Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат icon

Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат



НазваниеБілім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат
Дата конвертации05.10.2012
Размер262.95 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат


2010 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қол қойды.

Министрлікте мынадай:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»;

«Ғылым туралы»;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы»;

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» заң жобалары әзірленді.

Қазақстан ЮНЕСКО-ның білім беруді дамыту индексі бойынша 4-ші орынды иеленді.

51-ші Халықаралық математикалық олимпиадада қазақстандық оқушылар 98 елдің арасында 5 орынды иеленді.

2010 жылдың сәуір айында Гуманитарлық ынтымақтастық бойынша Кеңес және ТМД гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қорының қолдауымен Астана қ. 19 жыл ішінде бірінші рет достастық құрамындағы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер мұғалімдерінің, білім саласы қызметкерлерінің I Съезі өтті.

^ Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

6446 мектепке дейінгі ұйым (2009 ж. – 4568 бірлік) жұмыс істейді (2261 - балабақша, 4185 - шағын орталық), оларға 446,4 мың бала барады.

2010 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1878 бірлікке артты (344 балабақша, 1534 шағын орталық).

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 2009 жылмен салыстырғанда 4,6% - ға артты және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 41,6% құрайды.

^ Жалпы орта білім

7516 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (2 486 449 бала).

Соның ішінде:

- 5905-і - ауылдық мектеп

- үлгілік ғимараттарда орналасқаны - 65,8% (2009-2010 оқу жылында - 64,6%);

- ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқаны - 34,2% (2009-2010 оқу жылында - 35,4%);

-апатты жағдайдағы мектептер – 254, жобалық қуаттылығы 65482 орын (2009-2010 оқу жылында – 201, 56918 тиісінше);

- үш ауысымда сабақ өткізетіндері - 84 мектеп (2009-2010 оқу жылында - 70);

Оқушылық орынның тапшылығы 99870 орынды құрайды (2009 ж. – 78629). 2009 жылмен салыстырғанда 21241 орынға артқан.

93 мектеп пайдалануға берілді (РБ – 48, ЖБ – 45).

705 мектепте 15,6 млрд. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мектептердің компьютерлік техникамен қамтамасыз етілуі 16 оқушыға 1 компьютерден келетін арақатынасты құрайды. Ауылдық мектептерде бұл көрсеткіш - 18. Интернет желісіне жалпы білім беретін мектептердің 98% - ы қосылған, ауылдық мектептерде - 97%. Кең жолақты Интернетке мектептердің 36,8% - ы қол жеткізген (2009 ж. – 31%).

3571 мектепте интерактивті құрал-жабдық бар. Оның 1721-де 5 кабинеттен орнатылған (2 әмбебеп, 1-физика, 1-химия, 1-биология). ЖБ қаражаты есебінен 1850 мектепте бір әмбебап кабинеттен орнатылған. Білім порталы жұмыс істейді (www.sabak.kz). Оқытудың он-лайн жүйесі енгізілуде. Мұғалімдер үшін 110 интерактивті сабақ пен тренинг өткізілді (2009 ж. -101).

3450 мектеп лингафонды мультимедиалық кабинеттермен жабдықталған. 2010-2011 оқу жылында мектептерді жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен жабдықтаудың орташа көрсеткіші: негізгі және орта мектептердің жалпы санынан физика - 46,7% - ды, химия - 18,6% - ды, биология - 27,8% - ды құрайды.

Үздік сандық білім беру ресурсына қашықтықтан конкурс өткізілді.

Мектеп пәндерінің 90% - ы сандық нысанға көшірілген.

Microsoft пен ҚР Білім және ғылым министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

«Е-learning» электронды оқыту жүйесін ендіру жұмыстары жүргізілуде. 2011 жылы Қарағанды облысының және Астана мен Алматы қалаларының 44 білім беру ұйымында пилоттық жоба іске қосылады.

Қолданыстағы 11 жылдық мектепке арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (МЖБС), бағдарламалар, үлгілік оқу жоспарлары жетілдірілді.

Әзірленді:

- 12 жылдық оқыту үшін негізгі және жалпы орта білім берудің МЖБС және оқу бағдарламалары;

- бейіналды даярлықты және бейіндік оқытуды дамытуды әдіснамалық және әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар;

- білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесінің тұжырымдамалық негіздері әзірленді.

Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа ережелері бекітілді (2010 ж. 17 қараша № 527).

Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды сараптау нәтижелерін қарастыру жөніндегі республикалық кеңес құрылды.

2010-2011 оқу жылында оқулықтар сатып алуға 5 млрд. 941 млн. тг. бөлінді (соның ішінде РБ – дан оқулықтар мен өзін-өзі тану бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 1 млрд. 518 млн., ЖБ – дан 4 млрд. 423 млн. тг.).

2010-2011 оқу жылында республиканың білім беру ұйымдарының оқушылары оқулықтармен 94,3 % - ға қамтылған.

Қамтылудың төмен пайызы мынадай өңірлерде тіркелген: Ақмола облысы - 89,6 %, Қызылорда - 84,1 %, Жамбыл - 78 %, Солтүстік Қазақстан - 80,4 %.

Жалпы білім беретін мектептерде 275 655 педагог кадр жұмыс істейді. 2009 жылмен салыстырғандағы өсім - 741 педагог (2009 ж. - 274914).

Педагогтердің 87% - ы жоғары білімді (2009 ж. - 85%). Жоғары және бірінші санатты педагогтердің үлесі 45,5 % - ы құрады ( 2009 ж. - 43%).

Педагог кадрларды аттестаттау ережелері ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 16 бұйрығымен бекітілген.

«Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуден өткізу технологиясын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 357 бұйрығы); «Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі № 358 бұйрығы) шығарылды.

2010 жылы біліктілікті арттыру курстарынан 90 мыңдай педагог өтті.

24,6 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді (қамту мектеп жасындағы 538 мыңнан аса бала (22%). Өткен жылмен салыстырғанда қамту 1% - ға өсті.

5483 жалпы білім беретін мектепте спорт залы бар, олардың 13,5% - ы ыңғайластырылған. Құрал-жабдықпен қамту - 65,5%.

1349 арнайы медициналық топ ашылған.

21,6% баланы қамтитын 620 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді (жоспар - 21,6 %).

Жазғы демалыс күндері демалыстың, сауықтырудың және бос уақытын тиімді өткізумен 1 млн. 953 мың 351 оқушы қамтылды. Бұл 1-10 сыныптар оқушыларының жалпы санының 83% - ды құрайды.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы білім бағдарламаларымен қамту 41,4% - ды құрайды (жоспар - 38%).

Арнайы түзету ұйымдарының желісі 101 бірлікті құрайды.

Мектептердің жанындағы арнайы сыныптардың саны 57 бірлікке ұлғайды (2009 ж. - 1098, 2010 ж. - 1155).

Арнайы білім мазмұнын жаңарту жүруде. Үлгілік арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 ж. 2 қыркүйектегі № 443 бұйрығы).

Арнайы білім беру қызметтерінің сапасы мен балаларға қол жетімділігі жалпыға міндетті, медициналық және психологиялық - педагогикалық түзетудің кешенді қолдау жүйесін ұсынумен қамтамасыз етіледі.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 62 бірлікке ұлғайды. 57 психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес беру бекеттері, 17 оңалту орталығы, 124 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті, 402 логопедиялық бекет жұмыс істейді. Арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету 42% - ы құрайды.

Инклюзивті білім беру дамуда.

17 мыңнан астам бала білім ортасына қосылды: мектеп жасына дейінгі 1429 бала 98 балабақшаға барады, 15721 оқушы 1286 мектепте білім алады.

Арнайы білім беру ұйымдарының желісі 62 бірлікке ұлғайды. 57 психологиялық - медициналық - педагогикалық кеңес беру бекеттері, 17 оңалту орталығы, 124 психологиялық - педагогикалық түзету кабинеті, 402 логопедиялық бекет жұмыс істейді. Арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз ету 42% - ы құрайды.

Инклюзивті білім беру дамуда.

17 мыңнан астам бала білім ортасына қосылды: мектеп жасына дейінгі 1429 бала 98 балабақшаға барады, 15721 оқушы 1286 мектепте білім алады.


^ Балалардың құқықтарын қорғау

Білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарында 14 052 бала тәрбиеленуде. Бұл 2009 жылғы 15116 балаға қарағанда 1064 балаға кем.

Республиканың 6 аймағында Қабылдап алушы ата-аналар мектептері, 2 аймақта – Отбасын қолдау орталықтары ашылды.

Жетім балаларды отбасыларға орналастыру бойынша әдістемелік құралдар жасалып, өңірлерге таратылды.

БАҚ арқылы Қазақстан азаматтарының отбасыларына жетім балаларды орналастыру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жандандырылды.

Әлеуетті қабылдап алушыларды тарту мақсатында «Қуан, сәби», «Ризашылық», «Қамқоршы күні» атты республикалық акциялар өткізілуде.

929 оқушының дәлелді себептерсіз мектепке бармайтындығы анықталды, олардың 690 - ы мектепке қайтарылды, 239 оқушы әлі де бармай жүр ( 2009 ж. – 313).

«Жалпыға міндетті оқыту» оқушылар қозғалысын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесі» атты әдістемелік құрал басып шығарылды.

Мектептердің 77% - ын (5777) ыстық тамақ ұйымдастырылды. Онымен 1 741 822 оқышу қамтылған (70%). Оның ішінде тегін тамақпен шамамен оқушылардың 34% - ға жуық оқушы қамтылған, негізінен олар жағдайы төмен отбасылардың балалары (балалардың 80% осы санаттағы балалар қатарынан).

«Мектепке жол» және «Қамқоршылық» акцияларының барысында 374 655 әлеуметтік қорғалмаған санаттағы оқушыға шамамен 1,7 млрд. теңге сомасы көлемінде көмек көрсетілді (2009 ж. - шамамен 439 мың балаға 1,6 млрд. теңге).

Әлеуметік қамтамасыз етілмеген оқушыларға көмек көрсету үшін «Жалпыға міндетті оқыту» қорына 5,5 млрд. теңге немесе мектептерді ұстау шығыстары сомасынан 1,7% ақша бөлінді (2009 жылы - 4,6 млрд. тг.).

Мектептері жоқ 1507 елді мекенде 37 мыңнан астам мектепке дейінгі жастағы балалар тұрады. Олардың 76% - ы (28 мыңнан астам) көлік тасымалымен қамтамасыз етілген. Бұл күткеннен 19% - ға артық. Балалар тасымалын 1363 автобус қамтамасыз етеді.

БҰҰ-ның Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп «Балаға дос ниетті қала» атты халықаралық жоба іске асырылуда.

Жобаны іске асыру бойынша қала және облыс әкімдері 11 меморандумға қол қойды.

129 жаңа автобус сатып алынды (жоспар -128).

«Жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілерін тегін тасымалдау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы жасалды.


^ Техникалық және кәсіптік білім (ТжКБ)

894 оқу орны жұмыс істейді. Оқушылар саны - 603,8 мың адам. Кадрларды даярлау 185 мамандық және 495 біліктілік бойынша іске асырылады.

- Атырау қаласында 700 оқушы орнына арналған мұнай-газ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау өңіраралық орталығының құрылысы (тапсыру мерзімі - 2011 жылдың маусымы);

- Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының ;

- Астана қаласында 800 оқушы орындық, Оқтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылында 360 оқушы орындық кәсіптік лицейлер;

- Өскемен қаласында машина жасау саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық орталығының (2010 жылғы 20 желтоқсанда басталды) құрылыстары жүргізілуде.

Шымкент қаласында өңдеу саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі Өңіраралық орталықтың құрылысын салу бойынша ЖСҚ әзірленіп, РМК «Мемэкспертиза» Оңтүстік филиалында сараптамадан өтуде.

2010 жылы ТжКБ оқу орындарына 216,8 мың адам оқуға қабылданған (мемлекеттік тапсырыспен 90,3 мың адам). 2009 жылмен салыстырғанда қабылданғандар саны 4,6 мың адамға өскен.

Халықаралық сарапшылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен 86 мамандық бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты және 65 мамандық бойынша білім бағдарламалары әзірленген.

Оқу орындарының материалдық базасы жергілікті бюджет есебінен 895,3 млн.теңгеге нығайтылды. 3,1 млрд. теңгеге күрделі жқндеу жүргізілген (оның ішінде Жол картасы бойынша 2,6 млрд.тг).

125 мамандық бойынша біліктілікті тәуелсіз бағалаудан 105,5 мың адам өтті (2009 ж. – 65,2 мың адам 70 мамандық бойынша). 77,7% бірінші кезеңде қту баллын жинаған.

БТБ тапсыру көрсеткіші жақсартылды.

2010 жылы 7,0 мың ТжКБ жүйесінің педагог қызметкерлері біліктіліктерін арттырды, оның ішінде 107 адам шетелде өтті.

Оқу орындары мен компаниялар арасында 16,8 мың келісім шартқа қол қойылған. Келісім шарт негізінде оқушыларға практика өтуге 97 мың жұмыс орны берілді.

ҚР Үкіметінің жанынан техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрларды даярлау Республикалық кеңесі құрылды. Экономиканың басым секторында кадрларды даярлау өңіраралық және салалық кеңестер құрылды.

«Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» атты өңірлік форумдар, жұмыс берушілермен өңірлерге мамандар даярлау бойынша семинарлар мен дөңгелек үстелдер өткізілді.

Форумдарда әкімдіктер мен ірі компаниялар арасында мамандар даярлау бойынша екіжақты ынтымақтастық жөнінде 33 келісім шартқа қол қойылды.

ТжКБ ұйымдарында 661 Қамқорлық кеңестері жұмыс жасауда.

2010 жылы республиканың ТжКБ жүйесінде 29 Еуропалық елдер қатарында Турин процесіне қатысушы болды, Еуропалық Білім қоры (Турин) өткізетін халықаралық салыстырмалық зерттеулерге қатысады.

Халықаралық ұйымдармен әріптестік қатынас шеңберінде индустрия сұранысы 39 мамандық бойынша модулдық бағдарламалар әзірленді. 56 шетел оқытушылары кәсіптік лицейлерге тартылды.

ҮИИД-ды іске асыру шеңберінде барлық өңірлерде индустриялық жобалардың 13 саласына кадрлармен қамтамасыз ету картасы әзірленді.

Әкімдіктермен бірлесіп әрбір жобаға базалық оқу орындары анықталды. Қазіргі таңда жаңадан ашылған кәсіпорындармен кадрларды даярлауға 61 келісім шарт жасалынды (мысалы: «Тараз металлургия зауыты», «Электрлиз зауыты», «Тері ісі өндірісі» және т.б., соның нәтижесінде 831 адам жұмысқа орналасқан).

2010 жылы экономика саласына кадрларға жалпы сұраныс 47831 адам құрады. Жобаларға енгізілген салалық индустриалдық картасына қажеттілік 24 401 адамды құрады. Аталған салалар бойынша ТжКБ оқу орындарын бітірушілер 58 316 адамды құраса, оның ішінде 52 789 адам мемлекеттік тапсырыс бойынша бітіргендер.

Жол картасы бойынша 71,1 мың адам мамандарды даярлау және қайта даярлаумен қамтылды. 43,4 мың адам бітіріп, 29,8 мыңы немесе 68,7 % жұмысқа орналасты (2010 жылдың 28 желтоқсандағы мәлімет бойынша).

Бүкіл әлемдік Банкімен ТжКБ-ні жаңарту туралы 33,2 млн.долларға келісімге қол қойылды.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

2010 жылы Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде Болон процесіне енген ең алғашқы мемлекет және еуропа жоғары білім беру аймағының 47-ші толық мүшесі болды.

Студентердің академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ететін, ECTS типі бойынша кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық жүйесі жасалды.

PhD докторантураның 106 мамандығы бойынша алғаш рет МЖБС жасалды және бекітілді.

2010 жылы 1 ЖОО (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ - 431 орын) Times Higher Education (Ұлыбритания) ЖОО-ң халықаралық рейтингісі бойынша әлемнің 500 үздік университеттері қатарына кірді.

Жоғары білімді мамандарды даярлау 2010-2011 оқу жылына берілген мемлекеттік тапсырыс 35 425 білім беру гранттарын құрайды (өсім - 1085 дана), магистрлер - 2739 (өсім - 80 дана), Ph.D докторлары - 200 орын.

Қазақстан Республикасы азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ адамдарға - 2%; I және II топтағы мүгедектерге, туылғанынан мүгедектерге, мүгедек балаларға - 0,5%; - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға-1%; ауыл квотасы - 30 %; соғыс ардагері мен соғыс мүгедегі жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген азаматтарға - 0,5 % көлемінде квоталар белгіленді.

2010 жылдың қорытындысы бойынша конкурстық негізде:

бос білім беру гранттары - 3 389;

облыс әкімдері бөлген гранттар - 2 376;

ЖОО ректорлары бөлген гранттар - 3 337;

ЖОО-ның әлеуметтік әріптестері халықтың әлсіз, оқу озаттарына бөлген гранттар - 2 251 тағайындалды.

ЖОО-ы жұмыс берушілермен келісімшарт негізінде ынтымақтастық жүзеге асырады.

М. Ауезов атындағы ОҚМУ «Оңтүстік» СПК -мен бірге.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМУ «Имстальком» АҚ-мен, Ульбинск металлургия зауытымен, «Казцинк» АҚ-мен, Өскемен титан-магнит комбинатымен, «Востокмашзавод» АҚ-мен.

ҚарМТУ «Арселор Миттал Темиртау», «Қазақмыс» корпорациясымен, «Жайремский ГОК» АҚ-мен.

Е.Букетов атындағы КарГУ «Эфес-Караганда» ОАО-мен, «Толкыннефтегаз» ЖШС-пен.

Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Қазақмыс» корпорациясымен, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-мен, «ҚазагроИнновация» АҚ-мен, «НК Қазақстан инжиниринг» АҚ-мен, «Васильковский ГОК» АҚ-мен.

ҚарМТУ негізінде Орталық Қазақстан мен Ресейдің 27 кәсіпорнымен бірлесе отырып корпоративті университет құрылды.

15 ЖОО-да инжинерлік бағыттағы зертханалар қызмет етеді (Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМУ, ҚарМТУ, Букетов атындағы ҚарМУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ж.б..). 3 ЖОО-да ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми лаборатория құрылды: (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ).

9 ЖОО жанынан технопарктер құрылды. Тағы 2 ЖОО-да құрылып жатыр.

Қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша 325 жоба жасалып жатыр, олардың 78-ін ЖОО орындауда 24 (%).

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанынан Қазақ-жапон инновациялық орталығы, Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде - Қазақ-француз білім орталығы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жанынан – дәнекерлеу институты ашылды.

Негізгі және қолданбалы бағдарламаларды орындауға қатысатын ЖОО оқытушыларының үлесі -12 %.

Әлемдік стандарттарға сәйкес құрылған, халықаралық ЖОО - Назарбаев Университеті ашылды. 483 үздік мектеп түлектерінің алғашқы қабылдауы іске асырылды.

Назарбаев университетінде тыңдаушылардың дайындық бөлімінде білім алуы үшін 500 орын көлеміндегі мемлекеттік тапсырыс бекітілді.

Студенттердің академиялық ұтқырлығы өсіп келеді. Республиканың ЖОО-нда 11974 шетел студенттері білім алып жүр.

Жыл сайын «Болашақ» стипендиясы тағайындалып келеді. 2010 жылы конкурсқа 3824 үміткер қатысты (2671 - жалпы конкурс бойынша, 1153 - әлемнің 18 еліндегі 118 ЖОО өз бетімен түскендер).

933 стипендия тағайындалды (525 - өз бетімен түскендер, 408 - жалпы конкурс бойынша).

Халықаралық келісімшарт бойынша шетелге оқуға 340 астам ҚР азаматы жіберілді (Ресей, Түркия, Қытай, Египет ж.б.).

Бірқатар ЖОО-лар шетелдік ЖОО-мен біріге отырып екідипломдық білім беру бағдарламасын іске асыруда.


Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау

2010 жылы бақылаудың осы түрі 35 білім беру ұйымдарында өткізілді. Жылдың қорытындысы бойынша 912 мамандық бойынша оқу орындары аттестатталды, 196 мамандық бойынша аттестатталмады. 2 білім беру ұйымдарының бас лицензиясы және 169 мамандық бойынша лицензия тоқтатылумен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 24 оқу орындарына қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

13 жоғары оқу орындарында кемшіліктердің жойылуын анықтау үшін комиссиялар құрылды. Олардың нәтижелері бойынша 60 мамандықтар бойынша лицензиялардың қолданысы қайта берілсе және 13 мамандықтар бойынша жоғары оқу орындары лицензиялары қайтарды.

Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн. 588 мың 220 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметін лицензиялау ережелерінің сақталуын тексеру

49 ЖОО тексерілді. 19 ЖОО 58 мамандығы бойынша және 20 ЖОО бас лицензиясынның қолданысы тоқтатылды, сондай-ақ оларға белгілі шамадағы айыппұлдар салынды. Бұдан басқа, 37 жоғары оқу орындарында және 4 ресей ЖОО бұрын анықталған бұзушылықтардың жойылғанына қайта тексерулер жүргізілді.

Есеп беру мерзімінде арнайы соттарға 6 жоғары оқу орындарына қатысты әкімшілік істер жолданған.

Барлық тексерістер нәтижелері бойынша айыппұлдардың жалпы сомасы 12 млн. 801 мың 780 теңгені құрады.

^ Білім беру ұйымдарын аккредиттеу

Қазіргі кезде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ өздерінің білім беру бағдарламалары бойынша халықаралық аккредиттеу рәсімінен өтті.

2010 жылы ұлттық институционалдық аккредиттеуден 20 қазақстандық жоғары оқу орындары өтті.

^ Білім беру қызметін лицензиялау

Мамандық бойынша лицензияларға қосымшалар дайындалынып, берілді:

243 - бакалавр, 445 - жоғары оқу орнынан кейінгі білім. 365 - бакалавр, 325 - жоғары оқу орнынан кейінгі білім бойынша лицензияға қосымша беруге бас тартылды.

«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

^ Білім алушылардың білімін тәуелсіз сырттай бағалау

2010 жылы ҰБТ 154 пункттерде өткізілді. 107545 мектеп бітірушілер қатысты. Орташа балл 84,84-ті құрады (2009 жылы - 74,9).

“Алтын белгіге” үміткер 3675 бітірушінің тестілеуге 3616-ы қатысты және 2598-сі өздерінің үздік білімдерін растады. Үздік білімдерін 2647 түлектер растады (72%).

60 жоғары оқу орындары базасында 2 (3) курс студенттері үшін МАБ өткізілді. 67212 (2009 жылы 76127 өтініш берген студенттің 68222-сі) өтініш берген студенттің 60830-ы қатысты (90,5%). Республика бойынша орташа балл 81,7-ні құрайды.

9 сыныптар үшін МАБ қазақ тілі орыс сыныптарында, орыс тілі қазақ сыныптарында, шетел тілі ағылшын, неміс, француз, дүниежүзі тарихы пәндері бойынша, ал 4 сыныптар үшін дүниетану пәнінен өткізілді.

МАБ-қа мектептердің 85% қамтылды, 430291 оқушы қатысты. 2011 жылы Республика бойынша 4 сыныптар арасында МАБ қорытындысының орташа балы 16,94 балды құрады (2009 ж. -16,66). 2011 жылы МАБ нәтижесі бойынша 9 сыныптарда орташа балл республика көлемінде 65,06 балды құрады (2009 ж. - 61,56).

Республика бойынша 4-ші және 9-шы сыныптар арасынан 802 оқушы шектік деңгейден өте алмады.

«ҚР білім беру ұйымдарында МАБ ұйымдастыру және өткізу ережелерінің» 17 пунктіне сәйкес 2010 жылғы МАБ нәтижелері бойынша 13 мектеп кезектен тыс мемлекеттік аттестеттеуден өту қажет.


^ Жастар саясаты

Жастар саясатының салалық және өңірлік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жастармен жұмыс істеудің түбегейлі жаңа нысандары енгізілді.

Жастар саны жалпы халық санының 28,7% - ын құрайды. Ауылда тұратын жастар үлесі - 49,1%.

Патриоттық тәрбие беру бойынша республикалық деңгейде 27 (2009 ж. - 26), өңірлік деңгейде – 450 астам іс-шара өткізілді (2009 ж. - 440).

2010 жылы жастарға кеңес беру, оқыту, ақпараттық, аналитикалық қызметтер көрсететін 21 ресурстық орталық қызмет етті (2009 ж. - 16). Өсім - 19%.

2010 жылы 32 әлеуметтік-маңызды жоба мен жастар бастамасы іске асырылды (2009 ж. - 26). Өсім - 18,75%.

2010 жылы «Жасыл ел» жауынгерлер саны - 23 652 адамды құрады. (2009 ж.- 22 705). Өсім - 4% (947).

Жауынгерлердің орташа жалақысы 32 000 теңгені құрайды. (2009 ж. - 28 800 тг.). Өсім - 10%.

2010 жылы отрядтар саны 430 болды, оларға 14 110 студент шақырылды, олардан 4120 адам ауыл және жұмыссыз жастар қатарынан, 550 жетімдер үйінің тәрбиеленушілерінен, 9 440 студент жоғары және орта-арнайы оқу орындарынан келді.

2010 жылы «Ауыл жастары» бастамасы шеңберінде 65 000 ауыл жастары жұмысқа орналастырылды (2009 ж. - 45 000 адам). Өсім - 30% (20 000 адам).

Жастар ұйымдарының саны - 743 бірлік (2009 ж. - 720). Өсім - 3 % (23 бірлік).

Жастар ұйымы жұмысына - 1 089,7 мың немесе жастардың 25 % қатысады (2009 ж. - 958,9 мың немесе жастардың 22%). Өсім - 3% (130,7).

Салауатты өмір салтын орнату және дәріптеу бойынша 80 іс-шара өткізілді (2009 жылы - 74). Оған 5000-нан аса жас адам қатысты.

Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесінде тәрбие беру Тұжырымдамасы іске асырылуда.

Жастардың патриоттық тәрбиесі бойынша 5 әдістемелік материал жасалды және басып шығарылды.

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша Ұлттық есептің дайындығы мен бастырып шығарылуы тамамдалып келеді.

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің VI отырысы (23.07.2010 ж.);

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің VIІ отырысы (25.08.2010 ж.);

- Мемлекеттік жастар саясатын іске асырумен айналысатын, мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған жазғы лагерь өткізілді.


^ Халықаралық ынтымақтастық

Білім беру саласында 89 халықаралық келісімшарт іске асырылуда.

Қазіргі таңда контрагенттерде келісімде 11, мемлекеттік мекемелерде келісімде 8 халықаралық келісімшарт жатыр.

^ 2010 ж. қол қойылған келісімдер:

- Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасында білім және ғылым саласы бойынша мемлекетаралық келісім (26.04.2010 ж.);

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Мысыр Араб республикасының Жоғары білім беру және ғылыми зерттеулер министрлігі арасындағы ғылыми зерттеулер саласы бойынша өзара түсіністік меморандумы (31.03.2010 ж.);

- ҚР БҒМ мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім (14.09.2010 ж.);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде келісім (подписано в г. Вашингтоне 11.04.2010 ж. Вашингтон қ. қол қойылды, ҚР ҮҚ № 294 9.04.2010 ж. мақұлданды);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасында білім саласы бойынша Кабулда 18 маусым 2010 жылы 22 қараша 2009 жылығы Келімсімге өзгертулер енгізу туралы хаттама;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мининистрлігінің Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде Ұлыбританияның Рэдинг Университетімен кадрларды даярлау жөнінде ынтымақтастық меморандумы, тамыз 2010 жыл, Астана қ.;

- WORDDIDAC қауымдастығы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым мининистрлігі арасында ынтымақтастық пен білім беру өнімдері мен технологияларының көрмесін бірігіп даярлау және өткізу жөнінде меморандум, Астана қ., 13 қыркүйек 2010 жыл.

Есеп беру кезеңінде серіктес-мемлекеттердің дипломатиялық корпустарының өкілдері мен халықаралық ұйымдармен 55 хаттамалық кездесулер өткізілді.

^ Есеп беру кезеңінде күшіне енген халықаралық келісімшарттар:

- «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Германия Федеративті Республикасы Үкіметі арасында Алматы қ. Қазақстан-Неміс университетінің дамуы жөнінде әрі қарайғы ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңы (15.07.2010 ж. № 326 IV);

- «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ауғанстан Ислам Республикасы Үкіметі арасында білім саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі Келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы (15.07.2010 ж. № 332 IV);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қырғыз Республикасы Үкіметі арасында білім саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі келісім 4.06.2006 ж. (ҚР ҚҮ №704 7.07.2010 ж.);

- Еуразия экономикалық ұйымы қатысушы-елдерінің білім беру саласында ынтымақтастық туралы келісім 11.112009 ж. (ҚР ҚҮ №735 19.07.2010 ж.).


Министрлік Басшылары мыналарға қатысты:

- «Оқыту және технологиялар» Дүниежүзілік форум (Лондон қ., 11.01.2010 ж.);

- Еуропа елдерінің білім министрлері форумы (Будапешт қ., 11-12 наурыз 2010 ж.);

- ҚР, Қырғыз Республикасы, ҚХР, РФ және Тәжікстан Республикасының білім беру саласында ынтымақтастық бойынша сарапшылар кездесуі (Пекин қ., 10-11 наурыз 2010 ж., 14 шілде 2010 ж. Пекин);

- ТМД қатысушы-елдері білім министрлерінің XVII конференциясы;

- гуманитарлық бағыттағы ТМД салалық ынтымақтастық мекеме басшыларының кезекті үйлестіру жиналысы (Минск қ., 18.06.2010 ж.);

- ТМД қатысушы-елдерінің білім беру саласында ынтымақтастық бойынша Кеңестің XXIII отырысы (Мәскеу қ., 8.07.2010 ж.);

- ИК ЕврАзЭС жанындағы білім беру Кеңесінің 18-ші отырысы (Мәскеу қ, 8.06.2010 ж.);

- ТМД Желілік университетінің үйлестіру кеңесі ((Мәскеу қ, 4 мамыр 2010 жыл);

- ШЫҰ қатысушы-елдерінің білім беру министрлері жиналысы (Новосібір қ., 23 қыркүйек 2010 жыл).

^ Министрлік келесі халықаралық шараларды өткізді:

- ТМД қатысушы-елдерінің мұғалімдері, білім беру жүйесі қызметкерлерінің I Съезі (Астана қ., 26-27 сәуір 2010 ж.);

- «Түркі өркениеті: дәуірлер жалғастығы» Халықаралық Еуразиялық Конгресс (Астана қ., 25-26 мамыр 2010 ж.);

- «Болон процесі контексіндегі академиялық ұтқырлық» атты халықаралық семинар (Талдықорған қ., 13.05.2010 ж.);

- «Қазақстан жоғары оқу орындары дүниежүзілік академиялық рейтингтер контексінде» атты халықаралық форум (Астана қ., 26-27 мамыр 2010 ж.);

- «Білім берудегі инновациялар» халықаралық форум (Астана қ., 2.03.2010 ж.);

- «Қазақстан-Ұлыбритания: Білім берудегі серіктестер» тақырыбындағы халықаралық конференция (Астана қ., 19.11.2010 ж.).


Ғылым

Биотехнология, фитохимия, нанотехнология салалары бойынша халықаралық деңгейде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

16 мыңға жуық қызметкерлер қызмет ететін 400-ден астам ғылыми ұйымдар бар.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Ғылым туралы» Заң жобасын мақұлдады.

6 негізгі зерттеу бағдарламасы, 34 қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламасы орындалып жатыр. Жалпыәлемдік ағымда Қазақстанның халықаралық басылымдар үлесі – 0,017 %. Қазақстан ғалымдары еңбектерінің шетел басылымдарындағы жариялану жиілігі 3 есеге өсті.

1168 алдын-ала патент және инновациялық патент берілді. 40 монография жарияланды.

«Түркі академиясы» атты ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Жалпытүркі музейі мен Түркі кітапханасы ашылды.

«Ғылым ордасы» ғылыми орталық құрылды.

«Фитохимия» холдингі негізінде «Химия мен дәрілік құралдардың технологиясы» атты инновациялық-білім консорциумы құрылды.

PhD докторантура бағдарламасы ғылыми кадрларды даярлау 16 жоғары оқу орнында жүргізіледі. Онда 540 докторант оқиды.

2007-2009 жылдары шетелдік ғылыми орталықтарда 400-ден астам қазақстандық ғалым, оның ішінде жас ғалымдар тағылымдамадан өтті. Ағылшын тілі курстарынан 600 адам өтті.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 27 біріккен жоба орындалуда. Алыс және жақын шетелдермен: Ресей, Беларуссия, АҚШ, Қытай, Индия, Германия және т.б. елдерімен ынтымақтастық дамуда.

ІІМ-мен біріге отырып шетелдерде жұмыс істеп жатқан қазақстандық ғалымдармен байланыс жолға қойылған. Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығында құрылған 121 ғалым бойынша ақпарат деректер қорында жүйелендірілген (бұдан әрі – «ҰҒТАО» АҚ).

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» (бұдан әрі – ҰҒТАО) АҚ-ның nauka.kz ұлттық ғылыми порталында «Зияткерлік меншікті құқықтық қорғау бойынша ақпарат» атты жаңа бөлім құрылды.

ҰҒТАО ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы 7 келісім шарт жасалды (Украина ғылыми-техникалық және экономикалық ақпарат институтымен, Халықаралық ғылыми және техникалық ақпарат орталығымен ХҒТАО (Мәскеу қ.), Ресей сыртқы сауда орталығы).

Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімшарт жасалды. Осыған байланысты «Технологияларды коммерциаландыру» жобасын іске асыру басталды.

Ғылыми және и ғылыми-педагогикалық кадрларды аттесттеттеу.

2010 жылы 2819 аттестациялық іс бекітілді (олардан қайта аттестеттелген - 128):

- ғылым докторлары - 331, олардан қайта аттестеттелген - 21;

- ғылым кандидаттары - 1745, олардан қайта аттестеттелген - 102;

- профессорлар - 184, олардан қайта аттестеттелген - 2;

- доценттер - 559, олардан қайта аттестеттелген - 3.

Министрлік диссертациялық жұмыстарды сараптамалауды қатаңдату мақсатымен бұқаралық сараптамалау бойынша Кеңес құрды.


Қаржыландыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік сала бағыттарын қаржыландыру 2010 жылғы республикалық бюджет қаражаты есебінен міндеттер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарына сәйкес іске асырылады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылға арналған түзетілген бюджет 233 601,9 млн. Теңгені құрады.

1 қаңтар 2011 жылғы жағдай бойынша кассалық орындау 230 193,5 млн. теңге немесе бөлінген қаражаттың 98,5% құрады, соның ішінде қызметтік топтар бойынша:

  • «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» - 10 346,4 млн. тг. немесе 99,9%;

  • «Білім беру» - 217 837,0 млн. тг. немесе 98,5%;

  • «Денсаулық сақтау» - 348,7 млн. тг. немесе 100%;

  • «Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» - 1 232,2 млн. тг. немесе 99,4%;

  • «Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану» - 248 млн. тг. немесе 99,8%,

- «Транспорт және коммуникация» - 181,2 млн. тг. немесе 100%.

2007-2010 жж. ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 16,9 млрд. теңгеден 20,0 млрд.теңгеге немесе 18% артты (ҚР БҒМ бойынша 8,2 млрд. теңгеден 10,4 млрд.теңгеге немесе 27% өсті).


^ 2011 жылғы міндеттер


Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында:

- Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ақмола және тағы басқа облыстар әкімдеріне апатты мектептер санын азайту үшін әр мектептің қайта пайдалануға берілу мерзімін ескере отрырып техникалық жағдайын сараптамалауды өткізу және апаталды жағдайдағы мектептер тізімін анықтау. Әзірленген мектептер тізімін, республикалық және жергілікті бюджет есебінен соғылып жатқан инфестициялық жобалар тізіміне қосу (жобалық қуаттылығына байланысты) 2012-2014 жылдарға;

- Алматы, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласы әкімдеріне демографиялық және көші-қон процестерін ескере отырып үш аусымды оқу мәселесін шешу үшін үш аусымдылықтың жоғары деңгейі бар мектептер тізімін анықтау;

- Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан облыстары әкімдеріне балаларды сау құрдастары қатарына қосу үшін жалпы білім беретін инклюзивті мектептер желісін кеңейту; ашылып жатқан мектпетер мен балабақшаларда түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу;

- Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Солтүстік-Қазақстан облыстары әкімдеріне қажеттілік пен қоржыландыру цикліне сәйкес оқулықтарды сатып алуды қаржыландыруды қамтамасыз ету.




^ Балалар құқығын қорғау бойынша:

- балалар құқығын қорғау саласында заңды және басқа нормативтік заңды базаны жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру;

- деинституционализация мен ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудің альтернативті жолдарын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыру, әлеуметтік жетімдікті болдырмау және алдын алу бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және тарату;

- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі мен олардың құқықтарын қорғау бойынша Ведомствоаралық комиссияның 2 отырысын ұйымдастыру және өткізу;

- Астана қаласы, Ақтөбе, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында білім берумен және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен тәрбиеленушілерінің тамақпен қамту сұрақтары бойынша білім беру мекемелері мен ұйымдарының қызметін зерттеу;

- мемлекеттік тапсыру шеңберінде әлеуметтік-маңызды жобаларға қатысуға МЕҰ тарту, меморандум мен келісімге қол қою бойынша жұмысты жаслғастыру;

- Кәмелетке толмағандар бейімделу Орталықтары қызметін бақылау және түзеу.




^ Техникалық және кәсіптік білім:

- ҚР білім беруді дамытудың 2010 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету (ТжКБ бөлігінде);

- Халықаралық сарапшылардың және жұмыс берушілердің қатысуымен ТжКБ жүйесінің мазмұнын жаңарту;

- Техникалық және кәсіптік білім жүйесінде әлеуметтік әріптестікті және халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту (келісімдерге, меморандумдарға, ниет хаттамаларына қол қою);

- Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ТжКБ-ді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;

- «Техникалық және кәсіптік білімді жаңарту» жобасын Бүкіл әлемдік банкісімен жүзеге асыру;

- Орта және кіші бизнесті және ҮИИДМБ жобаларын мамандармен қамтамасыз ету үшін «Бизнес жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру:

- Қазақстанның жоғары мектебінің қызметін Болон үдерісінің негізгі қағидаларына сәйкестендіру

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің сапасын арттыру

- жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды экономика салалары үшін сондай-ақ, мемлекеттің индустриалды-инновациялық даму жобаларының қажеттілігіне қарай даярлау

- жоғары білім жүйесі барлық деңгейде транспарентті, басқаур мен қаржыландырудың заманауи тетіктерін енгізу, жемқорлық деңгейін төмендету


Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі:

  1. - ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;

  2. - білім беру саласындағы нормативтік құқықтық базаны әзірлеуге қатысу;

  3. - ҰБТ-ны өткізудің нормативтік құқықтық актілері мен технологияларын жетілдіру.



Жастар саясаты:

        1. - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерей тойын атап өту;

- 16 өңірлік және республикалық ресурстық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;

- жастардың әлеуметтік маңызы бар бастамаларын іске асыру;

- жастар саясаты және патриоттық тәрбие беру бойынша іс-шаралар өткізу.


Ғылым саласында:

  • «Ғылым туралы» және «Гендік-инженерлік қызметті реттеудің мемлекеттік мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын іске асыру шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу;

  • «Ғылым ордасы» РМК және Түрік академиясының қызметі мәселелерін ұйымдастыру бойынша жқмыстарды жалғастыру;

  • Ұлттық ғылым академиясы мен шет ел ғалымдарын ғылыми-техникалық жобаларға ғылыми техникалық сараптама өткізу және ғылыми кеңестің бағыттары бойынша қатысуға шақыру жолдарын әзірлеу;

  • қолданбалы ғылыми зерттеулер ұйымдастырушыларының міндетті МҒТС объектілерінің мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасын ұйымдастыру және өткізу;

  • ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру.




Похожие:

Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconОблыс АӨК әлеуметтік-экономикалық дамуының 2012 жылғы 1-тоқсандағы қорытындылары және 2 тоқсанға арналған міндеттер туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі индикаторларын орындау мақсатында аудандар...
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconҚұрметті есепке қатысушылар! Мемлекет басшысының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»
Аудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2012 жылға арналған...
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconОблыс әкімінің «Облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері Кіріспе
Облыс әкімінің Облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconОблыс әкімінің «Облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері Кіріспе
Облыс әкімінің Облыстың 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2013 жылға
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconАзаматтық авиация саласындағы 2010 жылғы 4-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2011 жылғы 1-тоқсанның міндеттері туралы ақпарат
Жылы Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайын қайта жаңарту аяқталды (жобаның жалпы құны – 7,1 млрд теңге. Қаржыландыру көзі – республикалық...
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconКатонқарағай ауданының 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы ақпарат
Ауданның 2010 жылдың 1 сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары аудан экономикасының барлық салаларының тұрақты...
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconАудан әкімінің 2012 жылғы «04» қаңтар №01 өкіміне
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы қорытындылары және 2012 жылдың міндеттері туралы
Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconАудан әкімі А. Бекбосыновтың «Катонқарағай ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2013 жылға арналған міндеттері туралы» тұрғындар алдындағы есеп беру баяндамасы

Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconАудан Әкімі Д. Тлеубаевтың «Катонқарағай Ауданының 2013 Жылғы Әлеуметтік-Экономикалық Даму Қорытындылары Және 2014 Жылға Арналған Міндеттері Туралы» Халық Алдында Есеп Беру Баяндамасы

Білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының 2010 жылғы қорытындылары мен 2011 жылға арналған міндеттері туралы ақпарат iconҚадірлі қала тұрғындары ! Құрметті қатысушы қонақтар ! Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтардағы халыққа арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты»
Арал қаласының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2013 жылдың міндеттері туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы