Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «Нұр Отан» ХДП бағдарламасының атқарылуы туралы ақпарат
Атқарушы органдармен, Көкпекті аудандық мәслихаты депутаттарының фракциясымен, «Нұр Отан» ХДП-ның алғашқы ұйымы негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңесімен 2008-2009 жылдар мен 2010 жылдың 1 тоқсаны аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі «Нұр Отан» ХДП бағдарламасының атқарылуы туралы ақпарат: Көкпекті ауданында «Көкпекті ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы» аудандық мәслихатының 2006 жылғы 25 шілдедегі №23-4/1 шешімімен бекітілген, бағдарламаға төмендегідей бөлімдер кіргізілді: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте құқықтық базаны жетілдіру. 2. Сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша мемлекеттік шараларды жетілдіру. 3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өңірлік бағдарламалар мен ведомстволық жоспарлар әзірлеу. 4. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау. 5. Азаматтық қоғамның құрылымдарымен өзара іс-қимыл жасау. 6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық. Аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 сәуірдегі №5-3/4 шешімімен құрамы 12 адамнан тұратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі дербес комиссияның құрамы бекітілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңесінің 2008-2010 жылдарға арналған болашақтық жоспары қызмет етеді. Қоғамдық Кеңестің басшысы - №7 Тассай сайлау округінің депутаты Н.Қ.Әубәкіров. Жоспар бойынша төмендегідей іс-шаралар өткізіліп тұрады: Кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау бөлімінде депутаттар мен Кеңес мүшелері азаматтарды қабылдау; Сыбайлас жемқорлықты анықтау деректері бойынша жеке және заңды тұлғалардың арыз, шағымдарын, өтініштерін қарастыру; Кеңес отырысын өткізу; Кеңестің жұмысы мен олармен қабылданатын шешімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; Партияның аумақтық филиалымен ұсынылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті іске асыруға және ұйымдастыруға қатысу; Мемлекеттік билік, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ мемлекеттік емес мекемелердің қызметтеріне талдау жүргізу; Сыбайлас жемқорлықтық жағдай туғызатын мемлекеттік органдардың іс-әрекетін болдырмау және оларды басқару іс-шараларын қабылдау туралы ұсынымдарды енгізу; «Скажи коррупции – нет!» қоғамдық акциясына қатысу; а) «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың басымдығы»; б) «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!»; в) «Сыбайлас жемқорлық, адамгершілік, рақымшылық»; г) «Профилактика мздоимства и неотвратимость наказания» атты тақырыпта «дөңгелек үстелдер» өткізу. Шығу отырыстарын, азаматтардың қабылдауын, семинарлар мен тренингтер, конференциялар және басқа да алдын алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды жүргізу; «Нұр Отанмен» бірлесе отырып тұрғындармен кездесу (сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, консультация) өткізу үшін автопоездпен шығу; «Сыбайлас жемқорлық және қоғам» тақырыбына оқушылар арасында шығарма конкурсын өткізуге белсенді қатысу; «Бөлімдер мен селолық округтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс жағдайы туралы» мәселесі бойынша 1) әкімият бөлімдерінің басшыларын, 2) селолық округ әкімдердің есептерін тыңдау. «Нұр Отан» ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық Кеңес отырыстарының хаттамалары жасалып, жүргізіледі және онда төмендегідей сұрақтар қарастырылды: а) 2008 жылдың 22 қазанында - Көкпекті ауданының «Шуақты-Шұғыла» балабақша мемлекеттік мекемесін тексеру мәселесі, құжаттар сотқа тапсырылды; б) 2009 жылдың 12 қаңтарында – ішкі саясат бөлімінің көші-қон жөніндегі бас маманы А.Н.Омароваға шағым түсуі туралы мәселесі, құжаттар сотқа тапсырылды; в) 2009 жылдың 18 ақпанында – Преображенка аулындағы тұрғындардың дәрігерлік амбулаторияның бас дәрігері Г.Ж.Аманованың заңсыз іс-әрекеті мен медициналық қызмет көрсету сапасының төмендігі жөнінде шағымды қарастыру, құжаттар сотқа тапсырылды.
Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы Л.Бочкарева |