Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн icon

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн

НазваниеБiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн
Дата конвертации19.01.2013
Размер34.06 Kb.
ТипДокументы
источник

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн

оқулықтармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 19 ақпандағы N 173 қаулысы

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын және тәрбиеленушiлерiн оқу әдебиетiмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында және "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне оқулықтарды қайтарымды негiзде тегін пайдалануға құқығы бар бiлiм алушылардың санаттарын қосымша белгiлеу құқығы берiлсiн.

3. Мыналардың:

1) "Бiлiм беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 64-құжат);

2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 3 ақпандағы N 157 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2001 жылғы 11 сәуiрдегi N 489 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 172-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиiс.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

^ 2003 жылғы 19 ақпандағы

N 173 қаулысымен

бекiтiлген

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн

оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi

1. Осы Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 36-бабына сәйкес әзiрлендi.

Осы Ереже мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушілерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртiбiн белгiлейдi.

2. Мемлекеттік оқу орындарында оқушылармен тәрбиеленушiлердi оқулықтармен қамтамасыз ету:

жыл сайын мектеп кітапханалары арқылы оқулықтарды қайтарымды негiзде пайдалануға тегiн беру жолымен;

оқулықтарды бөлшек саудадан сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

3. Жыл сайын мектеп кiтапханаларынан оқулықтарды қайтарымды негiзде тегін пайдалануға:

интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушiлерi;

жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндiктерi шектеулi балалар, мүгедектер, бала кезiнен мүгедектер;

мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасыларының балалары;

көп балалы отбасыларының балалары;

мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасыларының балалары;

денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы жалпы орта бiлiм беру бағдарламалары бойынша емдеу ұйымдарында бiлiм алатын балалар алады.

4. Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар бiлiм берудi басқару органдарына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылары балаларының тiзiмдерiн бередi.

5. Оқушылар мен тәрбиеленушiлердi қамтамасыз ету үшiн мiндеттi оқулықтардың тiзбесi мемлекеттiк жалпыға бiрдей мiндетті бiлiм беру стандартына сәйкес бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы органның шешiмiмен бекiтiледi.

Мiндеттi тiзбеге кiрмейтiн оқу әдебиетiн сатып алуды оқушылар өздерi жүзеге асырады.

7. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарының оқулықтарды тегiн алуға құқығы бар оқушылары мен тәрбиеленушiлерiн қамтамасыз ету үшін мiндеттi тiзбеге кiретiн атаулар бойынша оқулықтарды сатып алу толық таралымымен 4 жылда бiр рет, кейiннен мектеп кiтапханаларын қорландыру циклы бойынша оқу әдебиетiнiң қажеттi санын қосымша сатып ала отырып жүзеге асырылады. Қажетті оқулықтарды қосымша сатып алу төрт жылдық циклдың екi жылы өткеннен кейiн бiлiм алушылардың көрсетiлген контингентiнiң жиырма пайызынан аспайтын мөлшерде жүргiзiледi.

8. Мемлекеттiк білiм беру ұйымдарының кiтапханаларындағы оқулықтарды сақтау, есепке алу, бepу, қайтару және есептен шығару туралы нұсқаулықты бiлiм беру саласындағы орталық атқарушы орган бекiтедi.

9. Мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарының студенттерi, магистранттары, курсанттары, тыңдаушылары, тағылымдамашылары аспиранттары, адъюнкттары және докторанттары оқулықтармен осы ұйымдар белгiлеген тәртiппен қамтамасыз етiледi.

10. Мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн оқулықтармен қамтамасыз етудiң тәртібiн осы бiлiм беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiлейдi.

Похожие:

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн icon«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты Жалпы ережелер «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
...

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн iconБастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беруҒдiң жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына...

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн icon«Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттiк қызметiнiң регламентi
Осы «Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiмнiң жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне тегiн тасымалдауды қамтамасыз ету» регламентiнде...
Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн icon16 «Техникалық және кәсiптiк бiлiм беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты
Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi, жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн бiлiм және ғылым саласындағы мемлекеттiк қызмет...
Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн icon22 «Балаларға қосымша бiлiм беру бойынша қосымша бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк қызмет стандарты

Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн iconУә кілетті органдардың мекенжайы
«Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы