Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» icon

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы»
Дата конвертации19.01.2013
Размер64.52 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 124 Бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесі бекітілсін.

2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

3. «Білім беру ұйымдарында оқытудың күндізгі нысанында білім алушыларға академиялық демалыс берудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 906 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3258) тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

 

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрдің

міндетін атқарушы

Қ. Омаров

2008 ж. 27 наурыз

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 18 наурыздағы

124 бұйрығымен

бекітілген

 

 

^ Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық

демалыс беру ережелері

 

 

1. Жалпы талаптар

 

1. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру жөніндегі осы ережелері Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңының 5-бабы 17 тармақшасына сәйкес әзірленген.

2. Академиялық демалыс - білім алушылардың (оқушылардың, тыңдаушылардың, студенттердің, курсанттардың, интерндердің, адьюнктердің, резиденттердің, магистранттар мен докторанттардың) денсаулығына байланысты, оның ішінде жүктілігі және бала тууына байланысты өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

3. Білім беру ұйымы білім алушының академиялық демалысты рәсімдеуге берген өтінішін алдын-ала білім алушылардың аралық аттестаттауы басталуына дейін қарайды.

4. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде ары қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (медициналық қорытынды негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттар иегерлеріне белгіленген тәртіпке стипендиялар төлеу үшін қарастырылатын шығыстарды қаржыландырудан басқа) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

5. Білім алушы академиялық демалысты рәсімдеу туралы білім беру ұйымының басшысы атына өтініш береді. Өтінішке міндетті түрде дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының (ары қарай - ДКК) анықтамасы тіркеледі.

6. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс беру кезінде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

 

 

2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері

 

7. Академиялық демалыс білім алушыға 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімде, ерекше жағдайларда 2 жылға дейін ДКК қорытындысы негізінде ғана беріледі.

8. ДКК сырқаттанушыға және жүктіге академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке (мамандыққа) ауыстыру туралы қорытынды шығарады.

Сонымен қатар, академиялық демалыс бала күтіміне байланысты үш жылға дейін беріледі.

9. ДКК сырқаттанушы (жүкті) адамға академиялық демалыс беру туралы немесе денсаулық жағдайы бойынша басқа факультетке (мамандыққа) ауыстыру туралы ұсыныс береді.

10. Академиялық демалысты рәсімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш беріп, ДКК анықтамасын ұсынады.

Мәселе оң шешілген жағдайда білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

11. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті саласы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы өкілетті органға үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына жолдайды.

12. Бактериалы сары су туберкулезбен ауырған білім алушыларға академиялық демалыс емдеу нәтижесіне байланысты дәрігерлік-кеңес беру комиссиясының қорытындысы бойынша 1 жылдан 2 жылдық мерзімге дейін беріледі.

13. Кезекті аралық бақылауға дейін академиялық демалыстан оралған білім алушы, білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

Бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімін түзету үшін, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы үш жұмыс күнінің ішінде білім саласындағы өкілетті органға, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымы білім саласындағы жергілікті атқару органдарына бұл бұйрықтың көшірмесін жолдайды.

14. Ақылы негізде білім алушы білім беру ұйымының басшысы атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініш беріп, сырқатты бақылауға алған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынады. Осы негізде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарады.

Егер академиялық демалыстан шығу немесе академиялық демалысқа кету уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша рейтингке рұқсат алу үшін барлық оқу тапсырмаларын орындап, қажетті балдарды жинауы тиіс немесе пайда болған айырмашылықтар бойынша пәндерге жазғы семестрде жазылуы қажет.

15. Академиялық демалыстан оралған білім алушы жұмыс оқу жоспарларында пәндер айырмашылығы болған жағдайда, ол айырмашылықтарды жоюға тиіс.

16. Оқу жоспарындағы пәндердің айырмашылығын жою үшін білім алушы осы пәндерге жазылып, академиялық кезең ішінде барлық сабақ түрлеріне қатысып, оқу жоспарында қарастырылған ағымдық бақылауларды тапсырып аралық аттестаттауға рұқсат алады.

17. Академиялық демалыстан оралған білім алушылардың оқу жоспарларындағы айырмашылығы білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде немесе жазғы семестрде белгіленген тәртіп бойынша тапсырылады.

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы №21 Бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №515 бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану және күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 Бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы №109 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №119 бұйрығы
Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі...
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №161 Бұйрығы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы