Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты



НазваниеБастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
страница1/2
Дата конвертации20.02.2014
Размер486.55 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2


жоба


Бастауыш білім берудің мемлекеттік

жалпыға міндетті стандарты


Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстан Республикасының білім беру саясаты білім берудің толығымен құндылық мәнін және оның әрбір адамның тағдырындағы үлесін арттыруға, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінің сапасын жақсартуға бағытталған.

Сауатты, зияткерлік жағынан дамыған, рухани тұрғыдан мықты адам тәрбиелеу адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді бекіту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Өзіне, басқаларға және әлемге деген құндылық қатынасын дамыту негізінде тұлғаның үйлесімді қалыптасуы бейбітшілік пен келісім бекуінің алғышартына, ұлттық басымдылықтардың жүзеге асуының жасампаз күшіне, сонымен қатар әрқайсысының өзіндік қоғамдық парызын саналы түрде орындауының шартына айналады.

Қазақстанның білім беру саласындағы жасап жатқан ізденістері 21-ғасырдың өмір талаптарына сай сапалы бала тәрбиесі мақсатында дұрыс шешімдер қабылдауға бағытталған. Әлемдік білім беру тәжірибесінде барлығының тарапынан күтілетін білім беру нәтижесі ретінде қарастырылатын құзіреттіліктер шеңбері айқындалған (ЮНЕСКО, 1996). Еліміздегі білім беру реформасы әр оқушының өмір бойы табысты жұмысы мен үйренуіне қажетті тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған әлемдік тәжірибеге негізделеді. Демек, білім беру жүйесінің түлегі қызметтік жағынан сауатты болумен қатар кез-келген өмірлік мәселені шешу барысында, қойылған мақсатқа жету үшін құрал, әдіс пен жол таңдауда рухани және адамгершілік қуатын көрсетуге қабілетті болуы тиіс.

Орта білім беру, оның ішінде бастауыш білім беру қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде Отан үшін жауапты болуға қабілетті зиятты және рухани-адамгершілік жағынан тұлға дамытуға бағытталған. Сондықтан баланы өмір бойына оқуға үйрету мектептің ролі болып табылады.

Орта білім берудің жаңа қызметтік параметрлері ақпараттық оқытудан инновациялық оқыту әдістерін қолдануға, оқушыларға оқу мен еңбек барысында да бәсекелік артықшылықтарға мүмкіндік беретін фундаменталды білімге, принциптерге, құндылықтарға, әлеуметтік маңызы бар қабілеттерге, іс-әрекет түрлеріне, қарым-қатынас тәсілдеріне, мінез-құлық нормаларына көшуді қарастырады.


^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (әрі қарай – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 56-бабына сәйкес әзірленген және оқушылардың дайындық деңгейіне, бастауыш білім берудің мазмұнына, оқушылардың ең жоғары оқу жүктемесіне қойылатын талаптарды айқындайды.

2. Бастауыш білім беру орта білім беру Құндылықтары мен Мақсаттарына негізделеді.

Орта білім беру құндылықтары оқушы тұлғасының мінез-құлқы мен жасампаздық іс-әрекетін ынталандыратын тұрақты өмірлік бағдарлар болып табылады. Орта білім беру құндылықтары өзін көрсетіп, өз өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта алатын адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші факторға айналады.

3. Орта білім берудің құндылықтарына:

Құрмет

Ынтымақтастық

Ашықтық

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Өмір бойы үйрену жатады.

4. Орта білім берудің құндылықтары оқушылардың келесі қабілеттерінде көрінуі тиіс:

дұрыс шешім қабылдау және қоғам өміріне жасампаздықпен араласу, өзгерістерге икемділік пен даярлықты көрсету үшін шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

ақпараттық-коммуникациялық құралдарды пайдалану арқылы кез-келген тілдік ортада ұжыммен жұмыс істеу үшін коммуникативті болу;

қоршаған болмысты объективті бейнелеу үшін мәдениет пен пікірлерге құрмет көрсету;

Отан алдындағы өз міндеттерін атқару және Қазақстанның дамуына үлес қосу үшін жауапты болу, белсенді азаматтық көзқарасын көрсету;

өзіне және басқаларға құрметпен қарау үшін досшыл және қамқоршыл болу;

кез-келген өмір жағдайында өз танымы мен еңбек жолы үрдісін өзі реттеу үшін өмір бойы оқуға дайын болу.

5. Бекітілген құндылықтар шеңберінде төмендегі кең ауқымды дағдыларға ие оқушы тұлғасын үйлесімді қалыптастыру және дамыту үшін қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыру орта білім берудің Мақсаты болып табылады:

  1. білімді шығармашылық тұрғыдан пайдалану;

  2. сын тұрғысынан ойлау;

  3. зерртеу жұмыстарын орындау;

  4. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану (әрі қарай – АКТ);

  5. коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды қолдану;

  6. топпен бірге және дербес жұмыс істей білу.

Кең ауқымды дағдылар «шығу» кезінде оқушыларға жалпыадами және этномәдени құндылықтарды өзінде үйлесімді біріктіруге, кез-келген өмір жағдайында қызметтік сауаттылық пен бәсекеге даярлықты көрсетуге, сонымен қатар оқу мен өмірлік сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

6. Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері:

адам, табиғат пен қоғам туралы пропедевтикалық білім қалыптастыру;

рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту;

оқытудың қызметтік дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын логикалық жағынан білдіру, себеп-салдар байланыстарын анықтау;

дербес және ұжымдық жұмысты нәтижелі ұйымдастырудың негізі ретінде ақпаратты іздеу, талдау және түсіндіру дағдыларын жас мүмкіншіліктеріне қарай дамыту.

7. Бастауыш білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары (әрі қарай – білім беру ұйымдары) меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру іс-әрекетін: 

1) осы бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; 

2) оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына; 

3) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы өкілетті органы белгіленген тәртіп бойынша бекіткен басқа да нормативті құқықтық және құқықтық актілерге жүзеге асырады . 

8. Стандарт бастауыш білім берудегі тұлға, қоғам мен мемлекеттің келісілген мүдделерін көрсетеді.

9. Стандартты пайдалану:

күтілетін оқыту нәтижелері түрінде ұсынылған бастауыш білім берудің мақсаттар жүйесін айқындау есебінен оқыту сапасын жоғарылатуға;

білім беру үрдісін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұйымдастыру үшін қажетті жағдайды жасау арқылы үштілді білім беру саясатын жүзеге асыруға;

ғылыми зерттеу әдістері мен таным әдістері туралы ілімді оқушылардың меңгеруін меңзейтін бастауыш білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесіміне;

оқушылардың жас мүмкіншіліктерін есепке ала отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды сатылап арттыруға;

орта білім берудің құндылықтары мен мақсаттарына және күнделікті білім беру үрдісінің мазмұндық негізін айқындайтын білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесіне негізделген оқыту мен тәрбие бірлігі принципін жүзеге асыруға;

балалар денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету және оқушылардың қосымша білім алу қажеттілігін қанағаттандыру үшін тұлғаның толықтай дамуына арналған қолайлы жағдай туғызуға;

орта білім беру ұйымдарының алуан түрлілігі жағдайында бастауыш білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;

білім беру ұйымдарында инновациялық тәжірибені қолдауға және дамытуға;

білім беру ұйымдарының іс-әрекетін білім беру сапасына қарай объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.

10. Стандарт:

білім беру ұйымына арналған үлгілік оқу жоспарын;

бастауыш білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;

оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;

оқу пәндері бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға арналған критерийлерді;

білім беру ұйымдарында күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару жүйелерін;

білім беру мекемелерінің білім беру үрдісіне мониторинг жасау жүйесін;

білім беру мекемелерінің білім беру үрдісін материалдық-техникалық, ақпараттық қамсыздандыруға қойылатын ортақ талаптарды;

білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша білім беру ұйымдарының іс-әрекетін бағалау параметрлерін әзірлеуге негіз болып табылады.

11. Білім беру ұйымдары тәрбие, оқыту мен дамытудың түрлі әдістері, формалары және педагогикалық технологиялары арқылы оқушылардың Стандартта айқындалған күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін салауатты орта қалыптастырады.

12. Стандартта Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады. Оларға қосымша келесі терминдер мен олардың анықтамалары енгізілген:

1) бастауыш білім берудің базалық мазмұны – білім беру ұйымдарында меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан меңгерілуге міндетті, білім берудің келесі деңгейлерінде білім алуды жалғастыруға жеткілікті, білім беру мақсаттары мен күтілетін оқыту нәтижелеріне қол жеткізу құралы болып табылатын бастауыш білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы және көлемі;

2) сабақтан тыс іс-әрекет – білім беруді ұйымдастырудың толыққанды оқу-тәрбие үрдісінің сабақтан кейін орындалатын құрамдас бөлігі, оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың бір формасы;

3) элективті курстар (таңдау бойынша курстар) – білім берудің оқу бағдарламаларын қызығушылықтарға қарай жүзеге асырудың ұйымдастыру формасы, оқушылардың білім алу даярлығын кеңейтуге бағытталған оқу жоспарының вариативті оқушы компонентінің құрамдас бөлігі;

4) күтілетін оқу нәтижелері – оқушылардың даму көрсеткіштері болып табылатын және тұлға, қоғам мен мемлекеттің үміттерін бейнелейтін, оқушылардың жалпы білім беру мақсаттарына қарай ілгерілеуі барысында оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік беретін бастауыш білім берудің ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі.

5) білім беру саласы – бір-біріне жақын оқу пәндері жиынтығынан тұратын білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі;

6) критериалды бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін анық айқындалған, бірге даярланған, үрдістің барлық қатысушыларына (оқушылар, білім беру ұйымдарының әкімшіліктері, педагогикалық персонал, ата-аналар және басқа да заңды өкілдер) алдын-ала белгілі, бастауыш білім берудің мақсаттары мен мазмұнына сай, оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін қалыптастыруға септігін тигізетін критерийлермен салыстыруға негізделген бағалау үрдісі;

7) бағалау – даярланған критерийлер бойынша оқушының қол жеткізген оқыту нәтижелерін күтілетін оқыту нәтижелерімен салыстыру үрдісі;

8) формативті (ағымдық) бағалау – сабақ үстінде және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін айқындайтын және оқыту үрдісіндегі оқушы мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыратын, оқушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап, оқыту мақсаты мен міндеттеріне жетуін түсінуге көмектесетін бағалау үрдісі;

9) жиынтық (ішкі) бағалау – сынып бойынша оқу материалдарының үлкен тарауын не бөлімін оқығаннан кейін меңгерілген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін анықтайтын бағалау үрдісі;

10) жиынтық (сыртқы) бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қалыптасқан білім мен оқу дағдылар деңгейін анықтау;

11) білім беру үрдісіне мониторинг жасаубілім беру ұйымдарында білім беру сапасын арттыру мақсатында білім беру үрдісінің нәтижелері мен орындалу шарттарындағы өзгерістерді үнемі бақылау, диагностика жасау, талдау, бағалау және динамикалық жағдайын болжау;

12) үлгілік оқу жоспары оқу пәндерінің тізімін реттейтін және тиісті білім беру деңгейіндегі оқу жүктемесінің инвариантты және вариативті компоненттер көлемін айқындайтын құжат;

13) оқу жүктемесінің инвариантты компоненті – білім беру ұйымдарының меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан барлық оқушылардың меңгеруі міндетті оқу пәндерін айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

14) оқу жүктемесінің вариативті компоненті – оқушылардың білім алу қажеттіліктеріне қарай меншік нысанына, типі мен түріне, сонымен қатар оқыту тіліне қарамастан білім беру ұйымы айқындайтын үлгілік оқу жоспарының құрамдас компоненті;

15) күтілетін оқыту нәтижелері – оқушылардың даму көрсеткіштері болып табылатын және тұлға, қоғам мен мемлекеттің үміттерін бейнелейтін, жалпы білім беру мақсаттары жолындағы оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауға мүмкіндік беретін оқыту мен тәрбиенің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі;

16) білім беру құндылықтары – оқушының өз әлеуетін қоғам мен мемлекет дамуына бағыттауы үшін оқушы тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы білім берудің ролін айқындайтын бағдарлар;

17) жиынтық жұмыс – белгілі бір оқу кезеңіндегі оқушының оқу жетістіктерін анықтауға арналған оқушы жұмысы (тоқсан, жартыжылдық, жыл).


^ 2. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын тараптар


2.1. Білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері


13. Білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері – бұл бастауыш білім берудің әр білім саласы үшін бекітілген ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі.

14. Білім беру салалары бойынша күтілетін оқыту нәтижелері бастауыш білім берудің базалық мазмұнын анықтауға, оқушылардың әртүрлі білім алу қажеттілік деңгейлеріне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар үшін де пәндер бойынша бастауыш білім берудің түрлі оқу бағдарламаларын құрастыруға негіз болып табылады.

15. Бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларында күтілетін оқыту нәтижелері сынып пен әр тарау бойынша белгілі бір оқу пәнінің оқыту мақсаты түрінде нақтыланады, ұзақ мерзімді және орта мерзімді оқыту мақсаттарының жүйесін қалыптастырады.

16. Күтілетін оқыту нәтижелерінің жүйесі оқушының дербес даму траекториясын жасауға және орта білім беру ұйымын «аяқтау» кезінде ұзақ мерзімді оқыту мақсаттарына қарай сатылап ілгерілеуге мүмкіндік туғызады.

17. Күтілетін оқыту нәтижелері бір-біріне жақын бірнеше оқу пәндерін біріктіретін әрбір білім саласының ерекшелігін есепке ала отырып жоспарланған: «Тіл мен әдебиет», «Математика мен информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Дене шынықтыру».

18. «Тіл мен әдебиет» білім саласы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:

тыңдалым және айтылым:

Т1: әңгіменің, оқылған не тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын тыңдайды, түсінеді және жеткізеді; ақпараттық мәтіннің мазмұнын жеткізеді; тақырыпты түсінеді және сөйлеу нормаларын сақтай отырып, оны талқылауға қатысады; диалог жүргізудің түрлі формаларын түсінеді; сөйлеушінің көзқарасын талдайды және бағалайды;

Т2: ауызша мәтіндегі сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді; аудиовизуалды материалдың мазмұнын түсінеді және болжайды (оқиғалар, кейіпкерлердің әрекеттері); шағын көлемдегі ауызша мәтіндерге қарапайым талдау жасайды; шағын көлемдегі аудиовизуалды материалдың негізгі кезеңдерін анықтайды; әңгімені қолдау үшін қажетті сөздерді пайдаланады; қысқа әңгімелерді/өлеңдерді мәнерлеп оқиды; оқылған материалды талдайды және баға береді; аудиовизуалды мәтін негізінде өз пікірін білдіруге дәлелдер келтіреді; тыңдалған не оқылған материал бойынша басты ойды анықтайды, негізгі кезеңдерін талдайды және түсіндіреді; басқалардың сөзіне өз келісімін не қарсылығын білдіріп, баға береді;

Т3: өзі туралы сұрақтардың мағынасын, жалпы оқу тақырыбы, арнайы ақпарат бойынша анық жеткізілетін әңгіменің негізгі мазмұнын және шағын ауызша хабарлама не мәтіннің мәнісін түсінеді; мазмұндық нұсқамаларды пайдалана алады; жеке дыбыстар мен қысқа сөздерді таниды; таныс сөздерді, қысқа сөз орамдары мен жай сөйлемдерді айтады; өзі, қазіргі тәжірибесі, заттар туралы негізгі хабарлама мен пікірді жеткізеді; жұппен және топпен жұмыс барысында өз ойын білдіріп, басқалармен әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа әңгімелер мен оқиғаларды әңгімелейді;

оқылым:

Т1: оқиды және кейіпкерлердің мінезі мен құлқын талдайды, түрлі мәтіндердің (көркем және көркем емес) құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды; мазмұнына қарай сөздің лексикалық мағынасын анықтайды; зер салып оқу арқылы нақты ақпаратты табады; түрлі мәтіндерден ақпарат тауып, мәтін түрлерін салыстырып, тани алады: бейнелеу, хабарлау және пайымдау;

Т2: бейтаныс сөздері бар қысқа қарапайым мәтіндегі басты ақпаратты түсінеді; көркем және көркем емес мәтіндерді айырады; оқылған мәтін бойынша «ұнайды»/«ұнамайды» тұрғысынан өз пікірін білдіреді; дербес оқу үшін кітап таңдайды және өз таңдауын түсіндіреді; түрлі дерек көздерінен қалай ақпарат табуды біледі; кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің идеясын, оқиғасы мен себептерін түсінгендігін көрсетеді;

Т3: таныс бұйрықтарды оқиды және орындайды; жалпы оқу тақырыбы бойынша өте қысқа қарапайым көркем және көркем емес мәтіндерді оқиды; қарапайым бейнелі сөздікті пайдаланады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша мәлімет пен мәнісін анықтайды;

жазылым:

Т1: өз жұмысын жазу үшін хабарлы және хабарлы емес сипаттағы түрлі формаларды таңдайды; өзара байланысқан абзацтардан мәтін құрайды; мәтін мазмұнының негізінде дәлелдер табады және қолданады; басқаларды нандыру үшін дәйектер пайдаланып, мәтін жазады; көркем емес мәтіндердегі сюжет пен композицияны салыстырады; өз мәтінін түзетеді; өз көзқарасын ұсынып, әңгіме жазады; меңгерілген грамматикалық, пунктуациялық және орфографиялық нормаларға сай сөйлемдер құрастырады;

Т2: оқиға орнын, уақыты мен кейіпкерлерін білдіретін тілдік құралдарды қолданып, хабарлы/хабарлы емес сипатта мәтіндер құрастырады; тыңдалған, оқылған және көрілген материал бойынша қысқаша жазбалар жасайды (тақырыптар, жеке деректер, пікірлер); сөз таптарының грамматикалық мағыналары мен грамматикалық категорияларын (зат есімдер мен сын есімдердің жағы мен түрі, етістіктердің шақтары) ескере отырып, сөйлемдер құрайды, орфографиялық ережелерді біледі және қолданады; дербес түрде шағын шығармашылық еңбек жазады (өлең, ән не қысқа оқиға, әңгіме);

Т3: жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; кіші және бас әріптермен қысқа сөйлемдер, аттар мен жер атауларын айту арқылы дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді айту арқылы дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің аяғында нүктелерді айту арқылы дұрыс қояды;

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:

тыңдалым және айтылым:

Т1: сұрақтар қояды, айтылған ойларды түсіндіреді не қарсы болады; хабарлау және бейнелеу мәтіндерінің мазмұнын әңгімелеудің түрлі формаларын қолданады; логикалық бірізділікті қадағалап, өз көзқарасына дәйек келтіреді; диалогқа сөйлеуші және тыңдаушы ретінде қатысады; түсіндіру, нандыру, ой таластыру үшін сөйлеуші қолданған басты әдістерді анықтайды;

Т2: ресми және бейресми қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындайды; ауызша оқу мәтініндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын түсінеді, мәтін мазмұнын түсінеді; шағын көлемдегі ауызша мәтіндерге қарапайым тілдік талдау жасайды; аудиовизуалды материалдың, телевизия бағдарламалары үзіндісінің мағынасын түсінеді; қатынас жағдайы, қатынас орны мен қарым-қатынас (коммуникация) жасаушыларға қарай сөйлеу стилінің қалай өзгеретіндігін түсінеді; мәтіннің стилін ескере отырып, сұрақтар қояды; алдын-ала дайындалған жазбалар мен жоспарды пайдаланып, әңгіме, оқиға мазмұнын әңгімелейді; оқылған, тыңдалған материал туралы өз пікірін білдіреді; медиақұралдарды пайдаланып, оқиғаларды нанымды әңгімелеп бейнелейді; түрлі көзқарастарға күмән келтіреді, түсіндіреді, ойластырады және ой таластырады; оқылған, тыңдалған және көрілген материал негізінде қорытынды жасайды;

Т3: жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың негізгі мазмұнын, шағын әңгіменің мәнісін түсінеді; дыбыстарды, дыбыс тіркесімдерін және дыбысталуы оқушының ана тіліндегі сөздерге ұқсас сөздерді таниды; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сұхбаттың мазмұны мен мағынасын болжау үшін мазмұндық нұсқамаларды пайдаланады; өзі туралы негізгі хабарламалар мен пікірлер, қазіргі және өткен тәжірибе туралы сұрақтар мен жауаптар, таныс сөздер мен қысқа сөз орамдарын құрастырады; тиісті сөздерді, сөз орамдары мен сөйлемдерді қолданып, басқалармен жұппен және топпен жұмыс істеу барысында әңгімелеседі; жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа әңгімелер мен оқиғаларды айтады;

оқылым:

Т1: оқиды және жазушылардың өз кейіпкерлеріне деген көзқарасы туралы қорытынды жасайды; көркем және көркем емес мәтіндердің негізгі идеясы мен композициясын анықтайды; кейіпкерді жасау үшін автордың қолданған көркем-мәнерлі құралдарын айқындайды; белгілі бір міндетті орындау үшін қажетті ақпаратты табады; мәтін түрлерін бағалайды және мәтін түрлерін таниды (бейнелеу, хабарлау және пайымдау); берілген мәтін түрлерін түрлі дерек көздерінен табады;

Т2: анықтамалық материалды қарап, қысқа мәтіндегі бейтаныс сөздер мен сөз орамдарының мағынасын оқиды және анықтайды; мәтінді ұйымдастыру ерекшеліктерін таниды және бейнелейді (мысалы: әліпби реті, сұлба, диаграммалар, суреттер мен олардың жазбалары, т.б.); оқылған материал бойынша маңызды кезеңдерді түсіндіріп, әсерімен бөліседі; оқылған материалды түсінгендігін бейнелеу арқылы көрсетеді (кейіпкерлер мен оқиғаларды көрсету); түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты қалай таңдап алуды біледі; оқылған не тыңдалған материал негізінде өз келісімін не қарсылығын білдіреді; түрлі көзқарастарды түсіндіреді, пайымдайды және ой таластырады;

Т3: жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа қарапайым көркем және көркем емес мәтіндерді оқиды; қысқа қарапайым мәтіндердегі ойларды таниды; сыныпта және мектеп кітапханасында кітаптар, материалдар мен басқа да баспа өнімдерін табады; қысқа қарапайым мәтіндердің басты идеяларын анықтайды; қысқа қарапайым мәтіндердегі айрықша ақпарат пен мәнісін айқындайды;

жазылым:

Т1: түрлі көркем тәсілдерді пайдаланып, белгілі бір стильде (хабарлы және хабарлы емес) мәтін жазады; композицияны сақтап, абзацтардан мәтін құрайды; тыңдалым, оқылым материалдарын, сонымен қатар аудиовизуалды материалды қолданып, мазмұндама жазады; мәтін түрлері туралы біліміне сүйеніп, тиісті стиль мен форманы таңдап, дәйекті мәтін жазады; бір тақырыптың түрлі жанрдағы мәтіндерде (поэзия, проза) қалай ұсынылғанын салыстырады; өз мәтінін түзетеді; оқырманға бағытталған мәтінді өзі жазады және ұсынады; сөйлемдерді мәтін түрлеріне қарай бейімдейді; қарапайым күрделі сөйлемдерде (екі грамматикалық негізден тұратын) тыныс белгілерін қолданады, төл сөз бар сөйлемдердегі тыныс белгілерін қадағалайды; таныс сөздерді дұрыс жазады, қиын және бейтаныс сөздерді жазу үшін меңгерілген орфографиялық ережелерді тіл нормаларына сәйкес пайдаланады;

Т2: мәтінді, оның ішінде презентация жасауға арналған, АКТ қолданылған мәтінді абзацтарға бөледі; контекст (мазмұн) пен кейіпкер жасау тәсілдерін (эпитет, теңеу және метафора) қолданады; түрлі дерек көздерінен алынған аудиовизуалды материал негізінде идеяларды жинақтайды; грамматикалық нормаларды ескере отырып, сөйлем құрастырады; жалпы орфография ережелерін біледі және қолданады; тиісті пунктуация нормаларын пайдаланады; түрлі жанрдағы мәтіндерді (хат, ертегі, өлең, әңгіме) өзі құрастырады;

Т3: жалпы оқу тақырыбы бойынша қысқа сөйлемдер жоспарлайды, таңдап алады және жазады; өзі туралы бірнеше жүйелі сөйлем жазады; сөйлемдерді өзара байланыстырады және келістіреді; қысқа сөйлемдерді, аттар мен жер атауларын кіші және бас әріптермен өзі дұрыс жазады; таныс және көп қолданылатын сөздерді өзі дұрыс жазады; жай және таныс сөйлемдердің соңында нүктелер мен сұрақ белгілерін айту арқылы дұрыс қояды.

19. «Математика және информатика» білім беру саласы бойынша күтілетін оқу нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы::

«санау», «цифр» және «сан» ұғымдарын; ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның берілген разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «сандық көрініс», «теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тік үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (орта, радиус, диаметр); квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеу формулаларын;

«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын; қолданбалы және сервистік бағдарламалардың қызметін; файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесі (папка, иерархиялық құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Интернет», «веб-мекенжай», «веб-сайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін; «меншік» және «авторлық» ұғымдарының мағынасын біледі;

түбір сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәнін; қарапайым қызметтік тәуелділікті; «әрбір», «қайсыбір», «бір», «кез-келген», «бәрі», «бәрі емес», «... басқа бәрі» сөздерінен тұратын пікірлерді;

ақпаратты кодтау тәсілдерін; ақпаратты компьютерде ұсыну үшін сандар қолдануды; компьютердің негізгі ішкі компоненттерінің қызметтерін; міндеттерді атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; жергілікті және жаһандық желілер арасындағы айырмашылықты; сандық деректер мен құрылымдарды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;

есептерді жазуда, сандық есептерді өзгертуде, сонымен қатар есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді; түбір сандармен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде; шамаларды өзгертудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; мәтіндік есептерді шешуде сандық және әріптік есептерді, теңсіздіктер мен теңдіктерді; есеп шарттарын жазуда математикалық тілді; периметр мен аудан (квадрат, тік төртбұрыш, тік үшбұрыш) есептеу формулаларын; көптеген элементтер арасындағы қатынастарды ұсыну үшін Венн диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса, сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу үшін құралдарды; калькулятор көмегімен есептеуді;

ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін, сурет, аудио- және бейнематериалмен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қосымшаларды; ақпаратты тиімді сақтау үшін файлдар мен папкаларды; Интернеттен қажетті ақпаратты табу үшін іздеу жүйелері мен басты сөздерді; компьютерде жұмыс істеу барысында еңбек және демалыс режимінің ережелерін қолданады;

ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық пішіндерді; сандық есептер мен өзгермелі есептердегі шамаларды салыстырып; түрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт, қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы қызметтік тәуелділіктерді; геометриялық өзгертулер мен симметрия элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты жағдайларды; бірізділіктің жетіспейтін бөлшектерін тауып, берілген заңдылық бойынша бірізділікті қалыптастырады және заңдылықты; күрделі емес комбинаторлық және логикалық есептерді (оның ішінде шешімі ықтимал варианттарды қарастыру қажеттілігімен байланысты есептер); берілген нышанына қарай жіктеп, жіктеу негіздерін анықтай отырып, көптеген заттарды; тиісті шешім әдісін таңдап, есеп шартын; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді;

түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді талдайды және қорытынды жасайды; ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үшін қолданбалы бағдарламалардың қызметтік мүмкіншіліктерін; шынайы және қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас модельдерді; компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін талдайды;

заттарды нышандары мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар арасында математикалық тәуелділік моделін жасап; шынайы әлемдегі нақты нысандар мен үрдістердің қарапайым модельдерін суреттер мен сызбалар түрінде құрастырып;

мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне ақпаратқа; шынайы әлемнің қарапайым нысандары мен жағдайларына; қойылған міндеттерді орындау үшін желілік, сағалық және циклді алгоритмдерге; қалыптасқан бұйрықтар жүйесі негізінде шынайы орындаушы үшін проблеманың шешіміне синтез жасайды;

өлшеу бірліктері мен құралдарын пайдаланып, өлшеу нәтижесін; сандар, шамалар, геометриялық пішіндер туралы қарапайым ойларды шынайы не жалған деп;

ақпарат сапасын, пайдасы мен нанымдылығын; қорытындының қойылған мақсаттар мен қолдағы деректерге сәйкестігін; жиналған ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректерді болжайды және түсіндіреді; компьютерлік модельдің жобаға сәйкестігін; компьютерде жұмыс істеу барысында санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын бағалайды;

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:

«санау», «цифр» және «санды»; ондық санау жүйесіндегі разряд бірлік мәндерін; «координаталық сәуле» ұғымы, санның бөлшегі, санның берілген разрядқа дейін дөңгеленетіндігі туралы; «сандық көрініс», «теңдік» және «теңсіздік» ұғымдарын; қарапайым геометриялық пішіндерді; тік үшбұрыш қабырғаларының атауларын, шеңбер элементтерін (орта, радиус, диаметр); «координаталық бұрыш», «абсциссалар осі» және «ординаталар осі» ұғымдарын; квадрат пен тік төртбұрыш периметрі мен ауданын есептеуге арналған формулаларды; жай бөлшекті; пайыз түсінігін; бөлшектермен арифметикалық амал ережелерін; «бұрыштың градустық өлшемі», «бұрыштың биссектрисасы», «жазыңқы бұрыш», «бүйірлес бұрыш» ұғымдарын;

«деректер», «ақпарат», «нысан», «модель», «алгоритм», «орындаушы» ұғымдарын; ақпаратты ұсыну түрлері мен өлшем бірліктерін; компьютердің негізгі құрылғыларын; қолданбалы, сервистік бағдарламалар мен операциялық жүйе қызметтерін; файл мен деректерді ұйымдастырудың файлдық жүйесі (папка, иерархиялық құрылым, файл атауы, файл түрі) түсінігін; «Интернет», «веб-мекенжай», «веб-сайт», «веб-бет» ұғымдарын; компьютерде жұмыс істеу барысында қауіпсіздік техникасының ережелері; «меншік» және «авторлық» ұғымдарының мағынасын біледі;

түбір сандарға, шамаларға және олардың арасындағы байланысқа қатысты арифметикалық амалдардың мәнін; қарапайым қызметтік тәуелділікті; «әрбір», «қайсыбір», «бір», «кез-келген», «бәрі», «бәрі емес», «... басқа бәрі» сөздерінен тұратын пікірлерді; пайызды бөлшектерге, бөлшектерді пайызға айналдыруды; тұрақты және айнымалы шамалар арасындағы айырмашылықты;

ақпаратты кодтау тәсілдерін; компьютерде өңдеу және сақтау үшін деректерді екілі кодқа айналдыруды; компьютердің негізгі ішкі компоненттерінің қызметтерін, файлдық сервердің міндетін; міндеттерді атқаруда алгоритмге бағыну қажеттілігін; орындаушының бұйрықтарды орындауының ресмилігін; жергілікті және жаһандық желілер арасындағы айырмашылықты; сандық деректер мен құрылғыларды зиян келтіретін бағдарламалардан қорғау маңыздылығын түсінеді;

есептерді жазуда, сандық есептерді өзгертуде, сонымен қатар есептерді шығаруда математикалық символдарды, амалдар мен қасиеттерді; натурал сандармен арифметикалық амалдарды ауызша және жазбаша түрде; шамаларды өзгертудің стандартты және стандартты емес бірліктерін; мәтіндік есептерді шешуде сандық және әріптік есептерді, теңсіздіктер мен теңдіктерді құрастыру тәсілдерін; есеп шарттарын жазуда математикалық тіл мен графикалық модельдерді; периметр мен аудан (квадрат, тік төртбұрыш, тік үшбұрыш) есептеу формулаларын; көптеген элементтер арасындағы қатынастарды ұсыну үшін Венн диаграммасын; шамаларды (ұзындық, масса, сұйықтық көлемі, уақыт) өлшеу үшін құралдарды; практикалық есептерді шығару үшін калькуляторды; теңдіктер мен бөлшек сандардан тұратын теңсіздіктерді, берілген шарттардағы екі теңсіздікті шешу алгоритмін; санға қарай бөлшегін және бөлшегіне қарай санды табуды; бұрыштарды өлшеу үшін транспортирді;

ақпарат жинау, сақтау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ құралдарын; мәтін, сурет, аудио- және бейнематериалмен жұмыс істеу үшін бағдарламалық қосымшаларды; ақпаратты нәтижелі сақтау үшін файлдар мен папкаларды; алгоритмді бағдарламалау тілінде ұсыну үшін абстрактілі орындаушының бұйрықтар жүйесін; Интернеттен ақпарат іздеу үшін басты сөздерді; компьютерде жұмыс істеу барысында еңбек және демалыс режимінің ережелерін қолданады;

ауызша санаудың тиімді тәсілдерін; қарапайым геометриялық пішіндерді жіктеп; сандық есептер мен өзгермелі есептердегі шамаларды салыстырып; түрлі шамалар (мән, мөлшер, құн, жылдамдық, уақыт, қашықтық, еңбек өнімділігі, жұмыс ұзақтығы, жұмыс көлемі) арасындағы қызметтік тәуелділіктерді; геометриялық өзгертулер мен симметрия элементтерін қолдану арқылы есептерді шығаруға байланысты жағдайларды; бірізділіктің жетіспейтін бөлшектерін тауып, берілген заңдылық бойынша бірізділікті қалыптастырады және заңдылықты; күрделі емес комбинаторлық және логикалық есептерді (оның ішінде шешімі ықтимал варианттарды қарастыру қажеттілігімен байланысты есептер); көптеген заттарды берілген нышанына қарай жіктеп, жіктеу негіздерін анықтап; тиісті шешім әдісін таңдап, есеп шартын; үшбұрыш нышандарын қабырғалары мен бұрыштарына қарай; симметриялық және симметриялық емес тегіс және кеңістік пішіндерді айырып; есеп шартын сурет, сұлба, сызба (қозғалыс бағытын көрсететін), кесте түрінде жазады; санаумен, өлшеумен байланысты деректер мен нәтижелерді;

компьютерлердің адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларындағы қолданысын; түрлі дерек көздерінен жиналған мәліметтерді талдайды және қорытынды жасайды; ақпараттың өз талаптарына сәйкестігін; алуан түрлі ақпаратпен жұмыс істеу үшін қолданбалы бағдарламалардың қызметтік мүмкіншіліктерін; шынайы және қиялдағы жағдайларда не болып жатқанын зерттеу үшін тұтас модельдерді; компьютерде есеп шығарудың негізгі кезеңдерін; желідегі этикалық және құқықтық нормаларды бұзу салдарларын талдайды;

заттарды нышандары мен кеңістіктегі орналасуына қарай біріктіріп; шамалар арасында математикалық тәуелділік моделін жасап; шынайы әлемдегі нақты нысандар мен үрдістердің қарапайым модельдерін суреттер мен сызбалар түрінде құрастырып; математикалық модель бойынша дұрыс және кері есептер құрастырып;

компьютерлік техниканың дамуын болжау үшін өз біліміне; мәтіндік, графикалық, дыбыстық, бейне және біріктірілген ақпаратқа; абстрактілі нысан мен жағдай модельдеріне; абстрактілі орындаушылар үшін желілік, сағалық және циклді алгоритмдерге; қалыптасқан бұйрықтар жүйесі негізінде шынайы орындаушы үшін проблеманың шешіміне; Интернетте ақпаратты тиімді іздеу үшін бетперделерге синтез жасайды;

өлшеу бірліктері мен құралдарын пайдаланып, өлшеу нәтижесін; сандар, шамалар, геометриялық пішіндер туралы қарапайым ойларды шынайы не жалған деп; кестелер, диаграммалар, жиынтық диаграммалар түрінде ұсынылған деректерді;

ақпарат сапасы, пайдасы мен нанымдылығын; қорытындының қойылған мақсаттар мен қолдағы деректерге сәйкестігін; жиналған ақпарат негізінде түрлі оқиғалар мен деректерді болжайды және түсіндіреді; компьютерлік модельдің жобаға сәйкестігін; санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуын; сонымен қатар компьютрмен жұмыс істеу барысында өз уақытының бөлінісін бағалайды.

20. «Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітіргенде оқушы:

қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы пәннің мәнін; табиғатты ғылыми тану әдістерін: бақылау, эксперимент, тәжірибе; бақылау мен зерттеулерге арналған құралдарды; Жер және оның табиғаты, ғалам туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; табиғи құбылыстар кезінде әрекет жасау ережелерін, зерттеулерді жоспарлау және өткізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының негіздерін; өсімдіктердің негізгі бөліктерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін және олардың мәнін; табиғи мекендеу ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін; Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын; фотосинтез үрдісінің негіздерін; жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу, жүйке жүйесіне кіретін органдарды және олардың ролін; сүзу үрдісін қолдану саласын; сәуленің кейбір қасиеттерін: тік сызық бойынша қозғалу, шағылысу, жұтылу; «Электр тізбегі» ұғымын және оның компонентттерін біледі;

макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау маңыздылығын;

тірі ағзалар үшін су мен ауаның мәнін; ағзалардың алуан түрлілігі мен айырмашылықтарын; тірі ағзалардың Жер бетінде таралуының күн энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген ортадағы шарттарға тәуелділігін; тамыр бойынша қан қозғалысын; жеке тазалықты сақтау қажеттігін; ағзаның індет пен аурулардан қорғану қызметін; пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салалары мен оларды игеру тәсілдерін; ұқыпты пайдалану мен сақтау қажеттілігін; энергия түрлерін; масса мен күшті өлшеу бірліктерін; судың үш агрегаттық қалпын түсінеді;

стандартты бірліктерді, өзі немесе мұғалім бақылауымен нұсқаулыққа сәйкес қарапайым құралдар көмегімен түрлі өлшеулер жүргізеді; компьютерлік бағдарламалар көмегімен электр тізбектерін модельдеуді; өз идеяларын тексеру үшін бақылауларды; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми терминологияны қолданады;

кез-келген айырмашылықтарды түсіндіреді және болжамдар мен алынған нәтижелерді; түрлі мекендеу орталарының ұқсас және өзгеше сипаттарын; өсімдіктерді қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су қажеттілігін; өсімдіктер формаларын, органикалық және бейорганикалық заттектерді талдайды;

негізгі нышандары бойынша ағзаларға; идеяларды тексеру, растау немесе жоққа шығару үшін қарапайым зерттеулер мен бақылауларға; жазба, сурет, кесте, гистрограмма түріндегі салыстыру нәтижелеріне синтез жасайды;

темекі шегу мысалы арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам денсаулығына әсерін; табиғи саябақтар, қорықтар құру идеяларын; ғаламшарда биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын, адамның қоршаған ортаны сақтау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды;

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітіргенде оқушы:

қоршаған орта туралы дүниетанымдық түсініктерді қалыптастырудағы пәннің мәнін; ғалам, Жер ғаламшары және оның табиғаты туралы негізгі жаратылыстану түсініктерін; өсімдіктердің өмір циклін (тозаңдану, ұрықтану, тұқым өндіру, тұқым шашу және өсу), олардың негізгі бөліктерінің құрылымы мен орналасу ерекшеліктерін; табиғи мекендеу ортасына қарай өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін; Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарын; фотосинтез үрдісінің негіздерін; жануарлардың бір жасушалы және көп жасушалы болып жіктелуін; өсімдіктердің гүлді және гүлсіз болып жіктелуін; өсімдіктер арасында симбиотикалық өзара қарым-қатынастардың болатындығын; жануарлардың негізгі қоректену түрлерін; ас қорыту, қан айналымы, тыныс алу жүйелеріне, сонымен қатар бөлу, көбею және жүйке жүйелеріне кіретін органдарды және олардың ролін; сүзу үрдісін қолдану саласын; жарықтың кейбір қасиеттерін: тік сызық бойынша қозғалу, шағылысу, жұтылу; дыбыстың кейбір қасиеттерін; «Электр тізбегі» ұғымын және оның компонентттерін; физикалық күштердің кейбір түрлерінің туындау себептерін; Қазақстан Республикасындағы пайдалы қазбалардың негізгі кен орындарын; жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері, негізгі қасиеттері мен өнімдерін; кен түсінігі мен оның түрлерін, сондай-ақ қорытпалар түсінігін; ауа құрамын; табиғаттағы су айналымын; астрономия саласындағы кейбір ғалымдардың өмірбаяны мен ашқан жаңалықтарын; ғаламшарлардың Күн жүйесіндегі орналасуын; зерттеулерді жоспарлау мен жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының негіздерін біледі;

макро және микроәлем түсінігін; ғаламшарда экологияны сақтау маңыздылығын; өсімдіктердің алуан түрлілігін сақтау маңыздылығын; тұқым түзілу үрдісінің негіздерін; тағам тізбегінің бөлігі ретінде өсімдіктерді; «продуцент», «консумент», «жыртқыш» және «құрбан» ұғымдарының мәнін; ауаның тірі ағзалар үшін мәнін; омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың қарапайым айырмашылықтарын; жануарлардың күн энергиясына және олардың әрекеттерінің мекендеген ортаға тәуелділігін; тамыр бойынша қан қозғалысын; жеке тазалықты сақтау қажеттігін; ағзаның індет пен аурулардан қорғану қызметін; Жердегі тіршілікті қорғау үшін атмосфера қабатының мәнін; ауаны ластайтын заттектердің түзілуі және олардың тигізетін зиянын; пайдалы қазбаларды ұқыпты пайдалану мен сақтау қажеттілігін; металлдар, пайдалы қазбаларды қолданудың кейбір салаларын және оларды игеру тәсілдерін; энергияның кейбір түрлерін; түрлі денелердің жылу және электр өткізгіштігін және оларды қолданудың кейбір салаларын; масса мен күшті өлшеу бірліктерін; судың үш агрегаттық қалпын түсінеді;

стандартты бірліктер жүйесін, нұсқаулыққа сәйкес қарапайым құралдар көмегімен өлшеу тәсілдерін; компьютерлік бағдарламалар көмегімен электр тізбектерін модельдеу әдістерін; өз идеяларын тексеру және оқиғалардың логикалық тізбегін қалыптастыру үшін бақылаулар әдістерін; жүргізілген бақылауды түсіндіру үшін ғылыми терминологияны; өзінің тұрғылықты жеріндегі өсімдіктер мен жануарлардың жіктелуін құрастыру үшін олардың түрлерінің қарапайым нышандары туралы білімді; тағам тізбегінің сұлбаларын; нақты деректер алу үшін ғылыми қағидаттарға сәйкес қайта өлшеулерді; компасты; Жердің айналу үрдісінің модельдерін қолданады;

алынған нәтижелердің жасалған болжамдарға сәйкестігін талдайды және оларды ғылыми білім мен түсінік көмегімен түсіндіреді; түрлі мекендеу орталарының ұқсас және өзгеше сипаттарын; өсімдіктер мен жануарларды қорғау тәсілдерін; тәулік ішіндегі адамның су қажеттілігін; өсімдіктер формаларын, органикалық және бейорганикалық заттектерді; кейбір денелердің жылу өткізгіштігін; металл қасиеттеріне сүйеніп, түсті металлдардан жасалған бұйымдарды талдайды;

тұрғылықты жеріндегі өсімдік түрлерінің негізгі нышандарына; қарапайым объективті зерттеулерге; идеяларды тексеру, растау немесе жоққа шығару үшін бақылауларға; болжамдарға және ғылыми білім мен түсінікке негізделген оларды тексеру тәсілдеріне; жиналуы тиіс дәлелдерге; жазба, сурет, кесте, гистрограммаларға; Қазақстанның экологиялық проблемалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарының деректері мен өз бақылауларына; қоршаған ортаны адамзат іс-әрекетінің әсерінен қорғау тәсілдеріне синтез жасайды.

өсімдіктердің өсуіне әсер ететін факторларды; темекі шегу мысалы арқылы жаман әдеттерді және ластанған ауаның адам денсаулығына әсерін; пайдалы қазбалардың шектеулілік мәселесін; табиғи саябақтар, қорықтар құру идеяларын; қоршаған ортаны ластау көздерінің зиянын; ғаламшарда биологиялық алуан түрлілік пен орта шарттарын сақтау маңыздылығын, адамның қоршаған ортаны сақтау жөніндегі іс-әрекетін бағалайды.

21. «Адам және қоғам» білім беру саласы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

Қазақстан туралы алғашқы мәліметтерді, қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен фольклорын, отбасы, мектеп қоғамы, күнделікті өмірі өтетін басқа да салалардың құрылымын, құрамы мен қызметін; адамның әлеуметтік қызметтері туралы қарапайым мәліметтерді, тұтыну заттарының негізгі түрлерін, олардың құрамын, қасиеттері мен көздерін; қоршаған әлем туралы қарапайым мәліметтерді; «адам-қоғам» өзара байланысы туралы қарапайым мәліметтерді, саяхат мәні мен түрлерін, «қауіпсіздік» және «денсаулық» ұғымдарын және олардың негізгі нышандарын біледі;

Қазақстанның орналасқан жерінің ерекшеліктерін, мемлекеттік нышандар туралы бастапқы түсініктер мен олардың мәнін, туған өлке мен Қазақстанның көрнекі орындарын; қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының мәдениеті туралы алғашқы түсініктерді, адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысы, оның табиғатпен бірлігі, дене мен рухани денсаулықтың өзара тәуелділігін; өмірге деген оң көзқарастың маңыздылығын, айналадағыларға сабырлық көзқарасының қажеттілігін; қауіпсіздік және денсаулық проблемаларын түсінеді;

қоршаған ортамен байланыс жасауда жағдайды талдау, бағалау және шешім қабылдау үшін білімін; кеңістікте қозғалу, бағдарлау үшін қарапайым құралдарды (карта, компас); денсаулық жағдайын анықтау үшін қарапайым құралды (градусник); қарапайым қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қарапайым аспаптарды; саяхат туралы, сатып алулар мен қарапайым қаржылық қарым-қатынастар саласында жеке тәжірибесі мен білімін, қауіпсіздік пен денсаулықтың қарапайым мәселелерін шешу үшін жеке тәжірибе мен білімін; ақпарат беруге арналған шартты белгілер мен нышандарды, қоғам орнында өзін ұстау ережелерін; қоршаған ортаға бейімделуде өз және қоғам тәжірибесін қолданады;

Қазақстанның орналасқан орнын; қазақ халқы мен Қазақстан халықтарының мәдени-ғұрып дәстүрлеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды; денсаулық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тәжірибені; отбасы, мектеп қоғамы, қоғам мен қоршаған әлем құрылымын, олардың қызметі мен байқалу заңдылықтарын; зерттелетін нысандар, құбылыстар мен үрдістер ролін талдайды;

оның жеке мәселелеріне, отбасы, тұлғааралық және қоғамдық салаларда қарым-қатынасты жетілдіру проблемаларына, денсаулық пен қауіпсіздік саласында, саяхаттар ұйымдастыру мен қарапайым қаржы қарым-қатынастарына қатысы бар өз шешімдерін іздестіру, баламаларын іздестіру, мәселелерді жүйеге келтіруде өз біліміне синтез жасайды;

адамгершілік нормалар тұрғысынан өзінің мінез-құлқын; ел, қоғам, отбасы, қоршаған орта, фольклор, тұтыну заттарының мәнін; даму мен білім алудағы өзінің ілгерілуін бағалайды.

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:

«адам-қоғам» жүйелерінде жеке тұлға-отбасы-мектеп қоғамы-қоғам-жеке тұлға желісі бойынша өзара байланыс туралы қарапайым мәліметтерді, олардың сапа нышандарын; қоршаған орта компоненттерінің құрылымдық байланыстарын; жеке тұлға, отбасы, қоғамдастықтар мен қоғамның адам өміріндегі жалпы мәні мен роліндегі ерекшеліктерін; Қазақстанның әлемдегі ролі мен орнын; қазақ халқының және Қазақстан халықтарының фольклорының жанрлары мен бағыттарын, ерекшеліктері мен айырмашылықтарын; саяхат себепті негізі мен түрлерін, олардың өмір мен экономикадағы көрінісін; салауатты өмір салтының негіздерін біледі;

ұлттық әдет-ғұрыптардың құндылығы мен мәні, нәсілдік-этникалық тиесілігіне сәйкес адам тұлғасында сыртқы нышандардың себептік негізделуі, тұлғаның ішкі әлемі, құндылықтар, өмір салты, әрекеттер, қоршаған ортасына сәйкес мінезі мен көңіл-күйін; түрлі тұрғылықты жерлердің қызметтік және құрылымдық ерекшеліктерін; өзін Қазақстанның жас азаматы ретінде сезіну және нақты бір ұлтқа тиесілігін сезіну түріндегі өзінің азаматтық бірегейлігін; өзінің отбасы, кіші Отаны туралы құндылықты түсініктерді; көп ұлтты қазақстандық қоғам құндылықтары туралы жалпы және бастапқы түсініктерді (Қазақстан Отан кейпінде); Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің ішкі мәнін; адамның жақсы қасиеттерін; адамның қоғамдағы адамгершілік нормаларын; адамның өзін тану және өзін дамыту қажеттілігін; ел, қала, ауыл, мектеп өміріне өзінің қатыстылығын; қоғамға қызмет ету мәнін; ой, сөз және әрекеттің сәйкес болу қажеттілігін, оларға жауаптылығын; Қазақстан фольклорының негізгі жанрларын; саяхат түрлерін; денсаулық сақтау әдістері мен құралдарын түсінеді;

оқу тапсырмаларын орындау кезінде, шығармашылық, танымдық, зерттеу, жобалау сипатын орындау кезінде, қосымша ақпаратты жалпылау және қажетті материалдарды іріктеу кезінде, табиғи және қоғамдық нысандардың, үрдістер мен құбылыстардың қасиеттерін, олардың нышандарын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау кезінде, табиғат пен қоғам құбылыстары, үрдістері мен нысандарын бақылау кезінде білім мен дағдыларды; аспаптар, жұмыс тәсілдері, аспаптарды пайдалану ережелері, еңбек қауіпсіздігі техникасы мен жеке тазалық ережелерін; қоршаған ортаны зерттеудің қарапайым ғылыми әдістерін (қарапайым сұлбалар мен графиктерді жүйелеу, әзірлеу, оқиғалар мен құбылыстарды «бұрын-қазір» уақыттық межеде орналастыру); жер карталары мен жоспарлары, компас, навигация құралдарын; практикалық қызметте техника-технологиялық тәсілдерін; салауатты өмір салты, жеке тазалық, тамақтану және күн тәртібі нормаларын сақтау білімін; жарақат алу кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуді білімі мен іскерлігін; жарақат алу кезінде алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуде қарапайым білімін қолданады;

Қазақстанның әлемдегі ролі мен орнын; Қазақстан халықтарының мәдени-ғұрып дәстүрлеріндегі адамгершілік қызметтерін, құндылықтарын; жеке тұлға, отбасы, мектеп қоғамының, күнделікті өмірі өтетін басқа да салалардың даму факторларын; күнделікті өмірдегі негізгі ресурстарды қызмет, генезис, экологиялық ерекшеліктеріне қарай жіктеу нышандарын; денсаулық пен қауіпсіздік факторларын талдайды;

зерттелетін құбылыстар, нысандар мен үрдістерді жіктеу, жүйелеу, жалпылау және дифференциялау үшін; пәннің тақырыптық бөлімдерінің мәселелері мен өз дамуының барынша өзекті проблемаларын шешуді іздестіру бойынша өзінің танымдық қызметін әртараптандыру үшін алынған білім, дағдылар мен түсініктеріне синтез жасайды;

сабақта өз жұмысына қанағаттану дәрежесін; тиімділік тұрғысынан сабақтағы өз әрекетін, жалпы белгілі алгоритмен салыстыру негізінде сабақтағы өз жұмысын; өздері меңгерген/анықтаған критерийлер негізінде пән мен тақырыптық бөлімдер бойынша, саяхат, демалыс, сатып алу, қауіпсіздік және денсаулық мәселелері бойынша өзінің даму деңгейін; өзінің нәтижелері мен жалпы белгілі нәтижелер арасындағы сәйкестікті; бағаланатын үрдістер, құбылыстар мен нысандарды әрі қарай жетілдіру үшін бағалау нәтижелерін бағалайды.

22. «Өнер» білім беру саласы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері:

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

сызықтың, көкжиек деңгейлері, перспективалардың негізгі түрлерін; сурет салу және көркем өнер бойынша қарапайым материалдар, сурет салу және көркем жұмыстар үшін материалдардың қарапайым қасиеттері мен сапаларын; қарапайым заттар нысандары мен текстурасының ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын; түстер гаммасы мен түстерді араластыру тәсілдерін; сурет өнері және көркем еңбек бойынша бастапқы терминологияны; жұмыстың қарапайым зерттеу және практикалық тәсілдерін; сурет өнері, қолөнер мен дизайнде жұмыстың қарапайым техникалары, қарапайым көркем жұмыстар жасауға арналған сандық компьютерлік технологияларды;

музыка бойынша бастапқы терминдер мен түсініктер (дыбыс, ырғақ, көлем, нота, нота ұзақтығы, динамика, тембр, унисон, ансамбль, ансамбль түрлері, ән шырқау, партия бойынша ойнау және т.б.); қарапайым музыка формалары мен дыбыстардың ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары, жеке музыканттар мен композиторлар шығармашылығы, қарапайым музыкалық туындылар шығару үшін бастапқы музыкалық және сандық компьютерлік технологияларды, қол белгілерін біледі;

Қазақстан мен басқа халықтардың өнер, қолөнер, дизайн, мәдениет туындыларының мәнін; осы туындыларда берілетін идеялар, сезімдер, көңіл-күй, эмоциялық жағдайларды түсінеді және оларды сурет өнері тілімен түрлендіреді;

Қазақстан мен басқа халықтардың өткеннен қазіргі уақытқа дейінгі музыкалық туындыларының мәнін, осы туындыларда берілетін идеялар, сезімдер, көңіл күй, эмоциялық жағдайларды түсінеді және оларды сурет өнері тілімен түрлендіреді;

суреттеудің түрлі тәсілдерімен идеялар мен сезімдерді; АКТ қолданумен визуалды және басқа ақпаратты жинау мен іріктеудің бастапқы дағдыларын; көркем жұмыстар жасау үшін қарапайым модельдеу, жоспарлау және білімін көрсету; сурет және көркем еңбек бойынша қарапайым материалдармен жұмыс істеудің түрлі техникалары, негізгі сызықтармен суреттер құрайды, қарапайым жапсырмалар орындайды, аспаптар жинағы, сурет пен көркем еңбекке арналған үрдістер мен материалдар, қауіпсіздік техникасын;

қарапайым музыка үзінділерін құру идеяларын, АКТ қолданумен дыбыс ақпаратын жинау мен іріктеудің бастапқы дағдылары, дыбыстарды естумен тану тәсілдері, дауыс, музыка аспаптары, сандық технологияларды, шығармашылық элементтер мен қысқа импровизациялар құруға, әрлеу және композицияларға арналған графикалық белгілеулер, бірігіп шырқау, партия бойынша ән айту/ойнау, музыка ерекшеліктерін дәл сипаттау және оны елеуге арналған терминологияны қолданады;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларында қарапайым өнер туындылары, түрлі ақпарат пен оның көздері, пәнмен байланысты жағдайлар, қолөнері және дизайн бойынша сурет пен жұмыстарды;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларында қарапайым музыка туындылары, түрлі ақпарат пен оның көздері, пәнмен байланысты жағдайлар, елеулі және елеусіз нышандарды атап көрсетумен қарапайым нысандарды талдайды;

сурет бойынша қарапайым композициялар мен көркем жұмыстар орындау үшін, жобалар жазу үшін білім мен дағдылар;

әнді бірге шырқау және партиямен айту үшін, қарапайым аспаптарда ойнау үшін, қарапайым музыка шығармаларын құру мен түрлі жобаларды жасау кезінде алынған білім, дағды мен іскерліктерге синтез жасайды;

қарапайым өнер туындылары, дайын өзінің жұмыстары мен басқалардың жұмыстарын бағалайды және оларды жақсарту үшін түсініктер береді;

қарапайым музыка туындылары мен ән материалы, тақырыптық бөлімдер бойынша өзінің даму деңгейі, өз жұмысы мен басқалар жұмысын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар, өз нәтижелері мен басқалар нәтижелері арасында сәйкестік, музыкалық шығарманы құру логикасын бағалайды.

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:

сурет өнері мен көркем еңбек бойынша негізгі терминдер мен түсініктер, сызықтың, көкжиек деңгейлері, перспективалардың негізгі түрлері; сурет салу және көркемдік өнер бойынша қарапайым материалдар, сурет салу және көркем жұмыстар үшін материалдардың қарапайым қасиеттері мен сапалары; қарапайым заттар нысандары мен текстурасының ерекшеліктері, түстер гаммасы мен жаңа түстер алудың түрлі тәсілдері; түрлі зерттеу және практикалық жұмыс тәсілдері, қоршаған орта, образдар, нысандар мен өнер түрлерінің ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтары, сурет өнері, қолөнер және дизайндағы негізгі жұмыс техникалары, қарапайым көркем жұмыстар жасауға арналған бастапқы сандық компьютерлік технологияларды;

музыка бойынша негізгі арнайы терминдер мен түсініктер (дыбыс, ырғақ, көлем, нота, нота ұзақтығы, динамика, тембр, унисон, ансамбль, ансамбль түрлері, ән шырқау, партия бойынша ойнау және т.б.); жеке музыканттар мен композиторлар шығармашылығы, стилі мен жанры бойынша түрлі музыкалық туындылар шығару үшін қарапайым музыкалық аспаптар және сандық компьютерлік технологиялар, музыкалық нысан мен дыбыстардың түрлі ерекшеліктері, олардың айырмашылықтары, ұқсастықтары, қол белгілерін біледі;

өткеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі өз халқы мен әлем мәдениетінің, өнер, қолөнер және дизайн туындыларын білу, өнер туындыларында берілетін түрлі идеялар, сезімдер, көңіл күй, эмоциялық жағдайлар мен олардың сурет өнері және түрлі көркем бұйымдар арқылы қалай түрленетінін;

өз халқы мен әлем мәдениетінің музыкалық туындыларының мәні, осы туындыларда берілетін идеялар, сезімдер, көңіл күй, эмоциялық жағдайлар мен олардың музыка тілі бойынша қалай түрленетінін түсінеді;

өзінің және әлемнің басқа халықтарының мәдениетіне қатысты өз қатынасын беру үшін өнер туралы білу, суреттеудің түрлі тәсілдерімен идеялар мен сезімдерді беруі; шығармашылық жұмыстар құру үшін қолданбалы сипаттағы практикалық дағдылар (үлгілеу, сурет салу, көркем жұмыстар), көркем суретте өз әсерін, сезімін, көңіл күйін беру үшін өзін білдірудің түрлі тәсілдері мен дағдылары, АКТ қолданумен оларды түрлі тәсілдермен өзіндік зерттеу, түрлі сипаттағы негізгі сызықтармен суреттер құрайды, жапсырманың әр түрін орындайды, балама тәсілдермен түрлі техникада жұмыстар жасау, қауіпсіздік техникасын сенімді және дербес пайдалануы;

зерттеу, жазу, бақылау жағдайында түрлі тәсілдермен музыка түсініктері, идеялары мен сезімдерінің негізгі мәндері; АКТ қолданумен дыбыс ақпаратын жинау мен іріктеудің негізгі дағдылары; өзінің оған қатынасын көрсету үшін музыка мәдениеті туралы білімдер; ән айту дағдысы, музыка аспаптарында ойнау, музыкалық үзінділер құру үшін әрлеу; музыка қызметінде өзінің әсерін, сезімдері, көңіл күйлерін беру үшін өзін көрсетудің түрлі тәсілдері мен дағдылары; оларды түрлі тәсілдермен зерттеу, естуге дыбысты тану және оларды жеткілікті дәлдікпен анықтау дағдылары, бірігіп ән шырқау және барынша сенімді партиялар бойынша ән шырқау/ойнау; музыканың ерекшеліктерін дәл сипаттау және оны елеу үшін терминологияны кеңінен пайдалану (қазақ аспаптарының атауларын қоса); музыкалық дағдылар мен қасиеттердің ауқымды спектрі, музыканы өнердің басқа түрлерімен қиюластырудың түрлі тәсілдерін қолданады;

идеяларды, арнайы терминологияның олардың қасиеттерін сипаттау үшін дұрыс іріктелген спектрі, Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларында өнер туындыларының барынша күрделі түрлері, көркем жұмыстар, сондай-ақ басқалардың жұмыстары, барынша күрделі ақпарат пен оның көздері, пәнмен байланысты түрлі жағдайларды;

Қазақстан мен басқа халықтар мәдениетінің түрлі стильдері мен жанрларында барынша күрделі музыка туындылары, олардың қасиеттерін сипаттау үшін дұрыс таңдалған арнайы терминология спектрі, өздері құрған қарапайым музыкалық туындылар мен шығармалар, сондай-ақ басқалардың жұмысы, барынша күрделі ақпарат және оның көздері, пәнмен байланысты түрлі жағдайларды талдайды;

сурет өнері бойынша барынша күрделі көркем жұмыстар мен түрлі композицияларды орындауға арналған білім мен дағдылар, өз жұмыстарын жақсарту үшін түрлі көзқарастар, өнер мен одан тыс түрлі жобалар негізінде портфолио құру үшін қызмет түрлерін біріктіреді;

әнді бірігіп және түрлі партиялар бойынша өзіндік орындауға, музыкалық ұру аспаптарында ойнау, барынша күрделі музыка шығармаларын құру үшін білім, дағды және іскерліктер, түрлі көзқарастар, барынша күрделі музыка шығармалары мен жобаларды орындау, жас мөлшері ерекшеліктеріне орай портфолио құру үшін музыка мен одан тыс қызмет түрлеріне синтез жасайды;

барынша күрделі өнер туындылары, өз жұмысы мен басқалардың жұмыстарын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар мен көзқарастар, тақырыптық бөлімдер мен жалпы пән бойынша өзінің даму деңгейі, өзі мен жалпы қабылданған нәтижелер арасында сәйкестік, көркем және музыкалық жұмыстарды құру логикасын;

суретші мен музыкант тұрғысынан барынша күрделі музыкалық туындылар, тақырыптық бөлімдер мен жалпы пән бойынша өзінің даму деңгейі, өз жұмысы мен басқалар жұмыстарын жақсарту үшін түрлі ұсыныстар мен көзқарастар, өзі мен жалпы қабылданған нәтижелер арасында сәйкестік, музыкалық шығармаларды құру логикасын бағалайды.

23. «^ Дене шынықтыру» білім беру саласы бойынша күтілетін оқыту нәтижелері

бастауыш мектептің 4-сыныбын бітірген оқушы:

дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері, дене жаттығуларымен айналысудың тазалық ережелері, сабаққа дейінгі гимнастиканы, дене шынықтыру минуттарын, жаттығулар орындау кезінде дұрыс тыныс алу ережесін біледі;

негізгі қозғалыстар мен жеңіл атлетика тәсілдерін дұрыс орындап (жүгіру, секіру, лақтыру); жылжу техникасын қалыптастыру мен бекітуге арналған арнайы дене жаттығуларын орындап, спорттың командалық түрлерінде доп беру (футбол, волейбол, баскетбол), сондай-ақ ракетка және шарикпен, воланмен еркін жұмыс істеп (үстел теннисі, бадминтон); заттармен және затсыз гимнастика жаттығуларын орындап, шаңғы мен коньки тебе алады.

бастауыш мектептің 5-сыныбын бітірген оқушы:

дене жаттығуларын орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелері, дене жаттығуларымен айналысудың тазалық ережелері, сабаққа дейінгі гимнастиканы, дене шынықтыру минуттарын орындау ережесі; жаттығулар орындау кезінде дұрыс тыныс алу, таза тамақтанудың негізгі қағидаттары мен қозғалу режимі; спорттың әр түрінде (футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, бадминтон) төрешілер белгілерін түсінеді; құлау кезінде қауіпсіздік техникасын біледі;

жеңіл атлетиканың негізгі қозғалыстары мен тәсілдерін орындау (жүгіру, секіру, лақтыру), жылжу техникасын қалыптастыру мен бекітуге арналған арнайы дене жаттығуларын орындау, спорттың командалық түрлерінде доп беру (футбол, волейбол, баскетбол), сондай-ақ ракетка және шарикпен, воланмен еркін жұмыс істеу (үстел теннисі, бадминтон); заттармен және затсыз гимнастика жаттығуларын орындау, түрлі акробатикалық жаттығулар орындау кезінде сақтандыру орындау, аспа мен білікте жаттығулар кешенін орындау, шаңғымен қозғалу кезінде түсу, айналу, көтерілуді дұрыс орындау, конькимен бір тіреулі және екі тіреулі сырғуды орындау, тежелу, айналуды орындау алады.

  1   2



Похожие:

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты iconҚр мжбс 3 01-2010 Астана-2010 ббк
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты iconҚарағанды қаласындағы 2011-2012 оқу жылындағы тарих және қоғамдық пәндерінің берілісіне талдау 2011-2012 оқу жылында «Тарих», «Қоғамдық білім негіздері»
«Тарих», «Қоғамдық білім негіздері», «Адам және Қоғам» пәндері 2010ж. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты iconҚазақстан республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
КӘсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде кешенді...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon2011 жылғы 17 маусымдағы №261 Қр бғМ бұйрығы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 6 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты iconТүйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио
Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты icon2012 жыл жма әБ құжататрын жүргізуге қойылатын талаптар жма әБ жұмысында басшылыққа алынатын нормативті құжаттар: ҚР «Білім беру туралы»
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты-2010, 09. 07. 2010 жылы Қр бғМ №367 бұйрығымен бекітілген жма пәндері бойынша оқу...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы