«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы



Название«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Дата конвертации19.02.2014
Размер33.86 Kb.
ТипДокументы
источник

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 832 Қаулысы


Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы одан жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғылым» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» мен «Ғылым қоры» акционерлік қоғамдарының акцияларын Қоғамның орналастыратын акцияларын төлеуге беру арқылы Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қоғам акцияларының пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне берсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 19 шілдедегі

№ 832 қаулысымен

Бекітілген


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін

Толықтырулар




1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

«Астана қаласы» деген бөлімде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-131-жолмен толықтырылсын:

«21-131. «Ғылым» АҚ».

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-39-3-жолмен толықтырылсын:

«222-39-3. Ғылым» АҚ».

3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«3. Акционерлік қоғамдар» деген 3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 24-жолмен толықтырылсын:

«24. Ғылым».

4. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпымемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) тізбесінде:

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 59-2-жолмен толықтырылсын:

«59-2. «Ғылым» акционерлік қоғамы 100 %».



Похожие:

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Лттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік...
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы iconПарасат ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827...
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі»

«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы iconБекітілген (өзгертулер мен толықтырулармен) «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының жарғысы астана, 2008
Жалпы ережелер. «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қОҒамының заңды мәртебесі
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
Автожол саласында жүргізіліп отырған реформаға, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру және қызметін...
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon"Зерде" ұлттық инфокуммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
Зерде" ұлттық инфокуммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамының 2011 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы
«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі акционерлік...
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы icon«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы
Азақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы iconКелісу парағЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «ҚазАвтоЖол»
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы