Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы icon

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы



НазваниеҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Дата конвертации19.01.2013
Размер55.66 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығы

 

Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы

(2010.12.06. берілген өзгерістермен)

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі;

2) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту ережелері бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда 2008 жылғы 21 сәуір

  № 573

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2008 жылғы 21 сәуірдегі

№ 573 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Бірінші басшыларын Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті қызметке тағайындайтын және қызметтен

босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының

ТІЗБЕСІ

 

1. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

3. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

4. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

5. Қазақ ұлттық аграрлық университеті

6. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы

7. Қазақ ұлттық өнер университеті

8. Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

9. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2008 жылғы 21 сәуірдегі

№ 573 Жарлығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын

мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен

босату және олардың аттестаттаудан өту

ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындаудың, қызметтен босатудың және олардың аттестаттаудан өтуінің осы ережелері (бұдан әрі - Ережелер) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

Ережелер Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын қызметке тағайындау, қызметтен босату және олардың аттестаттаудан өту тәртібін айқындайды.

 

2. Қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі

 

2. Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы ұсынылып отырған тағайындау немесе босатудың себептері мен дәлелдерін көрсете отырып, мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін кандидатураны немесе қызметтен босату туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне келісуге енгізеді.

3. Мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын қызметке тағайындау үшін ұсынылып отырған кандидатура немесе қызметтен босату туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына тиісті ұсыныс енгізіледі.

4. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына ұсынылатын кандидатураны тағайындау туралы ұсынысқа мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы қол қойған мінездеме;

2) кадрлар есебі бойынша жеке парақ;

3) ғылыми еңбектер тізімі;

4) білімі, ғылыми дәрежесі мен атағы туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының көшірмесі.

Лауазымға тағайындау туралы ұсыныста мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидаттың қысқаша іскерлік және жеке қасиетінің мінездемесі беріледі.

Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының лауазымынан босату туралы ұсынысқа аттестаттау комиссиясының хаттамасы қоса беріледі.

5. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын атқаратын лауазымынан босатуы мүмкін.

 

3. Аттестаттаудан өтудің тәртібі

 

6. Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. Мемлекеттік жоғары оқу орынының бірінші басшысының алғашқы аттестаттаудан өтуі оның қызметке тағайындалған күнінен бастап үш жыл өткеннен кейін өткізіледі.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшыларын аттестаттаудан өткізуді аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) жүргізеді. Комиссияның құрамын қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік орган бекітеді. Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның және қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізіледі.

Қарамағында мемлекеттік жоғары оқу орны бар мемлекеттік органның басшысы Комиссияның төрағасы болып табылады.

7. Аттестаттаудан өтуден бір ай бұрын мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірінші басшылары Комиссияның төрағасына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі мақұлдаған негізгі жұмыс қорытындылары туралы есеп;

2) жоғары оқу орнын дамыту перспективасына арналған қызмет бағдарламасы;

3) есепті кезеңдегі ғылыми еңбектердің тізімі.

8. Комиссияның отырысында мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының өткен кезеңдегі жұмыс қорытындылары туралы қысқаша есебі және жоғары оқу орнының перспективаға арналған қызмет бағдарламасы тыңдалады.

9. Құжаттарды қараудың және мемлекеттік жоғары оқу орнының бірінші басшысын тыңдау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді;

3) қайта аттестаттаудан өтуі тиіс.

10. Комиссияның атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауы аттестаттаудың теріс нәтижесі болып табылады және атқаратын лауазымынан босатуға ұсыныс енгізу үшін негіз болады.

11. Қайта аттестаттау осы Ережелерде айқындалған тәртіппен бастапқы аттестаттау өткізілген сәттен бастап алты айдан кейін өткізіледі. Комиссия қайта аттестаттауды жүргізе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) атқаратын лауазымына сәйкес келеді;

2) атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.

12. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасы берген дауыс шешуші болып саналады.

Шешім, егер Комиссия отырысына Комиссия мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.

13. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссия төрағасы қол қояды және мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының аттестаттау парағына және қызмет ету тізіміне енгізіледі.

14. Комиссия атқаратын лауазымына сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдаған жағдайда хаттама қызметтен босату туралы ұсыныспен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне жіберіледі.

15. Мемлекеттік жоғары оқу орны бірінші басшысының Комиссия шешіміне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануына құқығы бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан республикасы президентінің жарлығЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі №856 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Республикасы Конституциясының нормаларын іске асыру және Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін жетілдіру мақсатында Қаулы етемін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы iconҚазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы icon«Өнімділік 2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы...
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы icon«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы №526 жарлығы
«Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 10 наурыздағы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы