Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу



НазваниеҚазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу
Дата конвертации19.01.2013
Размер35.21 Kb.
ТипДокументы
источник


2011 жылғы 9 наурыздағы № 82


Қазақстан Республикасының

жалпы білім беретін оқу орындары

оқушыларының емтихандарын өткізу


және 2010 - 2011 оқу жылын аяқтау туралы


2010 - 2011 оқу жылын ұйымдасқан түрде аяқтау және Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының көшіру мен бітіру емтихандарын өткізу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Оқу жылын аяқтау және бітіруші сыныптардың оқушыларының қорытынды аттестаттауын өткізу мынадай тәртіпте белгіленсін:

1) барлық типтегі жалпы білім беретін күндізгі және кешкі (кезекті) оқу орындарындағы мектепалды, 1-11(12)- сыныптарда оқу сабақтары 2011 жылғы 25 мамырда аяқталады;

2) 9(10)-сынып оқушыларын негізгі орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 30 мамыр - 16 маусым күндерінде, 11-сынып оқушыларын жалпы орта білім курсы бойынша қорытынды аттестаттау 2011 жылғы 31 мамыр - 20 маусым күндерінде өткізіледі;

3) 9(10)-сынып бітірушілері негізгі орта білім курсы бойынша үш міндетті емтихан тапсырады:

ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) жазбаша емтихан - 30 мамырда (гуманитарлық пәндерді тереңдете оқытатын мектептердің және гимназиялардың оқушылары - шығарма, қалғандары – диктант жазады);

алгебрадан жазбаша емтихан - 2 маусымда;

орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан - 6 маусымда;

қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан - 6 маусымда;

Негізгі орта білім беру ұйымы бітірушісінің таңдауына кез келген пәннен ауызша емтихан тапсыру ұсынылады, бірақ 2 пәннен артық болмауы қажет.

4) ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түскісі келетін жалпы орта білім беру ұйымдарының 11 (12)-сыныптарын бітірушілер мемлекеттік қорытынды аттестаттауды ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нысанында тапсырады.

Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері өз қалаулары бойынша ҰБТ-ді мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсыруға қатыса алады.

Оқу бітірген жылы республиканың жоғары оқу орындарына оқуға түсуді және ҰБТ-ге қатысуды қаламайтын жалпы орта білім беру ұйымдарының 11(12) сынып бітірушілері төрт міндетті емтихандарды мына мерзімдерде тапсырады:

орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердегі мемлекеттік тілден ауызша емтихан – 31 мамырда;

қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілінен ауызша емтихан – 31 мамырда;

ана тілі мен әдебиетінен (мектептегі оқыту тілі) шығарма түрінде жазбаша емтихан (кешкі жалпы білім беретін мектептер үшін - диктант) – 4 маусымда;

алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 8 маусымда;

Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 11 маусымда.

Бітірушінің таңдауына кез келген, 2-ден артық емес пәндерден ауызша емтихан тапсыру ұсынылады.

2. Облыстық, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары жалпы орта білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылын осы бұйрықтың талаптарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5191-мен тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 81 (1481) санында жарияланған) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес аяқтауды қамтамасыз етсін.

3. Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының білім басқармалары өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін жазбаша бітіру емтихандарын өткізуге арналған емтихандық материалдарды уақытында дайындасын.

4. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б. С. Кәрімжанов):

1) республикалық білім ұйымдарының 9(10) және 11(12)-сыныптарын бітірушілері үшін және өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткер 11-сынып бітірушілері үшін ана тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын, қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математикадан емтихандық тапсырмалар пакеттерін дайындасын;

2) қазақ тілі мен әдебиетінен шығарма тақырыптарын ТМД елдерінің және Моңғолияның Білім министрліктеріне жеткізсін;

3) шығарма тақырыптарын жариялау үшін «Қазақстан мұғалімі» және «Учитель Казахстана» газеттерінің редакцияларына ұсынсын;

4) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғанынан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.


Министр Б. Жұмағұлов



Похожие:

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon149 от 07. 04. 09 Қарағанды облысының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу және
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 18. 03. 2009 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconПавлодар қаласының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының арасында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туғанына 150 жыл толуына орай өткізілетін қалалық І мәшһүр Жүсіп оқулары туралы
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес облыстық «Ана тілі» бағдарламасын орындау мақсатында 2008 жылғы 10 сәуір...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconОт 25. 05. 2011 №268 Облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы
Республикасы «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon«Меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін жалпы орта білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жалпы білім беретін мектептерге,
Республикалық бюджеттік комиссияның отырысында берілген аталған жоспардың іс-шараларын қаржыландыру мәселесін енгізуді қарастыру...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconАрнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту
Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 16-бабымен реттеледі
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconАрнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту
Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 16-бабымен реттеледі
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу iconСыныбы Өткізетін мұғалім
Балқаш қаласы жалпы білім беретін №15 жалпы білім беретін орта мектеп кмм қамқоршылық кеңесінің құрамы. 2012-2013 оқу жылы
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы