«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon

«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»



Название«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
Дата конвертации02.03.2014
Размер66.38 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2013 жылғы __________
№ ______ қаулысымен  
бекітілген


«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет).

2. «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметiнің стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен әзірленген.

3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсетіледі.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) аудандық ХҚО бөліміне өтініш берген кезде:

Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру 2 жұмыс күні ішінде уәкілетті органга берген сәтінен бастап (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) орындалады;

бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап бір күн ішінде құжаттарды уәкілетті органға беру сәтінен бастап (2 күн уәкілетті органға және 2 күн орындалған құжаттарды ХҚО жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) орындалады;

2) ХҚО облыстық филиалына өтініш берген кезде:

халықаралық сертификатын беру екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өтініш берген сәтінен бастап (құжаттарды қабылдау және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты бір күн ішінде құжаттарды уәкілетті органға беру сәтінен бастап (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

3) осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;

4) халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі халықаралық техникалық байқау сертификатын, халықаралық техникалық байқау сертификатының телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізінде көрсетіледі.

Халықаралық сертификатты немесе халықаралық сертификаттың телнұсқасын алу үшін мемлекеттік баж төлеу түбіртегі, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес баж ставкасы бойынша республикалық бюджетке төленеді және мемлекеттік баж төленген күнге белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.

8. ХҚО-да мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндердi қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, ХҚО белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес күн сайын, түскi үзiлiссіз, сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) халықаралық сертификатты алуға:

еркін нысанда жазылған өтініш;

халықаралық сертификат берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек;

жеке тұлғалардың Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшiн көлiк құралдарына салық төлегенiн растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжат;

мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өту куәлігінң көшірмесі.

2) халықаралық техникалық байқау сертификатының көшірмесін алуға:

халықаралық сертификат телнұсқасын алуға өтініш;

халықаралық сертификатының телнұсқасы берiлгенi үшiн мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбiртек.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын салыстыруға бермеген кезде мемлекеттік қызметті алушы нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынады.

10. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру қолхатта көрсетiлген мерзiмде жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынуы негiзiнде жүзеге асырылады.

11. Халықаралық сертификатты беруден бас тарту:

1) мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбауы;

2) халықаралық сертификатының телнұсқасын беруден бас тарту мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік баж төлегені туралы түбіртекті ұсынбауы негіз болып табылады.


^ 3. Шағымдану тәртiбi


12. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта уәкілетті орган басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.00-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

14. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа  2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.

15. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

16. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.

17. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

18. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық – анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.


4. Өзге талаптар


19. Мемлекеттік қызмет «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Заңының 8-баптың 2-тармағына, 19-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

20. Мемлекеттік қызмет жеке және заң тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

21. Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықта жері бойынша ХҚО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.

22. Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚО-ға өтініш еркін нысанда ұсынылады.

23. ХҚО-да құжаттар қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырады.

24. Осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:

1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны және атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты.

25. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында;

2) ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;

4) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.

26. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.

27. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.

28. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын тиісті уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекiтіледi.


–––––––––––––––––––––––––––––––––––––





Похожие:

«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа...
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы №256 «Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері туралы»...
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
ХҚО) республикалық мемлекеттік кәсіпорнының арқылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті...
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызметінің стандарты Жалпы ережелер «Жүк көлік құралдарына өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тұрақты көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасы...
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк...
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» icon«Пайдаланушы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Пайдаланушы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн және жөндейтiн (ат тқ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған өтiнiмнiң
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы