Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» icon

Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!»



НазваниеҮржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!»
Дата конвертации22.10.2013
Размер49.93 Kb.
ТипДокументы
источник


Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы

бойынша атқарылған жұмыстар туралы


«Туған жерге тағзым!» акциясы аудан көлемінде жүргізілуде. Осыған байланысты, Үржар өңірінде туып-өсіп, бүгінде еліміздің әр жерінде еңбек етіп істерін өрге бастырған іскер азаматтар тарапынан жұмыстар атқарылуда.

«Туған жерге тағзым!» акциясы аясында 2010 жылдың 15 мамыр күні ауданымыздан шыққан 100-ден аса іскер азаматтарымыздың басын қосқан шара ұйымдастырылып, соның нәтіижесінде жыл сайын әртүрлі жобалар жүзеге асырылып келеді. 2010 жылы 315 млн. теңгенің 16 жобасы жүзеге асырылды. Соның ішінде елеулі де, ауқымды жобаларға тоқталатын болсақ;

Ақжар ауылында «Сенім-Үміт» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы – құны 70 млн. тг; Жобаның демеушісі - Қаппаров Нұрлан Жамбылұлы «Жамбыл» қорыныңы негізін салушы. «Сенім-Үміт» жобасы бойынша Ақжар ауылында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін жеке меншігіндегі құны 250 мың АҚШ доллары тұратын ғимарат пен жер телімін мемлекетке тегін берді. Жобаның демеушісі - Уалиев Әмір Нұрбекұлы «Темко Енерджи Групп» АҚ директорлар Кеңесінің төрағасы.

Үржар ауылында 1000 адамға арналған мешіт ғимараты салынды. Жобаның құны – 45 млн. теңге. Демеушілері – Серік Диасұлы Қадіров Алматы қаласында жеке кәсіпкер, Ардақ Ахметкәрімұлы Өтегенов Үржар ауылында жеке кәсіпкер. Жанай ауылында 150 адамға арналған мешіт ғимараты салынды. Жобаның құны – 15 млн. теңге. Демеушісі – Оразбаева Роза. Алматы қаласында жеке кәсіпкер. Бүгінгі таңда ауылында өтіп тұратын көптеген мәдени-көпшілік шараларға демеушілік жасап тұрады. Мақаншы ауылындағы ауруханаға ЛФК кабинетін сыйға тартып, Мақаншы ауылында Қабанбай батырдың қақпасын тұрғызды. Аталған ауылда спорт кешенін тұрғызуға қомақты қаржылай көмек жасады. Жиыны – 7 млн. теңге. Демеушісі – Құсман Шалабаев Алматы қаласында жеке кәсіпкер. Мақаншы ауылындағы Ә.Найманбайұлы ОМ-не «Атамұра» корпорациясының президенті Рақымғали Құл-Мұхаммед жеңіл автокөлік сыйға тартып, мектеп мұражайын қалпына келтірді. Құны 2 млн. теңге. Архитектор Қоқиланов Қалдыбек Үржар ауылындағы «Батырлар аллеясы» кешені мен орталық алаңның құны 7 млн. теңге тұратын сметалық құжаттарын тегін жасады. Таскескен ауылында ауылдан шыққан іскер азаматтар Жеңістің 65 жылдығына орай құны 10 млн. теңге тұратын Ұлы Отан соғысына арналған ескерткішті пайдалануға берді. Жеке кәсіпкер Серік Исаев Қарабұта ауылында мешіт тұрғызып, ауылдық мәдениет үйін қайта жасақтап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Жалпы құны 7 млн. теңге.

2011 жылы жалпы 667 млн. 194 мың теңгенің ірілі-ұсақты 90 жобасы жүзеге асырылды.

Егінсу ауылында заман талабына сай 150 адамға арналған мұнаралы мешіт ғимараты салынды. Жобаның құны 27 млн. теңге. Демеушісі – Жеке кәсіпкер Сағымбаев Ержан. Алматы қаласында тұрады. Бүгінгі таңда ауылда өтіп тұратын көптеген мәдени-көпшілік шараларға демеушілік жасап тұрады.

Науалы ауылында 500 адамға арналған хатымхана салынды. Жобаның құны – 7 млн. теңге. Демеушісі – Алматы қаласындағы кәсіпкер Ахметбек Нүрсила бастап, Науалы ауылынан шыққан Семей, Өскемен, Астана қалаларының кәсіпкерлері. Көлденең ауылында спорт модуль құрылысын салып берді. Модульдің сметалық құны 70 млн. теңге. Бұған дейін Көлденең ауылында 15 млн. теңгеге мешіт салды. Аталған ауылда 10 млн. теңге тұратын хатымхана салып берген. Жобаны салған - Қарашевтар әулеті. Қарабұта ауылына кіреберістегі 15 шақырым жолды жөндеп беру. Жобаның құны – 5 млн теңге. Демеушісі - 1991 жылғы Қарабұта мектебінің түлектері. Жоғарғы Егінсу ауылында «Ардагерлер» аллеясын жасау. Құны – 2 млн. теңге. Демеушілер - ауыл тұрғындары.

2012 жылы 52 млн. 420 мың теңгенің 61 жобасы жүзеге асырылды.

Қарабұта ауылында заман талабына сай ауыл орталығына күрделі «Жастар» саябағының құрылысы салынды. Саябақтың ішіне «Ана мен бала», «Үш тұғырлы монумент», «кітап пен қалам» атты монументтер граниттен, монолит тастардан жасалған ескерткіштер тұрғызылды. Жобаның құны – 11 млн теңге. Демеушісі – Исаев Серік. Бүгінгі таңда ауылда өтіп тұратын көптеген мәдени-көпшілік шараларға демеушілік жасап тұрады. Ауылдың кіреберісне биіктігі 7 метр, ені 10 метр болатын «Қарабұта ауылы» деген арка қойылды. Жобаның құны – 2 млн теңгені құрайды. Демеуші - ауыл азаматы Нұрахметов Қызырғали. Ауылдың Абай көшесіне құм-тас төгу жұмыстары. Жобаның құны – 1,5 млн теңге Демеушілері – ауыл шаруа қожалықтары. Елтай ауылының азаматы «Приречное» агрофирмасының президенті Тұмабаев Мұхит Тұрысханұлы аудан мектептерінің қосалқы шаруашылықтарына 100 тонна картоп таратты. Жобаның құны – 5 млн теңге. Қабанбай ауылының кіреберісіне арка орнатылды. Құны 1,5 млн. теңге. Демеушілер – 1992 жылғы мектеп түлектері. Мақаншы ауылында жасанды шағын футбол алаңы жасалды. Құны – 1 млн теңге. Демеушілер – 1992 жылғы мектеп түлектері. Малақ ауылындағы спорт зал құрылысы жүргізілді. Құны – 3 млн. теңге. Демеушілер – ауыл тұрғындары. Бестерек ауылындағы саябақты қоршау және орындықтарын қою, қалпына келтіру. Құны 1 млн. теңге. Демеушілер – ауыл тұрғындары.

Биылғы 2013 жылы аудан бойынша құны 132 млн. 340 мың теңгенің 101 жобасы жоспарланып, ағымдағы жылдың тамыз айының басына 96 млн. 040 мың теңгенің 72 жобасы жүзеге асырылды. Ерекше атап өтетін мәселе көптеген ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметтеріне сәйкес жобалардың басым бөлігін күз айларында аяқтауды жоспарлап отыр. «Үржар тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзушылықтары бар балаларға арналған медициналық әлеуеттік мекемесінің» қосымша ғимаратын салуға жобалық сметалық құжатын жасауды қаржыландырды. Құны - 12 млн теңге. Демеушісі - «Сенім-Үміт» әлеуметтік қоғамдық қоры мен «Жамбыл» қоғамдық қоры. «Үржар тірек-қозғалу аппараты функцияларының бұзушылықтары бар балаларға арналған медициналық әлеуеттік мекемесінің» мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап Алакөл жағалауында демалыс үйлерін сыйға тартты. Құны – 30 млн теңге. Демеушісі - «Сенім-Үміт» әлеуметтік қоғамдық қоры (құрылтайшысы- Торбаева Фаузия Сұлтанқызы). Мақаншы ауылы Мәдениет үйінің жанындағы бокс үйірмесіне спорттық құрал-жабдықтар әперу. Құны – 1,5 млн. теңге. Демеушілер - 20 жылдық мектеп бітіруші түлектер, Қаратұма ауылында ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш пен саябақ пайдалануға берілді. Құны – 2,5 млн. теңге. Демеушілер – 10,20,30,40 жылдық мектеп түлектері. Таскескен ауылындағы Қасенғазин, Нұрғалиев көшелерін тегістеп, құм тас төгіп, жолын көтеру. Құны – 3 млн. теңге. Демеуші – «Айдын Шалқар» ШҚ. Алтыншоқы ауылында ауыл жастарына арналған күрес кілемі алынды. Құны 1,2 млн. теңге. Демеуші – Бейжің олимпиадасының жүлдегері Әсет Мәмбетов. Көктерек ауылына барар жолды тегістеу, құм төгу жұмысы. Құны – 1,5 млн. теңге. Демеуші – «Мақсат» ШҚ. Қабанбай ауылында «Шекарашылар» аллеясын жасау. Құны – 1 млн. теңге. Демеуші – ауыл жастары. Көлденең ауылында 7 шақырым жолға шағыл төсеп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Құны 2 млн 300 мың теңге. Демеушісі - ТОО «Юбилейный». Бақты ауылында жаңа салынған үйлердің гүлзарларына топырақ, көң, төгілді. Құны - 3 млн 500 мың теңге. Демеушісі - «Еділ-Жайық» ЖШС басшысы. Бестерек ауылында Әуезов көшесінің жолын жөндеу жұмыстары. Құны – 5 млн теңге. Демеушісі Дарибаев Талғат – жеке кәсіпкер. Осындай жобаларды барлық ауылдардан кездестіруге болады.

Ауқымды акцияны ақпараттық сүйемелдеу мақсатында әртүрлі басылымдар мен сайттарға 2010 жылы – 17 мақала, 2011 жылы – 22 мақала, 2012 жылы – 30 мақала, 2013 жылдың 6 айы бойынша 20 мақала жарияланған.

Жалпы 2012 жылдан бастап «Туған жерге тағзым акциясы» бойынша жол жөндеу жұмыстары бойынша 14 жоба іске асырылды. Жоба құны – 5 млн 385 мың теңге.

Саябақ құрылысының жұмыстары бойынша 12 жоба жоспарланып, жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны - 15 млн 775 мың теңге.

Балалар ойын алаңдары бойынша – 4 жоба. Жалпы құны – 2 млн 300 мыңды құрайды.

Ескерткіштер мен аллеялар, бойынша – 4 жоба жоспарланып, жұмыстар аяқталды. Жоба құны – 1 млн 350 мың теңге.


Үржар аудандық ішкі саясат

бөлімінің басшысы С. Жүнісова



Похожие:

Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconҮржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлам а 2013 жылдың басында «Туған жерге тағзым»
Аудан орталығы – Үржар ауылында демеушілер жеке кәсіпкер Серікболат Бейсекенов «Царп» жшс-і «Бәйтерек» монументін қазан айында тұрғызды....
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconО проводимой работе по акции «Туған жерге тағзым!» в Урджарском районе
В урджарском районе со стороны предпринимателей – уроженцев района, проживающих в разных регионах нашей страны проводится акция «Туған...
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconТарбағатай ауданында «Туған жерге-тағзым» акциясы аясында 2011 жылы іске асырылатын шаралардың жоспары

Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтың «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Бүгінде әр аймақ, аудан, ауыл, әр ұжым, ел азаматтары, барша халық осынау мерейлі мерекені лайықты қарсы алу жолында жұмыла еңбек...
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconАудан әкімі Т. Мүсәпірбековтің «Туған жерге тағзым» акциясында сөйлеген сөзі
Ынтымақтығы жарасқан аудан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде қол жеткен табыстарын баянды ете отырып, ұлы жерлесіміз әлемге...
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconТақырыбы: Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар Подготовила: воспитатель Келисбаева Б. У
Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconБаспасөз хабарламасы
Статистика деректері бойынша 2010 жылы облыста 15-17 жас аралығындағы аналардан туған сәбилер саны 230-ды құрады, одан 117 сәби некеде...
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» iconКәмелетке толмағандар: 2006 жылғы 14 қыркүйекте туған, Артем Михайлович Казанцевке, 2009 жылғы 13 мамырда туған Нина Михайловна Казанцеваға қорғаншылықты жою туралы

Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» icon«ТӘуелсіздік күні дедік бұл күнді»
Мерекелік шарада Отанға, Туған жерге арналған өлеңдер, ән-шашулар, ырғақты билер және қазағымыздың ұлттық ойындары ойнатылды. Бүлдіршіндер...
Үржар ауданында «Туған жерге тағзым!» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар туралы «Туған жерге тағзым!» icon«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту»
Мемлекеттік қызмет алушыға жерге орналастыру жобасының бекітілуі туралы мәлімет береді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы