2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! icon

2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!



Название2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары!
Дата конвертации28.02.2013
Размер22.15 Kb.
ТипДокументы
источник


Көкпекті ауданы әкімінің 9 мамыр мерекесінде сөйлеген сөзі

2012 жыл


Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Құрметті аудан тұрғындары!


Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Республикамыздың Қарулы Күштері құрылды. Біз тәуелсіздігіміздің таңы жаңа атқан тұста ұлттық армиямызды жасақтадық. Содан бері осы күнді жыл сайын Жеңіс мерекесімен бірге атап өту игі дәстүрге айналды.

Бүгін ізгі ниетті адамзат Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдық мерейтойын салтанатпен атап өтуде. Жеңіс сәті – тарихта өшпес із қалдырған айрықша оқиға, ұлы мейрам.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы бірнеше елдің аумағын қамтыған өте ауыр сынақ болды.

Көкпекті ауданынан майданға 12 мың 712 жауынгер аттанды, оның 6 мыңнан астамы көкпектілік жерлестеріміз.

Ұлы Отан соғысы кезінде майданда қайтыс болғандар және хабар – ошарсыз кеткендер саны 7 131 адам.

Кеңес Одағының батырлары, жерлестеріміз – Аухадиев Қойгелді, Авдеев Николай Дмитриевич, Константинов Лаврентий Сергеевич, Шарабанин Николай Александрович, Яроцкий Иван Михайлович, Саполев Иван Григорьевич, Полынин Федор Петрович, Фонов Николай Яковлевич, Седнев Сергей Егорович сынды батырларымыз ел тарихында өшпестей із қалдырды.


Құрметті жерлестер!

Ержүрек аталарымыз бен апаларымыз аманат еткен тәуелсіздікті, бостандықты біз бүгінде көзіміздің қарашығындай сақтап, одан ары нығайта түсудеміз. Жылдан жылға мемлекетіміз өркендеп, экономикамыз өсіп, халықтың әл-ауқаты жақсаруда.

Туған өлкеміздің гүлденіп, көркеюі үшін тың жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінгі күні Көкжайық ауылында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай Отан үшін мерт болған каһармандардың ерлік рухына бас иіп, тағзым ету, олардың есімдерін мәңгілік жадымызда сақтап, көзі тірі ардагерлерге құрмет көрсету, болашақ ұрпақты елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында Жеңіс саябағы ашылғалы отыр.

Осы нышанның ашылуымен Көкжайық тіректі елді мекені өз тұсауын кеседі. Осы салтанатты шарада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына және Ұлы Жеңіс мерекесіне орай ауданымыздың 2 ардагеріне тұрғын үй кілті табыс етілмек.

Осы игі істердің жүзеге асуы Елбасының сарабдал саясатының және біздің бірлікте, ынтымақта істеген еңбегіміздің арқасында ғана мүмкін болып отыр.


Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар, тыл еңбеккерлері!

Отан үшін өмірін қиған әрбір азаматтың, қазіргі уақытта арамызда жүрген ардагерлердің Даңқы арта берсін!

Әрқашан елімізде тыныштық орнап, әр шаңырақта береке-бірлік, татулық ұяласын! Аспандарыңыз ашық, жүздеріңіз жарқын болсын!




Похожие:

2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconҰлы Отан соғысының катысушылары мен жеңілдіктер пен кепілдіктер жағынан оларға теңестірілген тұлғаларды, барлық топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының мүгедектерін,
Отан соғысының мүгедектерін, мүгедек балаларды санаторлық – курорттық емдеу жөніндегі қызметті мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа...
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconҰлы Отан соғысының катысушылары мен жеңілдіктер пен кепілдіктер жағынан оларға теңестірілген тұлғалар, барлық топтағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысының мүгедектерін,
Отан соғысының мүгедектерін, мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу жөніндегі қызметті мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурс...
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconАягөз қаласы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезек саны. 01 қантар 2010 жыл Аягөз қаласы 1 Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы»
Шагирова Амаңғайша Ұлы Отан соғысының тыл ардагері танылды в Сапаров Қайрат Чернобыль аэс мүгедегі
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconБекітемін Аудан әкімінің орынбасары С. Сергалиев Ұлы Отан соғысының

2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconУ. Лепесов, Қарақұдық ауылдық округінің әкімі салық көздерін жинау жүз пайызға орындалды
Жалпы Қарақұдық ауылдық округіне қарасты Қарақұдық, Тікқайың, Көктоғай ауылдарында 1487 адам тұрады. Соның ішінде 838 адам жұмыс...
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconЗайсан аудандық Достық газетінің 2011 жылдың 21 мамырдағы №40 санындағы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 66 жыл толуына байланысты берілген мақала

2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! icon9 мамыр Жеңіс күні
Отан соғысының біздің әділет сүйгіш, бірлікшіл, ержүрек халқымыз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталғанына да, міне, 66 жыл толды
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconКонкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама
Отан соғысының катысушылары мен жеңілдіктер пен кепілдіктер жағынан оларға теңестірілген тұлғалар, барлық топтағы мүгедектерді, Ұлы...
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconАудан әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы №80 қаулысы Мем тіркеу: 19 маусым 2012 жыл №10-7-55 Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Заңына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды...
2012 жыл Қымбатты Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті аудан тұрғындары! iconҰлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы