|
«Қазақстан Республикасының білім және ғылым Тұжырымдама интеграциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 28 мамырдағы № 349 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасының білім және ғылым Тұжырымдама интеграциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 28 мамырдағы № 349 бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (Н.М. Ыбырайым) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр Б. Жұмағұлов |