Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы»
Дата конвертации19.01.2013
Размер126.94 Kb.
ТипДокументы
источник

Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 635 Бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 36) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасудың ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

3. «Жоғары оқу орындарының ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің (профессор-оқытушылық құрамы, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына конкурстық негізде орналасудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 18 қарашадағы № 949 бұйрығының күші жойылды деп саналсын.

4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К.Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

 

 

Қазақстан Республикасының 

Білім және ғылым министрінің

2007 жылғы 14 желтоқсандағы

635 бұйрығымен бекітілген

 

 

^ Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық

құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына

конкурстық орналасудың ережесі

 

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық орналасудың осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және жоғары оқу орындарының ғылыми-педагог қызметкерлерінің лауазымдарына конкурстық орналасудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Ереже жоғары оқу орындарының штаттық кестесінде қарастырылған профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстық негізінде орналасуға таратылады (бұдан әрі - штаттағы лауазымдар).

Профессор-оқытушылық құрамының лауазымдарына кафедра жетекшісі, профессор, доцент, аға оқытушы, ассистент жатады.

Штаттағы оқытушы (ғылыми қызметкер) осы жоғары оқу орнында конкурстық негізде төленетін штаттағы лауазымды атқаратын және жоғары оқу орынның міндеттері мен қызметтерін іске асыру мақсатында еңбек шарты негізінде лауазымдық өкілеттіліктерді жүзеге асыратын оқытушы болып табылады.

3. Профессор-оқытушылық құрамның лауазымдарына орналасудың конкурсына тиісті бейіні бойынша арнайы педагог немесе кәсіптік білімі бар осы лауазымға қойылатын талаптарға жауап беретін тұлғалар жіберіледі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабы 5-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарында жұмыс істеуге педагог қызметіне сот үкімімен немесе медициналық қорытындымен тыйым салынған адамдар, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе сотталған қатарынан алынбаған соттылығы бар адамдар жіберілмейді.

4. Профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу конкурсы ғылыми-педагог және ғылыми қызметкерлер лауазымдарының біліктілік мінездемесіне сәйкес өткізіледі.

Өнер және мәдениет саласындағы жоғары оқу орындарының доцент, профессор лауазымдарына орналасудың конкурсына сәйкес тиісті ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы жоқ, бірақ осы мамандық бойынша практикалық жұмыста үлкен тәжірибеге ие мамандар жіберіледі.

 

 

2. Конкурс туралы жариялау

 

5. Жоғары оқу орны профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурс жариялайды.

6. Профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу және бос орындарға конкурс жариялау туралы хабарландыру ақпарат құралдары, жоғары оқу орындарындағы ақпарат құралдары арқылы жарияланады.

7. Бос лауазымдарға арналған конкурсқа өтініштер хабарландыру жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күннен кешіктірілмей берілуі тиіс.

Конкурстың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне жауапты жоғары оқу орнының лауазымды тұлғасының өтініштерді қабылдаудан бас тартуы үміткердің ұсынылған құжаттары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тиісті лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес болмау немесе өтініштерді беру мерзімін бұзу жағдайларында орын алуы мүмкін.

8. Конкурс бойынша таңдау және еңбек шартына отыру өтініштері беру мерзімі аяқталғаннан кейін екі айдан кешіктірмей өткізіледі.

9. Белгіленген мерзімдер сақталмаған жағдайда, конкурс және бос лауазымдар жөніндегі ақпарат қайта жарияланады.

 

 

 

10. Профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі - конкурстық комиссия) жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен құрылады.

11. Конкурстық комиссия конкурсты өткізудің нысандарын, рәсімдерін, нақты мерзімін айқындайды, конкурстық құжаттамаларға талдау жүргізеді, конкурстың қорытындысы бойынша шешім қабылдайды.

12. Конкурстық комиссия жұмысының негізгі міндеттеріне:

барлық үміткерлерге конкурсқа қатысу үшін бірдей мүмкіндік беру;

конкурсқа қатысушылардың арасында әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету;

әділдіктің сақталуына және конкурстың жариялылы түрде өткізілуіне бақылау жасау жатады.

13. Конкурстық комиссия келесі құрамда құрылады: конкурстық комиссияның төрағасы - жоғары оқу орнының басшының орынбасары, төрағаның орынбасары, комиссия хатшысы және мүшелері.

14. Конкурстық комиссияның дербес құрамы, саны және оның өкілеттік мерзімі жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесімен анықталып, жоғары оқу орны басшысының тиісті бұйрығымен бекітіледі.

 

 

^ 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын

қабылдау және қарау

 

15. Еңбек шартына отырумен жалғасатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар жоғары оқу орнының басшысы атына жазылған өтінішті ұсынады. Өтінішке қоса келесі құжаттарды тапсырады:

кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;

өмірбаян;

жоғары білімі мен ғылыми дәрежесі туралы дипломдарының, ғылыми атағы туралы аттестаттың белгіленген тәртіпте расталған көшірмелері;

ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі;

соңғы қызмет еткен жұмыс орнынан берілген мінездеме.

16. Сол жоғары оқу орнында жұмыс істейтін тұлғалар конкурсқа қатысу үшін немесе еңбек шарты бойынша бос лауазымға орналасу үшін жоғары оқу орны басшысының атына жазылған өтінішін ұсынады және оған қоса мінездемесі мен ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімін тапсырады.

Профессор-оқытушылық құрамының лауазымдарына орналасудың конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орны басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін кафедраға жіберіледі.

Кафедра жетекшісі лауазымына орналасудың конкурсына қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттары, жоғары оқу орны басшысының визасымен, алдын-ала қорытынды жасау үшін кафедраға және тиісті факультетке жіберіледі.

Мұндай жағдайда кафедра отырысын факультет деканы немесе оқу жұмысы жөнінде проректоры өткізеді.

17. Конкурстық материалдар ұсынымды сипаттағы қорытынды шығаратын тиісті кафедраның отырысында алдын-ала қаралады.

18. Ғылыми-педагог өтілі бар конкурсқа қатысатын тұлғалар конкурс алдындағы кезеңдегі ғылыми-педагог қызметтері туралы кафедра отырысы алдында есеп береді. Кафедра үміткерлерге сынау лекцияларын оқытуды немесе оқу дәрістерінің басқа түрлерін жүргізуді ұсынып және соның қорытындылары бойынша ұсыныс қабылдай алады.

19. Кафедра көпшілік дауыспен ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы кафедра әр үміткер бойынша тиісті қорытынды қабылдайды, ол конкурстық комиссияға жіберіледі.

20. Кафедраның қорытындысы егер оның отырысында кемінде 2/3 штаттағы оқытушылар қатысқан жағдайда ғана жарамды деп саналады.

21. Кафедра меңгерушісі лауазымына үміткер туралы жасалған кафедра қорытындысына кафедра отырысын өткізген факультет деканы немесе оқу жұмысы жөнінде проректоры қол қояды.

22. Конкурсқа қатысушылар мен кафедра жетекшісі лауазымына үміткерлер кафедра отырысына қатысып, еріктері бойынша өздеріне қатысты қорытындылармен таныса алады.

 

 

^ 5. Конкурс бойынша тағайындау тәртібі

 

23. Профессор-оқытушылық құрамының және ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына орналасу конкурсы үміткерлердің қызмет қорытындыларын сауалнама, сараптамалық баға беру, тестілеу, әңгімелесу, шығармашылық есеп беру, авторлық әзірлемелерді қорғау, практикалық тапсырмалар нысанында және әрбір лауазым бойынша белгіленген талаптар көлемінде кәсіби құзыреттерін бақылаудың басқа нысандарын аналитикалық жалпылау негізінде жүзеге асырылады.

24. Әңгімелесудің мақсаты бос лауазымға конкурс жарияланған нақты жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін, біліктіліктің талаптарды ескере отырып, кандидаттардың жекеше және кәсіптік қасиеттеріне баға беру болып табылады.

25. Әр үміткер бойынша жасалған кафедра, факультет қорытындылары сәйкес ұсыныммен бірге конкурстық комиссия отырысында жарияланады.

26. Бұдан кейін конкурстық комиссия ашық дауыс беру арқылы үміткерлерді сәйкес лауазымға алуға жасырын дауыс беру үшін бірегей осы Ереженің қосымшасына сәйкес бюллетенге енгізу туралы шешім қабылдайды.

27. Дауыс беруші тұлға үміткерді қабылдауға келісетіндігін немесе келіспейтіндігін әр үміткердің аты-жөнінің қасында жазылған «келісемін» немесе «келіспеймін» деген сөздерді белгілеу арқылы білдіреді. Бір лауазымға екі және одан да көп үміткерлердің конкурстық іріктеуге қатысу жағдайында бюллетенде бірде-бір фамилия сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп есептеледі.

28. Дауыстарды санау үшін конкурстық комиссия жасырын дауыс берудің алдында құрамында үш мүшеден кем емес есептеу комиссиясын сайлайды. Есептеу комиссиясы әр үміткер бойынша берілген дауыстардың қорытындысын жариялайды. Есептеу комиссиясының хаттамасы конкурстық комиссиямен бекітіліп, конкурс материалдарына қосылады.

29. Конкурс өткізілгенде конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 мүшесі дауыс беруге қатысқан жағдайда ғана конкурстық комиссияның шешімі расталған болып саналады. Дауыс беруге қатысқан конкурстық комиссия мүшелерінің 50 пайызы және одан да көп дауысын жинаған үміткер сайланған болып саналады.

Жасырын дауыс беру арқылы қабылданған конкурстық комиссияның шешімі, егер ол осы Ережені сақтау негізінде қабылданған болса, түбегейлі болып саналады.

30. Дауыс берудің нәтижелері негізінде конкурстық комиссия әр бос лауазымға үміткер бойынша еңбек шартын жасасу үшін «жоғары оқу орындарының басшысына ұсынылады» немесе «жоғары оқу орындарының басшысына ұсынылмайды» деген жазумен ұсынымдар қабылдайды.

Комиссия хатшысы конкурсқа қатысқан тұлғаларды конкурстың нәтижелерімен және конкурстық комиссияның ұсынымдарымен таныстырады.

 

 

^ 6. Шағымдану тәртібі

 

31. Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер конкурстық комиссияның шешімімен келіспейтіндігі жөнінде жоғары оқу орнының басшысына немесе сот тәртібі бойынша шағымдана алады.

32. Жоғары оқу орнының басшысы конкурстық комиссияның шешімі бойынша түскен шағымды қарастырады және егер осы Ереже бұзылған жағдайда конкурстық комиссия қабылдаған шешімін толықтай немесе жартылай өзгертуге ұсыныс жасай алады.

33. Жоғары оқу орны басшысының ұсынысы конкурстық комиссияның бұрынғы құрамымен отырыста қаралады. Конкурстық комиссияның бұл мәжілісінде алдыңғы шешім өзгертіліп жаңа шешім енгізіледі. Конкурстық комиссия жоғары оқу орны басшысын және шағымданған конкурсқа қатысушыны қабылдаған шешімі туралы шешімі қабылданған сәттен бастап бес күн мерзім ішінде хабардар етеді.

34. Конкурстық комиссияның бұрын қабылдаған шешімі күшін жойған жағдайда, сол кандидаттар мен үміткерлердің қатысуымен комиссия мәжілісі қайта өткізіледі.

Конкурстық комиссияның бұрын қабылдаған шешімнің күшін жоюы және жаңадан қабылдауы жоғары оқу орны басшысының сәйкес шешімін қабылдауға немесе өзгертуге негіз болады.

35. Егер конкурстық комиссия бұрын қабылдаған шешімін өзгертулерсіз қалдырған жағдайда, шағымданған конкурсқа қатысушылар бұл шешімді заңда белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

36. Конкурсқа қатысушылар, сондай-ақ жоғары оқу орнының басшысы конкурс құжаттарымен және оның қорытындыларымен таныса алады.

 

Жоғары оқу орындарының профессор-

оқытушылық құрамының және ғылыми

қызметкерлердің лауазымдарына

конкурстық орналасудың ережесіне

қосымша

 

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін

бюллетеннің үлгісі

Лауазымға конкурстық іріктеу бойынша жасырын дауыс беру үшін

 

Бюллетень

 

_________________________________________________________________________________________

(кафедраның, лауазымның атауы)

Конкурстық комиссия

_________________________________________________________________________________________

(жоғары оқу орнының, фақультеттің атауы)

Конкурстық комиссияның отырысына

_________________________________________________________________________________________

(протоколдың нөмірі мен күні)

 

Үміткердің

аты-жөні 

Конкурстық іріктеу қай лауазымға жүргізіліп отыр (сәйкес кафедраның белгіленуі)

Қалдыру немесе сызып тастау арқылы дауыс нәтижелерін көрсету

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

  

 

Ескерту: бір лауазымға екі және одан да кеп үміткерлердің конкурстық іріктеуге қатысу жағдайында бюллетенде бірде-бір фамилия сызылып тасталмаса, онда ол жарамсыз деп есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №621 Бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы №621 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы №638 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №515 бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану және күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №651 бұйрығы «Білім туралы»
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м а. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №503 бұйрығы «Білім туралы»
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы №21 Бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №635 Бұйрығы «Білім туралы» iconБілім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы №616 бұйрығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы