Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы icon

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы



НазваниеМамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Дата конвертации19.02.2014
Размер281.52 Kb.
ТипДокументы
источник



Мамандандырылған білім беру

ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік

қағидаларын бекіту туралы


«Білім беру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Мамандандырылған білім беру ұйымдары (мамандандырылған мектептер, лицейлер, мектеп-лицейлер, гимназиялар, мектеп-гимназиялар) қызметінің үлгілік қағидалары;

2) интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары;

3) мамандандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаұды қамтамасыз етсін;

3) осы бұйрықты білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Министр Б. Жұмағұлов


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген


Мамандандырылған білім беру ұйымдары

(мамандандырылған мектептер, лицейлер, мектеп-лицейлер, гимназиялар, мектеп-гимназиялар) қызметінің үлгілік қағидалары


^ 1. Жалпы ережелер


1. Мамандандырылған білім беру ұйымдары (мамандандырылған мектептер, лицейлер, мектеп-лицейлер, гимназиялар, мектеп-гимназиялар) (бұдан әрі – мамандандырылған білім беру ұйымдары) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген бастауыш, негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпы білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларының мемлекеттік және шетел тілдерін, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спортты тереңдетіп игеруге бағытталған оқу мекемесі.

2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметті Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде құрылған жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

3. Мамандандырылған білім беру ұйымдардың негізгі мақсаты - элиталық білім беруді, бастауыш, негізгі орташа, жалпы орташа білім берудің және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын және оқудың жоғарғы тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық технологияларды іске асыру.

4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мақсаты:

1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерінің қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлікті молайту;

2) дарынды балаларға білім берудің вариативтіжәне көп деңгейлілікті қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

3) дарынды балаларда жеке бас хабардар болуды дамыту;

4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, саналы таңдауға және қосымша мен кәсіби білім беру бағдарламаларын қабылдауға дайын мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлі тұлғаны қалыптастыру;

5) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы игерілуін және оқушылардың саралап оқытылуын қамтамасыз ету;

6) оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

5. Мамандандырылған білім беру ұйымдардың ерекшелігі – жеке басқа тиісті қабілеттерді, шығармашылық негіздерін ертерек дамытумен, қазіргі заманғы ғылымның өзекті бағыттарында өзбетінше бағыт алуға үйретумен іргелі білім беруді байланыстыру.

6. Жалпы орташа білім берудің қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету, оқу үшін қолайлы жағдайларды жасау үшін, дарынды балаларды олардың икемділіктеріне, қабілеттеріне, мүдделіліктеріне байланысты тәрбиелеу және дамыту мақсатында келесі білім берудің мамандандырылған ұйымдары құрылады:

Мамандырылған мектептер – мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген бастауыш, негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпы білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын және оқушылармен мемлекеттік және шетел тілдерін, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спортты тереңірек игеруге бағытталған оқу мекемесі.

Мамандандырылған лицей (мамандандырылған мектеп-лицей) – білім алушылардың икемділіктеріне және қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін бастауыш, негізгі орташа және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу мекемесі.

Мамандандырылған гимназия (мамандандырылған мектеп-гимназия) - бастауыш, негізгі орташа және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған оқу бағдарламаларын іске асыратын оқушыларға олардың икемділіктеріне және қабілеттеріне сәйкес кеңейтілген және тереңдетілген қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша білім беруді қамтамасыз ететін оқу мекемесі.  

7. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымдарының, қоғамдық-саяси және діни қызметтері және ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


^ 2. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

(мамандандырылған мектептер, лицейлер, мектеп-лицейлер, гимназиялар, мектеп-гимназиялар)


Қызметті ұйымдастыру


8. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының дәрежесі (типі, түрі) нормативті-құқықтық актілердің талаптарын, білім беру қызметін лицензиялау барысындағы қызметтің үлгілі ережелерін, біліктілік талаптарын ескерумен оның жарғысында жазылады.

9. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мемлекеттік аттестациясы «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген тәртіпте жүргізіледі.

10. Мамандандырылған білім беру ұйымдары іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізудің нысандарын, құралдардың және әдістерін әзірлеудіұйымдастыратын, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынап көрудің шығармашылық шеберханасы болып табылады.

11. Мамандандырылған білім беру ұйымдары келесі бағыттарда болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық,әскери, спорттық.

12. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қосымша білім беру қызметтерінің түрлерін, нысандарын, оның ішінде ақылы қызметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте көрсетеді.  

13. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау балалардың интеллект дамуының жалпы деңгейін белгілеуге, оқудың тиісті бағытына тиісті арнайы қабылеттерін анықтауға бағытталған медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеулер нәтижесі бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына жалпы білім беру пәндерінің, арнайы конкурстардың республикалық, өңірлік олимпиадалар және ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың), арнайы конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

14. Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Аралық және қорытынды аттестация Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген нормативті-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын бітірушілерге белгіленген үлгідегі орташа жалпы білім алуы туралы аттестаттар беріледі.

17. Республикалық маңызындағы мамандандырылған білім беру ұйымдарын материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы уәкілетті органмен, облыстық, республикалық маңызындағы қаланың және астананың мамандандырылған білім беру ұйымдарын материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.


Білім беру үдерісі


18. Мамандандырылған білім беру ұйымдары білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1)бірінші деңгей–бастауыш білім беру;

2)екінші деңгей–негізгі білім беру;

3)үшінші деңгей–жалпы орташа білім беру.

19. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру үдерісін ұйымдастыру білім беру саласында уәкілетті органмен бекітілетін бастауыш, негізгі, орташа, жалпы орташа білім берудің үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген жұмыс істейтін оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмыс істеу оқу жоспарлары білім беру ұйымдарының әкімдігімен бекітіледі және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен және дарынды балалармен жұмыс жүйесін үйлестіретін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомство қарамағындағы ұйымымен келістіріледі.

20. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орташа білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін тереңірек игеруге, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын дамытуға бағытталған.

21. Мамандандырылған білім беру ұйымдары оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндер бойынша жұмыстың оқу жоспарын және бағдарламаларын өзбетінше жүзеге асырады.

22. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық халықаралық бола алады. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

23. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында пәндерді тереңірек оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына 1500 сағат деп есептегенде біліктілігі жоғары мамандарымен келісім негізінде өткізілетін жекеленген курстар және лекциялар үшін төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі.

24. Мамандандырылған білім беру ұйымдары олардың жарғысымен белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.

25. Мамандандырылған білім беру ұйымдары ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр потенциалы мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

26. Мамандандырылған білім беру ұйымдарынан сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орташа білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

27. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының сыныптар-топтары саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар барысында қалыптасады.

28 Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шетел тілін және шетел тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

29. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына есептегенде психологтың 1 ставка мөлшерінде психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.


Басқару және кадрмен қамтамасыз ету


30. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын басқару және кадрмен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қаржыландыру


31. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

32. Мамандандырылған білім беру ұйымдары ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерін айырбастау жолымен және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі есебінен көрсетуге тыйым салынады.

33. Тартылған қосымша қаражаттар мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкемейді.

34. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу оларды материалды ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

35. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.


Халықаралық ынтымақтасу


36. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қалықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларына сәйкес қатысады.


Құрылуы, қайта құру және тарату


37. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген


Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары


^ 1. Жалпы ережелер


1. Интернаттық мекемелері (мамандандырылған мектеп-интернат, мамандандырылған мектеп-лицей-интернат, мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат, мамандырылған музыкалық мектеп-интернат, мамандандырылған спорттық мектеп-интернат, мамандандырылған әскери мектеп-интернат, қазақ-түрік лицейі) бар мамандандырылған білім беру ұйымдары (бұдан әрі –Мектеп-интернаттар) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген бастауыш, негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпы білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын және білім алушыларының мемлекеттік және шетел тілдерін, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спортты тереңірек игеруге бағытталған және оқушыларды тұру жерімен қамтамасыз ететін оқу мекемесі.

2. Мектеп-интернат өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде құрылған жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

3. Мектеп-интернаттың негізгі мақсаты –дарынды балалардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін тереңірек игеруге бағытталған элиталық білім беруді қамтамасыз ететін мамандандырылған жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру.

4. Мектеп-интернатының мақсаты:

1) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене шынықтыру мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір сүру негіздерінің қалыптастыру, дара тұлғаны дамыту үшін жағдайларды жасау арқылы зияткерлік байыту;

2) тұрғын үймен қамтамасыз етумен дарынды балаларға білім берудің вариативті және көп деңгейлілікті қамтамасыз ететін жағдайларды жасау;

3) дарынды балаларға жеке басты бағдарлауға дамыту;

4) қоғамда өмір сүруге бейімделген, саналы таңдауға және қосымша мен кәсіби білім беру бағдарламаларын қабылдауға дайын мәдени жағынан жоғары дамыған зияткерлік тұлғаны қалыптастыру;

5) негізгі жалпы білім беру бағдарламаларының сапалы игерілуін және оқушылардың саралап оқытылуын қамтамасыз ету;

6) білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламды коммуникациялық желілерге шығу.

5. Әртүрлі мектеп-интернаттары нақты мақсаттарға байланысты, білім берудің мазмұнына қойылатын талаптарға, білім берудің ерекшеліктеріне, қызметтің режиміне және қаржыландыру жағдайларына байланысты құрылады.

6. Мектеп-интернаттар қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте бекітілген тиісті нормативті-құқықтық актілермен реттелетін республикалық, облыстық маңызынында бола алады.

7. Жалпы орташа білім берудің қолжетімділігін және вариативтілігін қамтамасыз ету, оқу үшін қолайлы жағдайларды жасау үшін, дарынды балаларды олардың икемділіктеріне, қабілеттеріне, мүдделіліктеріне байланысты тәрбиелеу және дамыту мақсатында келесі Мектеп-интернаттар құрылады:

Мамандырылған мектеп-интернат– қызметтің зияткерлік қызметінің әртүрлі түрлерінде жоғары қабілеттер деңгейін немесе жекеленген пәндер бойынша ерекше дарындылықты көрсететін, тұратын орын ұсынумен балаларды оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған, мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген бастауыш, негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпы білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын оқу мекемесі.

Мамандандырылған мектеп-лицей-интернат – бастауыш, негізгі орташа және жалпы орташа мамандандырылған жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға олардың икемділіктеріне және қабілеттеріне сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу мекемесі.

Мамандандырылған мектеп-гимназия-интернат - бастауыш, негізгі орташа және мамандандырылған жалпыға арналған білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын, тұратын орын ұсынумен білім алушыларға олардың икемділіктеріне және қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-гуманитарлық немесе көркемөнер-эстетикалық бағыттар бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім беруді қамтамасыз ететін оқу мекемесі.  

Мамандырылған музыкалық мектеп-интернат–музыкалық дарынды балаларға арналған, тұратын орын ұсынумен мамандандырылғын музыкалық және жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу мекемесі.

Мамандандырылған спорттық мектеп-интернаты–білім алушылардың әртүрлі спорт түрлерін тереңірек игеруге және олардың әлеуетін және дарындылықтарын дамытуға бағытталған, тұратын орын ұсынумен негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын оқу мекемесі.

Мамандандырылған әскері мектеп-интернаты –оқушылардың әскери істі тереңірек игеруге бағытталған, тұратын орын ұсынумен негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпыға арналған білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын оқу мекемесі;

Қазақ-түрік лицейі – негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпыға білім беретін оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын және жаратылыстану-математикалық және шетел тілінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттары пәндерін оқытуды жүзеге асыратын, тұратын орын ұсынумен оқу мекемесі.

8. Мектеп-интернатта саяси партиялардыңұйымдастырушылық құрылымдарының, қоғамдық-саяси және діни қызметтері және ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


^ 2. Интернаттық мекемесі бар мамандандырылған білім берудің ұйымдары қызметінің тәртібі


Қызметті ұйымдастыру


9. Мектеп-интернаттың дәрежесі (типі, түрі) нормативті-құқықтық актілердің талаптарын, білім беру қызметін лицензиялау барысындағы біліктілік талаптарын, Мектеп-интернат қызметінің үлгілік ережелерін ескерумен оның жрғысында жазылады.

10. Мектеп-интернат Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте және нормативті-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік аттестациядан өтеді.

11. Мектеп-интернат іздеуді, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлеуді, оны енгізудің нысандарын, құралдардың және әдістерін әзірлеуді ұйымдастыратын, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынап көрудің шығармашылық шеберханасы болып табылады.

12. Мектеп-интернат келесі бағыттарда болады: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, технологиялық, музыкалық, көркем-эстетикалық, әскери, спорттық.

13. Мектеп-интернатқа оқуға қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Мектеп-интернатқа жалпы білім беру пәндерінің, арнайы конкурстардың республикалық, өңірлік олимпиадалар және ғылыми жобалар конкурстардың (ғылыми жарыстардың), арнайы конкурстардың жеңімпаздары және жүлдегерлері білім беру ұйымының құрылтайшы құжаттарына сәйкес қабылданады.

14. Мектеп-интернаты оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Аралық және қорытынды аттестация «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

16. Мектеп-интернаттарды бітірушілерге белгіленген үлгідегі орташа жалпы білім алуы туралы аттестаттар беріледі.

17. Республикалық маңызындағы Мектеп-интернатты материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы уәкілетті органмен, облыстық, республикалық маңызындағы қаланың және астананың Мектеп-интернатын материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.


Білім беру үдерісі


18. Мектеп-интернат білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1) бірінші деңгей – бастауыш білім беру;

2) екінші деңгей – негізгі білім беру;

3) үшінші деңгей – жалпы орташа білім беру.

19. Мектеп-интернатта білім беру үдерісін ұйымдастыру білім беру саласында уәкілетті органмен бекітілетін бастауыш, негізгі, орташа, жалпы орташа білім берудің үлгілік оқу жоспарлары негізінде әзірленген жұмыс істейтін оқу жоспарлары бойынша жүзеге асырылады.

Мектеп-интернатының жұмыс істеу оқу жоспарлары білім беру ұйымдарының әкімдігімен бекітіледі және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен және дарынды балалармен жұмыс жүйесін үйлестіретін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомство қарамағындағы ұйымымен келістіріледі.

20. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орташа білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін тереңірек игеруге, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын дамытуға бағытталған.

21. Мектеп-интернаты оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндер бойынша жұмыстың оқу жоспарын және бағдарламаларын өзбетінше жүзеге асырады.

22. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық, халықаралық бола алады. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

23. Мектеп-интернатта пәндерді тереңірек оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына 1500 сағат деп есептегенде біліктілігі жоғары мамандарымен келісім негізінде өткізілетін жекеленген курстар және лекциялар үшін төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі.

24. Мектеп-интернаттар олардың жарғысымен белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен белгілейді.

25. Мектеп-интернаттар ішкі бейін пәндері, сондай-ақ оқушылардың сұрауы және кадр әлеуетті мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

26. Мектеп-интернаттардан сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орташа білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

27. Мектеп-интернаттардағы топтастырылған сыныптар саны әрбір деңгейде және сыныптарда оқитындардың саны тиісті жағдайлар барысында қалыптасады.

28. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, бейінді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шетел тілін және шетел тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

29. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-топтарына есептегенде психологтың 1 ставка мөлшерінде психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-топтары көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

30. Мектеп-интернат оның бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы.


Басқару және кадрмен қамтамасыз ету


31. Мектеп-интернатты басқару және кадрмен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Қаржыландыру


32. Мектеп-интернатты қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Мектеп-интернаты ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерін айырбастау жолымен және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі есебінен көрсетуге тыйым салынады.

34. Тартылған қосымша қаражаттар мемлекеттік мекеменің нормативтерін және (немесе) қаржыландырудың абсолюттік мөлшерлерін бюджеттік қаражаттар есебінен төмендетуіне әкемейді.

35. Мектеп-интернатының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу оларды материалды ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

36. Мектеп-интернатының педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.


Халықаралық ынтымақтасу


37. Мектеп-интернаты қалықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларына сәйкес қатысады.


Мектеп-интернатты құру, қайта құру және тарату


38. Мектеп-интернатты құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 20____ жылғы « »

№ бекітілген


^ Мамандырылған мектеп-кешені қызметінің үлгілік қағидалары


  1. Жалпы ережелер


1. Мамандандырылған мектеп-кешені (бұдан әрі – Мектеп-кешені) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттары (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленген бастауыш, негізгі және жалпы орташа білім берудің мамандандырылған жалпы білім берудің оқу және қосымша бағдарламаларын іске асыратын және оқушылармен мемлекеттік және шетел тілдерін, ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спортты тереңірек игеруге бағытталған оқу мекемесі.

2. Мектеп-кешені өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім беру туралы» Қазақстан Республикасы заңына, өзге де нормативті құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде құрылған жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

3. Мектеп-кешенінің негізгі мақсаты –мектепке дейінгі, мектепте білім алуда қабілетті және дарынды балаларда ғылыми зерттеуді дамыту, білім берудің үздіксіз қызметі негізінде дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді құру, элиталықбілім беру және осы бағыттарда Мектеп-кешенінің қызметіне ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу.

4. Мектеп-кешенінің мақсаттары:

1) үздіксіз білім алу жүйесінде дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша дамытып оқыту саласында ғылыми-зерттеу қызметіне және тәжірибелік-эксперименталды жұмыстарда жалпы ғылыми басшылықты қамтамасыз ету;

2) білім беру қызметінің инновациялық технологияларын әзірлеу, сынау және енгізу;

3) тәрбиеленушiлер және білім алушылардың жеке бастарында ойлау, адамгершілік, эстетикалық және дене шынықтыруды дамытуға арналған қажетті жағдайларды жасау, олардың жекеленген қабілеттерін және мүмкіндіктерін ашу;

4) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын және қосымша білім беруді игеру негізінде ғылыми көзқарасты, жалпы адамгершілік және ұлттық бағалылықтарын және шығармашылық ойлауды қалыптастыру;

5) тәрбиеленушiлер және білім алушылардың зияткерлік қабілеттерін, мектепке дейінгі балалардыңшығармашылық ойлауды, оқушылардың шығармашылық және теоретикалық ойлауын қарқынды дамыту негізінде дамытушылық білім беру бағдарламаларының мазмұнының ең негізгі міндеттісін сәтті игерілуін қамтамасыз ету;

6) қазақстанның патриоттық сезімін, адамгершілік қасиеттерін өзін-өзі тану, өзін-өзін тәрбиелеу негізінде жеке тұлғада азаматтық сезімін, өзін-өзі жетілдіру және мейірімді адамгершілік қарым-қатынастарын дамытуға тәрбиелеу;

7) тәрбиеленушiлердің оқу қызметіне әмбебап психологиялық алғышарттарын дамыту, мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейінзерттеу;

8) тәрбиеленушiлерде шығармашылық ойлауды, білім алушыларда шығармашылық және теоретикалық ойлауды дамыту деңгейін, дарынды балалардың жеке бастық өсуін психологиялық зерттеу;

9) білім алушыларда оқу мотивациясының сапалы ерекшеліктерін, танымдық қызығушылықтарын, оқу қызметі компоненттері даму деңгейін, білім алушылардың дайындық сапасын зерттеу;

10) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес дарынды балаларды мектепке дейінгі, мектеп алды, мектеп және жоғары оқу орындарына түсу алдында тұтастай алғанда дайындықта мемлекеттік және орыс тілдеріне вариативті және бейінді оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік оқу құралын әзірлеу;

5. Мектеп-кешенінде саяси партиялардың ұйымдастырушылық құрылымдарының, қоғамдық-саяси және діни қызметтері және ұйымдарын құру және олардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.  


  1. Мамандандырылған мектеп-кешенінің қызмет тәртібі


Қызметті ұйымдастыру


6. Мектеп-кешені құрамына келесі құрылымдық бөлімшелер кіреді: мектепке дейінгі мекемелер, білім алушылардың ғылым негіздерін, мәдениет, өнер, спорт, әскери істі тереңірек игеруге бағытталған мамандандырылған жалпыға арналған оқу бағдарламаларын іске асыратын, мамандандырылған білім беру ұйымдары.

7. Мектеп-кешенінде білім беру қызметін жүзеге асыруға құқығы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес оған лицензияны беру сәтінен бастап болады.

9. Жарғы мектеп-кешенімен әзірленеді.

10. Мектеп-кешені Қазақстан Республикасы Заңнамасымен белгіленген тәртіпте және нормативті-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік аттестациядан өтеді.

11. Мектеп-кешені іздеуді ұйымдастыратын, дарынды балаларға білім берудің жаңа мазмұнын әзірлейтін, оны енгізудің нысандарын, құралдардың және әдістерін әзірлейтін, эксперименталды оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сынап көрудің шығармашылық шеберханасы болып табылады.

12. Мектеп-кешені білім берудің қосымша қызметтерінің түрлері мен нысандарын, оның ішінде ақылы қызметтерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте көрсетеді. 

13. Мектеп-кешенінде білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуденсаулық сақтау органдарымен бекітілген штатты немесе арнайы медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі, олар әкімшілікпен және педагогикалық қызметкерлермен қатар білім алушыларының денсаулығына және білім алушыларының дене дамуына, емдеу-алдын алу іс-шараларын жүргізуге, санитарлық-тазалық нормалардың сақталуын, оқушылардың тамақтануының режиміне жәнесапасына жауапты. 

14. Мектеп-кешеніне оқуға қабылдау конкурстық негізде жүргізіледі. Мектеп-кешені оқуға қабылдау үшін қосымша конкурстық турларды белгілейді. Білім алушыларға (тәрбиеленушілерге) іріктеу жүргізудің мазмұны мен нысаны, қабылдау тәртібі, білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) ауыстыру және шығару білім беру ұйымының жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

15. Республикалық маңызындағы мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы уәкілетті органмен, облыстық, республикалық маңызындағы қаланың және астананың мектеп-кешенін материалдық техникалық қамтамасыз ету, жабдықтандыру және жабдықтау білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.


Білім беру үдерісі


16.Мектеп-кешені білім беру үдерісін жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім берудің үш деңгейі бойынша жүзеге асырады:

1) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

2) бастауыш білім беру;

3) негізгі орташа білім беру

4) жалпы орташа білім беру.

17. Мектеп-кешендірінде білім беру үдерісін ұйымдастыру мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің бірізділігі және үздіксіздігі негізінде жүзеге асырылады.

Мектеп-кешенінің жұмыс істеу оқу жоспарлары білім беру ұйымдарының әкімдігімен бекітіледі және білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органмен және дарынды балалармен жұмыс жүйесін үйлестіретін білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомство қарамағындағы ұйымымен келістіріледі.

18. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орташа білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт негіздерін тереңірек игеруге, олардың шығармашылық әлеуетін және дарындылығын дамытуға бағытталған.

19. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігі құрамына кіретін және бағыт ерекшелігін сипаттайтын оқу пәндері бойынша жұмыстың оқу жоспарын және бағдарламаларын өзбетінше жүзеге асырады.

20. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламалары пәнаралық, деңгейаралық халықаралық бола алады. Біріктірілген білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары тартылады.

21. Мектеп-кешенінде пәндерді тереңірек оқу үшін факультативтерге және әрбір сыныпқа 4 сағаттан есептегенде оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыруға, үйірмелерді, студияларды, ғылыми қоғамдар және басқаларды ұйымдастыру үшін әрбір сыныпқа есептегенде 0,25 мөлшерлерінде, сондай-ақ мектепке жылына 1500 сағат деп есептегенде біліктілігі жоғары мамандарымен келісім негізінде өткізілетін жекеленген курстар және лекциялар үшін төлеу үшін қаражат бөлінеді.

Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі.

22. Мектеп-кешені оқу жоспарының вариативті бөлігінің құрамына кіретін және бағыттың ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша жұмыс істеудің оқу жоспарларын және бағдарламаларын әзірлеуді өзбетінше әзірлеуді жүзеге асырады.

23. Мектеп-кешені оның жарғысымен белгіленетін оқудың нысандарын, құралдарын және әдістерін өздігінен таңдай алады.

24. Мектеп-кешені ішкі бейін пәндері, сондай-ақ білім алушылардың сұрауы және кадр потенциалы мүмкіндіктеріне сәйкес қолданбалы курстар және факультативтер саласындағы білімін анықтайды.

25. Мектеп-кешені сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативті сабақ кестесі, деңгейлеп оқыту жүйесі, кеңес беру және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орташа білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн жұмыс істеуді талап етеді.

26. Профильді пәндер тереңдетілген курс бағдарламалары бойынша зерттеледі және ең аз дегенде қажетті оқу уақытымен қамтамасыз етіледі. Профильді пәндерге қосымша сағаттар оқу жоспарының вариативті бөлігі есебінен бөлінеді.

27. Мектеп-кешенінің вариативті оқу жоспары тұлғаның зияткерлік және адамгершілік дамуын қамтамасыз ететен пәндер жиынтығы және әрбір модуль курстары есебінен, біріктірілген тәсілдерді пайдаланатын және оқу жоспарының жеке компоненті шегінде зертттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастыратын бағдарламаларды жүргізгеннен іске асырылады.

28. Мектеп-кешендер саны және мектеп-кешеніндегі топтар саны әрбір деңгейде тиісті жағдайлар барысында қалыптасады

29. Мемлекеттік және орыс тілін, ақпараттық-есептеу техника, ритмика, хореография, музыка, дене шынықтыру, технологияны зерделеу, сондай-ақ зертханалық жұмыстарды жүргізу, профильді пәндер бойынша практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2-топқа бөлінеді; шетел тілін және шетел тілінде пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді.

30. Оқушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-кешеніне есептегенде психологтың 1 ставка мөлшерінде психологиялық қызмет құрылады, егер сынып-кешені көбейтілсе психологтың ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

31. Мектеп-кешені оның бейініне сәйкес келетін жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқылы.


Басқару және кадрмен қамтамасыз ету


32. Мектеп-кешенін басқару және кадрмен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Қаржыландыру


33. Мектеп-кешенін қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

34. Мектеп-кешені ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді.

35. Ақылы білім беру қызметтерін айырбастау жолымен және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі есебінен көрсетуге тыйым салынады.

36. Қосымша қаражаттарды тарту нормативтер мен (немесе) бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік мекемені қаржыландырудың абсолютті мөлшерінің төмендеуіне әкемейді.

37. Мектеп-кешенінің материалдық-техникалық қорын дамыту оған бекітілген бюджеттік және жеке меншік қаражаттары шегінде жүзеге асырылады.

38. Мектеп-кешенінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу оларды материалды ынталандыру Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

39. Мектеп-кешенінің педагогикалық қызметкерлеріне ғылыми дәрежесі үшін мынадай қосымша ақы:

1) ғылым кандидаты үшін бір айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде;

2) ғылым және PhD докторлары үшін екi айлық жалақының ең төменгi мөлшерiнде белгiленедi.


Халықаралық ынтымақтасу


40. Мектеп-кешені халықаралық қызметке Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларына сәйкес қатысады.


Құрылуы, қайта құру және тарату


41. Мектеп-кешенін құру, қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.



Похожие:

Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. № Т иісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын
Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын...
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconБалаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconИнтернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары Жалпы ережелер
Осы Интернаттық білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі Қағида) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007...
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №69 Қаулысы «Білім туралы»
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережесін бекіту туралы
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы icon2013 жылғы 25 қаңтардағы «Арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде «Павлодар облысының...
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconӨскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер
Білім беру ұйымдарының рейтингі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) қаланың білім беру ұйымдарының сыртқы бағалауын және рейтингісін жүзеге...
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconҚаржы ұйымдары тарапынан білім алушыларға ұсынылатын білім беру кредиттері бойынша кепілдеменің мөлшерін анықтау Ережелерін бекіту туралы
«Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы...
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 Қаулысы «Білім туралы»
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы
Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы iconҮлгілік ережесі Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5 тармақшасына сәйкес әзірленген және балаларға арналған...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы