Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы



НазваниеҚазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Дата конвертации13.02.2013
Размер344.33 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы №

Жарлығымен бекітілген


Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік

білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы


Астана, 2008 жыл


Мазмұны



1.

Бағдарламаның паспорты


3

2.

Кіріспе


7

3.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау


8

4.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері



16

5.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері

17

5.1.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау

17

5.2.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігін және есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру

19

5.3.

Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды – техникалық базасын дамыту

20

6.

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

21

7.

Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелері мен оның индикаторлары

21








1. Бағдарламаның паспорты



Атауы

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс–шаралардың) жалпыұлттық жоспарының 106-тармағы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметтінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 Қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру–мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша іс-шаралардың жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 – 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 – 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тізбесінің 49-тармағы.

Әзірлеуші

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

^ Бағдарламаның мақсаты

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету.

^ Бағдарламаның міндеттері

Техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау жолымен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

басқару мен қаржыландыру механизмін жетілдіру арқылы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен есеп беруін арттыру;

техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды – техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын жақсарту

^ Бағдарламаны іске асыру мерзімі


Институционалды жаңғыртудың бірінші кезеңі: 2008-2010 жылдар;

Тұрақты дамудың екінші кезеңі 2010 – 2012 жылдар

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері

Республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражаттар, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуы бар тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаражаттары.

Бағдарламаны іске асырылуымен байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн. тенге, оның ішінде: 2008 жылы – 5707,8 млн. тенге, 2009 жылы- 23486,7млн. тенге, 2010 жылы- 28984,4 млн. тенге құрайды;

республикалық бюджет есебінен: барлығы – 40749,8 млн. тенге, 2008 жылы – 3396,6 млн.тенге, 2009 жылы - 16701,4 млн. тенге, 2010 жылы- 20651,8 млн. тенге;

жергілікті бюджет есебінен: барлығы – 17429,1 млн. тенге, 2008 жылы- 2311,180 млн.тенге, 2009 жылы- 6785,3млн. тенге, 2010 жылы- 8332,62 млн. тенге құрайды.

Республикалық бюджет негізінде қаржыландыратын іс – шаралардың шығыс көлемі жыл сайын қаржылық жылға тиісті Республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.

^ Күтілетін нәтижелер

Бағдарламаны іске асыру төмендегі нәтижелерді қамтамасыз етеді:

техникалық және кәсіптік білім беру сапасы артады;

білім алушылардың жалпы білім алу даярлығы артады, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерде кәсіби оқытумен орта жалпы білім берудің бірыңғай оқыту бағдарламалары енгізілетін болады;

техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары еңбек рыногының талаптарына сәйкес болады;

техникалық және кәсіптік білім берудің беделі артады;

білім беру үрдісінде оқытудың активті технологияларын пайдалану кеңейе түседі;

оқытудың кредиттік жүйесі енгізілетін болады, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының үйлесімдігі қамтамасыз етіледі;

біліктілік деңгейін арттыратын немесе өндірістен қол үзбей және уақыт шығындамай оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін тиімді ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын болады;

сертификаттаудың, бағалаудың, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерінің дағдылары мен біліктілігін растаудың қазіргі заманғы жүйесі енгізілетін болады;

техникалық және кәсіптік білім берудің білім алушылары арасында жыл сайын «Кәсіп үздігі», «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік оқу орны» конкурстары өткізілетін болады;

білім алушылар жыл сайын кәсіби шеберліктің халықаралық конкурстарына қатысатын болады;

техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруда жеке сектор инвестицияларын жұмылдыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар мен механизмдер құрылатын болады;

жүйенің барлық деңгейінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің икемділігі мен тиімділігін, жауапкершілігін қамтамасыз ететін басқарудың жаңа әдістерін енгізу жолымен сапаны басқару тиімділігі артады;

техникалық және кәсіптік білім берудің даму мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінде, білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуде жұмыс берушілердің қатысуы артады;

бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың құнын анықтаумен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде нәтижеге бағдарланған қаржыландыру жүйесі енгізілетін болады;

арнайы пәндер бойынша жаңа оқу әдебиеттер мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу, әдістемелік кабинеттердің жұмысы арқылы білім беру бағдарламаларының оқу–әдістемелік қамтамасыздандыру сапасы жақсарады;

техникалық және кәсіптік білім берудің тармақты инфрақұрылымы құрылатын, жаңа оқу орындары мен жатақханалар, өңіраралық кәсіптік орталықтар орнатылатын болады;

жаңа білім беру бағдарламаларын енгізетін оқу орындарының әлеуеті мен ресурстары ғимараттардың күрделі жөндеуі, оқу–өндірістік шеберханалар мен зертханаларды қазіргі оқу– өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту мен қайта жабдықтау есебінен артады;

жастар арасында жұмыспен қамтылу нәтижелігі артады, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері арасында жұмыссыздық деңгейі төмендейді, білім алуды жалғастыру үшін түлектердің әлеуеті артады.









2. Кіріспе


Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 – 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) Жалпы ұлттық жоспарының 106-тармағымен; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы № 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметтінің 2008 жылғы 14 наурыздағы № 246 Қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл–ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау бойынша іс-шаралардың жоспарының 61-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 – 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 – 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар Тізбесінің 49-тармағымен сәйкес әзірленді.

Техникалық және кәсіптік білім беруді реформалау техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыс қажеттілігімен Қазақстанның индустриялды-инновациялық дамуын іске асыру жөнінде қарқынды ауқымының артуымен мәселелердің күрделігіне байланыста ғаламдық және білім экономикасына ақпаратты технологияның ұғынушы әсерімен өту жағдайларда және еңбектің ішкі мен сыртқы рыногында бәсекелестіктің артуымен туындалды.

Бағдарлама адам ресурстарын дамыту, жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет саласының ұмтылыс жобалары үшін бәсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен және іргелі білімдермен кадрларды даярлайтын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру жөнінде мемлекет өткізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Бағдарлама 12 жылдық орта жалпы білім беруді енгізуге сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуының басымды бағыттарын айқындайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы ұсыныспен емес сұраныс арқылы анықталатын жүйеге өзгертілуі тиісті.

Техникалық және кәсіптік білім берудің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Әлеуметтік серіктестік туралы» және тағы басқа да нормативтік құқықтық актілер құрайды.

Бұдан басқа, техникалық және кәсіптік білім беру жөнінде Конвенцияның жеке ережелері, білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұсыныстары (ЮНЕСКО) және Халықаралық еңбек ұйымдары (ХЕҰ).


^ 3 Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің
қазіргі жай-күйін талдау



Қазақстанның ішкі жалпы өнім құрылымы мен еңбек рыногы өрісінде бірталай өзгерістер, сонымен қатар білікті жұмысшыларға сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет экономикасының базалық салаларын (тау–кен өндірісі, мұнай газ өндірісі, құрылыс), өндеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай химиялық, құрылыс заттар өндірісі), сонымен қатар қызмет көрсету бөлімін (туризм, әлеуметтік қамтамасыздандыру, қызмет көрсету) барабар кадрлармен қамтамасыз ету қажеттілігінің артқаны байқалады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қабылданған іс-шараларға қарамастан, білікті кадрларға өскелең сұраныс толық көлемде қамтамасыз етілмейді, ал түлектердің дағдыларының деңгейі жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес емес.

Әлемдік Банк өткізген «Дағдыларға сұраныс – Қазақстанға жұмыс күші» зерттеу бойынша 2008 жылы жұмыс берушілердің 63% жұмысшы кадрлардың білімі мен дағдыларының жеткіліксіздігі бизнестің даму жолына кедергі болатындығын мәлімдеді.

Білікті жұмысшы күшін табуда ірі компаниялар үлкен қиыншылықтарды байқайды.

Мамандардың дағдылары мен құзыреттілігіне талаптар әрдайым өсуде: қазақстан компанияларының 40% товарлар мен қызметтер сапа нормаларының күшеюіне, технологиялардың күрделенуіне, бәсекенің өсуіне байланысты соңғы екі жылда жұмысшылардың дағдыларына қойылатын талаптардың қаталданғаны туралы хабарлады.

Компаниялар кадрларды іріктегенде бәрінен көп мынадай базалық дағдыларды бағалайды: жеке еңбектену қабілеттілігі, уақытты пайдалана алу қабілеттігі, жазбаша және ауызша қатынаса алу дағдылары, талдағыш дағдылар мен мәселелерді шешу қабілеттілігі. Білікті жұмыс күшіне тапшылық экономиканың көптеген салаларының келелі мәселесі болып мойындалды.

Жалпы республика бойынша сұраныс пен ұсыныстардың теңгерілмеуінен жылда орташа алғанда 21 мыңға дейін жұмысшы орындар бос қалады.

Жастар арасында жұмыссыздық деңгейінің ең жоғары көрсеткіштері Алматы қаласында –26% және Астана қаласында – 16,4%, сонымен қатар Маңғыстау облысында – 13,8 %, Қостанай облысында – 13,6 %, Жамбыл облысында – 12,7 % байқалды.

Аталған мәселелердің негізгі себептерінің бірі жастардың техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылуының төмендігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері пайдаланушылардың мәліметпен қамтамасыздандыру төмендігімен, еңбек рыногының анық құрылымдауының жеткіліксіздігімен, халықты жұмыспен қамтылуында және кадрларды кәсіби даярлауда ақталмаған монополияландырумен ұлғаяды.

Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіру жөнінде қосымша талаптар 11-12 сыныптарда кәсіптік оқытуды енгізумен 12-жылдық орта жалпы білім беруге жобаланған көшуді қарастырады.

2007 жылғы 1 қантарға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарындағы контингент 558,9 мың адам құрайды. Солардың ішінде 450525 адам колледждерде оқиды, кәсіптік мектептерде (лицейлерде) – 108175 адам.

Кәсіптік мектептердің (лицейлердің) білім алушыларының 93% және колледж білім алушыларының 16% бюджеттік негізде білім алады.

Техникалық және кәсіптік білім берумен қамтылу республика бойынша орташа алғанда кәсіптік мектептерде (лицейлерде) – 5,8 % және колледждерде – 14,7% құрайды.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында негізгі орта білім беру негізінде 325997 адам (білім алушылардың жалпы контингентінен 58,3%) білім алады. Жалпы орта білімнің төмен сапасында, кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының анық сабақтастығының және бірыңғай ұлттық біліктілік құрылымының болмауында 18-19 жаста белгілі бір санаулы бағыттағы кәсіпті иемдену, келешекте түлектің кәсіптік дағдыларының даму мүмкіндіктерінің шектелу қатерлігін туғызады.

Жалпы білім беретін мектептердің білім алушылары кәсіптік білім алуда шешім қабылдағанда кәсіби бейімділігі мен ынтасы емес, үлгерім деңгейі үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының мәртебесі төмен екендігі айқындалады.

Білім берудің деңгейлері бойынша да кәсіби кадрларды даярлауда үйлеспеушілік орын алады (халықтың 10 мың адамына шаққанда білім алушылардың саны : кәсіптік лицейлерде – 66 адам, колледждерде – 162 адам, жоғары оқу орындарында – 439), кәсіптер бойынша да.

Тек қана әр бір төртінші адам техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алады, ал бұл экономиканың ағымдағы және келешектегі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігі анық.

Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мазмұнын талдау базалық және кәсіптік құзыреттерді бағалауға талаптардың жоқтығын, теориялық даярлықтың және ескірген мәліметтер басым болуы, икемділік пен сабақтастықтың жеткіліксіз деңгейі, фактілерді ситуациалық талдауға зиянды басым болуын көрсетеді.

Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын қатты регламенттеу оқу орындары мен оқытушылардың еңбек рыногындағы өзгерістерге шапшаң әсер ету мүмкіндіктерін шектейді.

Оқу бағдарламаларының терияланған, дерексізденген мазмұны, ескірген оқыту технологиялары құзыретті дағдыларды дамуды, дербестікті, эвристикалық қасиеттерді ынталандырмайтын механикалық есте сақтауға негізделген, білімді меңгерудің тек қана ұдайы өндіру деңгейін қамтамасыз етеді.

Колледждер мен кәсіптік лицейлерде оқу процесінің сапасын арттыруға оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру деңгейі, қазіргі заманғы әдебиеттер, әсіресе арнайы пәндер бойынша әдебиеттер тапшылығы маңызды кедергі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде ғылыми әдістемелік және оқу әдістемелік қамтамасыздандырумен, оқу әдістемелерді, білім беру бағдарламалары мен оқыту технологияларын әзірлеуді ұйымдастырумен тікелей айналысатын мекемелердің жоқтығы.

Оқытушылар мен жоғары білікті оқу өндірістік шеберлердің тапшылығына алып келген педагогтік кадрлардың құрылымы мен құрамы сондай ақ бірталай өзгерістерге ұшырады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41мың педагогтік қызметкерлер, соның ішінде колледждерде 29,2 мың адам, кәсіптік мектептер (лицейлерде)- 11,8 мың адам.

Оқу орындарында тұрақты кадрлік құрамның қартаюы, өте білікті және үмітті оқытушылардың өндірістерге кетуі сақталады.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде еңбек ақысы деңгейі мен педагогтік қызметкерлер үшін әлеуметтік пакеттің төмендігі себепті жас мамандардың келуі өте баяу. Тәжірибелеуші инструкторларды қатыстыру мен арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлердің өндірісте сынақтан өту жүйесі жоқ.

Педагогтік қызметкерлердің қызметінің жағымды тәжірибесін жалпылау мен таратуда жүйелілік жоқ.

Оқу орындарында білім беру қызметтерінің тапсырыс берушілерімен және клиенттерімен тұрақты қатынастар жетіспейді.

Оқу орындары мен өндірістердің тәртіптерінің өзінде тұйықталған стилі, ынтымақтастық дамуының жемісті стратегиясының кемшіліктері, оқу орындарына консалтингті қызмет көрсету тәжірибелеу орын алады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек рыногы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу материалдық базасының ағымдағы мүмкімшіліктеріне бағдарланған. Натижесінде кадрлар даярлау өндірістің нақты сұраныстарынан қол үзіп жүзеге асырылады. Әлеуметтік серіктестік даму жолында ынталындыруға міндетті және ұдайы негізінде ынтымақтастың дамуына ықпал ететін инститционалдық, жергілікті денгейлерге көмекші құрылымының жоқтығы кедергі болып табылады.

Серіктестіктіктің рухани және материалдық ынталандыруының нормативтік құқықтық негіздернің жеткілісіздігі жағдайды қиындатады.

Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарын басқару құрылысы мен үрдісін талдау, олардың негізгі шамалары басқарусыз және нәтижесіздігін байқайды. Республикалық және жергілікті деңгейдегі басқарудың арасында шешім қабылдауда, ресурстарды қатыстыру мен пайдалануда нақты жауапкершілікті бөлу жоқ. Жүзеге асырылған басқару механизмі пайдаланушыларға бағдарланбаған. Республикалық, аймақтық деңгейде басқарудың құрылымы ведомстволар ең ірі компаниялардың сәйкес бөлімшелерімен тиімді байланыстары жоқ.

Басқарудың осы тәжірибесі кадрлар даярлауда сұранысы мен қажеттілігін табиғи және нақты бағалауға мүмкіндік бермейді. Адам ресурстарын дамуы жөнінде әртүрлі ынталар мен жобалар бар, бірақ оларды іске асырудың басқаруы жоқ. Жиналған жағымды тәжірибе оқу орынның немесе облыс деңгейінде шектеулі пайдаланылады және ұлттық деңгейде таратылмайды, себебі салааралық, аймақаралық институционалдық қарым қатынастар жоқ.

Техникалық және кәсіптік білім берудің даму мәселелерінің негізгі себептерінің бірі қаржыландыру көлемінің ең төмендігі, жобалаудың жетілмеген механизмі мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру заказдың жоқтығы, персоналды кәсіптік оқытуда бизнес міндеттемелері бойынша нормативтік құқықтық базасының жоқтығы.

Қазақстандағы білім берудің басқа деңгейлеріне қарағанда техникалық және кәсіптік білім беру қаржыландыру бірталай нашар. Ішкі жалпы өнімнен жан басына шаққанда техникалық және кәсіптік білім берудің бір білім алушысына жұмсалатын шығындар (орташа 20 пайыздан кем) жоғары білім берудің бір білім алушысына жұмсалатын шығындармен салыстырғанда (50 пайыздан артық) ЖІӨ-нен жан басына шаққанда бірталай төмен.

Кәсіптік лицейлер жергілікті атқарушы органдардың қарауында болып, жалпы білім беретін мектептерге қарағанда бірталай нашар қаржыландырылады. Республикалық бюджеттегі колледждермен салыстырғанда (2007 жылы – орташа 252,6 мың тенге) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждерге жылына бір білім алушыға екі есе аз қаржы бөлінеді (2007 жылы - орташа 113488 тенге).

Техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінетін қаржы табыс деңгейі орташа басқа елдерде бөлінетін қаржыдан бірталай төмен.

Салыстыру үшін, мысалы 2003-2004 жылдары Чехия, Польша, Словакия ЖІӨ -нен техникалық және кәсіптік білім беруге 0,97 пайыз, 0,56 және 0,58 пайыз сәйкес шығындаған.

Бюджетті қалыптастыру үрдісі механикаланған және өткен кезеңдегі шығындарға негізделген, бір маманның білім алуына шығынның орташа бағасының есебімен қаржыландырудың орнына, оқу орындарының қажеттіліктері «бақылау» сандарды белгілеу орын алады. Бюджет негізінен ағымдағы шығындарды жабады. Жүйенің дамуына аз қаражат бөлінеді, әсіресе адам ресурстарын дамуы үшін, инфрақұрылымының дамуына, инженерлік – педагогтік кадрлардың біліктілігін арттыруға қаржы қарастырылмайды.

Қазіргі қаржыландыру жүйесі кәсіптік мектептер (лицейлерге) бастамалар мен инновациялар үшін жағдайларды қамтамасыз етпейді, өзгерістегі жағдайларға икемдену мақсатында қаржыларды пайдалануда жеткілікті икемділікті жасай алмайды. Ақылы қызмет көрсетуден қаржылар оқу орындарын дамыту үшін пайдалана алмайды.

Нормативтік-құқықтық талаптар оқу орындарына жеке секторлардың қаржылау, демеушілік көмек көрсету ынталарын шектейді.

Жалпы алғанда қазіргі қаржылау жүйесі нәтижеге бағдарланбаған және аймақтардың, жергілікті және орталық атқару органдардың қарама-қарсы келу, бір біріне қамқорлықтарды қайта салуға күрес деп бағалауға болады.

Бюджеттік қаржыландырудың бара-барлығы, білім берудің басқа деңгейлерімен салыстырғанда техникалық және кәсіптік білім беруді қаржыландырудың үйлеспеушілігі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының білім беру қызметтерінің сапа деңгейінің жеткіліксіздігін көрсетеді.

Кәсіптік мектептерде білім алушылардың әлеуметтік қолдауы өте төмен деңгейде (кәсіптік мектептерде білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруына жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржылар орташа алғанда күніне 101 теңге немесе айына 3030 тенге ) құрайды.

Материалды-техникалық, оқу-әдістемелік базасының ауыр күйдегі жағдайы, инженерлік – педагогтік кадрлардың кәсіби құзыреттілік деңгейінің жеткіліксіздігі қаржыландырудың тапшылық салдары болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын талдау ең алдымен, кәсіптік мектептер (лицейлер) желісін қысқарту жағына (қазіргі таңда кәсіптік мектептердің саны 1991 жылдағы кәсіптік мектептерден тек қана 71 % құрайды) сынамалы өзгерістерді айқындайды. Сонымен қатар техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын кәсіптік мектептер (лицейлер) және колледждер саны бірталай қысқартылды (1991 жылдан 2000 жылдар аралығында осындай оқу орындарының қысқартылуы 59% және 28% сәйкес құрады).

Республикада 830 оқу орны жұмыс істейді, оның ішінде 320 кәсіптік мектептер (оның ішінде 289- мемлекеттік, 31-меншікті), колледждер (оның ішінде 201- мемлекеттік, 309-меншікті) және 1,5 мың шақты әртүрлі оқу курстар, орталықтар (оқу мерзімі 1айдан 6 айға дейін, онда 600мың адам білім алады).

Осы оқу орталықтары, курстар, әртүрлі ішкі өндірістік, ішкі фирмалық оқыту әсері көбінесе апатты.



Соңғы жылдары жатақханалардың көбі қысқартылған немесе толық жабылды, ауылдық жастарды қалада оқу мүмкіндігінен айырды.




90 жылдардың соңында кәсіптік мектептерде білім алушылар контингенті 2,5 есе азайды, колледждерде 2 есе, ауылдық кәсіптік мектептерде білім алушылар контингенті кенет азайды. Қорыта келгенде республиканың бірнеше аудандарында техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындары жекешелендірілген немесе жабылған. Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарының республика бойынша географиялық орналасуының елеулі аймақтық айырмашылықтары бар. Егер республика бойынша 10 мың халыққа белгілі жаста орташа алғанда 1,6 кәсіптік мектептер келетін болса, онда бұл көрсеткіш аймақ бойынша 0,9-дан 3,1-ге дейін түрленеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сапалы өзгерістер үшін әр түрлі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарын (кәсіптік мектептер, колледждер, жоғары техникалық мектептер), сол сияқты өңір аралық, сала аралық орталықтар, курстар, әртүрлі ішкі өндірістік оқытуды кірістіретін тармақталған инфрақұрылым қажет.

Соңғы он жылдықтарда ірі сыналық өзгерістер технологияның артта қалуды жеңудегі қайнар факторларының бірі болып табылатын техникалық және кәсіптік білім берудің оқу орындарының материалдық базасында өтті.

Тәжірибеде барлық оқу орындары есептен шыққан, рухани және физикалық ескірген жабдықтарды пайдаланумен жұмыс істейді. Мұнда ескірген, есептен шыққан жабдықтармен қамтамасыз ету орташа алғанда 54% құрайды.

Қазіргі таңда іргелі жөндеуге кәсіптік мектептердің 122 ғимараттары, ағымдағы - 115 ғимараттар, қазіргі заманғы жабдықтармен кәсіптік циклның 153 кабинеттері, жалпы білім циклының -146, 108 оқу зертханалары, 78 оқу шеберханаларды жабдықтау қажет.

Жер танабының болмауы себепті ауылдық оқу орындарында өндірістік тәжірибе өткізу және дағдылар мен іскерлікті пайдалану үшін жағдайлар жоқ, бұл аграрлы сектор үшін жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлау сапасында байқалды.

Арнайы пәндер бойынша зертханалар өткізу үшін жағдайлар, қажетті жабдықтар жоқ болу себепті оқу жоспарлар мен бағдарламалардың талаптары толық көлемде орындалмайды.

Көрнекі құралдарды баспадан шығару тоқтатылды, слесарлық, токарлық, фрезерлік, ағаш жөндейтін станок, сызба құралдары және т.б. материалдар алынбаған.

Техникалық бағдарлы жеке колледждердің техникалық мамандықтар бойынша мамандар даярлау үшін материалды техникалық базасы өте төмен немесе тіпті де жоқ.

Техникалық және кәсіптік білім берудің дамуының әлемдік тенденциясын талдау Қазақстан Республикасының жағдайларына бейімделуі мүмкін техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлаудың мынадай оң тәжірибесін атап көрсетуге мүмкіндік береді:

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ЮНЕСКО-ның назарында, Ұлттық Біріккен Ұйымының Декларациясында мыңжылдықтың даму мақсаттарына жатады және барлық дамыған елдерде басымдылық секторлардың бірі болып табылады;

өте дамыған елдер білікті талаптарына нақты құрылымдалған еңбек рыногын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау жүйесі дамуына тұрақты қаржыландыруға жұмыс берушілерді ынталандыруды (Германия, Норвегия, Финляндия ) белгілейді;

түлектер біліктілігінің еңбек рыногына сәйкестігі білім беру бағдарламаларының икемділігі, модулдігі, бір мезгілде бірнеше біліктілікті алу есебінен (Британияның орта техникалық мектептерінде негізгі бағдарлама бойынша білім алудың бір жылын аяқтап, әртүрлі үш емтихандық кеңестен әртүрлі үш біліктілікті алумен диплом алуға болады), олардың мазмұндарының нақты құзыреттілікке бағдарлануы және барлық еңбек өмірінде кәсіби біліктілікті арттыру, тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыратын оқытудың активті және интерактивті технологияларын пайдалану;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында жалпы білім беретін сияқты, және көптеген түлектеріне оқу бітіргеннен кейін кәсіптік лауазымды (практикалық сабақтардың басым болуымен) бастауға мүмкіндік беретін кәсіптік даярлықты жүзеге асыру (АҚШ - жергілікті колледждер, Францияда - орта техникалық мектептер, Финляндияда - кәсіптік мектептер және т.б.);

білім беру сатылары мен деңгейлерінің сабақтастығы (АҚШ -та, Ұлыбританияда колледждердің білім беру бағдарламалары университетте бірінші екі жыл білім алғанмен теңеседі және диплом университеттің үшінші курсына оқуға түсуге мүмкіндік береді, Францияда кәсіптік лицейлер бағдарламалары университет бағдарламаларының сатысы болып есептеледі);

білім алу сапасын бағалау мен аккредитациялаудың тәуелсіз институционалдық механизмдерін қалыптастыру (мысалға, Венгрияда – Кәсіптік біліктіліктердің ұлттық тіркелімі, Словенияда – Кәсіптік білім жөніндегі ұлттық орталық, Эстонияда – Ересектерге кәсіптік білім беру жөніндегі ұлттық кеңес);

кәсіптік білім беру мен оқытудың тегін болуы (Германия, Франция, Финляндия), техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлаудың бара бар қаржыландырылуы, себебі техникалық және кәсіптік білім беруге шығындар білім берудің басқа деңгейлерімен салыстырғанда бірталай үлкен әлеуметтік және экономикалық тиімділік береді (мысалға, бір білім алушыға шығындар Австрияда 9584 АҚШ долларын, Израилде – 7762 АҚШ долларын, Нидерландияда -7622 АҚШ долларын құрайды );

инфрақұрылымның дамуы (Францияда 7 мыңға жуық техникалық лицейлер, 2600 лицейлер), ішкі өндірістік, ішкі фирмалық оқытумен айналысатын орталықтардың әртүрлілігі (АҚШ пен Жапонияда бөлек кәсіптік мектептер, колледждер тек қана кадрлардың теориялық даярлығын, ал өндірістік оқыту мен біліктілікті арттыру кәсіпорындарында жүзеге асырылады);

жұмысшы кадрларын, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлаудың жоғары білімді мамандарды даярлаудан басым болуы (АҚШ-тың, Жапонияның, Еуропалық Одақ елдерінің жұмыспен қамтылған халқының құрылымында лицейлер мен коллдеждерді бітірген мамандар 60 пайызын құрайды);

кәсіптік білім беру туралы дербес заңдар қабылдай отырып, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлаудың ерекшеліктерін заң жүзінде бекіту (кәсіптік білім беру туралы заңдар Германия, Франция, Польша, Финляндия, Нидерланды, Венгрия, Словения, Украина, Молдова сияқты елдерде қабылданған).


^ 4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері


Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құрылымдау мен қайта құрудың мақсаты – экономика салалары мен жұмыс берушілерді бәсекеге қабілетті дағдылары және құзыреттері бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандармен қамтамсыз ету;

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйелі дамуының негізгі басымдылықтар:

1. Ұлттық кадрларларды даярлау жүйесін дамытуды елдің әлеуметтік – экономикалық ұмтылысқа жетуіндегі негізгі стратегиялық мәселелерінің бірі ретінде айқындау.

2. Адам ресурстарын дамытуға, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің абыройын арттыруға бизнес құрылымдардың, жұмыс берушілердің қабілеттілігін жан жақты ынталандыру.

3. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлаудың жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар құру.

Қойылған мақсаттарды іске асырудың негізгі мәселелері:

1) техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын қайта құру арқылы техникалық және қызмет көрсету еңбек кадрларының сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамсыз ету;

2) техникалық және қызмет көрсету еңбек кадрларын даярлауды басқару мен қаржыландыруды жаңғырту жолымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігі мен жауапкершілігін арттыру болып табылады;

3) техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасын дамыту жолымен білім беру бағдарламаларын іске асыру жағдайларын жақсарту

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуының жетекші принциптері: білім беру бағдарламаларының икемділігі, модулдігі, үздіксіздігі, білім беру сатылары мен деңгейлерінің сабақтастығы, оқыту технологиясының белсенділігі, еңбек рыногына зеректілігі, басқарудың нәтижеге бағдарланған сала аралық сипаттамасы.


^ 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен механизмдері


Ғаламдық даму жағдайында ел техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кеңейтілген дағдылары мен құзыреттері бар білікті кадрларының жаңа ұрпағына мұқтаж. Бұрынғы экономикалық жүйесі жағдайында жұмыс пен қамтамасыз ету көбіне шектелген мөлшердегі дағдылармен игеруден немесе бір кәсіптік білім туралы диплом алуға байланысты болса, онда қазіргі экономика жағдайында жетістік үздіксіз білім алуға және кеңейтілген құзыреттілікке қабілеттілігі.

Техникалық және кәсіптік білім берудің жетілдірілген жүйесі ең үздік әлемдік тәжірибені ескеруі, жастарға мансаптық өсуге және білім алуды жалғастыруға мүмкіндік беру керек.

Бұл мәселені шешу үшін техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын қайта құру, басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру қажет.


5.1 Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім берудің құрылымы мен мазмұнын реформалау


^ Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілігінің сапсын арттыру, ехникалық және кәсіптік білім берудің түлектерінде кеңейтілген базалық және кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары арасында шекаралық бөлу қажет: негізгі орта білім беру базасында және жалпы орта білім беру базасында. Осы мақсатта мынадай іс-шаралар өткізілетін болады.

1. Жалпы орта мен техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларының мазмұнын интеграциялау:

біріңғай білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандардың әлеуетін арттыру;

жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бейімдеу;

тұрақты құзыреттілігі, білім алуға өзіндік ізденістерге қажеттіліктерді қалыптастыруға себепші болатын активті, интерактивті, оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;

жаңа талғамдар мен оң тәжірибелер таратудың коммуникациялық стратегиясын әзірлеу арқылы.

2. Базалық дағдылар мен құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған техникалық және кәсіптік білім берудің ықшам мамандырылған, кеңейтілген кәсіптік білім беру бағдарламаларының орнына әзірлеу және енгізу.

Бұл үшін:

техникалық және кәсіптік білім берудің қазіргі мамандықтар мен кәсіптердің сапасы мен қажеттілігін талдау;

мамандықтарды мамандықтар мен кәсіптер кластеріне топтау;

жұмыс берушілер асссоциацияларымен тығыз байланыста, шет ел эксперттерін шақырумен мамандықтар және кеңейтілген кластерленген кәсіптер классификаторын, техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, интеграцияланған (модулдік) білім беру бағдарламаларын, сонымен бірге бакалавриатқа балама бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу әдебиеттерін, оқу құралдар мен оқу – әдістемелік кешендерді әзірлеу;

жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу үшін педагогтік қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

ағылшын тілінің шет елдік оқытушыларын шақыру, шет ел ғалымдары мен оқытушыларын техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына тарту мәселелерін түбегейлі қарастыру;

техникалық бағыттар бойынша жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсырыс есебінен мамандар даярлауды қамтамасыз ету;

техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлаудың оқу – әдістемелік қамтамасыздандыру жүйесінің әлеуетін арттыру;

3. Білім беру бағдарламаларының интеграциялануын қамтамасыз ету үшін біріңғай ұлттық біліктілік жүйесін:

мүдделі мемлекеттік органдармен байланыста ұлттық біліктілік жүйесін құруға жауапты ұйымдарды айқындау;

еңбек рыногынының талаптарына сәйкес құзыреттіліктерді бағалау негізінде берілетін біліктілік жүйесін құру;

ұлттық біліктілік жүйесін қалың жұртшылыққа таныстыру;

әр түрлі кәсіптер мен мамандықтар үшін халықаралық стандарттар жөнінде сертификаттау саласында эксперттер мен әлемдік лидерлерді қатыстырумен түлектердің сертификаттау, бағалау, дағдылар мен біліктілігін растау жүйесін жаңғырту;

халықаралық тәжірибеге сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары мен ұйымдарын аккредиттау жүйесін енгізу арқылы қалыптастыру.

4. Білім алушылардың мансаптық басшылық жүйесін құру, сонымен қатар облыс деңгейінде :

білім беру ұйымдарында кәсіптік мансаптық басшылық бойынша құрылымдарды дамыту;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларының мансаптық басшылық жүйесі бойынша бағдарламаларды іске асыру үшін мамандарды даярлау арқылы.


5.2 Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тиімділігін және есеп беруін арттыру үшін техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің маңызды есептілігі мен тиімділігін көтеру үшін келесі іс-шаралар өткізілетін болады:

1. Нәтижеге бағытталған басқарудың жаңа механизмдерін:

стратегиялық жоспарлауды, сапа менеджмент жүйесін кірістіру;

білім беру ұйымдарының әлеуеттілігін, жергілікті және республикалық басқару органдарының білім беру қызметі сапасының мониторингісі мен бағалауын ақпараты жинақтау мен талдау арқылы, сонымен қатар еңбек рыногы талаптарын тұрақты бағалау бойынша күшейту;

педагог қызметкерлері мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбек ақысының жүйесін жетілдіру;

басқару кадрларының біліктілігін арнайы бағдарламаларды енгізу арқылы арттыру;

оқу орындарының оң тәжірибелік жұмыстарын тұрақты жариялау бойынша жүйені, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновациялық ынталандыру есебінен енгізу.

2. техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлауда әлеуметтік әріптестікті:

жұмыс берушілер мен оқу орындарының белсенді қатысуымен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде ұлттық және салалық кеңестер құру;

заңдық базаларды жетілдіру мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде шешім қабылдауда бизнес-құрылымдарды қатыстыру механизмдерін құру;

техникалық және кәсіптік білім берудің мамандықтары мен кәсіптерінің ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеуде және кластерлеуде салалық кеңестердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында педагогикалық лауазымға өндірістердегі жоғары білікті мамандарды қатыстыру жолдары арқылы дамыту;

техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолдау қорын құру жөнінде мәселелерді қарастыру арқылы дамыту.

3. жергілікті деңгейде экономикалық талаптарды ескерумен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының желісін үйлестіру:

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары желісінің бағалауын оқыту бағдарламаларына сұранысты ескерумен өткізу;

оқу орындарын жергілікті еңбек рыногы қажеттілігінің тиімділігі мен қабылдау қабілеттілігін арттыру үшін біріктіру арқылы.

4. техникалық және кәсіптік білім беруді:

бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың құнын анықтаумен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде нәтижеге бағдарланған қаржыландыру жүйесі енгізу;

білім алушылар контингентінің қозғалыс мониторингісі мен нәтижесіне жету үшін ақпараттық жүйені әзірлеу мен енгізу;

техникалық және кәсіптік білім беруді басқарудың барлық деңгейлерінде жаңа қаржыландыру жүйесі бойынша персоналдың біліктілігін арттыру арқылы қаржыландыру.

5. Кәсіптік лицейлердің білім алушыларын әлеуметтік қорғау жөнінде ұсыныстарын енгізу.


^ 5.3. Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымы мен материалды-техникалық базасын дамыту


Техникалық және кәсіптік білім берудің инфрақұрылымы мен материалды – техникалық базасының :

1. жаңа оқу бағдарламаларын енгізетін оқу орындарын қолдаудың (ақпарат жариялығын, ұсыныстарды жинақтау мен бағалауды, ресурстарды үлестіруді қамтамасыз етумен) конкурстық механизмін мынадай негізгі бағыттар бойынша құру:

кейбір оқу орындарын біртіндеп жоғары сапалы кәсіптік оқытуы және кәсіптік оқытудың мамандықтарының шектелген тізбесі бар үлгілі оқу орындарына өзгерту;

мемлекеттік-жекелік әріптестіктерді кеңейту, персоналды жалдау және жергілікті еңбек рыногы, жұмыс берушілер мен жеке тұлғалардың қажеттілігіне тез жауап берудің икемді мүмкіндігі арқылы басқарудың қазіргі әдістерімен жаңа кәсіптік оқу орындарын дамыту;

жұмыс берушілер жағынан сияқты және жеке азаматтардан да оқытуға сұраныстың өзгеруіне тез жауап қайтаруды қамтамасыз ететін кәсіптік білім берудің жаңа бағдарламаларын әзірлеуді ынталандыру;

2. Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіптік өңіраралық орталықтар құру;

3. техникалық және кәсіптік оқу орындарында жатақханалар құрылысы;

4. техникалық және кәсіптік, орта білім беруден кейінгі білім берудің интеграциялық білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ең үздік оқу орындарының базасында жоғары техникалық мектептерді құру есебінен дамуы.


^ 6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері


Бюджетте көзделген қаражат, әр түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуымен тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаржылары.

Бағдарламаны іске асырылуымен байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн. тенге, оның ішінде: 2008 жылы – 5707,8 млн. тенге, 2009 жылы- 23486,7млн. тенге, 2010 жылы- 28984,4 млн. тенге құрайды;

республикалық бюджет есебінен: барлығы – 40749,8 млн. тенге, 2008 жылы – 3396,6 млн.тенге, 2009 жылы – 16701,4 млн. тенге, 2010 жылы - 20651,8 млн. тенге;

жергілікті бюджет есебінен: барлығы – 17429,1 млн. тенге, 2008 жылы- 2311,180 млн.тенге, 2009 жылы- 6785,3млн. тенге, 2010 жылы – 8332,62 млн. тенге құрайды.

Республикалық бюджет негізінде қаржыландыратын іс – шаралардың шығыс көлемі жыл сайын қаржылық жылға сәйкес келетін Республикалық бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.


^ 7. Күтілетін нәтижелер және Бағдарламаны іске асырудың индикаторлары


Бағдарламаны іске асыру кезең бойынша жүзеге асырылады.

Бірінші кезең (2008-2010 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқыту бағдарламаларын институционалды дамыту мен жаңартуға бағытталады.

Екінші кезең (2011-2012 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформалалары мен тұрақты жұмыс жасауын жетілдіру кезеңі болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру мынадай нәтижелерді қамтамасыз етеді:

техникалық және кәсіптік білім беру сапасы артады;

білім алушылардың жалпы білім алу даярлығы артады, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары мен жалпы білім беретін мектептерде кәсіби оқытумен орта жалпы білім берудің бірыңғай оқыту бағдарламалары енгізілетін болады;

техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары еңбек рыногының талаптарына сәйкес болады;

техникалық және кәсіптік білім берудің беделі артады;

білім беру үрдісінде оқытудың активті технологияларын пайдалану кеңейе түседі;

оқытудың кредиттік жүйесі енгізілетін болады, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының үйлесімдігі қамтамасыз етіледі;

біліктілік деңгейін арттыратын немесе өндірістен қол үзбей және уақыт шығындамай оқуды жалғастыруға мүмкіндік беретін тиімді ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын болады;

сертификаттаудың, бағалаудың, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерінің дағдылары мен біліктілігін растаудың қазіргі заманғы жүйесі енгізілетін болады;

техникалық және кәсіптік білім берудің білім алушылары арасында жыл сайын «Кәсіп үздігі», «Техникалық және кәсіптік білім берудің үздік оқу орны» конкурстары өткізілетін болады;

білім алушылар жыл сайын кәсіби шеберліктің халықаралық конкурстарына қатысатын болады;

техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруда жеке сектор инвестицияларын жұмылдыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар мен механизмдер құрылатын болады;

жүйенің барлық деңгейінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің икемділігі мен тиімділігін, жауапкершілігін қамтамасыз ететін басқарудың жаңа әдістерін енгізу жолымен сапаны басқару тиімділігі артады;

техникалық және кәсіптік білім берудің даму мәселелері бойынша шешім қабылдау процесінде, білім беру бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеуде жұмыс берушілердің қатысуы артады;

бір маманды оқытуға жұмсалатын шығындардың құнын анықтаумен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде нәтижеге бағдарланған қаржыландыру жүйесі енгізілетін болады;

арнайы пәндер бойынша жаңа оқу әдебиеттер мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу, әдістемелік кабинеттер жұмысы арқылы білім беру бағдарламаларының оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру сапасы жақсарады;

техникалық және кәсіптік білім берудің тармақты инфрақұрылымы құрылатын, жаңа оқу орындары мен жатақханалар, аймақаралық кәсіптік орталықтар орнатылатын болады;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әлеуеті мен ресурстары ғимараттардың күрделі жөндеуі, оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларды қазіргі оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту мен қайта жабдықтау есебінен артады;

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінің тиімділігі мынадай индикаторлармен анықталады:

техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жаңа стандарттары іріленген мамандықтар мен кәсіптер бойынша әзірленеді;

оқу үрдісіне интеграцияланған модулді білім беру бағдарламалары енгізілетін болады;

жаңа оқу бағдарламаларының арнайы пәндері бойынша жаңа үлгілік оқу бағдарламалар, оқу әдебиеттері мен оқу – әдістемелік құралдар әзірленеді;

облыстық (қалалық) білім департаменттерінде әдістемелік кабинеттер жұмыс атқаратын болады;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында білім алуын жалғастыратын мектеп түлектерінің үлесі 30 пайыздан кем емес;

жалпы білім беретін мектептерде жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын және техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында білім алатын білім алушылардың үлгерімінің орта баллдары арасындағы айырмашылық жыл сайын азаятын болады;

біліктілігі жоғары деңгейлі техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектерінің үлесі: 2008 жылы – 15,0 пайыз, 2009 жылы – 15,5 пайыз, 2010 жылы – 16,5 пайыз;

мансаптық басшылық бойынша мамандардың қызметін пайдаланатын білім алушылар саны жыл сайын өсетін болады;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушылардың жалпы санынан техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша білім алушылар үлесі жыл сайын өсетін болады;

білім берудің келесі деңгейінде уақыт шығынсыз білім алуын жалғастыратын түлектер үлесі жыл сайын өсетін болады;

жұмыс берушілердің қаржылары есебінен білім алушылардың үлесі жыл сайын өсетін болады;

жұмыс берушілердің қаржылары есебінен стипендия алатын білім алушылардың үлесі өседі;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде педагогтік қызметке мемлекеттік білім беру сұранысы есебінен техникалық мамандықтар бойынша жоғары білімді 1000 мамандарды жыл сайын даярлау;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері арасында жұмыссыздық деңгейінің жалпы жастар жұмыссыздығымен салыстырғанда төмендеуі;

өндірістен қол үзбей өз біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жұмыспен қамтылған түлектер пайызы өседі;

біліктілікті беру және растау бойынша емтихандарға жыл сайын қатысатын жұмыс берушілер саны артады;

сапа менеджмент жүйесінің ИСО 9001-2000 талаптарымен сәйкес сертификатталған техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының саны артады;

техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау сапасын басқаруды бақылау бойынша қайта даярлау және оқыту курстарын өткен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің әкімшілік басқарушы құрамының пайызы өседі;

экономиканың әрбір секторында салалық кеңестер құрылады;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының күрделі жөндеуі жүргізілетін болады;

қазіргі оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жабдықталған кәсіптік лицейлер мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалар саны жыл сайын өсетін болады, оның ішінде 2009 жылы – 94 бірлік; 2010 жылы – 95 бірлік;

өңір бойынша әдеттегі жастағы халық үлесіне келетін оқу орындарының қажетті саны қамтамасыз етіледі;

жаңа оқу бағдарламаларын енгізетін техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының саны өсетін болады;

Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кәсіптік өңіраралық орталықтар құрылатын болады;

техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жатақхана саны артатын болады;

Жалпы алғанда, аталған шаралар Қазақстанда адам ресурстарын дамыту және жастарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттыру үшін бәсекеге қабілетті күрделі құзыреттерімен және іргелі білімдермен кадрларды даярлайтын тиімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құруға себепші болады.

Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.


________________




Похожие:

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconШҚо білім басқармасының 2009 жылдағы жұмыстарының қорытындысы. Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы»
Облыстың білім беру жүйесінде «Шығыс Қазақстан облысында 2005-2010 жылдары білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconАлғашқы сатып алуды хабарлау формасы «Техникалық кәсіптік білім беруді модернизациялау»
«Техникалық кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасын іске асыру және кәсіптік техникалық білім мекемелерінің институционалды...
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconГеография мұғалімдерінің облыстық секциясы
«Жаратылыстану пәндерін оқыту сапасын арттыру – Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік...
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020...
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы iconІ. Құжат реквизиттері
Атауы: Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Мемлекеттік бағдарлама)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы