2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»



Название2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Дата конвертации18.02.2014
Размер304.53 Kb.
ТипДокументы
источник






Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 329 қаулысы


Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді


Мемлекеттік қызметтердің

регламенттерін бекіту туралы


«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңы 9-1 бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған:

3) «18 жасќа дейінгі балалары бар отбасыларєа мемлекеттік жјрдемаќылар таєайындау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Облыс әкімі Б. Сапарбаев


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсандағы №329 қаулысымен

бекітілген


«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, олардың тізбесі, мекенжайлары мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламентіне 1 қосымшада көрсетілген, сондай-ақ баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚО) көрсетеді, ХҚО мекенжайлары осы регламентке 2 қосымшада көрсетілген. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган немесе ХҚО болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін селолық округтің әкіміне жүгінеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3 Мемлекеттік қызмет «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының, «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегi кейбiр шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 7 сәуiрдегi № 394 қаулысымен бекітілген «18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттiк қызмет стандарты негізінде ұсынылады.

4. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi өтiнiш берушiге 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткiзгiштегi хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің талаптары

6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш білдіруге қажет уәкілетті органның, ХҚО-ның орналасқан жері мен жұмыс кестесі туралы ақпарат осы регламентке 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында www.enbek.gov.kz, уәкілетті органның, селолық округ әкімінің, ХҚО-ның стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады, сондай-ақ нөмірлері осы регламентке 1 және 2-қосымшада көрсетілген ХҚО-ның ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны арқылы алуға болады.

8. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушы осы регламенттің 13-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға – он жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша селолық округ әкіміне – күнтізбелік отыз күннен аспайды;

ХҚО-ға – күнтізбелік он күн ішінде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, селолық округтің әкімі 15 минуттан, ХҚО-да 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, селолық округтің әкімі 15 минуттан аспайды, ХҚО-да – 30 минут.

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті орган:

1) егер әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтін, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелмеген болса;

2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып түскен жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату үшін мыналар негіздеме болып табылады:

1) баланың қайтыс болуы;

2) баланы толық мемлекет қарауына алу;

3) өтініш берушінің жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәліметтерді беруі;

4) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, асырап алуды заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету.

Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсеткен кезде уәкілетті орган жоғарыда аталған себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және құжаттар пакетін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қайтарады және кейіннен тұтынушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.

Құжаттардың ресімделуінде қателер анықталған кезде, осы регламенттің 13-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс ресімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарады және кейіннен тұтынушыға беру үшін ХҚО-ға жібереді.

Мемлекеттік қызметті тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.

10. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет алу туралы өтініш қабылданған сәттен бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету сатылары:

1) тұтынушы уәкілетті органға, ХҚО-ға немесе селолық округ әкіміне өтініш береді;

2) уәкілетті орган өтініш берушіден немесе селолық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде істі қалыптастырады және балаларға арналған жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы тұтынушыны жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда-оның себептерін көрсетеді;

3) тұтынушы ХҚО-ға өтініш білдірген жағдайда құжаттар уәкілетті органның маманына беріледі. ХҚО-дан уәкілетті органға құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі құжаттар қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін штрихкод сканерінің көмегімен тіркелінеді.

4) уәкілетті органның маманы ХҚО-дан қабылданған құжаттарды тексереді, ХҚО-ның ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органның өзіндік ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) және құжаттарды тіркеп, бұрыштама соғу және жауапты орындаушыны белгілеу үшін құжаттарды уәкілетті органның басшысына жолдайды.

5) уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

6) уәкілетті органнан мемлекеттік қызметтің дайын нәтижелерін қабылдаған кезде, ХҚО штрихкод сканерінің көмегімен түскен құжаттарды тіркейді.

7) уәкілетті органның маманы, ХҚО инспекторы тұтынушыға балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау туралы хабарлама немесе қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту береді.

11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің әр сатысында құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны бір қызметкер құрайды.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі әрекеттер

(өзара іс-қимыл) сипаттамасы


12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы осы реглементке 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округтің әкіміне тапсырылады. Жауапты адамның кабинет нөмірі туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде орналастырылған.

Мемлекеттік қызмет ХҚО арқылы көрсетілгенде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, оларда «терезелердің» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылады, сондай-ақ ХҚО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.

13. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

1) балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшiн белгіленген үлгідегі өтiнiш;

2) баланың (балалардың) тууы туралы куәлігінің (куәліктерінің) көшірмесі (көшірмелері);

3) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

4) отбасының тұрғылықты жерi бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшiрмесi (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі не мекенжай бюросының анықтамасы не селолық округ әкімінің анықтамасы);

5) белгіленген үлгідегі отбасының құрамы туралы мәлiметтер;

6) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер;

7) асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар) тиiстi органның асырап алу немесе баланы қорғаншылыққа (қамқорлыққа) алу туралы шешiмiнiң үзiндi көшiрмесiн ұсынады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады. Балаларға арналған жәрдемақыны алу құқығы тоқсан сайын отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтердi бере отырып расталады.

Ата-анасының бiреуi, қорғаншылары немесе қамқоршылары жәрдемақы тағайындау туралы жеке өтiнiш жасай алмайтын жағдайда, ата-аналар, қамқоршы немесе қорғаншы белгiленген тәртiппен берiлген сенiмхат негiзiнде жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiшпен баруға басқа адамдарға өкілеттiк беруге құқылы.

Уәкілетті органда және селолық округ әкімінде өтініштердің нысандары күту залындағы арнайы тағанда не құжат қабылдайтын қызметкерде болады.

ХҚО-да бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналасады.

Барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін тұтынушыға:

1) уәкілетті органда немесе селолық округтің әкімінде – мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген, құжаттардың тапсырылғанын растайтын талон беріледі;

2) ХҚО-да:

өтініштің нөмірі және қабылданған күні;

сұралатын мемлекеттік қызметтің түрі;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – белгілі бір сатыда мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері қатысады:

1) азаматтардан құжаттар қабылдау, компьютерлік өңдеу, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе бас тарту туралы хабарлама дайындаумен, көмекті төлеуге тізімдеме дайындаумен айналысатын уәкілетті органның маманы, селолық округтің әкімі (ҚФБ-1);

2) ХҚО қызметкері (ҚФБ-2);

3) бақылауды жүзеге асыратын, бұрыштама қоятын, жауапты орындаушыны белгілейтін және балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе одан бас тарту туралы хабарламаларға қол қоятын уәкілетті органның бастығы (ҚФБ-3).

15. Әрбiр әкімшілік әрекеттiң (рәсімнің) орындалу мерзiмi көрсетiлген әрбір ҚФБ әкімшілік әрекет жасау (рәсімінің) кезектілігі мен өзара өз-қимылдарының кестедегі мәтiндiк сипаттамасы осы регламентке 3 және 4 қосымшада берiлген.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара байланысты көрсететiн сұлба осы регламентке 5 қосымшада берiлген.


^ 4. Мемлекеттік қызметтер көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


17. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызмет көрсету барысында олар қабылдаған шешімдер және әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте жауаптылықта болады.

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік

қызмет регламентіне

1 қосымша


^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен жұмыс кестелері


р/с




Уәкілетті органдардың атаулары

Уәкілетті органдардың

орналасқан заңды мекенжайы

(қала, аудан, көше,

үй №, электронды пошта мекенжайы)


Қаланың коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі


1

2

3

4

5

1

Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070000, Өскемен қаласы,

Ворошилов көшесі, 157/2

ozisp_uka@mail.ru

8-7232

77-03-33

Демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн, сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс сағат

13-00-ден

14-00-ге дейін

2

Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071400, Семей қаласы,

Қозыбағаров көшесі, 40

czn@ mail.ru


8-7222

56-17-88



3

Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071300, Риддер қаласы, Гагарин көшесі, 6

loszn@yandex.ru

8-72336

4-54-47

4

Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Курчатов қаласы, Курчатов көшесі, 3

Kurchatov_CC@mail.kz

8-72251

2-38-30

5

Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070100, Абай ауданы, Қарауыл ауылы, Құнанбай көшесі, 14 abai_c@mail.ru

8-72252 9-15-05




6

Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 104 ayagoz.sobes@mail.ru

8-72237

3-27-56

7

Бесқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070300, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2 А beskar_c@mail.ru

8-72236

9-11-82

8

Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070400, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Жастар көшесі, 25 bor_c@mail.ru

8-72351

2-22-74

9

Глубокое ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070500, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 13 glubokoe-ozsp@mail.ru

8-72331

2-11-15

10

Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070600, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Мұсылманқұлов көшесі, 70 Zharma_c@mail.ru

8-72347

6-56-70

11

Зайсан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070700, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Манапов көшесі, 21 А zaisan_sobes@mail.ru

8-72340

2-18-66

12

Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070800, Зырян ауданы, Зырян қаласы, Бірінші май көшесі, 23 zir_sob@mail.ru

8-72335

6-22-57

13

Катонқарағай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070900, Катонқарағай ауданы, Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 109 katon_c@mail.kz

8-72341

2-14-53

14

Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

070200, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Барақ Батыр көшесі, 78 kur_c@mail.ru

8-72339 2-13-30




15

Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071000, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 61 kokpekti_ozsp@mail.ru

8-72348

2-17-34

16

Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071500, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесі, 16 tarbag_c@mail.ru

8-72346

2-18-19

17

Ұлан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071600, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, 5 ulanka_z@mail.ru

8-72338

2-74-80

18

Үржар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071700, Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан даңғылы, 120 urdjar@mail.ru

8-72230

3-45-01

19

Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

071800, Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Жастар көшесі, 19 Shem_sob@mail.ru

8-72332

3-06-22


«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік

қызмет регламентіне

2 қосымша


^ Шығыс Қазақстан облысының ХҚО

мекенжайлары мен жұмыс кестелері





ХҚО атауы (филиалдары, өкілдіктері)

Мекенжайы

Телефон нөмірі (код)

1

2

3

4

1

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалы

Өскемен қаласы,

Белинский көшесі, 37«а»

8-7232-224803

8-7232-289467


2

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №1 Өскемен бөлімі

Өскемен қаласы, Сәтпаев көшесі, 20/1

8-7232-60-39-22

8-7232-60-39-20

8-7232-60-39-06

3

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №1 Өскемен бөлімінің Меновное кентіндегі бөлімшесі

Өскемен қаласы, Меновное кенті,

М. Горький көшесі, 11а

8-7232-57-48-43


4

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №2 Өскемен бөлімі

Өскемен қаласы, Казақстан көшесі, 99/1

8-7232-57-83-88

8-7232-55-28-73

8-7232-22-81-37

8-7232-55-29-73

8-7232-22-80-48

5

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №2 Өскемен бөлімінің Жаңа Согра кентіндегі бөлімшесі

Өскемен қаласы, Жаңа Согра кенті,

Менделеев көшесі, 12


8-7232-51-61-16

6

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Глубокое бөлімі

Глубокое кенті,

Попович көшесі, 22

8-72331-2-23-35

8-72331-2-29-61

8-72331-2-30-13

7

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Зайсан бөлімі

Зайсан қаласы,

Жангельдин көшесі, 52а

8-72340-2-67-81

8-72340-2-19-09

8

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Зырян бөлімі

Зырян қаласы, Стахановская көшесі, 39

8-72335-6-02-39

8-72335-6-02-35

9

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Зырян бөлімінің Серебрянск қаласындағы бөлімшесі

Серебрянск қаласы, Веденеев көшесі, 14

8-72335-2-17-50

10

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Катонқарағай бөлімі

Үлкен Нарын ауылы, Абылайхан көшесі, 96

8-72341-2-23-60

8-72341-2-23-61

11

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Катонқарағай бөлімінің Катон ауылындағы бөлімшесі

Катонқарағай ауылы, Жанпейісов көшесі, 19

8-72342-2-21-07

8-72342-2-21-06

12

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Күршім бөлімі

Күршім ауылы, Б.Момышұлы көшесі, 77

8-72339-2-13-10

8-72339-2-19-69


13

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Күршім бөлімінің Теректі ауылындағы бөлімшесі

Теректі ауылы, Крахмаль көшесі, 67

8-72343-2-16-31

8-72343-2-16-95

14

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Риддер бөлімі

Риддер қаласы, Семей көшесі, 12

8-72336-4-62-62

8-72336-4-42-02

8-72336-4-46-64

15

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Тарбағатай бөлімі

Ақсуат ауылы, Көбеков көшесі, 8

8-72346-2-24-96

8-72346-2-25-03

16

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Тарбағатай бөлімінің Ақжар ауылындағы бөлімшесі

Ақжар ауылы, Дәулетбай көшесі, 45

8-72344-2-01-22

17

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Тарбағатай бөлімінің Тұғыл ауылындағы бөлімшесі

Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесі, 32

8-72346-2-17-97

18

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ұлан бөлімі

К. Қайсенов кенті, 9

8-72338-2-78-96

8-72338-2-71-68

19

ШҚОбойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ұлан бөлімінің Бозанбай ауылындағы бөлімшесі

Бозанбай ауылы, Ленин көшесі, 34

8-72338-2-10-20

20

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Ұлан бөлімінің Таврия ауылындағы бөлімшесі

Таврия ауылы, Қайсенов көшесі, 25

8-72334-2-12-56


21

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Шемонаиха бөлімі

Шемонаиха қаласы, 3- шағын аудан көшесі, 12

8-72332-3-41-00

8-72332-3-42-07

22

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Шемонаиха бөлімі Усть-Таловка кентінің бөлімшесі

Усть-Таловка кенті, Школьная көшесі, 6

8-72332-3-06-22

23

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Шемонаиха бөлімі Первомай кентінің бөлімшесі

Первомай кенті, Металлургтер көшесі, 19а

8-72332-72-185

24

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №1 Семей бөлімі

Семей қаласы,

408 - квартал көшесі, 21

8-7222-33-57-97

8-7222-34-24-56

8-7222-33-55-05

8-7222-34-87-71

8-7222-33-55-22

8-7222-33-55-93

25

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №2 Семей бөлімі

Семей қаласы, Найманбаев көшесі, 161а

8-7222-52-69-29

8-7222-52-69-83

26

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Абай бөлімі

Қарауыл ауылы, Құнанбаев көшесі, 12

8-72252-2-22-64

8-72252-9-23-39

27

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Аягөз бөлімі

Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 84

8-72237-5-24-32

8-72237-3-29-48

28

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Аягөз бөлімінің Баршатас ауылындағы бөлімшесі

Баршатас ауылы, Абылайхан көшесі, 12А

8-72237-2-14-92

29

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Аягөз бөлімінің Ақтоғай кентіндегі бөлімшесі

Ақтоғай кенті, Мамеетов көшесі, 7

8-72237-3-50-08

30

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Бесқарағай бөлімі

Бесқарағай ауылы, Пушкин көшесі, 2А

8-72236-34-34-72

8-72236-9-06-30

31

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Бородулиха бөлімі

Бородулиха ауылы,

Молодежная көшесі, 25

8-72351-2-20-48



32

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Бородулиха бөлімінің Жезкент кентіндегі бөлімшесі

Жескент кенті, Дружба көшесі, 1

8-72351-2-58-02

33

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Бородулиха бөлімінің Жаңа Шүлбі ауылындағы бөлімшесі

Жаңа Шүлбі ауылы,

Комаров көшесі, 30

8-72351-4-18- 80

34

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Жарма бөлімі

Қалбатау ауылы,

Достық көшесі, 98

8-72347-6-54-00

8-72347-2-13-16

35

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Жарма бөлімінің Шар қаласындағы бөлімшесінде

Шар қаласы, Ленин көшесі, 123

8-72345-2-27-07

36

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Курчатов бөлімі

Курчатов қаласы,

Абай көшесі, 12

8-72251-2-21-66

8-72251-2-57-53

37

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Көкпекті бөлімі

Көкпекті ауылы,

Шериаздан көшесі, 38

8-72348-2-21-71

8-72348-2-11-94

38

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Көкпекті бөлімінің Самар ауылындағы бөлімшесі

Самар ауылы,

Горохов көшесі, 56

8-72348-2-56-34

39

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Үржар бөлімі

Үржар ауылы,

Абылайхан көшесі, 116

8-72230-2-19-85

8-72230-3-34-58

40

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Үржар бөлімінің Таскескен ауылындағы бөлімшесі

Таскескен ауылы,

Нұрғазин көшесі, 9

8-72230-3-61-29

8-72230-3-63-59

41

ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Үржар бөлімінің Мақаншы ауылының бөлімшесі

Мақаншы ауылы,

Қабанбай көшесі, 6

8-72239-4-20-22

8-72239-4-20-23



«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар

тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

3 қосымша


^ 1 кесте. ҚФБ әрекеттерінің сипаттамасы


1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ 1

ҚФБ 1

ҚФБ 3

ҚФБ 1

ҚФБ 3

ҚФБ 1

2

ҚФБ атауы

Уәкілетті

органның маманы, селолық округтің әкімі

Уәкілетті

органның

маманы

Уәкілетті

органның

бастығы

Уәкілетті

органның

маманы

Уәкілетті

органның

бастығы

Уәкілетті

органның

маманы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау

Қабылданған өтініштерді өңдеу

Бұрыштама қою және жауапты орындаушы-ны белгілеу

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау

Балаларға арналған жәрдемақының тағайындалуын бақылау

Орындалған өтінішдерді өңдеу

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат)

Құжаттар пакетін қабылдау туралы талон беру

Қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

Жауапты орындаушы-ны тағайындау

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға қол қою

Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарлама-ларды өтініш берушілерге жіберу

5

Орындау мерзімдері

15 минуттан аспайды уәкілетті органның маманы, 30 минуттан аспайды селолық округтің әкімі

он жұмыс күні ішінде

15 минут

^ 2 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негізгі үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ-1

ҚФБ-1

ҚФБ-3

ҚФБ-1

ҚФБ-3

ҚФБ-1

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау, құжаттардың қабылдануы жөнінде талон беру

№ 2 әрекет

Қабылданған өтініштерді өңдеу, қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

№ 3 әрекет

Бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу. Жауапты орындаушыны тағайындау

№ 4 әрекет

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

№ 5 әрекет

Балаларға арналған жәрдемақының тағайындалуын бақылау. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға қол қою

№ 6 әрекет

Орындалған өтініштерді өңдеу. Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарламаларды өтініш берушілерге жіберу



«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар

тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

4 қосымша


^ 3 кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы


1

Әрекеттің № (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ-2

ҚФБ-1

ҚФБ -3

ҚФБ -1

ҚФБ -3

ҚФБ - 1

ҚФБ -2

ҚФБ -1

2

ҚФБ атауы

ХҚО қызметкері

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның маманы

Уәкілетті органның бастығы

Уәкілетті органның маманы

ХҚО қызметкері

Уәкілетті органның маманы

3

Әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің, операцияның) және олардың сипаттамасы

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оларды уәкілетті органның маманына беру

Қабылданған өтініштерді өңдеу

Бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау

Балаларға арналған жәрдемақының тағайындалуын бақылау

Орындалған өтінішдерді өңдеу

ХҚО сканер штрихкоды-ның көмегімен келіп түскен, бұдан әрі өтініш берушілерге берілетін хабарламалар-ды тіркейді

Балаларға арналған жәрдемақы-ны төлеуге тізімдемелерді қалыптасты-ру

4

Аяқталу нысаны (деректер, құжат)

ХҚО-дан құжаттар пакетін қабылдау фактісін уәкілетті органның маманы сканер штрихкоды-ның көмегімен тіркейді

Қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

Жауапты орындаушыны тағайындау

Балаларға арналған жәрдема-қыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

Балаларға арналған жәрдемақы-ны тағайындау немесе тағайындау-дан бас тарту туралы хабарлама-ларға қол қою

Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарламаларды ХҚО қызметкеріне жіберу

Өтініш берушілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін жіберу (балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама)

Әлеуметтік көмек төлеуге тізімдемелерді «Қазпошта» АҚ немесе уәкілетті ұйымдарға жіберу

5

Орындау мерзімдері

30 минуттан аспайды

он жұмыс күні ішінде



^ 4 кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негізгі үдеріс (жұмыстың барысы, ағыны)

ҚФБ - 2

ҚФБ - 1

ҚФБ - 3

ҚФБ - 1

ҚФБ - 3

ҚФБ - 1

ҚФБ - 2

№ 1 әрекет

Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және оларды уәкілетті органның маманына беру. Құжаттар пакетін қабылдау фактісін ХҚО қызметкері сканер штрихкодының көмегімен тіркейді

№ 2 әрекет

Қабылданған өтініштерді өңдеу. Қабылданған құжаттарды тіркеу және оларды бұрыштама қою үшін басшыға беру

№ 3 әрекет

Бұрыштама қою және жауапты орындаушыны белгілеу. Жауапты орындаушыны тағайындау

№ 4 әрекет

Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама дайындау

№ 5 әрекет

Балаларға арналған жәрдемақының тағайындалуын бақылау. Балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаларға қол қою



№ 6 әрекет

Орындалған өтініштерді өңдеу. Орындалған өтініштерді тіркеу және хабарламаларды ХҚО қызметкеріне жіберу

№ 7 әрекет

ХҚО сканер штрихкодының көмегімен келіп түскен, бұдан әрі өтініш берушілерге берілетін хабарламаларды тіркейді . Мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін ХҚО қызметкеріне жіберу (балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама)





«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар

тағайындау» мемлекеттік қызмет регламентіне

5 қосымша


^ Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде ҚФБ әкімшілік әрекеттерінің қисынды реттілігі арасындағы өзара

байланысты көрсететiн сұлба



Уәкілетті органның маманы қабылданған өтініштерді тіркейді және бұрыштама қою үшін басшыға береді






Уәкілетті органның маманы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдайды







ХҚО инспекторы мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдайды және уәкілетті органның маманына береді




































Уәкілетті органның маманы өтініш берушіге немесе ХҚО-ға балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді

Уәкілетті органның бастығы әлеуметтік көмектің дұрыс тағайындалуына бақылау жасайды, балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаға қол қояды

Уәкілетті органның маманы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындайды және балаларға жәрдемақы тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы өтініш берушіге немесе ХҚО-ға беру үшін хабарлама дайындайды

уууу

Уәкілетті органның бастығы балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау үшін уәкілетті органның маманына құжаттарды тапсырады.



Тұтынушы




Похожие:

2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» icon2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы