|
Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтардың тізбесін және Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидаларын бекіту туралы «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық даярлауды талап ететін мамандықтар тiзбесі; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Арнайы немесе шығармашылық емтихандар өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова): 1) осы бұйрықтың белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. ^ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар тізбесі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы « » № бұйрығына 2-қосымша ^ 1. Жалпы ережелер 1. Осы Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының 10-тармағына сәйкес әзірленген және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібін анықтайды. 2. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар (бұдан әрі – шығармашылық емтихандар) жоғары оқу орындарына арнайы немесе шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсетін тұлғалар үшін өткізіледі. 3. Шығармашылық емтиханның мақсаты талапкерлердің шығармашылық қабілеттерінің және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгерудегі тұлғалық алғышарттарының болуын тексеру болып табылады. 4. Шығармашылық емтихандарды жоғары оқу орындарының пәндік комиссиялары өткізеді. 5. Әрбір мамандық бойынша шығармашылық емтиханның саны екіге тең. 6. Шығармашылық мамандықтарға талапкерлерден өтінімдерді қабылдау олардың таңдаған жоғары оқу орнының мекен-жайы бойынша жүзеге асырылады. 7. Шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны мен мазмұны осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес анықталады. 8. Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін құрамы ректордың бұйрығымен бекітілетін пәндік комиссиялар құрылады. 9. Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі. 10. Шығармашылық емтихандар 25 балдық жүйе бойынша бағаланады. Шығармашылық емтиханның нәтижесі бойынша, олардың сәтті өткенін растайтын ең төменгі балл саны – 10 балл. 11. Бірінші шығармашылық емтиханда белгіленген балл санынан кем алған талапкерлер келесі емтиханға жіберілмейді. 2. Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі 12. Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы Қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді. 13. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді. 14. Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі. 15. Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі. 16. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады. 17. Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады. 18. Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады. 19. Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі. 20. Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды: 1) тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу; 2) аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау; 3) шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау. 21. Осы Қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады. 22. Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі. Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады: 1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі); 2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады); 3) жақын туыстарының (ата-анасы, ерлі-зайып, балалары, асырап алушылар, асырап алғаны, толыққанды және толыққанды емес ағайындары мен апа-қарындастары, атасы, әжесі) қайтыс болуы (анықтамамен расталады). 23. Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі. 24. Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді. 25. Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. 26. Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі. 27. Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді. 28. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді. 29. Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. 30. Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады. 31. Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әрбір жоғары оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі. 32. Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады. 33. Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды. 34. Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді. 35. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан: 1) апелляция аяқталған күні шығармашылық емтихандарды өткізу нәтижелерін Ұлттық тестілеу орталығына тапсырады; 2) он күнтізбелік күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ шығармашылық емтихан тапсыру туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген Арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу қағидаларына қосымша ^
|