|
Катонқарағай ауданы әкімдігінің 2010 жылы _________қаңтардағы №_____ қаулысымен бекітілген «Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Үлкен Нарын, 2010 Мазмұны 1. Миссиясы және пайымдауы 2. Ағымдағы жағдайды талдау 3. Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметінің стратегиялық бағыттары, даму мақсаттары және басты нысаналы индикаторлары 4.Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі функционалдық мүмкіндіктері және болуы мүмкін тәуекелдері 5. Нормативтік-құқықтық актілер 6. Бюджеттік бағдарламалар «Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 1. Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы және пайымдауы. Катонқарағай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің миссиясы – мәдениет саласында қазіргі заманғы мәдени орта мен азаматтардың әлеуметтік оптимизімін қалыптастыруға ықпал ететін сапалы және қол жетімді қызмет көрсету. Пайымдауы – аудан мәдениетін жаңғыртуды, сақтауды және дамытуды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы жалпыхалықтық мәдени-ақпараттық орта қалыптастыру.
Мәдениет пен өнердің дамуы қоғамның даму деңгейін көтерудің негізгі факторларының бірі ретінде жаңа адамгершілік құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді, қоғамдағы әлеуметтік ширығуды жеңілдетеді, халықтың әртүрлі топтарын біріктіреді. Катонқарағай ауданының мәдениет саласындағы қызметі соңғы жылдары тұрақты да оңды дами бастады, ол тек қана қаржыландырудың ұлғаюынан ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсету сапасынан да аңғарылады. Соңғы 4 жылда ауданның мәдениет саласын қаржыландыру 2 есеге өсті, мәдениет объектілерінің мемлекеттік жүйесі 53 пайызды құрады. Соңғы жылдары ауданның мәдениет қызметкерлерінің алдына қолда бар мүмкіндіктерді сақтау бағытынан тұрақты дамыту стратегиясын және ұсынылатын мәдени қызмет сапасын көтеруді жүзеге асыруға көшу туралы міндет қойылды. Оңды тенденцияларға қарамастан қолда бар мәдени мүмкіндіктер әрі қарай дамыту мен модернизациялауды талап етеді. Мәдениет мекемелерінің өз күштерімен шешу мүмкін емес мәселелер де бар. Осыған байланысты бөлім қызметі алдағы жылдары бірқатар тенденциялармен шарттастықта болады: 1) ауданның мәдени мүмкіндіктерін сақтау үшін жағдай жасау; 2) аудан мәдениетін қолдау, дамыту және мәдениет саласына жаңашылдық енгізу; 3) аудан халқының мәдени құндылықтарға қол жетімділіктерін бірдей мүмкіндіктермен қамтамасыз ету. Аталған тенденцияларды дәйекті және жүйелі шешімді талап ететін мәдениет саласының проблемаларымен тығыз байланыстыра отырып қарау керек.
Ауданның мәдениет мекемелерінің жүйесін дамыту жүйелі түрде дайындалған жаңа кітапханалар, клубтар ашу жөніндегі іс-шараларға сәйкес жүргізіледі. Ауданда жұмыс істейтін жүйені талдау және нақты елді мекендердің демографиялық көрсеткіші (Катонқарағай ауданы статистика басқармасының мәліметтері пайдаланылды) жобаның негізі болады. Аудан орталығында мәдениет және халықтың демалыс орталығы жұмыс істейді. Оның барлық қызметі өңір аумағындағы халыққа мәдени қызмет көрсету бойынша жағдайды теңестіруге бағытталады. 2010-2014 жылдардағы жүйенің өсу болжамы: 2010 жылы – 1 бірлік (Белқарағай ауылында), кітапхана 1 бірлік (Жұлдыз ) клуб ашу; 2011 жылы - 1бірлік (Солдатова) кітапхана, 2бірлік (Берел, Аршаты )клуб ашу; 2012 жылы - 1бірлік (Ақсу)кітапхана, 1бірлік (Топқайың)клуб ашу; 2013 жылы - 1 бірлік (Көктерек)кітапхана, 1 бірлік (Балғын) клуб ашу; 2014 жылы - 1 бірлік (Аршаты)кітапхана, (Юбилейное) бірлік клуб ашу. Мәдениет нысандарының ғимараттарына және үй-жайларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланды. Материалдық-техникалық база қазіргі заманғы жиһаздар және техникалық жабдықтармен, музыкалық аспаптармен, сахналық киімдермен, кітапханалар үшін қазіргі заманғы басылымдармен жаңартылып, толықтырылуы керек. Кадрлардың біліктілігін көтеру. Мәдениет мекемелерінің сапалық өзгеруі персоналдардың міндетті түрде кәсіби біліктіліктері жағдайында ғана мүмкін. Әртүрлі буындағы басшылар мен мамандар шығармашылық тәжірибе алмасу, мәдениет саласының маркетингі мен менеджментін оқу үшін арнаулы орталықтар: республикалық мәдениет институттарына (музейлер, театрлар) жіберіледі. Сонымен қатар, үзіліссіз білім беру жүйесі болашағы бар мәдениет қызметкерлерін халықаралық шығармашылық сапарларға – конференцияларға, семинарларға, сынақ мерзімінен өтуге жіберуді көздейді. Мәдениет қызметін кеңейту. Материалдық-техникалық ресурстарды нығайту, салалық мекеме қызметкерлерінің кәсібилігі мәдениет мекемелерінің жаңа бейнесін құруға мүмкіндік береді. Олар жергілікті қоғамдастықтықтың мәдени қажеттіктері арасындағы үзілісті қысқартуға және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктеріне ықпал ететін болады. Мәдени-демалыс қызметін жоспарлы дамыту, қазіргі заманғы жұмыс үлгілерін енгізу жоспарлануда. Аталған қызмет халыққа, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға мәдени қызмет түрлерін таңдау еркіндігін беруге бағытталған. Мәдениет мекемелері таланттарды дамытуға, жас орындаушылар мен мамандардың мүмкіндіктерін ашуға шығармашылық мүмкіндіктері мен тілектерін іске асыруға ықпал етеді. Бүгінгі уақытта азаматтардың әлеуметтік белсенділіктерін дамыту өте маңызды. Мәдениет мекемелерінің қызметін халықтың мәдени қызмет, білім беру, өзін-өзі басқарудағы және мәдени қызмет негізіндегі өзін-өзі ұйымдастыру саласындағы ұсыныстарын мадақтайтын, қолдау көрсететін ахуал туғызуға бағыттау керек. Ұлттық мәдениет саналуандығын дамыту, достық және әртүрлі ұлттар мен сенім өкілдерінің талеранттығын нығайту үшін мүмкіндіктер туады. Сонымен қатар бұл жергілікті жерлердегі мәдени элитаның аудан ауылдарындағы мәдениеттің тағдырын өз жауапкершілігіне алуға итермелейді. ^ Ауданда мәдениет мекемелерінің жүйесін 39 мәдениет ұйымы құрайды, оның ішінде: 16 кітапхана, 23 клуб, 1бейнемобиль, 2 электрондық кинотеатр бар. ^ 2007-2010 жылдарға арналған ШҚО ауылдық аумақтарды дамыту өңірлік бағадрламасын іске асыру шеңберінде 2009 жылы жергілікті бюджеттер есебінен дамытуға 75,8 млн. теңге бөлінді. Қазіргі заманғы дыбыс ұлғайтқыш және жарық түсіргіш, аудио, бейнеаппараттарымен жабдықталған бейнемобильдер енгізілді. Бүгінгі күні ауданда 1 жылжымалы мәдени-демалыс кешені (бейнемобиль) жұмыс істеуде. 2003 жылдан бері ауданда аудандық орталық кітапханаларды компьютерлендіру және Интернетке қосу жобасы іске асырылуда. Аудан кітапханалардағы компьютерлердің жалпы саны 2 бірлікті, көшіру аппараттарының саны 2 бірлік құрайды. 1 кітапхана Интернетке шыға алады және электрондық поштаға қосылған. Интернет қызметін пайдаланушылар саны 950 мың адам. Катонқарағай аудандық кітапханасы Интернет қызметін белсенді пайдаланады. ^ 2009 жылы 585 концерт қойылды, 1669 дәріс оқылды. Сондай-ақ, кітапханаларда 1142 іс шаралар өткізіліп, 247 кітап көрмелері ұйымдастырылды. ^ 2009 жылы 1облыстық О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы, 4 аудандық көркемөнерпаздар және балалар шығармашылығына арналған конкурс өткізілді. Сондай-ақ, 2294 аудандық деңгейлердегі әртүрлі шаралар өткізілді. Қаржыландыру. Мәдениет мекемелерінің қызметі үшін 2007-2009 жылдар аралығында бөлінген қаражат көлемі 146,6 млн.теңге құрайды, оның ішінде: 2007 жылы – 34,4 млн.теңге, 2008 жылы – 36,4 млн.теңге, 2009 жылы – 75,5 млн.теңге. ^ ішінде мыналарды атау қажет: 1) аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени құндылықтардың даму деңгейінің төмендігі; 2) мәдени-демалыс қызметінің сапалық деңгейінің төмендігі және жанрлық, стильдік әртүрліліктің жоқтығы; 3) мәдениет объектілері жүйесінің дамуына шаққандағы халықтың мәдениет мекемелерінің қызметін көруге қолжетімділік деңгейінің әртүрлілігі; 4) мәдениет мекемелерінде қазіргі заман талаптарына жауап бере алатын технологиялық жабдықтардың жоқтығы және салада маркетинг және менеджментті игерген шығармашылық және басқарушы кадрлардың жетіспеушілігі.
Таблица 1
^ стратегиялық дамыту мақсатына сәйкестігі
|