары, ұшуларды метеорологиялық қамтамасыз ету.

Навигациялық байланыс құралдары, әуе кемесiнiң навигациялық жүйесi;
Метеорологиялық мәлiметтер.

М 1-1 Әуе қозғалысына қызмет көрсету

Жұмыс технологиясына сәйкес әуе қозғалысына қызмет көрсету машықтары;
Әуе қозғалысына қызмет көрсету барысындағы радиоалмасу қағидаларын және фразеологиясын бiлу машықтары;
Әуе және метеорологиялық жағдайды талдау машықтары;
Жұмыс процесiнде ұшуды және байланыс жасауды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын дұрыс пайдалану машықтары;
Шектес диспетчерлiк пункттермен, ӘК-дегi ұшуды қамтамасыз ететiн және бақылау жасайтын қызметтермен өзара

«Қазақстан Республикасының Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының Заңының негiзгi ережелерiн бiлу: жалпы ережелерiн бiлу, әуе кеңiстiгiн пайдалану, ҚР авиациясының құрамы, әуеайлақтардың жiктелiмi, әуе кемелерiнiң жiктелiмi, әуе қозғалысы; ҚР әуе кеңiстiгiнiң құрылымын бiлу; әуе қозғалысына қызмет көрсету; эшелондау; әуе трассалары, жергiлiктi әуе желiлерi әрi әуе трассаларынан және жергiлiктi әуе желiлерiнен тыс маршруттар бойынша ұшу қағидаларын бiлу;
ҚР мемлекеттiк шекарасынан ұшып өту, шекара маңындағы жолақ және онда ұшуды орындау ерекшелiктерiн бiлу;
ҚР әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн сақтауға бақылау жасау; әуе кеңiстiгiн


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 

әрекеттесу машықтары;
Әуеайлақта және(немесе) жауапкершiлiк ауданында апатқа ұшыраған ӘК-iне көмек көрсетуге арналған тиiстi қызметтерге дер кезiнде ақпарат беру машықтары;
Радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде радиобайланыс жасай бiлу  ашықтары;
Радиотелефон байланысында қолданылатын тiлде шығарылған аэронавигациялық ақпарат құжаттарын қолдана бiлу машықтары.

пайдалануға ұшу жоспарлары мен өтiнiмдер, әуе кемелерiнiң қозғалыстары туралы хабарламалар беру тәртiбi; әуе кеңiстiгiн пайдалануға уақыт режимдерi мен қысқа мерзiмдi шектеулердi әзiрлеу және орнату тәртiбiн бiлу.
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 18 қаңтардағы № 103 «Қазақстан Республикасындағы әуе кеңiстiгiндегi ұшулардың негiзгi ережелерiн бекiту туралы» Қаулысын бiлу; ұшу ережелерi: анықтауыштар; жалпы ережелер; әуе кемелерiнiң ұшуын қамтамасыз ету; әуе кемелерiнiң ұшулары (негiзгi талаптар, ұшуды орындау, ерекше жағдайларда ұшулар, ұшудағы ерекше жағдайлар); iздестiру және құтқару; апат және шұғылдық сигналдарының тiзбесi; апат туралы сигналды және хабарламаны беру тәртiбi; азаматтық әуе кемелерiн ұстау.
ӘҚҚ-ге байланысты авиациялық оқиғалар: себеп салдары, авиациялық оқиғаларды зерттеу қорытындылары бойынша кемшiлiктер мен ұсынымдар;
авиациялық оқиғалар туралы жалпы ӘҚҚ-ға қатысты бөлiгiнде ұшуды ережелер, анықтамалар, сыныптамалар мен хабарландырулар. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 

Ұшуды орындауды реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер; анықтамалар мен жалпы ережелер; әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметi және оның жұмысын ұйымдастыру; әуе кеңiстiгiн ұйымдастыру; әуе қозғалысына қызмет көрсетудi ұйымдастыру; әуе қозғалысын жоспарлау және ағындарын ұйымдастыру; әуе қозғалысына қызмет көрсету; ұшу-ақпараттық қызмет көрсету; авариялық хабарлау қызметi; бақылау негiзiнде қызмет көрсету; әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерiнiң жұмыс технологиясы (кезекшiлiкке дайындалу және кезекшiлiктi қабылдап алу;
әуе қозғалысына қызмет көрсетудi беру межелерi; ерекше жағдайларда және ұшудағы ерекше оқиғаларда ұшу барысында әуе қозғалысына қызмет көрсету).
Ұшуды орындау және әуе қозғалысына қызмет көрсету кезiнде радиоалмасу фразеологиясының қағидалары: радиоалмасудың жалпы қағидалары;
радиохабар тарату кезiнде қолданылатын радиоалмасу фразеологиясы;
Авариялық және шұғыл байланыс қағидалары; әуе қозғалысына қызмет


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 

Көрсетудiң диспетчерлiк пункттерi арасында ақпаратпен алмасу.
Авиациялық метеорология: авиациялық метеорологияның негiзгi теориялық мәселелерi; авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етудi регламенттейтiн құжаттардың негiзгi ережелерi; метеорологиялық байқаулар мен жиынтықтар; әуе кемелерiнiң бортынан байқау және хабарлау; ауа райы болжамдары; қауiптi метеорологиялық жағдайлар мен ауа-райы құбылыстары туралы ескертулер; ауа райының авиациялық карталары; әуедегi ӘК экипаждарын метеоақпаратпен қамтамасыз ету. Қолданылатын ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланыс құралдары: радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтардың және авиациялық электр байланыс құралдарының тактикалық-техникалық сипаттамалары; радиолокациялық, радионавигациялық жабдықтарды орналастыру және олардың жұмыс iстеу принципi. Адамның әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қатысты мүмкiндiктерi мен шектеулерi: адам факторының ӘҚҚ кезiндегi ықпалы


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 


 
 

 
 

Қауiптер мен қателердi бақылау принциптерi, әуе қозғалысын басқару диспетчерiнiң әсерiнен туындайтын қауiп-қатерлер; Күтiлетiн немесе кенет қауiп-қатерлер;
Аэродинамика негiздерi, ӘК-нiң ұшу-техникалық сипаттамалары: ӘК-нiң негiзгi геометриялық көрсеткiштерi; ӘК-нiң негiзгi аэродинамикалық сипаттамаларын бiлу; ӘК қанатын механикаландыру; атмосферадағы жағдайлардың ӘК-нiң аэродинамикалық сипаттамаларына әсерi.
Әуеайлақтың бас жоспары, физикалық сипаттамалары; әуе кеңiстiгiнiң құрылымы; қолданылатын қағидалар, рәсiмдер және ақпарат көздерi;
аэронавигациялық құралдар; ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдары және оларды қолдану; жергiлiктi жер бедерi және жердегi сипатты бағдарлар; әуе қозғалысының сипатты ерекшелiктерi; ерекше жағдайлар және ұшудағы жағдайлар; авариялық жағдайдағы және iздестiру-құтқару операцияларындағы iс-қимылдар жоспарын бiлу

      Ескертпе: М – мiндет.

«Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
кәсiби стандартына      
5-қосымша          

Келiсу парағы

Ұйым атауы

Келiсу күнi

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi


 
 

Кәсiби стандартты тiркеу парағы
Осы кәсiби стандарт _______________________________________
_______________________________________________________ тiркелдi.
Кәсiби стандарттарды тiркеу тiзiлiмiне енгiзiлдi, тiркеу № ______
Хат (хаттама) № ___________            Мерзiмi __________________



Похожие:

\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе қозғалысына қызмет көрсету»
«Әуе қозғалысына қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon"Әуе кемелерiне техникалық қызмет көрсету" кәсiби стандартын бекiту туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 20 қарашадағы №910 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon"Әуе кемесiн ұшуда пайдалану" кәсiби стандартын бекiту туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2013 жылғы 20 қарашадағы №913 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы iconМемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу
«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру»
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету»
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат беру қағидасы
Озғалысына қызмет көрсету органын және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметін сертификаттау және сертификат...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы iconАэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органына және (немесе) радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметіне қойылатын сертификаттық талаптар
Ттық талаптар (бұдан әрі – Сертификаттық талаптар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық авиация қызметі...
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon"Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
\"Әуе қозғалысына қызмет көрсету\" кәсiби стандартын бекiту туралы icon"Ауыл шаруашылығы министрлiгi беретiн куәлiктердi қоспағанда, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы
Ауыл шаруашылығы министрлiгi беретiн куәлiктердi қоспағанда, азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы