\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon

"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы



Название"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы
Дата конвертации06.03.2014
Размер86.24 Kb.
ТипДокументы
источник

"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң м.а. 2013 жылғы 29 шiлдедегi № 577 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 28 тамызда № 8680 тiркелдi


"Егемен Қазақстан" 26.09.2013 ж. № 220 (28159); "Казахстанская правда" от 26.09.2013 г. № 282 (27556);


      Азаматтық авиация саласындағы қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы» Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы № 390 бұйрығына (Заң газетiнде 2011 жылғы 3 тамыздағы № 7102 жарияланған, 2011 жылғы 13 қазандағы № 149 (2139), 2011 жылғы 14 қазандағы № 150 (2140); 2011 жылғы 18 қазандағы № 151 (2141), 2011 жылғы 19 қазандағы № 152 (2142) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларында:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Ұшуға тапсырманың сипатына қарай бағыт (ұшу) карталарын таңдау және дайындау жүргiзiледi. Аспаптар бойынша ұшу қағидалар бойынша (АҰҚ) ұшуларды орындаған кезде қолданылатын негiзгi бағыт (ұшу) карталары радионавигациялық карталар (бұдан әрi - РНК), сондай-ақ мамандандырылған ұйымдар шығарған карталар болып табылады.
      Визуалды аэронавигацияның талаптарын сақтау үшiн визуалды ұшулар қағидалары бойынша ұшуларды орындаған кезде визуалды бағдарлау үшiн барлық қажеттi деректер мамандандырылған картада қамтылмаса 1:1 000 000 масштабты немесе одан iрi (1:500 000, 1:250 000) масштабтағы аэронавигациялық карталар (аэронавигация үшiн арнайы жер бетi учаскесiнiң, оның бедерiнiң және жасанды құрылғыларының шартты белгiсi) қолданылады.
      Бағыт (ұшу) карталарына мыналар салынуы тиiс:
      1) шектеу межесiнiң сызығы (пеленгтер, азимуттер) қара түспен;
      2) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен;
      3) берiлген жол жолақтары (бұдан әрi – БЖЖ) және БЖЖ айырылыстарында МБП, МБұП және МСП пункттерi арасындағы қашықтықтар;
      4) тiрек меридиандардан өлшенген ортодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – ортодромдық магниттiк немесе шынайы жол бұрыштары (сәйкесiнше – ОМЖБ, ШЖБ) және БЖЖ бойынан ұшу бағытындағы бағыттағышы бар ағымдағы – бастапқы (маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерiнде 3-50 шамасына өзгеру кезiнде қайталанатын) магниттiк жол бұрыштары;
      5) локсодромдық бағыттық аспаптармен ұшуларды орындаған кезде – маршрут учаскелерi бойынша орташа меридиандардан өлшенген магниттiк жол бұрыштары (бұдан әрi – МЖБ); бұл жағдайда маршруттың ұзақтығы үлкен учаскелерiнде әрбiр 50 – 200 км сайын тән бақылау бағдарлары таңдалады, олардың жанынан МЖБ жаңа мәндерi көрсетiледi;
      6) басым биiктiктер: жолақта маршрут осiнен екi жаққа 50 км-дан; әуеайлақ ауданында – әуеайлақтың бақылау нүктесiнен (бұдан әрi – ӘБН) 50 км радиусте қара түстi тiкбұрыштарда;
      7) магниттiк жiктеу мәндерi әуеайлақ ауданында және маршруттың әрбiр учаскесiнде диаметрi 8 мм шеңберлерде 10-тан кейiн;
      8) шектеу шекарасының (пеленгтер, азимуттер) сызықтары қара түспен;
      9) ӘҚҚК аудандарының шекаралары және олардың атаулары жасыл түспен.».
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Ұшу бағыттарының учаскелерiнде таулы әуеайлақтарға әуеайлаққа дейiнгi қашықтықты және төменгi қауiпсiз эшелонды көрсетумен белгiленген межелер қойылады. Бағыт (ұшу) карталарындағы пилотажды деректердi өңдеу және индикациялаудың кешендi жүйесiмен жабдықтамаған әуе кемелерi үшiн.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Таулы жерде ұшу кезiнде қажеттiлiгi бойынша бағыт (ұшу) картасының бос орнына:
      1) АҰЕ бойынша ұшулар үшiн кешендi өңдеу және пилотаждық деректердi индикациялау жүйесiмен жабдықталмаған әуе кемесi үшiн газтурбиналы қозғалтқышы бар ұшақтар үшiн төмендеу және биiктiкке көтерiлу учаскелерiнде, ал поршеньдi қозғалтқыштары бар ұшақтар үшiн жалпы маршрут бойынша маршрут осiнен екi жаққа енi 25 км-дегi жолақта;
      2) БҰЕ бойынша ұшулар үшiн әуе трассасы енiнiң шегiнде жер рельефiнiң кескiнi салынады.
      Ұшу бағытын үздiксiз берудi қамтамасыз ететiн кешендi өңдеу және пилотаждық деректердi индикациялау жүйесiмен жабдықталған әуе кемесi үшiн бағыт (ұшу) картасында төмендеудi бастаудың белгiленген межесiн және жер рельефiнiң кескiнiн көрсету талап етiлмейдi.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Ұшудың жұмыс жоспары (навигациялық есеп) әрбiр көзделген ұшуға немесе ұшулар сериясына пайдаланушының ҰОБ сәйкес жасалады. Ұшудың жұмыс жоспарын әуе кемесiнiң командирi және, бұл ҰОБ көзделген кезде, ұшуларды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерi (ұшудың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз етуде әуе кемесiнiң командирiне көмектесетiн пайдаланушы тағайындаған тұлға) бекiтедi.»;
      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «42. Әуе кемесiнiң командирi немесе пайдаланушының тағайындалған өкiлi (ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерi) брифинг бөлмесiнде дайындықты аяқтаған соң Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалануға рұқсат алу үшiн ұшу жоспарын ӘҚҚК органының брифинг диспетчерiне ұсынады.»;
      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «44. Әуеайлақтық метеорологиялық орган пайдаланушы және экипаждың ұшу мүшелерiне метеорологиялық құжаттаманы уақтылы дайындауды қамтамасыз етедi. Метеорологиялық құжат әуеайлақтың метеорологиялық органның кеңсесiнде немесе брифинг бөлмесiнде әуе кемесiнiң экипажына (пайдаланушыға немесе оның өкiлiне) берiледi. Сұрау салу бойынша ұшу экипажының мүшелерiне және (немесе) өзге қызметкерлерiне өндiрiстiк ұшуларға байланысты консультация берiледi.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Брифинг бойынша диспетчер мынадай функцияларды орындайды:
      1) аэронавигациялық ақпарат қызметiнен ұшу ақпаратының бюллетенiн, NOTAM және SNOTAM алады;
      2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты стендке уақтылы қояды;
      3) әуе кемелерiнiң экипаждарына аэронавигациялық жағдайға қатысы бар анықтамалық материалдарды бередi;
      4) әуе кемелерiнiң экипаждары (пайдаланушыға немесе оның өкiлiне) үшiн ұшар алдындағы ақпарат пакетiн тәулiктiк ұшулар жоспарына сәйкес қалыптастырады, оларға: метеорологиялық құжаттама, флайт жоспарлар бланкiлерi, ұшу ақпаратының бюллетенi, NOTAM, SNOTAM және ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспары кiредi бередi;
      5) флайт-жоспарды (ұшу немесе ұшулар жоспарын» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану қағидаларына сәйкес тиiстi мекенжайларға жiбередi;
      6) әуежайдың тәулiктiк ұшулар жоспарының көшiрмесiне ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетудi өткiзу туралы белгi жасайды;
      7) тәулiктiк ұшулар жоспарына енгiзiлмеген рейстерге өтiнiмдер келiп түскен кезде олар үшiн ұшар алдындағы ақпарат пакеттерiн дайындайды;
      8) аэронавигациялық ақпарат қызметтерiнен әуе кемелерiнiң экипаждарынан берiлген өтiнiмдердiң негiзiнде ұшу ақпаратының бюллетень дерiн сұратады;
      9) метеорологиялық қамтамасыз ету органдарының қызметтерiне әуе кемелерiнiң экипаждарынан (пайдаланушыдан немесе оның өкiлiнен) берiлген өтiнiмдердiң негiзiнде метеорологиялық құжаттаманы дайындауға өтiнiм бередi;
      10) әуе кемелерiнiң экипаждарынан флайт-жоспарды дұрыс толтыруды талап етедi.»;
      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Брифинг бойынша диспетчер мыналарды:
      1) әуежайдың тәулiктiк ұшу жоспарына және берiлген флайт жоспарға сәйкес әуежайдан ұшып шығатын әуе кемелерiнiң экипаждары үшiн ұшар алдындағы ақпарат пакетiн уақтылы және толық ұсынуды;
      2) ұшуларға тыйым салулар мен шектеулер туралы ақпаратты уақтылы жеткiзудi;
      3) брифинг бөлмесiнде тұрған құжаттардың сақталуын;
      4) әуе кемелерiнiң экипаждарына (пайдаланушыға немесе оның өкiлiне) сапалы ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетудi қамтамасыз етудi және өзiнiң лауазымдық нұсқаулығының орындалуын қамтамасыз етедi және бақылайды.»;
      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
      «48-1. Аралық әуежайларда әуе кемелерiнiң экипаждарына ұшар алдындағы ақпараттық-консультативтiк қызмет көрсеткен кезде ұшу алдындағы дайындық уақытын қысқарту мақсатында пайдаланушы немесе оның өкiлiне метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын бортқа жеткiзуге рұқсат бередi.
      Пайдаланушы немесе оның тағайындалған өкiлi әуе кемесiнiң экипажын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 103 қаулысымен бекiтiлген «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде ұшудың негiзгi қағидаларында» көзделген метеорологиялық ақпарат пен ұшу құжаттамасын толық көлемде дер кезiнде қамтамасыз етудi және оны жеткiзудi ұйымдастырады, оларға: флайт-жоспар, ұшар алдындағы ақпарат бюллетенi, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) және ұшудың навигациялық жоспары кiредi.».
      3-бөлiм мынадай мазмұндағы § 3-1 параграфпен толықтырылсын:
      «§ 3-1. Ұшу экипажы мүшелерiн егер пайдаланушы осы мақсат үшiн ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерлердi пайдалануды алдын ала көздесе ұшар алдында дайындаудың ерекшелiгi
      48-2. Егер пайдаланушының ұшақтарында пайдалану-бақылау және ұшу - диспетчерлiк қамтамасыз ету шараларын уәкiлеттi орган бекiткен жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкердi пайдаланумен ұшу экипажының мүшелерiн ұшар алдында дайындауды жүргiзiледi.
      Бұл жағдайда ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкер және әуе кемесiнiң командирi ұшар алдындағы дайындықтың сапасына және ұшуға басшылық жасауға жауап бередi.».
      мынадай мазмұндағы 48-3-тармақпен толықтырылсын:
      «48-3. Пайдаланушының ұшуды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметкерi мынадай функцияларды орындайды:
      1) ұшуға дайындаған кезде әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органдармен, әуеайлақтық метеорологиялық органдармен және радиотехникалық жабдықтарды және байланысты пайдалану қызметiмен байланысты қамтамасыз етедi (РТЖжәнеБПҚЕҚ);
      2) ұшып шығатын әуеайлақтың әуеайлақтық метеорологиялық органымен немесе пайдаланушының метеорологиялық қамтамасыз ету органымен (бар болған жағдайда) консультация өткiзедi және алдағы ұшуға қатысты метеорологиялық ақпарат алады және ұшып шығатын, қонатын және қосалқы әуеайлақтың нақты және болжамды ауа райына, ұшу бағыттары мен iргелес аудандарының ауа райына талдау жүргiзедi;
      3) ұшуларды жүзеге асыру жоспарына қатысты ақпаратты пайдаланушының тиiстi бөлiмдерiне жiбередi;
      4) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчерiнен (аэронавигациялық ақпараттар қызметi) немесе аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызметтердi көрсететiн мамандандырылған компаниялардан ұшар алдындағы ақпарат бюллетенiн, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасын, ұшуға салынған тыйымдар және қойылған шектеулер туралы ақпаратты алады;
      5) ұшар алдындағы ақпарат бюллетенiне, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына талдау жасайды, қосалқы әуеайлаққа кететiн уақыты асырылған бағытпен (бұдан әрi - ЕДТО) қосалқы әуеайлаққа дейiн 60 минуттан асатын ұзақтықпен, турбиналық қозғалтқыштары бар ұшақтардың ұшуына арналған қосалқы әуеайлақты және қауiпсiз, үнемдi бағытты және ұшу бейiнiн таңдайды;
      6) ұшулардың қауiпсiз орындалуы үшiн отынның санын есептейдi;
      7) аэронавигациялық қамтамасыз ету және ұшуларды жоспарлау бойынша қызмет көрсететiн компаниялардан негiзгi және қосалқы әуеайлақтар, ұшар алдындағы бюллетень, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасы, ең төмен деңгейдегi жабдықтар (MEL) тiзiмдерiн, әуе кемесiнiң барынша ықтимал ұшу және отырғызу салмағы туралы ақпаратты, ұшу бағыттарына арналған метеорологиялық жағдай ескерiлген ұшудың жұмыс жоспарын алады және өздiгiнен әзiрлейдi және осы жоспарды әуе кемесiнiң командирiне қарауға бередi;
      8) аспаптар бойынша стандартты ұшып шығуға, шудың төмендеуiн пайдалануда қабылдайтын бағыттық құралдарға, аэронавигациялық құрал-жабдықтарға, әуеайлақтық құралдар мен жабдықтарға, ӘҚҚК және байланыс қағидаларына, ұшар алдындағы бюллетеньге, NOTAM (SNOTAM, ASHTAM) хабарламасына, ұшу-қону жолағының жағдайына, iздестiру және құтқару құралдарына, сондай-ақ ұшуға ықпалын тигiзе алатын ақпарат пен ұйғарымға қатысты барлық соңғы ақпараттар мен деректердi дайындайды;
      9) егер ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қауiптi жағдай орын алса рейстi кешiктiредi немесе болдырмайды;
      10) әуеайлақтық метеорологиялық органда (консультация қажет болса) метеорологиялық консультация берген кезде әуе кеменiң командирiмен бiрге қатысады;
      11) алған метеорологиялық ақпаратты әуе кемесiнiң командирiне бередi және қажет болатын бағыттарға, абсолюттi биiктiктерге және жол сызықтарына қатысты, сонымен қатар қандай қосалқы әуежайлар түрлi әуежайлар үшiн жарамды деп саналатынына қатысты консультациялар бередi;
      12) оған бағытты таңдауда ықпалын тигiзетiн факторларға назар аудара отырып, дайындалған бағыттарға жасалған талдауды және ұшудың жұмыс жоспарын көрсетедi;
      13) әуе кемесiнiң командирi мақұлдаған ұшудың жұмыс жоспарын алады;
      14) әуе кемесiнiң командирi қол қойғаннан кейiн ұшудың жұмыс жоспарына қол қояды;
      15) әуе кемесiнiң командирiн осы Қағидалардың 8) тармақшасында көрсетiлген ұшу бағыттарына қатысты барлық соңғы ақпараттармен, сонымен қатар метеорологиялық құжаттармен, ұшудың (ұшулардың) навигациялық жоспарымен және тыйым салынған және шектеу қойылған ұшулар туралы ақпараттармен уақтылы қамтамасыз етедi;
      16) әуе кемесiнiң командирi қол қойғаннан кейiн ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) әзiрлейдi;
      17) ұшып шығатын әуеайлақтың брифинг бойынша диспетчерiне ӘҚҚК ұшу жоспарын (флайт-жоспар) бередi;
      18) байланыс арналары арқылы әуе кемесiнiң командирiн ұшу барысында қажет болатын ұшу жоспарындағы кез-келген өзгерiстерге, ұшқанда ұшулардың қауiпсiздiгiне қатысты ақпаратпен қамтамасыз етедi.».
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен ұсынуды;
      2) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң интернет-қорында ресми жариялауды және Мемлекеттiк органдардың интернет-порталында орналастыруды қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация вице-министрi А.Ғ. Бектұровқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдiң
      мiндетiн атқарушы                          С. Сарсенов 



Похожие:

\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы №279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң мiндетiн атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы №279 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк, тiркелетiн танылым белгiлерi мен қосымша белгiлердi азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiне салу ережесiн бекiту...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Әуе кемелерiн пайдаланушыларды тексеру парақтарының нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 17 қыркүйектегi №611 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 17 қыркүйектегi №611 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Аса жеңiл авиация саласында сертификаттау қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 31 наурыздағы №318 және "Азаматтық авиация саласындағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 27 қазанындағы №651 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 27 қазанындағы №651 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар
...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi
Республикасының азаматтық әуе кемелерiнiң ұшуға жарамдылығының нормаларын бекiту туралы" 2011 жылғы 26 шiлдедегi №859 және "Қазақстан...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 13 маусымдағы №362 бұйрығына өөзгерiс енгiзу туралы
Авиациялық персонал куәлiгi берiлетiн адамдарға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация...
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiн, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмiлелердi, сондай-ақ оларға құқықты куәландыратын құжаттар
Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2012 жылғы 18 қыркүйектегi №613 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы
\"Азаматтық және эксперименттiк авиация үшiн ұшуға дайындау қағидаларын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы №390 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекiту туралы" 2011 жылғы 20 маусымдағы
Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы