|
Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына бекітілген
1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына, жоғары техникалық мектептерге (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін бекітеді. 2. Білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар; негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады. Басқа шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар білім беру ұйымдарына Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бекітілген халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен қабылданады. 3. Білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
3) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар азаматтар біліміне сәйкес мамандықтар бойынша қысқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша оқуға қабылданады; Аталған санаттағы тұлғалар үшін түсу емтихандары пәндерінің тапсыру нысаны мен тізбесін білім беру ұйымдары белгілейді. 5. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік білімнің жекеленген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
6. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау, ұйымдастыру, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін қабылдау комиссиясы құрылады, ол өз жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайды. 7. Білім беру ұйымдарына қабылдау комиссияларының өңірлерге барып азаматтарды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі. 8. Қабылдау ережелері, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте, оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізілуі қажет. 9. Білім беру ұйымдарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау 20 маусымнан бастап 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан бастап 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында өткізіледі. 10. Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға қабылдау 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады, арнайы және шығырмашылық емтихандар 21 шілдеден бастап 28 шілдеге дейін жүргізіледі. 11. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішке қосымша оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін сараптама медициналық-әлеуметтік тұжырымы), 3х4 көлемдегі 4 суретті, ағымдағы жылғы жалпы орта білім беретін оқу орындарының бітірушілер ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификатты (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің тұлғасын куәландыратын құжаттар (төлқұжат немесе тууы туралы куәлік) жеке ұсынылады. Оқытудың нысандары бойынша және шарттық негіздегі (ақылы) оқуға түсушілерден түскен өтініштер жеке тіркеледі және ескеріледі. 12. Түсу емтихандары: - жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімі бар азаматтар үшін ( негізгі орта, орта жалпы білім беретін білім беру ұйымдарына оқушыларды ауыстыру халықаралық желісі бойынша шетелде оқыған, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқыған, республикалық музыкалық мектеп-интернаттарды, мәндес емес мамандықтар бойынша оқуға түсетін кәсіптік бастауыш білім беру ұйымдарын ағымдағы жылғы бітірушілер, сонымен қатар өткен жылдардағы бітірушілер) негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық, бейіні бойынша пән) өткізіледі; негізгі жалпы білімі барлар - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пәннен (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән); жоғарғы техникалық мектепке түсушілер - негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 3 пәннен (қазақ немесе орыс тілі, математика және мамандық бейіні бойынша пән); Мамандық бейінінің пәні осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес айқындалады. 13. Білім беру ұйымдарына өнер және мәдениет мамандықтары бойынша оқуға түсетін азаматтар 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарымен бекітілген бағдарламалар бойынша өткізілетін арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған немесе емтиханға себепсіз келмей қалған азаматтар емтиханға жіберілмейді. 11-тармақта көрсетілген негізгі орта және жалпы орта білімі бар азаматтар үшін түсу емтихандарының нысаны тестілеу немесе пәндер бойынша емтихандар білім беру ұйымымен белгіленеді. Білім беру ұйымдарына оқуға түсушілер түсу емтихандарын қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыруды таңдауға құқылы. 14. Түсу емтихандарын өткізу кезінде: 1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының саны 30 болып белгіленеді. Әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады. Тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі. Дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді. Тестілеу нәтижелері ол өткізілген күні хабарланады; 2) пәндер бойынша емтихандардың, түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған «3», «4», «5» бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: «3» - 10 балл, «4» - 20 балл, «5» - 30 балдарға ауыстырады. 15. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға беруіне болады. Апелляция қабылдау комиссиясына емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін бір тәулік ішінде беріледі және түсу бойы өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссияда қаралады. 16. Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды. 3. Білім алушылар құрамына қабылдау 17. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, оның ішінде жоғары техникалық мектептердің интерграциаланған білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. Білім беру ұйымдарына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу нысанына 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, оқытудың кешкі және сырттай нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Конкурс: ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) сертификаттарының балдары негізінде; Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар балдары негізінде; пәндер бойынша немесе білім беру ұйымдары жүргізген тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен алынған балдар (бағалар) негізінде жүргізіледі. Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ-да немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің балдар сомасы ескеріледі. Білім алушылар құрамына қабылдану конкурсына қатысуға: негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем (жоғары техникалық мектептің үш пәнінен 30 балдан кем ) жинағандар; жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем (жоғары техникалық мектептің үш пәнінен 40 балдан кем) жинағандар жіберілмейді. 18. Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауда мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға конкурс өткізгенде: 1) «Алтын белгі» белгісімен марапатталған адамдардың; 2) білім беру саласындағы уәкілетті орган тізбесін айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), соңғы үш жылдағы жеңімпаздардың, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтар олимпиадаларының, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәніне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) женімпаздарының басым құқығы бар. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылар құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткізгенде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда (растайтын құжаттар болған жағдайда): жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, І және ІІ топтағы мүгедектер, медициналық-әлеуметтік сараптама тұжырымына сәйкес оқу орындарында оқуға қайшы келмейтін бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары бар (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) азаматтар басым құқыққа ие болады. 19. Білім беру ұйымдарына қабылдау мамандықтар, бөлімшелер, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық мәжілісінде жүргізіледі. 20. Осы Ережемен реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымына оқуға қабылдау тәртібі білім беру ұйымының құрылтайшысымен немесе құрылтайшыларымен (мемлекеттік басқару органымен) белгіленеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне 1–қосымша ^ мамандықтар даярлауды жүзеге асырылатын мамандықтардың тiзбесi
|
![]() | Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына... | ![]() | Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына... |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және... | ![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Тын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – жоғары оқу орындары) жалпы орта, кәсіптік бастауыш (техникалық және... |
![]() | Орта білімнен кейінгі білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың Білім туралы Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 11 тармақшасына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы №296 Қаулысы «Білім туралы» Техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру... |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... | ![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... |
![]() | Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық... | ![]() | Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №587 Бұйрығы |