Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және icon

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және



НазваниеҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және
Дата конвертации19.02.2014
Размер67.69 Kb.
ТипДокументы
источник



«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және

мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы туралы


Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізiлсiн.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министірі С. Ахметов

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және

мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасына

^ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА



Р/с№

Түсіндірме жазбада
көрсетілуге тиіс
мәліметтердің тізбесі


Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші
мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан

Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңы 11-тармағының

2- тармақшасы


3.

Жоба қабылданған
жағдайда болжанатын
әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық
салдар


Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкелмейді

4.

Жобаны іске асыруға
байланысты болжанатын
қаржылық шығындар

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет» 055 бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылға республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шеңберінде


5.

Жобаны қабылдаудың
нақты мақсаттары,
күтілетін нәтижелердің
мерзімі мен болжанатын
тиімділігі

Қаулының қабылдануы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялайды, ол Орталық Азияның жер беті ағындылары қалыптасатын аймақтарындағы мұздықтар, қар және мәңгілік тоңдар жағдайына мониторинг жүргізуге қатысатын түрлі ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметтерінің дамуы және өзара ақпарат алмасуларының басым бағыттарын анықтайды.

Келісімді ратификациялау гляциологиялық ғылымның дамуына және климат өзгерістерінің мұздықтар, қар және су ресурстары әсерлері салдарын аймақтық және ғаламдық деңгейде ғылыми тұрғыдан дұрыс ұғынуға жағдай жасайды


6.

Жобада қаралатын
мәселелер бойынша
Президенттің және/немесе
Үкіметтің бұрын
қабылданған актілері
және олардың іске
асырылу нәтижелері
туралы мәліметтер

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 688 қаулысы


7.

Заңнаманы кейін жобаға
сәйкес келтіру қажеттігі


Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.

Жоба бойынша құқықтық және лингвистикалық сараптама жүргізілді.

«Болашақ» консалтингтік тобы» ЖШС-ның ғылыми-құқықтық сараптама қорытындысы бойынша Келесімді Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауына болады.

«Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» ММ-ның ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы бойынша Заң жобасын әрі қарай қарауға ұсынуға болады


9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ


10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі



Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында (www.edu.gov.kz) орналастырылды





Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов


2013 жылғы «______» ___________________

Жоба


^ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ


Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және

мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы


2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісім ратификациялансын.


Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі


«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және

мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы

^ Заңының жобасына түсіндірме жазба


ЮНЕСКО Бас директоры И. Бокованың Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында 2012 жылдың 29-мамырында Астанада Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге (ары қарай Келісім) қол қойылды.

Келісім Орталық Азияның жер беті ағындылары қалыптасатын аймақтарындағы мұздықтар, қар және мәңгілік тоңдар жағдайына мониторинг жүргізуге қатысатын түрлі ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметтерінің дамуы және өзара ақпарат алмасуларының басым бағыттарын анықтайды.

Келісімді ратификациялау гляциологиялық ғылымның дамуына және климат өзгерістерінің мұздықтар, қар және су ресурстары әсерлері салдарын аймақтық және ғаламдық деңгейде ғылыми тұрғыдан дұрыс ұғынуға жағдай жасайды.

Келісімнің 17 бабына сәйкес, ол «келісім жасап отырған тараптардың қол қойып, осындай жағдайларда Қазақстан Республикасының ішкі заңнамалары мен ЮНЕСКО-ның регламенттік ережелерінде қарастырылған барлық формальды жағдайлардың іске асырылғаны жайлы өзара дипломаттық каналдар арқылы жазба түрде хабарласқандарынан кейін күшіне енеді. Соңғы хабар келген күн Келісімнің күшіне енген күні болып саналады».

Қазақстан Республикасының «Халықаралық келісім-шартар жайлы» Заңының 11-бабының 2-тармақшасын, сонымен қатар Келісімнің 12-бабының 2-тармағын және 21-бабының 2-тармағын ескере отырып, осы құжат күшіне енуі үшін бекітуді қажет етеді.

Келісімді іске асыру «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет» 055 бюджеттік бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылға республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шеңберінде жүргізіледі және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің талқылауына ұсынады.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов



Похожие:

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Жылғы 26 сәуірде Астана қаласында жасалған Казақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы білім...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconСалыстырмалы кесте № р/с
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconБілім және ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімдер
Р Үкіметі мен Үнді Республикасының Үкіметі арасындағы мәдениет, өнер, білім, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы ынтымақтастық...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
Бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы
Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ғылым, техника және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі N778 қаулысы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы»
Білім беру сапасын бақылаудың бірыңғай орталықтандырылған жүйесін құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және iconҒылым саласындағы сыйлықтар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі №830 Қаулысы «Ғылым туралы»
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 3-бабының 12 тармақшасына, 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және icon«Қазақстан Республикасының білім және ғылым Тұжырымдама интеграциясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабының 2-тармағына сәйкес...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы