Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Дата конвертации19.02.2014
Размер40.05 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым

саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 224 Қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2010 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында жасалған Казақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

^ К. Мәсімов


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім

(Астана қ. 2010 жылғы 26 сәуірде)

^ 2011 жылғы 19 сәуірде күшіне енді

Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі,

Тараптар мемлекеттері арасында орын алған достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып,

теңдік пен өзара пайда принциптерінде білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнату мен дамыту ниетін басшылыққа ала отырып,

Тараптар мемлекеттері ұлттық заңнамаларының нормаларына сүйене отырып,

төмендегілер туралы келісті:

1-бап

Тараптар екі мемлекет арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес дамытады және нығайтады.

2-бап

Тараптар:

ғылыми және техникалық құжаттармен;

білім және ғылым жүйесін реформалау тәжірибесін зерделеу, сондай-ақ ғылым саласындағы зерттеулерді қолдау мақсатында сарапшылармен;

ғылыми және ғылыми-педагог кадрларды даярлау жөніндегі ақпаратпен;

студенттермен;

білім беру бағдарламалары жинақталған оқулықтармен, құжаттармен, зерттеулерімен және оқу жоспарларының үлгілерімен;

білім беру ұйымдарын аттестаттау және/немесе аккредиттеу рәсімдері және жоғары оқу орындарының академиялық дәрежелері туралы ақпаратпен;

білім және ғылым саласында тренингтер, конференциялар мен семинарлар өткізу туралы ақпаратпен өзара алмасуға ықпал етеді.

3-бап

Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес білім және ғылым ұйымдары арасында әріптестік байланыстарды орнатуға ықпал етеді.

4-бап

Тараптар мемлекеттерінің азаматтарына Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес азаматтардың өздерінің, қоғамдық ұйымдардың, қорлардың, демеушілердің қаражаты есебінен ақылы негізде Тараптар мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында білім алу мүмкіндігін ұсынады.

5-бап

Осы Келісімде көзделген ережелерді іске асыру Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ұйымдары арасында шарттар жасасу негізінде жүзеге асырылады, бұл шарттарда олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі анықталуы тиіс.

6-бап

Осы Келісімнің ережелері Тараптардың мемлекеттері қатысатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен міндеттерін қозғамайды.

7-бап

Мыналар Келісімді іске асыру бойынша Тараптардың уәкілетті органдары болып табылады:

Қазақстан Республикасы тарапынан - Білім және ғылым министрлігі,

Армения Республикасы тарапынан - Білім және ғылым министрлігі.

Тараптардың уәкілетті органдарының атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда дипломатиялық арналар арқылы бір-біріне дереу хабарлайды.

8-бап

Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

9-бап

Осы Келісімді іске асыру бойынша кез келген даулар Тараптардың уәкілетті органдары арасындағы келіссөздер мен өзара консультациялар арқылы шешілетін болады.

10-бап

Осы Келісім оның күшіне енуі үшін тиісті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.

Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және егер Тараптардың ешқайсысы ағымдағы кезең аяқталғанға дейін алты ай бұрын дипломатиялық арналар арқылы өзінің оның қолданылуын ұзартпау ниетін туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлама жібермесе, автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.

Егер Тараптар оларды тоқтату туралы екі жақты келісімге келмесе, осы Келісімнің қолданысын тоқтату қолданыстағы бағдарламалар мен жобаларға қолданылмайды.

2010 жылғы 26 сәуірде Астана қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің бірдей күші бар.

Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.




Қазақстан Республикасының

Үкіметі үшін

Армения Республикасының

Үкіметі үшін









Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 28 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Молдова Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconБілім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер
Р Үкіметі мен Үнді Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, өнер, білім, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Республикасының Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасының Үкіметі арасындағы байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «kazsat-2» байланыс және хабар тарататын қазақстандық жер серігін жасау және ұшыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 16 шілдеде Байқоңыр қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «kazsat-2»...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "kazsat" байланыс және хабар таратудың қазақстандық спутнигін жасау жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Мәскеуде 2005 жылғы 18 қаңтарда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "kazsat" байланыс...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚаулы етеді: 1
Республикасының Үкіметі мен Латвия Республикасының Үкіметі арасындағы Ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconДене шынықтыру және спорт саласындағы келісімдер туралы жобалар
Республикасының Үкіметі мен Италия Республикасының Үкіметі арасындағы Спорт саласындағы ынтымақтастық келісім жобасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және
Біріккен Ұлттар Ұйымы (юнеско) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы