|
«2011 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты (бұдан әрі-Грант). Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 11 кіреберіс Байланыс телефондар: 8 (7172) 74 25 19, 74 25 20 Конкурс туралы ақпарат Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 462 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Конкурсқа меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарының ғылыми және педагогикалық қызметтерде жоғары жетістіктері бар штаттық оқытушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі 2011 жылғы 8 қарашадан 1 желтоқсанға дейін. Конкурстық өтінімді конкурсқа қатысушы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынады. Конкурстық өтінімге: конкурсқа қатысу үшін өтініш (өтінім); ЖОО ғылыми кеңесінің ұсынымы; мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, жетекші ғалымдар мен мамандардан ұсыным хаттар; растайтын құжаттармен қоса сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәлімет; шетелдік ЖОО-ның, ғылыми ұйымның тағылымдамадан өтуге қабылдау туралы жазбаша растауы; қорытынды есепті беру мерзімі көрсетілген жылдық жұмыс жоспар кестесі; жұмыс орны бойынша куәландырылған кадрлық есепке алу жөніндегі жеке парағы; жеке куәліктің көшірмесі; карточкалар базасындағы қолданыстағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарламаның барлығын растайтын құжаттың көшірмелері. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың нысандары (www. edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан. Құжаттар қағаз түрінде дербес электрондық поштасы (e-mail) көрсетілген, парақтары нөмірленген, қатты мұқабада бекітілген түрде мына мекен-жайға ұсынылады: Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 643-кабинет. Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекен-жайы тіркеуден өткеннен кейін электрондық түрде құжаттарды толтыру туралы мәлімет (www.edu.gov.kz) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады. «8» қарашадағы № 462 бұйрығын ^
^ ___________________________________________________ (тегі, әкесінің аты, қолы) Жоғарыда келтірілген ақпараттың шындығын растаймын , Ректор (ЖОО атауы)_______________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, қолы ) Толтырылған күні М.о *Кестені тек қана конкурсқа қатысушы толтырады. ** Басылымдардың, жарияланымдардың, диссертациялар авторефераттарының, магистрлік диссертациялардың титуль парақтарының көшірмелерін, сондай-ақ соңғы 5 жылдағы ЖОО-ның ғалым хатшысы растаған еңбектердің тізімін қоса беру қажет. *** Растайтын құжаттың көшірмесі қоса берілуі керек. Ескерту:1. Әр көрсеткіш бойынша ақпарат қысқаша болуы тиіс және ұсынылған мәліметтердің жалпы көлемі қосымшаларынсыз 10 беттен аспауы керек. 2. 1, 11 - тармақтардың көрсеткіштері бірлескен авторлары, аттары, басылымның түрі, шығарылған жылы және басылып шыққан жері көрсетіліп тізбе түрінде жазылады, ал 4 - тармақ бойынша конференциялардың, конкурстардың , олимпиадалардың аттары көрсетілген жеңімпаздар тізбе түрінде және «Негізгі сипаттама» деген бағанда орналастырылады. 3. 12-тармақ бойынша көрсеткіштер аспиранттың, магистранттың, адъюнкттің, докторанттың және ізденушінің тегі, диссертациясының тақырыбы, қорғалатын жылы көрсетіліп тізбе түрінде орналастырылады. 4. 2, 10 - тармақтар бойынша көрсеткіштер жалпы қабылданған терминологияның қолданылуымен қоса, бағдарламалардың, жұмыстардың, технологиялардың, әдістердің, шарттардың, практикумдардың, курстардың, лекциялардың нақты тізбесі түрінде қысқаша жазылады және «Негізгі сипаттама» деген бағанда орналастырылады. Одан басқа 2-көрсеткіш бойынша қолданылатын технологиялардың сипаттамасын ұсынады. Инновациялық технологиялар (2.1-т.) оқу жұмыстарының барлық түрлерін және оқытылатын пәннің бөлімдерін қамтуы тиіс. 2.2-т. Пәндердің жекелеген бөлімдерін оқыту кезінде қолданылатын инновациялық технологиялардың элементтерін қамтиды. 5. Тиісті мәліметтер болған жағдайда 1, 2, 4, 7, 8, 10, 11, 12-тармақтар бойынша көрсеткіштер «Негізгі сипаттаманың» тиісті бағандарында осы көрсеткіштердің барлық ұстанымдары бойынша көрсетіледі. 6. 5-тармақ бойынша көрсеткіштер ЖОО–лармен жүргізілетін социологиялық сұраудың негізінде ұсынылады. Сауалнамаға осы оқытушы сабақ берген студенттер қатысады. ЖОО бойынша қорытынды рейтингтің қосымшасымен қоса сауалнаманың нәтижелері туралы ректордың қолы қойылған растайтын анықтаманы ұсыну қажет ^ 8. «Бағалар, балдар» деген бағанды конкурстық комиссия толтырады. ^ 2011 жылғы « 8 » қарашадағы № 462 бұйрығына 3-қосымша Конкурсқа қатысушының өтінімі (үлгі) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін зерделеп, ____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсына қатысамын. Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте, соның ішінде қосымшалар _____ бетте. Конкурсқа қатысушы, оқытушы____________________________________ (жоо-ның атауы, қызметі) ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, қолы) ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «8» қарашадағы № 462 бұйрығына 4-қосымша Ғылыми-педагогикалық біліктілікті арттыруға, ғылыми зерттеулерді жүргізуге және (немесе) тағылымдамадан өтуге арналған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты туралы КЕЛІСІМІ 201__ жылғы «___» ___________ № ___ Астана қаласы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, бұдан әрі Грант беруші деп аталатын, атынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Вице-министрі ______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) бір жағынан,________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) екінші жағынан бұдан әрі Грант алушы деп аталатын, төмендегілер туралы келісті:
1.1 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты туралы келісім ЖОО-ның үздік оқытушысын іріктеу жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы республикалық конкурстық комиссияның 20__ жылғы «____» ___________ № ___ отырысының хаттамасына сәйкес жасалады. 1.2. Грант беруші тағайындайды, ал Грант алушы шетелдік ұйымдарда тағылымдаманы және (немесе) ғылыми-педагогикалық біліктілігін өтуін және жоспар – кестенің жұмысымен қарастырылған іс-шараларды толық көлемде орындауға міндеттенеді. ^ 2.1. Жұмыс бағыты:_____________________________________________ 2.2. Қолдану саласы (зерттеулер):_________________________________ 2.3. Күтілетін нәтиже: ___________________________________________ 2.4. Негізгі кезеңдерді орындаудың мазмұны мен мерзімі келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын жоспар-кестемен белгіленеді. ^ 3.1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау туралы ережеге сәйкес Грант беруші 001 «Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша Грант алушыға ______________ (___________________________) теңге сомасындағы банкіге комиссиондық сыйақысы шегерілген ақшалай қаражатты аударады. 3.2. Грант беруші төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген мерзімде грант алушыға қаржыландырудың ашылуына кепілдік береді. 3.3. Қаржыландыру көзі – Республикалық бюджет. 3.4. Грант алушы міндеттенеді: жоспар-кестеге сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге; грантқа бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге; белгіленген мерзім өткеннен кейін Министрлікке жоспар-кестеде көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы қорытынды есеп береді; жұмыстарды жалғастыру мүмкін (мақсатты емес) болмаған жағдайда жұмыс тоқтатылып, 10 күннің аралығында ол жөнінде Министрлікке хабарлайды және бір айдың ішінде грант жөніндегі ақпараттық және қаржылық есептерді ұсынады және грант бойынша пайдаланылмаған қаржылық қаражатты қайтарады; жоспар кестеде көрсетілген іс-шаралар орындалмаған жағдайда және (немесе) грант тағайындалған жыл бойында және грант тағайындалған жылдан кейінгі екі жыл ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрғылықты орналасуға кетсе, қаржыны толық көлемде қайтаруға тиіс.
4.1. Келісімде қарастырылған міндеттемелерді орындамаған жағдайда, тараптар қолданыстағы заңнамада белгіленген жағдайлар мен тәртіпте жауап береді. 4.2. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. 5. ФОРС-МАЖОР 5.1. Егер келісімде көрсетілген міндеттерді оларды дүлей күштің салдарынан орындау мүмкін болмаған жағдайда орындаудан босатылады. ^ 6.1. Келісімнің мерзімі: басы 20__ жылғы «___» ____________ соңы 20__ жылғы «___» ____________ 6.2. Тараптардың мекен-жайлары мен есеп айырысу шоттары, жеке куәлігінің, салық төлеуші куәлігінің, әлеуметтік жеке коды, төлем карточкасының нөмірлері: ^ ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Грант берушінің: 010000, Астана қ. Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8 үй, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Е\Ш 000120200 ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, Астана қаласы, БИК 195301070, КБЕ 11,СТН 600900061924
|
![]() | «2010 жылғы Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» конкурсын өткізу туралы хабарландыру Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты (бұдан әрі-Грант) | ![]() | Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсын өткізу туралы хабарландыру «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 11 қарашадағы... |
![]() | Конкурсқа қатысушының өтінімі (үлгі) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тағайындау ережесін зерделеп | ![]() | Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы мемлекеттік гранты иегерлерінің тізімі |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы №235 Қаулысы «Білім туралы» Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атағын беру қағидаларын және берілген мемлекеттік гранттың жұмсалу бағыттарын бекіту туралы | ![]() | Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні ««Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына |
![]() | «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты туралы ... | ![]() | Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы (жоғары оқу орнының атауы) Жоо-дағы оқу процесі үшін пайдаланылатын спорт ғимараттарының жалпы пайдалану алаңы, ш м |
![]() | «Жоғары оқу орнының үздiк оқытушысы» мемлекеттiк грантын Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы... | ![]() | Оқытушы (конкурсқа қатысушы) қызметінің сапалық және сандық көрсеткіштері* Жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесімен бекітілген пәндердің оқу-әдістемелік кешендері |