|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде 2008 жылдың 21 сәуірінде № 5191 тіркелген) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі; 2) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі; 3) жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев): 1) осы бұйрықты белгілінген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық акпарат құралдарында жарияласын. 3. «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекетік аттестатаудан өткізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы қырүйектегі № 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу үлгі ережесі 1. Негізгі ережелер 1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған: 1) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау – бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі. 2) Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім. 3) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. ^ 3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі. 4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды. 5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі. 6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады. 7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі. Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар («үздік», «жақсы», «қанағаттанарлық» және «қанағаттанарлықсыз») курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі. 8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады. 9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі. 10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін: - емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары; - емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері; - оқу және технологогиялық карталар; - спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар; - емтихан ведомосы дайын болуы қажет. 11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады. 12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі. Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі-педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі. 13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін: әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес; жазбаша емтиханды өткізуге:
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады. 14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады. 15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды. 16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді. 17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5-«өте жақсы», 4-«жақсы», 3-«қанағаттанарлық», 2 - «қанағаттанарлықсыз»). 18. «Қанағаттанарлықсыз» (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді. Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады). 19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады. 20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі. 21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды. 22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды «өте жақсы» деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі. ^ 23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау: 1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды; 2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды. 24. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен арнайы пәндер мен өндірістік оқыту жөніндегі аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - комисссия) құрылады. Комиссия төрағасы (төрайымы) тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандарының арасынан білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және құрылтайшының келісімімен (3 мәртеден көп емес), ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен тағайындалады. Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, комиссия мүшелері - кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, бөлімшелердің өндірістік шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау (электр қауіпсіздігін сақтау) жөніндегі органдарының өкілдері арасынан тағайындалады. 25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады. 26. Комиссия: техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін; білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды. 27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет. 28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі. 29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады: мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; кәсіптік лицей, колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы; білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы; оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі; білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар. 30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі. Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады. Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек. 31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі. Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады. 32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі. 33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі. 34. Комиссияның отырысы төрағаның, комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтиханын және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау туралы қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырыстары хаттамаларының үзінділері «Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамыту ғылыми-әдістемелік және біліктілікті беру орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына жіберіледі. 35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 595 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылдың 13 желтоқсанында № 5035 тіркелген Білім алушылардың кәсіби даярлығының деңгейін бағалау және оларға біліктілік беру білімі беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсібі (мамандығы) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілік беру ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. 36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен «өте жақсы» деген бағамен, ал қалған пәндерді – «жақсы» деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) «өте жақсы» деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі. 37. Біліктілігін көрсете отырып диплом беру туралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады. Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады. 38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды. 39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі. 40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды. _________________________ Техникалық жіне кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрінің ^ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде ^ БҰЙЫРАМЫН: 1. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына (№ 5030 нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесінде: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Білім беру ұйымдарына негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сондай-ақ, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданады. Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейде бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім беріледі. Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айкындалады.»; 3-тармақтың бірінші абзацында: «үшін» деген сөзден кейін «Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген» деген сөздермен толықтырылсын»; 4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «4.Техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар азаматтар білім беру ұйымдарына оқытудың қысқартылған мерзімін көздейтін тиісті кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқуға қабылданады.»; 2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу»; 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау: орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында; жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады»; 10-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «11. Оқуға түсушілер білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3х4 көлемдегі 4 суретті қоса береді . Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар жеке ұсынылады. Оқытудың нысандары бойынша және шарттық (ақылы) негізде оқуға түсушілердің өтініштері жеке тіркеледі және ескеріледі. кешенді тестілеу (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан жалпы орта білімді бітірушілер) азаматтар оқуға түсу емтихандарынан босатылады және міндетті түрде 17-тармақта көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі». 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша және: жалпы орта, мамандық бейіне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі; негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән); Жоғарғы техникалық мектепке оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі. Түсу емтихандарының нысанын білім беру ұйымдары белгілейді. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады. Мамандық бейіні бойынша пәні осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.»; 14-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «14. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандары 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.»; 17-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Жаппай кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта және жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер ескеріле отырып конкурстық іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.»; 17-тармақтың төртінші абзацында «пәннің» деген сөзден кейін «осы Ереженің 12-тармағына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтың алтыншы абзацында «20 балдан кем» деген сөздерден кейін «медициналық мамандықтар бойынша 30 балдан кем» деген сөздермен толықтырылсын; 17-тармақтың жетінші абзацында «30 балдан кем» деген сөздерден кейін «медициналық мамандықтар бойынша 40 балдан кем» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасы осы бұйрықтың 1-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасының мазмұнымен толықтырылсын. 2. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Ф. Қуанғановқа жүктелсін. ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 21 мамырдағы № 289 бұйрығына 1-қосымша Ауылдың (селоның) әлеуметтiк-экономикалық дамуын айқындайтын техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша мамандықтар даярлауды жүзеге асыратын мамандықтардың тiзбесi
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ^ бұйрығына 2-қосымша Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын техникалық және кәсіптік білімнің мамандықтар бейіні бойынша жалпы білім беру пәндерінің тізбесі
______________________ Республикалық Техникалық және кәсіптік оқу орындары педагог қызметкерлерін аттестаттау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 маусым № 327 бұйрығы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Педагог қызметкерлерді аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы №1051 бұйрығының негізінде республикалық Техникалық және кәсіптік оқу орындары педагог қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің лауазымдардың біліктілік сипаттамасына сәйкестігін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Аттестаттау комиссиясының құрамы бекітілсін: 2. Республикалық техникалық және кәсіптік оқу орындарының педагог қызметкерлерін аттестаттау комиссиясының отырысы 10 мамырға дейін Астана қаласында өткізілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 маусымдағы № 327 бұйрығымен бекітілген Аттестаттау комиссиясының құрамы
^ ұйымдардың оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №552 бұйрығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылға арналған негізгі іс-шаралар жұмысы жоспарының 100-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі бекітілсін. 2. «Орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-әдістемелік бірлестіктері туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 191 бұйрығының күші жойылсын. 3. Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Қ.Қ. Бөрібеков) осы бұйрықты облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Қ.Қ. Бөрібековке жүктелсін. ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 552 бұйрығымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің тізбесі ^ Базалық білім беру ұйымы — Орал педагогикалық колледжі №1Алматы қазақ педагогикалық колледжі (Алматы қаласы, Шемякин көшесі, 131)
Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі (Өскемен қаласы, Амур көшесі, 1)
Ж. Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжі (Орал қаласы, Достық даңғылы, 173)
Карағанды гуманитарлық колледжі (Қарағанды қаласы, Бульвар мира көшесі, 22)
|
![]() | Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19 тармақшасына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы «Білім туралы» Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау |
![]() | Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19 тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына... | ![]() | Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі Сі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны... |
![]() | Ұлттық бiрыңғай тестiлеудi өткiзу қағидаларын бекiту туралы және "Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау Бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттiк аттестаттау жүргiзудiң үлгi ережесiн бекiту туралы... | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы» Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы |
![]() | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және... | ![]() | Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі Заңының 5- бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және... |
![]() | Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19 тармақшасына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің... |