Салыстырмалы кесте № р/с icon

Салыстырмалы кесте № р/с



НазваниеСалыстырмалы кесте № р/с
Дата конвертации20.02.2014
Размер178.05 Kb.
ТипДокументы
источник


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 745 және 2012 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ


р/с

Нормативтік құқықтық актінің құрылымы

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 745 қаулысы

1

Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінің реттік нөмірлері184 және 185 қатарлары

184

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы

Қағаз, электрондық нысанында

(қолхат)

185

Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау

Жеке тұлғалар

БҒМ

БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМҚК

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМҚК

Қағаз нысанында

(куәлік)





184

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау

Жеке тұлғалар

БҒМ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы

ХҚКО, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы

Қағаз, электрондық нысанында

(қолхат)

185

Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау

Жеке тұлғалар

БҒМ

БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМҚК

ХҚКО, ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК

Қағаз нысанында

(куәлік)



Құжаттарды қабылдау және беру функциясы ХҚКО-на берілгендіктен


«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысы


2

Қаулының 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

5) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;

«5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты»;




3

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартында:

6-тармақ 6)-тармақшамен толықтырылсын

отсутствует


6) әскери қызметшілердің балалары.



«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының 52 бабының 3-тармағына сәйкес


4

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;



Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

5

«Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

6



«Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты

Ескі редакция

Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 1072 қаулысына сәйкестендіру мақсатында.

7

«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты

Ескі редакция

Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 1072 қаулысына сәйкестендіру мақсатында.

8

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:

1) лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

3) лицензияның телнұсқаларын беру кезінде мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

4) Жарғы электрондық сканерленген көшірме түріндегі өтінішке тіркеледі;

5) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерленген көшірмелер түрінде электрондық өтінішке тіркеледі.

Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін, алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін; лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметті, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлы қолтаңбамен расталған электрондық құжаттар түрінде алады.

Заңды тұлғаның бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылуына немесе атауы және (немесе) заңды мекенжайының өзгеруіне байланысты лицензияны қайта ресімдеу кезінде бюджетке қызметтің жекелеген түрімен шұғылдану құқығына лицензиялық алымның төленгенін растайтын мәлімет ұсынылады.

Заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында лицензияны қайта ресімдеу кезде; атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген кезде қайта ресімдеу кезінде лицензияның және лицензияға қосымшалардың деректері немесе лицензияның және лицензияға қосымшаның сканерленген көшірмелері электрондық сұранысқа тіркеледі.

Бланктің бүлінуі себебінен лицензияның телнұсқаларын беру кезінде бүлінген бланк (уәкілетті органға қайтарылады).

Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде жоғалған заттарды табу бюросының анықтамасы сканерленген көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеледі.

Жоғалған жағдайда лицензияның телнұсқасын беру кезінде лицензияның жоғалуы жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру бергені туралы ақпараттың сканерленген көшірмесі электрондық сұранысқа тіркеледі.

Лицензияның телнұсқасын беру кезінде жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы мәлімет ұсынылады.


11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттардың тізбесін тапсырады:

лицензияны алған кезде:

1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық түрдегі өтініші;

2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі не алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

3) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды лицензялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензияны қайта ресімдеген кезде:

  1. мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлы қолы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұранысы;

  2. лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі немесе алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәлімет;

Мемлекеттік қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың, анықтаманың мәліметтерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын түбіртекті уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде алады.

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкестендіру мақсатында (42 бап)

9

Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

-

осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңына сәйкестендіру мақсатында (42 бап)

10

«Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

6-тармағы абзацпен толықтырылсын

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және құқық қорғау органдарына ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана көрсетіледі.

ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ ұсыныстарының негізінде

11

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

13. Мемлекеттік қызметті пайдалану үшін сұраныс құжаттары ТжКБ ұйымының және ЖОО-ның фойесінде орналастырылады, немесе мамандардан алуға болады.


13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар ТжКБ беру ұйымының оқу бөліміне және ЖОО-ның деканаттарына өткізіледі.

Техникалық қателікке байланысты

12

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

5-тармақ

-

5-тармақтың орыс тіліндегі нұсқасы жаңа редакцияда жазылсын;


Техникалық қателікке байланысты

13

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

2-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

14

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

3-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

15

«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

2-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

16

«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

4-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

17

«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

4-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

18

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

19

«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

20

«Зейнетақы қорларына, банктерге кәмелетке толмағандардың салымдарына иелік ету үшін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

21

«Кәмелетке толмағандарға меншік құқығында тиесілі мүлікпен мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

1-қосымша

Ескі редакция


осы қаулыға 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;


Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты

22

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында 5 тармақ:


5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру туралы анықтама немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны экстернат нысанында оқуға рұқсат беру немесе қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Техникалық қателікке байланысты

23

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартында:

2-қосымша

Ескі редакция

осы қаулыға 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

Қарағанды облысындағы мемлекеттік мекемелердің атаулары мен мекенжайларының өзгеруіне байланысты



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің м.а. М. Орынханов


«12» наурыз 2013 жыл





Похожие:

Салыстырмалы кесте № р/с icon«ҚазАвтоЖол» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте № р/с iconСалыстырмалы кесте
«5 сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне бұрын қосылмаған объектілер қосылған жағдайларда береді.»
Салыстырмалы кесте № р/с icon«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте № р/с icon«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы бойынша салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте № р/с icon«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте № р/с iconҚазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік – жеке серіктестіктің жаңа нысандарын енгізу мен оларды қолдану саласын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы жобасына салыстырмалы кесте
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік – жеке серіктестіктің жаңа нысандарын енгізу мен оларды қолдану саласын...
Салыстырмалы кесте № р/с icon«Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария, анықтама және басқа да қызметтердің тізбесін
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі n 929 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
Салыстырмалы кесте № р/с icon«Қапшағай қалалық мәслихатының 2012 жылғы 22 желтоқсандағы «Қапшағай қаласының 2013-2015 жылдарға арналған бюджеті туралы» №11-51 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қапшағай қалалық мәслихаты шешімінің жобасына салыстырмалы кесте

Салыстырмалы кесте № р/с icon2012 жылдың 8 айында 2011 жылдың салыстырмалы кезеңінде тіркелген төтенше жағдайларға салыстырмалы мәлімет

Салыстырмалы кесте № р/с icon2012 жылдың 1 айында 2011 жылдың салыстырмалы кезеңінде тіркелген төтенше жағдайларға салыстырмалы мәлімет

Салыстырмалы кесте № р/с icon2012 жылдың 10 айында 2011 жылдың салыстырмалы кезеңінде тіркелген төтенше жағдайларға салыстырмалы мәлімет

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы