Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы icon

Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы



НазваниеБілім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы
Дата конвертации16.02.2013
Размер57.28 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 616 бұйрығы


«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 40-бабы 4-тармағына  сәйкес   БҰЙЫРАМЫН:
          1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасы бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменттері осы бұйрықты ведомстволық бағынысты органдар мен білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы

10 қарашадағы № 900 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. «Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 12 қарашадағы № 545 бұйрығы қолданыстан алынсын.

5. Осы  бұйрықтың  орындалуын  бақылау вице-министр

К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.


Министрдің

міндетін атқарушы Ф. Қуанғанов


Қазақстан Республикасы

Бiлiм және ғылым министрi

міндетін атқарушының

2007 жылғы «7» желтоқсандағы

№ 616 бұйрығымен бекітілген


^ Білім беру ұйымдары

үлгілері мен түрлерінің номенклатурасы


Білім беру ұйымдарының үлгілері:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары;

2. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары;

3. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;

4. Арнайы білім беру ұйымдары;

5. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдары;

6. Қосымша білім беру ұйымдары;

7. Мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ұйымдары;

8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары;

9. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

10. Жоғары білім беру ұйымдары;

11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары.


Білім беру ұйымдарының түрлері:

1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары:

бөбекжай;

балабақша;

бөбекжай-балабақша;

санаториялық балабақша;

үйден оқытатын балабақша;

мектепке дейінгі шағын-орталық;

«мектеп-балабақша» кешені;

оқу-тәрбие орталығы.


2. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары:

бастауыш мектеп;

негізгі орта мектеп;

жалпы орта мектеп;

шағын жинақталған мектеп;

гимназия;

мектеп-гимназия;

лицей;

мектеп-лицей;

бейіндік мектеп;

кешкі мектеп;

дарынды балаларға арналған мектеп-лицей;

жалпы орта білім беретін мектеп;

мектеп-кешені;

аурухана жанындағы мектеп;

түзету мекемесі жанындағы жалпы білім беретін мектеп;

кәсіптік-жалпы білім беретін оқу орталығы;

оқу-өндірістік комбинат;

оқу-курстық комбинат;

оқу-ғылыми-өндірістік кешен;

оқу-сауықтыру орталығы (кешен);

оқу-тәрбие орталығы (кешен).

3. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары:

түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған

мамандандырылған мектеп-интернаттар;

дарынды балаларға арналған мамандандырылған орта мектеп-интернаты;

жалпы орта және негізгі орта білім беретін мектеп-интернаттар;

физика-математика орта мектеп-интернаты;

қазақ-түрік лицейі;

музыка мектебі;

әскери мектеп;

спорт мектебі;

әскери мектеп-интернат;

кадет мектеп-интернаты;

суретшілер мектебі;

мектеп-интернат;

мектеп-интернат-кешені;

жалпы үлгідегі мектеп-интернат;

санатория үлгісіндегі мектеп-интернат;

девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат;

жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат;

қазақ-түрік лицейі жанындағы интернат.


4.  Арнайы білім беру ұйымдары:

психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация;

оңалту орталығы;

логопедтік пункт;

психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті;

мектеп жанындағы логопедтік пункт;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды түзету (қалыпқа келтіру) ұйымы;

даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақша (бөбекжай, бөбекжай балабақша);

даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқу-тәрбие орталығы;

даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған «балабақша-мектеп» кешені.

5. Арнайы (түзету) білім беру ұйымдары.

есту қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

көру қабілеті нашар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

тірек-қозғалғыш аппараттары нашар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

сөйлеу қабілеті өте ауыр нашар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

психикалық дамуы жетілмеген балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

ақыл есінің дамуы қалыпты жетілмеген (даму ерекшелігі жетілмеген) балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

өзін-өзі ұстау және эмоцияға берілу мүмкіндігі бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

күрделі кемістігі бар балаларға арналған арнайы (түзету) білім беру ұйымы;

даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «балабақша-мектеп-лицей» кешені;

даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы кәсіптік лицей (училище);

даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы кәсіптік колледж.

6. Қосымша білім беру ұйымдары:

оқушылар сарайы,

оқушылар үйі,

орталық,

кешен,

студия және балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бірлестігі,

жас техниктер, туристер, натуралистердің станциясы,

өнер (музыкалық, көркем-өнер және спорт) мектебі,

клуб, аула клубы;

лагер,

база,

галерея, мүдделері бойынша сауықтыру, туристік, спорттық лагер, клуб.

7. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттары:

кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі өңірлік орталық;

ғылыми-зерттеу институты;

білім беру қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшесі.


8. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары:

кәсіби-еңбекке оқытатын оқу орталықтары;

еңбекпен түзеу мекемелерінің жанындағы кәсіби мектеп;

мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кәсіптік мектеп;

әскери-техникалық мектеп;

жетім балалар үшін кәсіптік лицей;

кәсіптік лицей;*

училище;

колледж;*

өңіраралық кәсіптік оқыту орталығы;*

жоғары техникалық мектептер;

кәсіптік білім беретін оқу орталық;

кәсіби-техникалық оқу орталық.

Ескерту: * Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының атауларында тиісті салалық керек-жарақтар көрсетілуі керек.


9. Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері:

колледж.


10.Жоғары білім беру ұйымдары:

университет;

академия;

институт;

консерватория;

жоғары мектеп;

жоғары училище.


11. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары:

университет;

академия;

ғылыми-зерттеу институты;

ғылыми орталық;

ғылыми-зерттеу зертханасы;

ғылым академиясы.




Похожие:

Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconӨскемен қаласының білім беру ұйымдарының рейтингі туралы Ереже Жалпы ережелер
Білім беру ұйымдарының рейтингі туралы ереже (бұдан әрі Ереже) қаланың білім беру ұйымдарының сыртқы бағалауын және рейтингісін жүзеге...
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconМамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
...
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 9 желтоқсандағы №638 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстырудың және қайта қабылдаудың ережелерін бекіту туралы
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconҮлгілік ережесі Жалпы ережелер
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 5-бабының 44-5 тармақшасына сәйкес әзірленген және балаларға арналған...
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconБілім беру ұйымдары жүзеге асыратын халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру ережесі
Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің білім беру ұйымдарының...
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconБілім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы»
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17 тармақшасына сәйкес БҰйырамын
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconБiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары мен тәрбиеленушiлерiн
Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушыларын және тәрбиеленушiлерiн оқу әдебиетiмен уақытылы қамтамасыз ету мақсатында және "Білім туралы"...
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №124 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 23 қазандағы №502 Бұйрығы «Білім туралы»
Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы
Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1310 Қаулысы «Білім туралы»
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы