Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» icon

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы»



НазваниеБілім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы»
Дата конвертации05.10.2012
Размер45.1 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім беру ұйымдарында білім

алушыларға академиялық демалыс

беру ережесін бекіту туралы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықтың бегіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамассыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық акпарат құралдарына жарияласын.

3. «Білім беру ұйымдарындағы күндізгі оқу бөлімінде білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миністрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 906 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице - министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.


^ Министр Ж. Түймебаев


«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан     Республикасы
Денсаулық сақтау министрдің


міндетін атқарушы

______________ Қ. Омаров

2008 ж. «___»____________


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы «__»___________

№ ___ бұйрығымен бекітілген


^ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға

академиялық демалыс беру

ережелері


1. Жалпы талаптар


1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру жөніндегі осы ережелері Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңының 5 бабы 17 тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Академиялық демалыс - білім алушылардың (оқушылардың, тыңдаушылардың, студенттердің, курсанттардың, интерндердің, адьюнктердің, резиденттердің, магистранттар мен докторанттардың) денсаулығына байланысты, оның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

3. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.

4. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ары қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттар иегерлеріне белгіленген тәртіпке стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

5. Білім алушы академиялық демалысты рәсімдеу туралы білім беру ұйымының басшысы атына өтініш береді. Өтінішке міндетті түрде дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (ары қарай -ДКК) анықтамасы тіркеледі.

6. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.


^ 2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері


7. Академиялық демалыс білім алушыға 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше жағдайларда 2 жылға дейін ДКК қорытындысы негізінде ғана беріледі.

8. Дәрігерлердің медициналық көрсеткіштері бойынша академиялық демалыс беру мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруы үшін білім алушы білім беру ұйымына қызмет көрсететін емдеу-профилактикалық ұйымға өзі бақылауға алынған медициналық мекемеден алған сырқат тарихынан жан-жақты баяндалған көшірмесін тапсырады.

9. ДКК сырқаттанушы (жүкті) адамға академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке (мамандыққа) ауыстыру туралы ұсыныс береді.

10. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш беріп, ДКК анықтамасын ұсынады.

Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

11. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті саласы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы өкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына жолдайды.

12. Туберкулезбен ауырған білім алушыларға бір жыл мерзімінде академиялық демалыс беріледі. Ауруы асқынған жағдайда оқуды жалғастыру мүмкіндігі немесе басқа білім беру ұйымдарына ауысуы туралы сұрақтар дербес тәртіппен шешіледі.

13. Кезекті аралық бақылауға дейін академиялық демалыстан оралған білім алушы, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы өкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

14. Ақылы негізде білім алушы білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.


15. Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.

16. Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылып, академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысып, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.

17. Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.




Похожие:

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconБілім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережелері Жалпы ережелер Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы»
Осы білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабының...
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №561 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» icon2013 жылғы 25 қаңтардағы «Арнайы білім беру оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» және «Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы
«Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламалар шеңберінде «Павлодар облысының...
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconҚаржы ұйымдары тарапынан білім алушыларға ұсынылатын білім беру кредиттері бойынша кепілдеменің мөлшерін анықтау Ережелерін бекіту туралы
«Қаржы ұйымдары беретін білім беру кредиттерін кепілдендіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы...
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы №502 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №661 бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» iconБілім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі НҰСҚаулық
Ралы нұсқаулық (бұдан әрі — Нұсқаулық) 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-і бабының 42-тармағына,...
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» icon«Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
Етін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығындағы сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім...
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» icon«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті
Дар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен қосымша білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы