Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы»
Дата конвертации19.01.2013
Размер196.9 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы № 548 Бұйрығы

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі бекітілсін.

2. Дамыту стратегиясы департаменті (С.Ә. Ырсалиев):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларына (департаментіне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.

3. «Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 20 желтоқсандағы № 1037 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде № 3353 тіркелген, 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 177 «Заң газетінде» жарияланған).

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты-хатшы Ф.Ш. Қуанғановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Ж. Түймебаев

 

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2008 жылғы 3 қазан

548 бұйрығымен бекітілген

 

^ Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру

және оның жұмыс істеу

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-3, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107-2 және «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ББАЖ) ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін анықтайды.

2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ақпараттық кеңістігін ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.

3. ББАЖ-ның мақсаты білім беру ұйымдарын, білім беруді басқару органдарын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары қызметі туралы толық, сенімді және салыстырмалы ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз ету болып табылады.

4. ББАЖ-ның міндеттері:

1) білім беру ұйымдарын және білім беруді басқару органдарын өздерінің қызметін жүзеге асыру кезінде ақпаратпен қамтамасыз ету;

2) білім беру статистикасы деректерінің орталықтандырылған банкін ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қатысушылары мен элементтерін бірдейлендіру;

4) ақпараттық жүйені енгізетін заңды және жеке тұлғаларды тарта отырып білім беру ұйымдарының қызметі, кадрлық құрамы және білім алушылардың жетістіктері туралы мәліметтерді жинақтау және өңдеу процесін автоматтандыру;

5) талдау және ақпараттық мәліметтердің мекен-жайлық ұйымдары:

әрбір білім алушы бойынша;

әрбір білім беру қызметкері бойынша;

әрбір білім беру ұйымы бойынша.

6) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру;

7) бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары және/немесе мобильдік байланыс арқылы білім беру жүйесінің жағдайы және дамуы туралы қоғамды хабардар ету;

8) әкімшілік білім беру статистикасын жинақтау, сақтау, өңдеу шығыстарын төмендету болып табылады.

5. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:

1) ақпараттық жүйе - қорландыру, сақтау, арнаулы өзгеріс және деректерді қашықтықтан жіберуді қамтамасыз ететін (бейінді мамандар мен автоматтық техникалық құралдардың бірге қатысуын болжамдайтын) ақпараттың автоматтандырылған өңделу жүйесі;

2) деректер базасы - қандай да бір объектінің ақпараттық моделі ретінде бірге сақтау, автоматтандырылған енгізу және әкімшілік етуге арналған деректердің жүйелендірілген жиынтығы;

3) деректер базасын басқару жүйесі (бұдан әрі - ДББЖ) - деректер базасын автоматтандырылған әзірлеу, енгізу (пайдалану, түзету, модернизация) және әкімшілік ету функциясын қолдауды қамтамасыз ететін мамандандырылған бағдарламалық кешен;

4) web-сайт - бір мезгілде желіге ресурстарды орналастыратын адрес болып табылатын жеке нышанды атпен (URL) жабдықталған біртұтас объект түріндегі Интернет ғаламдық желісінің ақпараттық ресурсы. Web-сайтта ақпаратты сақтаудың бөлек құрылымдық бірлігі гиперсілтеу арқылы web-сайттарға және басқа web-парақтардан кіру кезінде мүмкін болатын wеb-парақтары түрінде ұйымдастырылады. Сайттың парақтарын іріктеу әдетте жалпы тақырыппен, логикалық құрылыммен, безендендіру немесе авторлықпен сипатталады;

5) wеb-портал - интернетті пайдаланушыларға пошта, іздеу, ауа-райы, жаңалықтар, форум, талқылау, дауыс беру сияқты т.б. бір wеb-сайт шеңберінде жұмыс істейтін әртүрлі интерактивті қызмет көрсетулерді ұсынатын wеb-сайт;

6) интерактивтік - объектілер арасындағы өзара әрекеттесу сипатын суреттейтін информатика, коммуникация және өндірістік дизайн саласында қолданылатын түсінік. Интерактивтік пікір айту дәрежесіне барабар және коммуникация процесі сияқты зерттеледі, онда әрбір мәлімет алдындағы мәліметтермен байланысты;

7) бағдарламалық қамтамасыз ету - компьютерлік бағдарламалар мен белгілі бір мәселелерді шешуге арналған және аппараттық құралдармен қатар тасымалдайтын машиналарда сақталатын деректерді қосатын ақпараттық технологиялардың маңызды құрамдас бөлігі. Бағдарламалық қамтамасыз ету басқа бағдарламаларда қолдану үшін берілген мәліметтер немесе процессор үшін нұсқаулықтар тізбегі түрінде іске асырылған алгоритм болып табылады.

 

 

^ 2. ББАЖ-ны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуіне қойылатын негізгі талаптар

 

6. ББАЖ республикалық және ведомстволық деңгейдегі нормативті құқықтық актілерге сәйкес (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық деңгей және білім беру ұйымдарының деңгейі) білім беру ұйымдарымен басқару иерархиясы негізінде ұйымдастырылады және жұмыс істейді.

7. ББАЖ-ны ұйымдастыру өңірлік тиістілікті және білім беруді дамытудың өңірлік бағдарламаларының ерекшеліктерін ескереді.

8. ББАЖ ақпараттық ортада деректер ағынын ұйымдастыруды бес бағыт бойынша жүзеге асырады:

1) ақпараттық - Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қамтамасыз ету;

2) әкімшілік - білім беруді басқарудың барлық деңгейінде басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз ету;

3) оперативтік - желілік мониторинг және әкімшілік ету, деректерді резервтік сақтау және өңдеу жүйесін іске асыру, оперативті-техникалық персоналдық техникалық байланысын ұйымдастыру;

4) технологиялық - ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету, ағымдағы талаптарға байланысты ішкі жүйелерді құрылымдау, бірыңғай технологиялық кешен мен әдістемелерді қалыптастыру, инновациялық технологияларды қолдану, оңтайландыру және технологиялық консалтинг;

5) нәтижелілік – білім беру ұйымдарына енгізілген ақпараттық жүйе арқылы оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының жедел мониторингі және оны бағалау

9. ББАЖ-ны ұйымдастыру төмендегі бағыттар бойынша білім алушылар үшін бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамуын болжайды:

1) педагогтар және білім алушылардың форумдары мен чаттары;

2) ресми емес web-сайттар;

3) балалар және жастар қоғамдық бірлестіктеріне арналған тақырыптық web-сайттар;

4) Қазақстан Республикасында және басқа да мемлекеттерде балалар мен жастардың тәжірибесімен және әуестіктерімен алмасуға арналған өңірлік ақпараттық порталдар.

10. ББАЖ-ның жұмыс істеуі:

1) Қазақстан Республикасының азаматтары алдында білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының ашық есеп беруін дамытуға;

2) электрондық қызметтерді ұсынуға;

3) білім беру ұйымдары және басқармалары жетекшілерінің қатысуымен ашық форумдарды ұйымдастыруға;

4) инновациялық әдістемелік материалдарды жариялауға және олардың ашық талқылануына;

5) өңірлік белгі бойынша ашық рейтингтік жүйенің жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

6) ата-аналар аудиториясы үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және беруге;

7) Министрлік және оның құрылымдық бөлімшелері үшін білім беру ұйымдары оқушыларының ағымдағы және кезеңдік үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ақпаратты жинауға және талдауға.

11. ББАЖ-ны ұйымдастыру кезінде білім беру қызметкерлерін оқыту мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) білім беру желісінің операторлары мен әкімшілерін сертификаттау;

2) білім берудің техникалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

3) білім берудің педагогикалық қызметкерлері үшін оқыту семинарлары;

4) барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының басшыларына арналған оқыту семинарлары;

5) жарияланатын әдістемелік әдебиеттерді қолдану арқылы ББАЖ-ның элементтерімен жұмыс істеуге өз бетінше оқыту.

12. ББАЖ-ны ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі мемлекеттік тілдің дамуына мүмкіндік береді және:

1) ресми ақпаратты ұсынуды және мемлекеттік тілде жариялауды;

2) мемлекеттік тілде интерактивті сөздіктерді, энциклопедияларды, анықтамаларды ашық жариялауды;

3) мемлекеттік тілді оқытуға арналған интерактивті сайттарды ұйымдастыруды;

4) мемлекеттік тілде ақпараттарды іздеу қызметін, электрондық пошталарды, форумдарды, блоктарды, жаңалықтар таспасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

13. ББАЖ-да апаттар, табиғат катаклизмдері, техногендік апаттар болған жағдайда аналитикалық жұмыстар мен қалпына келтіру мақсатында білім беру жүйесі қызметінің орталықтандырылған электрондық мұрағаттарын, деректер базасын, ашық қорларды және ББАЖ-ның техникалық жағдайын жүргізу жүзеге асырылады.

14. ББАЖ білім беру мониторингісінің көрсеткіштерін біріктіру жолымен республикалық деңгейде білім беру кеңістігінің дамуын; ашық есептер басылымдарын; әдістемелік әдебиеттердің жариялануын және төмендегі ақпараттық ресурстарды қамтамасыз етеді:

1) білім беру ұйымдарының web-порталдары;

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің, Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық орталығының, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандартының ұлттық орталығының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың; білім беру ұйымдары мен білім беруді басқару органдарының web-сайттары мен web-порталдары;

3) қашықтықтан білім беру технологиялары;

4) интерактивтік оқыту жүйесінің web-сайттары;

5) оқу телеарнасының интернет таралымының web-сайты;

6) басқа ведомстволар;

7) білім беру саласындағы қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар;

8) ата-аналарды оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының ағымдағы деңгейі туралы қашықтықтан ақпараттандыру;

9) ата-аналар мен оқушылар үшін оқушылардың үлгерімі мен сабаққа қатысуының электрондық тізілімдер жүйесінің интернет-ресурсы.

 

 

3. ББАЖ-ға қойылатын техникалық талаптар

 

15. Қазақстан Республикасы білім берудің ұлттық жүйесінің ерекшеліктеріне толық бейімделу.

16. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі терминалдар интерфейстері мен қосымшалардың шектелуі.

17. Қазіргі бар желілер мен коммуникацияларда ББАЖ-ның жұмыс істеуі.

18. ББАЖ-ны ұйымдастыру жүйелік талаптар және аппараттық-бағдарламалық құралдарына қойылатын талаптар негізінде жүзеге асырылады.

1) ББАЖ-ға қойылатын негізі жүйелік талаптар:

ақпараттық — коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі заманғы стандарттармен сәйкестілік және жұмыс істеуін арттыру мүмкіндігі;

біріктірілу — жүйе бірыңғай бөлінген ақпараттық ортада заңнамалар мен нормативтік құжаттар, білім беру жүйесі субъектілері қызметінің аспектілері аясында анықталған басқарудың міндеттерін біріктіруі тиіс;

масштабтау - бір мезгілде жұмыс істейтін пайдаланушылардың саны және өңделген ақпарат көлемінің арту өлшемі бойынша жүйенің даму мүмкіндігін кепілдендіретін салынымдық үнем көзқарасымен ауқымдалады;

тасымалдану немесе аппараттық платформаларда, операциялық жүйелерде, әртүрлі деректер базасы серверларында жұмыс істеу қабілеті;

бейімделу - Қазақстан Республикасының Заңнамалары мен білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды, ұсынылатын нормативтік құжаттарын есепке ала отырып нақты ұйымдардың ерекшеліктеріне арналған автоматты баптау мүмкіндігі;

кеңею - пайдаланушылардың спецификалық қажеттіліктеріне сәйкес бастапқы қабылданған дамыту тұжырымдамасының және технологиялық базасының шегінен шықпай жүйенің функционалдық әлеуетінің үдеу мүмкіндігі;

шектелу - құжат айналымның ұлттық талаптары мен стандарттарын, оқыту процесін, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің ерекшеліктерін қолдау мүмкіндігі;

бөліну - әртүрлі компьютерге ақпараттық жүйенің жұмыс істелуін толық немесе жартылай орналастыру, компьютерлік желілер құрылымында, оның ішінде Интернетте жұмыс істелінетін көп пайдаланушы жүйе түрінде іске асыру мүмкіндігі;

ашықтық - іске асырылатын функцияның саны мен құрамының кеңеюі, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етудің жаңартылуы, берілген жұмыс орны санының өсуі негізіндегі шектелмеген даму мүмкіндігі;

сапа - ISO 9000 сериясының сапасын басқару саласында халықаралық стандарт талаптарына сәйкес келуі болып табылады;

корпоративтік ынтымақтастық – балалардың ағымдағы үлгерімі мен сабаққа қатысуы туралы ата-аналарды жедел ақпараттандыру жүйесін дамыту

2) ББАЖ-ның аппараттық-бағдарламалық құралы алдыңғы қатарлы әлемдік технологияларға сәйкес келуі және мынадай негізгі өзара байланысты басқару модульдерінің іске асырылуын қамтамасыз етуі қажет:

оқыту процестерін және технологияларын басқару;

білім беру сапасын басқару;

педагогикалық кадрларды және қызметкерлерді басқару;

кадрларды даярлау және қайта даярлау процестерін басқару;

ғылыми зерттеулерді басқару;

әлеуметтік дамуды басқару;

материалдық-техникалық қамтамасыз етуді басқару;

жобаларды басқару;

электронды құжат айналымын басқару;

оқушылар үлгерімінің ағымдағы және кезеңдік нәтижелерінің электрондық базасын басқару.

3) ББАЖ-ның басқару модульдері төмендегі функционалдық талаптарды қанағаттандыруы керек:

әзірлеу кезіндегі объекті-бағдарланған, логикалық және модельдік тәсілдер;

объектінің репозитариі;

деректер базасы құрылымын жобалау құралының бар болуы;

деректер базасын басқарудың әртүрлі жүйесінен алынған деректердің импорттарды баптау құралдарының бар болуы;

іскер процестердің моделдерін жобалау және баптау құралдарының болуы;

есептерді және экрандық нысандарды жобалау құралы;

жүйені реттеу процесін құжаттандырудың кіріктірме құралы;

енгізуді өткізудің фирмалық әдіснамасының бар болуы;

жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйесін қолдану;

деректерді жедел талдамалы өңдеудің кіріктірме құралдарының бар болуы;

әртүрлі аппараттық платформаларда жұмыс істеу;

істен шығуға жеткілікті деңгейде тұрақтылық пен сенімділікті қамтамасыз ету;

сақталатын ақпараттың толықтығын және қайшылықсыз болуын қамтамасыз ету;

берілетін деректердің жоғары деңгейдегі қорғанысын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

пайдалану процесінде жаңартылу мүмкіндігі;

нормативтік құқықтық базаны қолдау.

19. ББАЖ-ның элементтерін мөлшерлеу, басқару блоктарын, терминалдарды, деректер базасын, деректер базасын басқару жүйесін, есеп жүйесін және баспаларды, интерактивтік интерфейстерді құжаттандыру.

 

 

^ 4. ББЖА-ға күтім жасау және қолдау көрсету

 

20. ББЖА-ға техникалық күтім жасауды:

1) Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің бейініне сәйкес сертификатталған мамандар;

2) білім беру қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мамандары;

3) шарттық қатынастар негізінде әрекет етуші сертификатталған және патент қорғаған заңды тұлғалардың мамандары жүргізеді.

21. ББАЖ-ны техникалық қолдауды стандарттар мен жұмыс істеудің өзгеріп отыратын талаптарын, сондай-ақ заңнамалық актілерді, нормативтік және құқық белгілейтін құжаттарды есепке ала отырып, әзірлеушілер жүзеге асырады.

22. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық қызмет көрсету және жұмысты ұйымдастыру бойынша қызметтер конкурс негізінде сатып алынатын болады.

 

 

^ 5. ББАЖ-ны пайдалану шарттары

 

23. ББАЖ-ны пайдалану арқылы электронды ақпарат алмасудың қатысушылары ББАЖ-ның ережелерімен бекітілген дерекетердің электрондық пакет форматын қолданады.

24. ББАЖ-ның сыртқы пайдаланушылары ББАЖ-ны пайдалану арқылы электронды ақпарат алмасуға қатысу үшін білім беру ұйымдарымен, білім беруді басқару органдарымен жасасқан, электронды хабар алмасу тәртібін қарастыратын, ББАЖ-ны қолданушылардың құқықтары мен міндеттерін, талаптардың жауапкершіліктерін, келіспеушілік жағдайларды шешу тәртібін, штаттық емес жағдайларда ББАЖ-да пайда болатын екі жақтың іс-қимыл тәртібін, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейтін шарттарды, сондай-ақ басқа да ережелерді, қолданыстағы заңнамаларды және ББАЖ-ның ережелерін басшылыққа алады.

25. ББАЖ-ның ішкі пайдаланушылары ББАЖ-ны қолдану арқылы өзара әрекеттесу кезінде ББАЖ-ның жұмыс істеу ережесін анықтайтын нормативтік актілер мен ұйымдастырушылық-өкімшілік құжаттарын басшылыққа алады.

 

 

^ 6. Ақпарат алмасудың жалпы ережесі

 

26. ББАЖ-дағы ақпараттық өзара алмасу пайдаланушылардың бір- біріне бағыттайтын деректердің электрондық пакеттері арқылы жүзеге асырылады.

27. Электрондық пакеттегі ақпарат оны кейіннен пайдалану үшін қолжетімді болуы керек, соның ішінде қағаз тасымалдағышта жаңғыртылуының және оның визуальді ұсынылуының мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

^ 7. Келіп түскен электрондық пакеттерді қабылдау және бақылау тәртібі

 

28. Келіп түскен барлық электрондық пакеттер ББАЖ-да белгіленген тәртіппен аутентификациядан өтеді.

29. Электрондық пакетті аутентификациялау нәтижесі бойынша алушы аутентификация нәтижесінің оң және теріс нәтижесін растайды.

30. Электрондық пакетті аутентификациялаудың теріс нәтижесі кезінде одан әрі өңдеуге жіберілмейді.

31. ББАЖ-да белгіленген тәртіпке сәйкес жіберуші алғандығын растағаннан кейін ғана электрондық пакет жетті деп есептелінеді.

 

 

8. Электрондық пакеттерді сақтау және жою тәртібі

 

32. Барлық жіберілген және алынған электрондық пакеттер және аутентификация кодын тексеру үшін қажет деректер ББАЖ-ның нормативтік құжаттарымен белгіленетін мерзім ішінде сақталады.

33. Электрондық пакеттерді сақтау кезінде мынадай талаптарды сақтау қамтамасыз етіледі:

1) пакеттер ішіндегі мәліметтердің бұрмаланбағандығын анықтауға мүмкіндік беретін жіберілген және алынған форматта сақталады;

2) пакеттерді аутентификациялау мүмкіндігі барлық сақтау мерзімінде жүзеге асырылады;

3) барлық жіберілген және алынған электрондық пакеттер жіберілген және алынған күні мен уақыты көрсетіліп сақталады;

4) электрондық пакеттерді сақтау тәртібі ішіндегі ақпаратқа жедел мүмкіндікті және оны қағаз тасымалдағышта жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

 

 

^ 9. Қорытынды ережелер

 

34. Егер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында басқаша көзделмеген болса, ББАЖ-ның ресурстарына мүмкіндік алу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік және өкімші құжаттарына сәйкес анықталады.

35. ББАЖ деректерінің орталықтандырылған мұрағаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне тиесілі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде сақталады.

36. Орталықтандырылған мұрағат деректері мынадай бөлімдерді қамтиды:

1) балалардың құқықтарын қорғау;

2) исклюзивті білім беру;

3) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту;

4) бастауыш білім;

5) негізгі орта білім;

6) орта білім, соның ішінде:

жалпы орта білім;

7) техникалық және кәсіптік білім;

8) қосымша білім;

9) орта білімнен кейінгі білім;

10) жоғары білім;

11) жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

12) ғылыми іздену;

13) тәжірибе және жұмысқа орналасу;

14) біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау.

15) республиканың оқу орындарындағы оқушылар үлгерімінің электрондық тізілімі.».

2. Мемлекеттік сатып алу және күрделі құрылыс департаменті (Н. Қыстаубай):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;

2) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының барлық білім басқармаларына (департаменттеріне), жоғары оқу орындарына жеткізсін.

37. Деректер базасындағы әр жазба жалпы белгіленген тізілімдегі жазбаға, идентификациялық құжатқа немесе тиісті анықтамаға сәйкес келеді.

38. Егер Қазақстан Республикасының басқа заңнамаларымен көзделмеген болса, басқа ведомстволардың, министрліктердің, атқарушы органдардың ББАЖ-дағы сұраныстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен регламент арқылы анықталады.

39. ББАЖ-ның деректер базасында сақталған жеке сипаттағы мәліметтер ашық жарияланымға жатпайды.

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы №21 Бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 63-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰйырамын
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №515 бұйрығы «Білім туралы»
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану және күшін жою туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі №161 Бұйрығы «Білім туралы»
Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 Бұйрығы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 3 қазандағы №548 Бұйрығы «Білім туралы» iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы №289 Бұйрығы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 23 тармақшасын іске асыру мақсатында БҰйырамын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы