Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын icon

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын



НазваниеЖоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын
Дата конвертации19.01.2013
Размер111.91 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «19» қаңтардағы

№ 109 қаулысымен

бекітілген


Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын

іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі

қағидалары


 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қағидалар «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, жоғары әскери оқу орындарының адъюнктурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.

2. ЖОО магистранттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Адъюнкттардың, докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсы­рысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарт­тарымен айқындалады.

3. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, адъюнктурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

4. Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francais (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандарынан босатылады.

5. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.

6. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО (бұдан әрі – базалық ЖОО) жүзеге асырылады.

7. ЖОО магистратурасына, докторантурасына және әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.


2. ^ Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі


Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға

түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

 

8. Магистратураға, резидентураға және адъюнктураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

9. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.

Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

10. Магистратураға, адъюнктураға ЖОО, резидентураға – ЖОО мен ғылыми ұйымдарға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

3) интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);

4) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

5) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

6) 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

7) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

8) жеке куәлігінің көшірмесі;

9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

11. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар немесе медицина мамандығы бойынша резидентураны бітірген тұлғалар қабылданады.

12. Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды тапсырады:

1) ұйым басшысының атына өтініш;

2) болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;

3) жеке куәлігінің көшірмесі;

4) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

5) осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

6) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

7) 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;

8) 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

9) кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.


^ Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

 

13. Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

1) таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

2) мамандық бойынша тапсырады.

14. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

1) мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

2) мамандық бойынша тапсырады.

15. Магистратураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.

16. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы керек.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.

17. Мамандық бойынша емтихан өткізу кезенде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.

18. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

19. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

20. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды.

21. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

22. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

23. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.

24. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.

Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

25. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

26. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

27. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

 


^ 3. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және

докторантураға қабылдау

 

28. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары, адъюнкттер және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

29. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

30. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, егер мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

31. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (PhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге асырылады.

32. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде мақсатты орындар ЖОО арасында одан әрі қайта бөлу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға қайтарылады.

33. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органға күнтізбелік күнтізбелік он күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.


______________________________

Жоғары оқу орнынан кейінгі

кәсіптік оқу бағдарламаларын

іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша


^ Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша

бағаларды ауыстыру жүйесі


Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шәкілі

бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)


__________________________





Похожие:

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconПәндерінің үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесіндегі оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында БҰйырамын
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconҚазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы №296 Қаулысы «Білім туралы»
Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconЖоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары пәндерінің үлгі оқу бағдарламаларын әзірлеудің және ресімдеудің әдістемелік нұсқауын бекіту туралы
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 11 қарашадағы №514 бұйрығы
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconРеспубликалық бюджеттен каржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республи­касының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі,
Республи­касының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда жоғары және жоғары оқу орнынан...
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №161 Бұйрығы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын iconКонкурс өткізу туралы хабарлама
Оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы